Қазақстан республикасының сыртқы экономикалық қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:31, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатына қазіргі таңда үлкен көңіл бөлінуде. Өйткені елдің сыртқы экономикалық саясаты бізді былайша айтқанда, әлемге танытады, еліміздің әлемдік сахнадағы орнын анықтайды. Яғни сыртқы экономикалық саясат Қазақстанның әлемде алатын орнын анықтайды. Бұл дегеніміз өте маңызды іс-шара болып табылады. Курстық жұмыста сыртқы экономикалық саясатың мәні, принциптері, мақсаттары көрсетілген. Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты мен әлемдік экономикадағы орны көрсетілген. Еліміздің сыртқы экономикалық саясаты даму үшін белгілі бір ұсыныстар тізбегі жасалған. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының басты бағыттары көрсетілген.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I бөлім. Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық негіздері
1.1. Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары...............................................................................................................6
1.2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат..........................................10
II бөлім. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі жағдайының даму перспективалары
2.1. Қазақстан Республикасының әлемдік экономика құрылымындағы орны........................................................................................................................11
2.2. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының кейбір аспектілері..............................................................................................................15
2.3.Жаңа сыртқы экономикалық саясат және оны жүзеге асыруды жетілдіру жолдары..................................................................................................................19
Қорытынды............................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................

Работа содержит 1 файл

Сыртқы экономикалық саясатты.doc

— 231.50 Кб (Скачать)

     Бұл түсініктің мазмұндылығы – ұзақ мерзімдік мақсаттар жүйесімен түсіндіріледі. Оларды үкімет өзінің ішкі және сыртқы саясаттарында жүзеге асыруға ұмтылады.

     Әр  түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясат векторларының тоғысуы кезінде  мүдделерді түсінуі үшін біз халықаралық құқық нормаларын қолдануға мәжбүр боламыз, өйткені соңғы жыл ішінде бұл нормалар статусына жалпы адамзаттық құндылықтар кіреді. Бірақ ұлттық деңгейде біркелкі емес мемлекеттерде мұндай заңдылықтың түсіндірілуі жеткіліксіз болып есептеледі.

     Егер  «ұлттық» және  «мүдде» терминдерге терең талдау жасалса, онда ұлттық мүдде деген түсініктің белгілі бір дәрежеде шарттық сипатта екені анықталады. Бірақ осы категориямен қазіргі таңда міндеттердін басымдылығы анықталады. Ол міндеттерді елдің ішкі немесе сыртқы саясаттарында шешу қажет. Бұл түсінікке деген көп векторлық көзқарас оның субъективті де, объективті де мазмұндылығын қарастыруға мүмкіндік береді. Аман қалу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік орталықты қажет ету – абстрактілі нәрсе емес, ол тарихи және құрылымдық мағынасы бар нақты сапалы жағдай.

     Қазақстан басқа көптеген мемлекеттер сияқты өз алдына белгілі бір мақсаттарды  алға қоюға қабілетті. Белгілі бір  тарихи кезеңдерде мақсаттардың сипаты өзгеріп отырады. Сөзсіз түрде, ол мемлекет ретінде мақсаттарды алға қоюға және оларды жүзеге асыруға қабілетті болуға тиіс.

     Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, осындай  қабілеттілік белгілі бір бағыт  бағдар ретінде қарастырылады, яғни ол мемлекеттік саясатқа «ұлттық мүдде» сипатын береді. «Ұлттық мүдде » ең алдымен мемлекеттік мүддені айқындайды, ұлттық ресурстарды ұлғайту, ұлттық қауіпсіздік қатеріне қарсы әрекет ету сияқты мемлекет қажеттілігі ретінде анықталады. Мемлекеттік мүдде көп қырлы түсінік және де геосаясат көзқарасын қолдану жағдайларында оның бірқатар құраушылары «ұлттық мүдде» түріне айналады. Оны өлшеу үшін 2 әдіс қажет: құндылық және ұтымдылық.

     Кез келген мемлекеттің қоғамы – мемлекеттік  саясаттың территориялық бағыттылығын мойындауда ортақ, біртұтас. Қазақстан мен Ресей экономикаларының тығыз байланысы Ресейдің империялық мүддесін айқын көрсетті.

     Қазіргі кездегі дүниеде ұлттық мүдде  саясаты бір рөлдерді атқарады, олардың  бірқатары жабық түрде айқындалады. Атап айтқанда, шетел баспасөзі НАТО-ны шығысқа қарай кеңейту шараларын, бір жағынан, текті өкілеттілігі ретінде, яғни Европаға бейбітшілікті нығайтатын ұлы өкілеттілігі ретінде екінші жағынан – Шығыс Европаға әскери, саяси және экономикалық бағыт, бақылау қою ретінде түсіндіріледі.

     Кез-келген елдің ұлттық мүддесі әр түрлі  елдердің ұлттық мүдделері ықпалымен шектеледі. Ол халықтардың бірлескен мүдделерге қол жеткізуі үшін мемлекеттердің күш әрекеттерін біріктіруге ұмтылуынан көрінеді.

     Демек, республиканың халықаралық аренаға  арнаған табысты түрде енуіне сәйкес, оның әлемдік шаруашылық жүйесіндегі  орны да анықталады.

     Бұл кезде ұлттық мүдделердің сәйкес түрде жүзеге асыруына- ұлттық рухани және мәдени құндылықтармен қатар әлеуметтік, экономикалық және саяси фактор құраушыларының жүйелері де ықпал етеді. Әлемнің  саяси картасында, әсіресе  ТМД  кеңістігінде Ресей Федерациясының ұлттық мүдделері айқын формада белгіленген. Ол өзінің ұзақ мерзімдік мақсаттарында қоғамдық қатынастардың гуманисттік сипатымен қатар, әлемнің ірі және дамыған державасы ретіндегі Ресейді құруға ұмтылады.

     Сонымен бірге, орташа мерзімдік мақсаттарда нақты түрде белгіленген, оның құрамына мыналар кіреді: ТМД шеңберінде тұрақты өзара байланыстар, жалпы Европалық қауіпсіздікті сақтау, сонымен бірге белгілі бір жергілікті аймақта сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда Ресейлік кәсіпорындарға жағдайлар жасау.

     Осы айтылғандардан мынадай қорытынды  жасауға болады: яғни сыртқы экономикалық саясат белгілі бір міндеттерді  жүзеге асырудың формаларын, әдістерін негіздеуді, сонымен бірге оны жүзеге асыру үшін белгілі бір технологияларды қолдануды талап етеді.

     Бұрыңғы Кеңестік мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясатымен ссалыстырғанда Ресейдің сыртқы экономикалық саясаты халықаралық  ынтымақтастықтың балама бағыттарымен қаныққан.

     Дегенмен  осы елдердің сыртқы экономикалық саясатының принциптері белгілі бір дәрежеде ұқсас болып келеді. Олар төмендегілерден тұрады :

  • Ұлттық мүдделердің басымдылығынан;
  • Негізгі және жергілікті сыртқы саяси мүдделерден;
  • Екінші реттегі мүдделер мен олардың сәйкестілігінен;
  • Қауіпсіздіктің ұжымдық жүйелеріне қатысты кейбір жағдайларда ұлттық мүдделер шебінен;
  • Ғаламдық мәселелерді бірлесе шешуге ұмтылуынан;
  • ХЭҚ  (халықаралық экономикалық қатынастар) субъекттілерінің шынайы теңдігінен;
  • Дамудың белгілі бір жолын тандағандағы ең құқығын құрметтеуінен;
  • Халықаралық келіспеушіліктерді шешуде ымыраға келуден;
  • Сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асырудың жүйелік жолы және т.б.

     Техникалық  революцияның жаңа толқыны кейбір елдерді  айналып өтті, яғни өз дамуында алдыңғы  қатарлы елдерден артта қалып  бара жатқан осы елдердің мүдделері  мынада : қоғамдық қатынастарды жетілдіру негізінде еңбекті ұйымдастыру әдістерін жетілдіру қажеттілігі. 

    1. Қазіргі кезеңдегі  сыртқы экономикалық саясат.
 

    Құрамына 188 мемлекеттік құрылым кіретін қазіргі кездегі әлемдік шаруашылық динамикалық әлем болып табылды, мұндағы өзара байланыстар ассиметриялы, ал әр түрлі елдер тобы ынтымақтастық процесіне бірдей жағдайларда, бірақ әр түрлі дәрежеде қатысады.

    Европалық Одақтан басталған регионализм саясаты «әр түрлі жылдамдықта мемлекеттердің дамуы» деген түсінік енгізді.

    XX ғасырдың соңында ғылыми-техникалық  революцияның (ҒТР) дамуы жайында  бұрын сонды бірдей экономикалық  жағдайда болған көптеген мемлекеттер  бір-бірінен алшақтай бастады.  Және де өз дамуларына қарай  әр түрлі елдер тобына кіре  бастады. Көптеген факторлардың ішінде даму жылдамдықтарының алшақтауының ұлғаюы деген мұндай феномен жекелеген елдің, елдер блогының сыртқы экономикалық саясатының мазмұндылығымен, сонымен бірге әлемдік шаруашылықтың дамуының көптеген сыртқы факторларымен алдын ала анықталған.

    КСРО-ның күйреуі, ұлттық мемлекеттер экспансиясындағы әскери емес әдістердің күшеюі жылдамдықтардың алшақтау процесін одан сайын үдетті, ал олардың қарқындары мен сапасы әр алуан болды. Оңтүстік-Шығыс Азия, Орта Азия, ТМД кеңістігі, Балтық теңізі жағалауындағы елдер бұл айтылғанға мысал бола алады.

    Мұның барлығы мынаны дәлелдейді : дүниежүзілік аренадағы экономикалық күштердің кез-келген балансына қол жеткізудің объективті факторы құраушылардың болуымен ғана емес, сонымен бірге нысаналы бағытталған сыртқы экономикалық саясат арқылы жүзеге асырылады.

     Осы жоғарыда айтылғанға сәйкес, сыртқы экономикалық саясатты автономды құбылыс ретінде  қарастыруға болады, өйткені қазіргі  кезде халықаралық салыстырулар маңызды емес, бұл жерде олардың  белгілі бір қоғамдық қайта құруларын туындататын факторларды, құралдарды салыстыру маңызды болып табылады.

     Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, сыртқы экономикалық саясат сыртқы дүниемен үзіліссіз байланыста жекелеген елдердің дамуындағы модельдердің трансформациясын белгілеуге мүмкіндік береді және де жалпы құндылықтарды (ел ішіндегі қарама-қайшылықтарды жою, жаңа экономикалық механизмге бейімделу), сонымен бірге саясатты жүзеге асырыудың әдістемелік жолдарының сипатын анықтауға мүмкіндік береді.Экономикалық табиғатта көп түрлі ғажайыптардың (жапондық, германдық және т.б.) болуына қарамастан, құндылық бағалар деңгейі, сыртқы экономикалық саясаттағы белгілі бір институционалды құрылымның белгілі бір құралдары қолдануы – бізге ұлттық ерекшеліктердің саясаттың жалпы қабылданған элементтерімен үйлесуі типін белгілеуге мүмкіндік береді.

     Осыған  байланысты, бір жағынан қазіргі кезеңдегі халықаралық экономикалық байланыстардың (ХЭБ) ортақ белгілері мен тенденцияларын атап көрсету, екінші жағынан кейбір елдердің табысқа жету формуласы мен жетістіктерін, ал басқа елдердің жеңілістерін атап өту қажеттілігі туындайды.

     Халықаралық салыстыруларды келтіру қажеттігін мойындай отырып, мынаны атап өту керек, яғни олардың саясаттарын бағалау осы қажеттіліктің міндеті әрі толықтырушы құрамдас бөліктері болып табылады.

     Сыртқы  экономикалық саясат екі функцияны  орындайды:

  • Қорғаушы;
  • Шабуыл жасаушы.

     Функцияларды  осылай бөлу олардың жеке түсіндірілуін  талап етеді. Атап айтқанда АҚШ, Қытай  сияқты мемлекеттердің  "шабуыл жасау" саясаты сол елдердің бүкіл әлемге әсер етуіне жағдай жасайды. Ал басқа мемлекеттерге қатысты "шабуыл жасау" саясаты көршілестік, бейбітшілік принциптерін жүзеге асырумен қатар, ынтымақтастықтың өсуіне әкелді. СЭС-тің жалпы (барлық) құралдары әр мемлекеттің экономикасындағы қайта өзгертулердің таңдалған үлгісінің негізі болып табылады. Бірақ олардың айырмашылықтары сол құрамдардың белгілі бір бөліктерін таңдаумен және олардың құрастырылуымен анықталады.

     Енді  таңдалған саясаттарды, стратегияларды атап өтейік:

  • басшы, яғни топ жарып, алға шығу саясаты (ғылыми технологиялардың рөлі жоғары болып саналатын өндірістерде жұмыс істейтін жұмысшы күшінің проценті(hightrust societies));
  • «сонынан ілесіп даму» саясаты (Қытайдағы халықтың 2/3-і ауылшаруашылығында, ал өндірістік салаларда жұмыс істейтін жұмысшы күшінің үлесі көп емес. Қытай табыстары батыс технологияларына негізделген және олар қарапайым өндірістерде шоғырланған, ал жаңа революция халықтың аз бөлігін қамтиды.);
  • «аралас типтегі өтпелі экономикасы бар қоғамның жетілуі» (табиғи ресурстарды пайдалану факторының басым болуы және табиғи өсім есебінен дамуы). Экономикалық саясаттағы өзгерістердің үлгісін таңдау проблемалық сипат алып отыр. Ол мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, кез келген өзгеріс сияқты халықаралық өзара байланыстар жүйесінде де өзгерістер туғызады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ІІ  бөлім. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі жағдайының даму перспективалары және оның әлемдік экономикадағы орны

     2.1. Қазақсан Республикасының әлемдік экономика құрылымындағы орны 

     Территориясы  жағынан Қазақстан Республикасының  әлемдегі ең ірі мемлекеттер қатарына жатады. Оның көлемі 2724,9 мың шаршы км. болып, әлемнің екі бөлігіне орналасқан, көбі Азияда және аз бөлігі Европада. Территориясы бойынша ТМД елдерінде 2-ші, дүниежүзінде 9-орында тұр. Әлемде одан ірі мемлекеттер қатарына Ресей (17075), Канада (9976), АҚШ (9809), Қытай (9560), Бразилия (8510), Австралия(7713), Үндістан(3290) және Аргентина (2770) кіреді. Мектептің географиялық оқулықтарында Қазақстанға Батыс Европа еш қиындықсыз орналаса алады деп айтылған еді. Қазақстанның төмендегідей елдермен ортақ шекаралары бар: Ресеймен (шекара ұзындығы 6467км); Өзбекстан(2300); Қытай (1460);Қырғызстан(980); Түркменстан(380). Каспий теңізі бойынша Иран және Әзірбайжанмен (теңіз шекарасы 600км) көршілес болып отыр.

     Елдің географиялық орналасуы дүниежүзілік шаруашылыққа енудің маңызды факторы  екені белгілі. Ал Қазақстанның геоэкономикалық  жағдайына мамандар түрлі баға беруде. Біреулері оны әлемдік мұхитқа шығатын жолы болмағандықтан, әлемдегі ең арзан халықаралық транспорт- мұхиттық тасымалдауды пайдалану мүмкін еместігін сәтсіз деп санауда. Басқалары керісінше, ел Еуразия құрлығының ең ортасында тиімді орналасып, одан елеулі экономикалық пайда ала алады деп есептеуде. Шынында Қазақстан бір-бірімен қатынастары осы территория арқылы жақын болатын, бірнеше дамыған және тез дамып келе жатқан аймақтар ортасында орналасқан. Бұл экономикалық байланыстарға бір жағынан Батыс Еуропа мен Таяу Шығыс және Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия арасында, екінші жағынан (Шығыс-Батыс транспорттық-коммуникациялық коридоры) Ресеймен Солтүстік Еуропа, Орта және Оңтүстік Азия (Солтүстік-транспорттық-коммуникациялық коридоры) кірді. Сөйтіп Қазақстан әлемдік мұхитқа шығатын жолы болмағанымен, халықаралық темір жол, автомобиль, әуе және құбыр тасымалдау мен коммерциялық қызмет көрсетудің зор потенциалына ие болды.

     Қазіргі дәуірдегі Қазақстанның экономикалық дамуы КСРО-мен тығыз байланысты. Өндірістің алғашқы нышандары Ресей империясының құрамында пайда болып, 1991 жылы тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан үлкен елдің экономикалық құрылымына кіріп, соның сапында дамыған еді. Әлемдік экономика мен КСРО экономикасында біз қандай орын алдық?

     Бұл сұраққа ешқашан да толық жауап ала алмаспыз, өйткені жоғарыда айтылғандай, одақтас республикалар ХЭҚ субъектілері болмағандықтан, статистикалық мәліметтер жоқ. Әрине жыл сайын «КСРО халық шаруашылығы», «Қазақ КСР» және тағы басқадай сияқты анықтама – мәліметтер басылып тұрады. Сол арқылы біздің республикамыздың экономикалық даму динамикасын, экономика құрылымын, салалар бойынша салыстырмалы ара салмағының өзгеруін анықтауға болады. Бірақ бұл жинақтарда КСРО соңғы жылдарына дейін басқа республика мен мемллекеттермен салыстыру үшін талдау жүргізуге макроэкономикалық көрсеткіштер жарияланған жоқ.

Информация о работе Қазақстан республикасының сыртқы экономикалық қызметі