Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2012 в 15:54, реферат
Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметін Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басқарады. Оның негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының территориясында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеуге қатысуға;
3) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тексерулер жүргiзу жөнiнде мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің органдары мен ұйымдарына жүгінуге құқылы.
20-бап. Өндiрiстiк бақылау
1. Өндiрiстiк бақылауды өндiрiсте және өзге де өндiрiстiк-шаруашылық қызмет саласында жұмыс iстейтiн адамдар жүргiзедi және ол өнiмдi өндiру, сақтау, тасымалдау мен сату жұмыстарды орындау мен қызмет көрсету процесiнде санитарлық ережелердiң сақталуы мен санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралардың орындалуына зертханада зерттеулер мен сынақтар жүргiзудi қамтиды.
4-тарау. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама
21-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының құрамдас бөлiгi болып табылады, оны санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүргiзедi және:
1) тiршiлiк ету ортасы объектiлерiнің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, халық денсаулығына әсер етуiн кешендi түрде бағалау;
2) жұқпалы, паразиттiк аурулардың шығу және халықтың улану себептерi мен жағдайларын зерттеу;
3) шаруашылық немесе өзге де қызмет процесiнде қабылданған шешiмдердің санитарлық ережелерi мен гигиеналық нормативтерiнің талаптарына сәйкестiгiн бағалау мiндеттерiн шешедi.
22-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу
1. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары немесе ұйғарымдары бойынша әрi жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша жүргiзiледi.
2. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша сараптама жүргiзу үшiн олар қаржыландыруды қамтамасыз етедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қажеттi құжаттама берiледi.
23-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны тексеру мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдары бередi.
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды:
атом энергетикасы мен өнеркәсiбi, ғарыш қызметi және жер қойнауын пайдалану объектiлерiн, қоршаған ортаға химиялық және биологиялық заттардың шығарындылары, физикалық факторлары бар объектiлердi, экологиялық апат аймақтарындағы объектiлердi және баламалары жоқ жаңа технологиялық процестерi бар объектiлердi орналастыруға, қайта жаңғырту мен кеңейтуге;
өндiрiстiк күштердi, қалалар мен селолық елдi мекендер, курорттық аймақтар құрылысының бас жоспарларын орналастыруға, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердің техникалық-экономикалық негiздемелерiне, құрылыс пен қайта жаңғырту жобаларына;
5-тарау. Санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
24-бап. Жұқпалы, паразиттiк аурулар таралуының және халықтың улануының алдын алу
1. Жұқпалы, паразиттiк аурулар мен уланулардың пайда болуының және таралуының алдын алу мақсатында санитарлық ережелерде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғауды, шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгiзудi, өндiрiстiк бақылау жасауды жүзеге асыру, жұқпалы және паразиттiк аурулармен ауыратын науқастарға қатысты шараларды жүзеге асыру, азаматтарды медициналық қарауды, профилактикалық егулердi, гигиеналық тәрбие беру мен оқытуды жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар жүргiзiледi.
25-бап. Қазақстан Республикасының аумақтарын санитарлық қорғау
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде халық денсаулығына қауiп төндiретiн жолаушыларға, экипаждарға, поезд бригадаларына, көлік құралдарына, жүктерге санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жасау жүзеге асырылуға тиiс.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында әкелiнуiне тыйым салынатын қауiптi жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты санитарлық-карантиндiк бақылау жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнуi жұқпалы аурулардың немесе жаппай жұқпалы емес аурулар мен уланулардың пайда болуы мен таралу қаупiн төндiредi деп белгiленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берiлмейдi.
26-бап. Профилактикалық егудi жүргiзудің мiндеттiлiгi
1. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар жұқпалы және паразиттiк ауруларға қарсы профилактикалық егулердi бюджет қаражаты есебiнен алуға мiндеттi.
2. Профилактикалық егу жүргiзiлетiн аурулардың тiзбесiн, оларды жүргiзу мерзiмi мен халықтың жоспарлы егу жасалуға тиiстi топтарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
27-бап. Медициналық қараудан өтудiң мiндеттiлiгi
1. Халықтың денсаулығын сақтау, жұқпалы және паразиттiк ауруларды болдырмау, кәсiби аурулар мен уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу, ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, әр түрлi шаруашылық және (немесе) өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар алдын ала және мерзiмдiк медициналық қараудан өтедi.
28-бап. Жұқпалы аурулар iндетi пайда болу қаупi төнген жағдайда шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгiзудiң шарттары
1. Жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелiну және таралу қаупi болған жағдайда осы Заңға сәйкес уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде және тиiстi аумақтарда шектеу iс-шараларын, оның iшiнде шаруашылық қызметi мен халық өмiрiнің айрықша жағдайларымен карантин енгiзедi.
29-бап. Жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен улану оқиғаларын тiркеу және тексеру
1. Жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен уланулардың барлық оқиғаларын, олардың анықталу орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдары тiркеуге алуға, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары мемлекеттiк есепке алу мен есептілік жүргiзуге тиiс. Аталған аурулар мен улану оқиғаларының мемлекеттiк есебiн жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ олар бойынша есеп берудi жүргiзу тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi.
30-бап. Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық iс-шаралар
1. Жұқпалы және паразиттiк аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қаражаты есебiнен эпидемиологиялық көрсеткіштер мен мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұйғарымдары бойынша дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.
6-тарау. Қорытынды ережелер
31-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Айыппұл салу не өзге де өндiріп алулар кінәлi тұлғаларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен зиянды өтеуден босатпайды.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет
Информация о работе Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiн қаржыландыру