Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 13:33, курсовая работа
Көрсеткіштер мазмұнын анықтағанда саяси-экономикалық концепцияларға негізделіп зерттелген үрдістер мен құбылыстарға сандық талдау жасалады. Бұл концепциялар ЖІӨ, ұлттық табыс, т.б., сияқты аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге де қолданылады. Мысалы, ұлттық есептер жүйесінде қолданылатын саяси-экономикалық концепциялардың бірінде нәтижесінде құн қалыптасып, ұлттық өнім өндірілетін қызмет түрлерінің анықталуы қарастырылады.
Кіріспе 5
1 Жалпы ұлттық өнім, қор және ағын 7
1.1 Жалпы ұлттық өнім және негізгі макроэкономикалық көсеткіштер 7
1.2 Нақты және атаулы жалпы ұлттық өнім 8
1.3 Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері 9
2 Қазіргі таңда қазақстан республикасындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы 16
2.1 Тәуелсіз жылдарындағы Қазақстан Республикасының ЖҰӨ көрсеткіштерін талдау 16
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы ЖҰӨ -нің дамуының ерекшеліктері 21
3 Қазақстан республикасының экономикалық дамуының болашағы
25
3.1 Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық өсудің жетілдіру жолдары 25
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жалпы ұлттық өнімнің өзге де проблемалар бары мәлім. Осы себептерден де жалпы ұлттық өнім есептеулерінің барлық пайдасын түсіне тұра оның ұлттың нақты әл-ауқаты дәрежесін сипаттау мүмкіндігін асыра бағалауға болмайды [25].
Жаңа
Заңды әзірлеу кезінде
Олардың
қатарында негізінен мыналар
бар:
• әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану;
• педагогикалық қызметкердің мәртебесін
арттыру;
• сапалы білімге қол жетімділік кепілін
күшейту;
• басқару жүйесі мен білімді қаржыландыруды
одан әрі жетілдіру.
Еуразия ұлттық университеті ұлттық білім беруде көшбасшылардың бірі болып табылады, оның қабырғасында еліміз басшылығы, саясаткерлер мен шетел мемлекеттерінің қоғам қайраткерлері үшін кездесулер мен жүздесулер өткізіп тұру дәстүрге айналып келеді. Бұл - Еуразия ұлттық универсиетінің беделді халықаралық ағартушылық орталығының бірі ретіндегі мәртебесінің айғағы, оның қабырғасынан шыққан немесе қазір де оқып, немесе еңбек етіп жүрген профессорлық-оқытушылар құрамының, студенттер мен аспираттардың еңбегінің нәтижесі. Осы себептен де бүгін мен еліміздің экономикасын дамыту жөніндегі Үкіметтің негізгі басымдығын айтып өтіп, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды қалыптастыруда білім беру ісінің ерекшеліктеріне тоқталып өтпекпін. Сондықтан мен дәрісімнің тақырыбын: «Білім беру – экономиканы жаңғыртудың стратегиялық тармағы» деп алып отырмын.
Қазақстан әлемдегі айтарлықтай тұрақты және үдемелі дамыған елдердің бірі болып табылады. Біз тұрақты экономикалық өсу жолымен одан әрі алға жылжи береміз.
Соңғы
жеті жылда Қазақстанда ЖІӨ өсу
қарқыны орташа алғанда жылына 10
пайызды құрады. Халықтың жан басына
шаққанда ЖІӨ деңгейі 2006 жылы 5200 АҚШ долларына
жетіп, 2000 жылғы деңгейден 4 есе артты.
Орташа мерзімді бағдарламаға сәйкес,
Үкімет қызметінің стратегиялық мақсаты
еліміз Президентінің маңызды бастамасын
жүзеге асыру – әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру болып
табылады.
Осы ретте біз Үкіметте елдің бәсекеге
қабілеттігі деңгейіне, экономиканың
тиісті салаларының тәуекелдік бағасына
ықпал ететін барлық факторларға жан-жақты
талдау жасадық. Үкіметтің күш-жігері,
бәрінен бұрын, өндірістің артуын ынталандыруға
және экономиканың құрылымын жақсартуға
бағытталғанын атап өткім келеді. Бұл
қағидатты мәселе, өйткені, тек экономикалық
қарым-қатынастар жүйесін реформалау
арқылы біз мемлекеттің тұрақты жоғары
бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуіміз
мүмкін.
Қазіргі
заманғы кезеңдегі маңызды
• тұтынушыларға бағытталған, сондай-ақ оларды қанағаттандыратын қызмет деңгейін, мемлекеттік қызмет сапасы мен түрін анықтау үшін тұрақты түрде халықтың арасында сауалнама жүргізу;
• мемлекеттік қызметтің сапа стандартын әзірлеу және енгізу;
• тиісті ақпарат алу және арыз айту рәсімдері қызметіне халықтың толық қол жетімділігіне мүмкіндік жасау;
• халықтың арызының шешімін табуының тиімді жағдайларын қамтамасыз ету.
«Мемлекеттің технологиялық дамуы» бұл кешенді шара іс жүзінде елімізде кезең ауысуының сапалы табалдырығынан өтуін табысты жүзеге асыруға жол ашады. Нақталып айтқанда, өнеркәсіптік және технологиялық артта қалушылықты жеңіп шығу, келешекте әлемдік саяси және экономикалық жүйеде сапалы да лайықты орын алу. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, белгілі ғалымдар мен инженерлердің шығуы қоғам мен экономикада жүйелі өзгерістердің заңдық тұрғыдағы нәтижесі бола алады. Осының бәрі де экономикалық білімге өту кезеңінде «адам» капиталының мыңыздылығын тағы да бір рет айқындай түседі. Осы кезеңде білім беру ісі ерекше орын алады, қазақстандықтардың жаңа ұрпағы үшін сапалы білім берудегі педагогтердің рөлі артады.
Тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде еліміз нарықтық экономиканы дамытуға барынша күш салып келеді. Оған демократиялық жолмен жеткен жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз, қарышты қадамдарымыз куә. Бүгінде біз әлемге абыройлы, беделі биік, еңселі елге айналдық. Аз уақыт аралығында алған асуымызды, тіпті, әлемдегі экономикасы дамыған ірі елдер, халықаралық ұйым өкілдері де мойындап отыр. Қай ел болмасын, осыншама аз уақытта өзін әлемге мойындатса – бұл оның өзге елдермен экономикалық қарым-қатынасының жақсарғанының арқасы дер едік. Қазіргі таңда әлемдік макроэкономикалық көрсеткіштер қаржы дағдарысына қарамастан оң қарқынынан айырыла қойған жоқ. Ал осы жеткен дәрежені одан әрі жалғастыру үшін, яғни, макроэкономикалық индикаторлар жүйесінің тұрақтылығын арттыру үшін, олардың құрылымын жетілдіру үшін еліміздегі экономиканы реттеу-басқару жүйесінің екі негізгі діңгегін тиімді жүзеге асыруға тиіспіз. Таратып айтар болсақ, ұлттық экономиканың тұрақтылығымен өсу дәрежесі салалық және жергілікті елдер экономикасының жұптасуын, оған керекті көрсеткіштерінің сәйкестігін арттыра түсетін құралдар мен әдістемелерін жетілдіріп, талдау сараптау жұмыстарын дұрыс жолға түсіріп, нақты индикаторлар жүйесін жасауды талап етеді. Макроэкономика индикаторларының құрамының тұрақтануының маңызды бөлігі осы салалық және жергілікті елдер экономикасы жүйесіндегі кәсіпорындардың бостандығына, оларға жасалған жергілікті қызметтік инфрақұрылымдардың жұмыс сапасына тікелей байланысты. Егер салалық және жергілікті елдер экономикасы жүйесіндегі жұмыс жүйеленген индикаторлармен бағаланбаса, үкіметіміз оларға басқарудың қолпаштау механизмдерін дұрыс қолданбаса, онда экономиканы дамытудың ішкі және сыртқы факторларын жетілдіру, оларды пайдалану жолдарын әділ бағалау, халықаралық қоғамдастықта қолайлы үрдістерді жүргізу мүмкіндігі шектеулі болады. Тек қана елдің және оның жеке кәсіпкерлерінің даму басымдықтарын әділ түрде айқындай және бағалай алсақ, онда саяси-экономикалық реформаларды барынша нық сеніммен жүргізуге, сондай-ақ, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің тиімді жолдарын белгілеуге мүмкіндік туады. Бірақ қазіргі күні салалық болсын, әлеуметтік жағдай болсын ел экономикасын дамытудың бар мүмкіндігі толықтай игеріліп отыр дей алмаймыз. Жер байлығы, адам күші, қаржы капиталының құндылықтары кейбір үлкенді кішілі кәсіпорындарда дұрыс және тиімді пайдаланылмай отырғаны өкінішті. Әсіресе, осы экономика салаларын басқару, сараптау-талдау жұмыстарын жүргізуде, басым бағыттарды тап басып табуда, жіберіліп жатқан кемшіліктер аз емес. Оның үстіне қолда бар қаражатты тиімді пайдалану әдістемелері де өте шектеулі. Әсіресе ішкі қаржының ұзақ мерзімді көздерін қалыптастыруға жете назар аударылмай келеді. Бұл мәселелер дұрыс шешімін табу үшін, елімізде жобаланып жатқан жаңа қаржы архитектурасында талдау және жобалау жұмыстарының жаңа әдістемелерін пайдалану қажеттігі туындайды.
Қазіргі
жағдайда макроэкономиканың салалық және
облыстардың, оның ішіндегі жергілікті
елдер экономикасының даму саясатын зерттеу,
оларды дұрыс жобалайтын әдістемелер,
механизмдер мен индикаторлар жүйесін
іздестіру жұмыстары аса өзекті тақырып
болып отыр. Сол себепті де осы тақырыпты
зерттеуге арналған диссертацияның ғылыми
жағынан да, қажеттілігінің өміршендігі
тұрғысынан да маңызы зор. Нарықтық қайта
құрулардан кейінгі экономикалық ахуалды
сапалы жағдайға көшірудің негізгі тиімділігі
– экономикалық өсімдердің тұрақты дамуына
қол жеткізу болып табылады. Осы тұрғыдан
алғанда, ашық нарықтық экономика жағдайындағы
Қазақстан үшін сала экономикасымен облыстарымыздағы
әлеуметтік қызметтерін қосарлана дамытудың
жүйелі, әрі жұптас әдістемелерін әзірлеу
өте маңызды. Ол үшін сала және елдер экономикасының
қолданбалы әдістемелік проблемаларын
зерттеп, олардың экономикалық дамуын
талдау мен болжау, жергілікті ел экономикасының
сала экономикасымен байланыстыра отырып,
макроэкономиканың құрылымдық негізін
анықтау жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Бірақ
Қазақстан экономикасының ерекшеліктерін,
оның қазіргі кезеңдегі проблемаларға
сәйкес келетін даму тетіктерін, оларға
сала және облыстардың экономикасының
көрсеткіштері сай болуын зеттеу жағы
әлі де кемістеу. Қазір Қазақстан Республикасынында
макроэкономикалық саясат толықтай жолға
қойылды деп айтуға болады. Бірақ оның
өсу дәрежесінің тұрақтылығы салалық
және әлеуметтік саясатты жасаудағы әдістемелерге,
жеке кәсіпкерлер мен жергілікті басқару
орындарының ара-қатынасына байланысты
екені белгілі. Мәселен, салалық болжам
мен макроэкономикалық болжамдар арасында
бірыңғай әдістеме болмаса, макрокөрсеткіштер
арасында айырмашылық туындайды. Сондықтан
да салалық және әлеуметтік саясаттарды
макроэкономикалық саясатпен ұштастыратын
тәсілдер мен әдістемелерді мұқият сараптау
қажет.
Қорытынды
Зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінде қорытындылай келе:
Жалпы ұлттық өнім - бір жыл ішінде экономикада өндірілген барлық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің соңғы нарықтық құны. Бұл орайда мемлекет азаматтарының мемлекет ішінде, әрі шетелде өндірген барлық тауарлар мен қызметтерінің көлемі есептелінеді. Сонымен қатар, мекемелердің, халықтық қйымдардың материалдық және материалдық емес кірістердің сомасы да ЖҰӨ болып түсіндіріледі.
ЖҰӨ - бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттік шығындардың және таза экспорт көлемдерінің жиынтығы, ЖҰӨ құрамындағы әрбір шығын құрауышы осы топтардың біреуіне жатады. Бұл теңдік өрнек болуы - осыған кіретін айналымдардың анықтамасы әсерінен теңдік орындалады. Бұл «ұлттық есепшот тепе-теңдігі» деген атау алады.
Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету болып табылады.
Көптеген тауарлар және қызмет түрлері жалпы ұлттық өнімде нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрстілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ, Дегенмен, осы көрстеілген қызмет құны жалпы ұлттық өнімге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға беруші адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етеді, үй иесінің табысы, тұруға берген үйдің шығындары, бәрі жалпы ұлттық өнімді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрі бір олар сол көрсетілген қызмет түрлерін пайдаланады, яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепті, жеке үй қожайындары падаланатын қызмет есебі үшін жалпы ұлттық өнімнің құрылымына өздері өзіне «төлейтін», «жалдау ақысы» енгізіледі. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге осы арнайы есептелінген құн өлшемін жалпы ұлттық өнімге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді.
Қазақстан
экономикасы әлеуметі жағынан өзін-өзі
қамтамасыз ете алатын болғанымен,
ол өзара байланысқа жүйе болмады. Бұл
жәйт сыртқы рынокқа шығуды талап
етті. Дағдарыс қисыны бойынша рыноқ
қажет еткен өндіріс дамып, морльдық
жағынан ескірген техникалық тұрғыда
артта қалған, тиімсіз өндірістер ығыстырылып
шығарылуы керек. Алайда, бұл міндеттерді
шешу қаржы ресурстары жетіспегендіктен
аса қиын болды. Қазақстан экономикасы
мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды
қаржылық қолдау үшін айтарлықтай ауқымды
ресурстарды қажет етті. Бүгінде Қазақстан
дүние жүзінде әлемдегі ірі өндірушілердің
біріне айналды және әлемдік рынокта маңызда
орын алды. 27 тауар позициясы бойынша алдыңғы
лектегі 10 елдің қатарына кіреді. Мемлекеттің
таяудағы 10 жылға арналған сратегиялық
міндеттерінде республиканың экономикадағы
дәстүрлі басымдықтарын барынша пайдалану
қажеттігі міндеттелген. Бұл арада әңгіме
табиғат байлығы мен минералдық шикізат
қоры жөнінде болып отыр. Қазақстан олардың
кейбірінің абсолюттік қоры бойынша да,
өндіру бойынша да, соның ішінде халықтың
жан басына шаққанда жүниежүзінде бірінші
орынға ие.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
Информация о работе Қазақстан республикасының экономикалық дамуының болашағы