Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамыту тұжырымдамасының Жобасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2011 в 22:38, реферат

Описание работы

Осы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы
9 тамыздағы № 233-ө өкімімен бекітілген Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын жедел енгізу жөніндегі 2006 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес дайындалды.

Работа содержит 1 файл

ТҰЖЫРЫМДАМА.doc

— 149.50 Кб (Скачать)

     Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оған сәйкес аудиторлық қызмет халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

     Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, аудиторлық қызметтерге мұқтаждық  мынадай жағдайларға байланысты туындады:

      - осы ақпаратты пайдаланушылармен (меншік иелерімен, инвесторлармен, кредит берушілермен) жанжал болған жағдайда әкімшілік тарапынан дәйексіз ақпарат беру мүмкіндігімен;

      - қабылданған шешімдер салдарларының  ақпарат сапасына байланыстылығымен;

      - ақпаратты тексеру үшін арнайы  білімнің болуы қажеттілігімен;

      - ақпаратты пайдаланушылардың ақпарат  сапасын бағалау үшін оның  көздеріне қол жетімділігінің  ішінара болмауымен.

     Барлық  осы алғышарттар тиісті дайындығы, біліктілігі, тәжірибесі және осындай  қызмет түрлерін көрсетуге рұқсаты  бар тәуелсіз сарапшылар қызметтеріне қоғам мұқтажының пайда болуына алып келді. Бұл, расталған ақпараттың болуы барлық мүдделі нарыққа қатысушылардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға және түрлі экономикалық шешімдер салдарларын бағалауға және болжамдауға мүмкіндік беретінімен байланысты.

     Аудит Қазақстанда 80-жылдардың соңында  пайда болды, дәл сол уақытта  аудиторлық ұйымдар өздерінің алғашқы  қадамдарын жасады. Және 1993 жылы аудит  «Аудиторлық қызмет туралы» бірінші  Заңның қабылдануымен өзінің дүниеге  келуін ресми түрде бекітті. Осы уақыт ішінде аудит қаржы нарығы саласында өзінің лайықты орнын тапты, аудит институты ретінде өзінің өмір сүру құқығын дәлелдеді.

     Қазіргі уақытта аудиторлық қызметті реттеудің  жеткілікті тұтас жүйесі қалыптасты, ол 2006 жылғы 5 мамырда қабылданған  өзгерістерімен «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы ҚР Заңын (бұдан әрі - Заң), «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы Заңын қоса алғанда бірқатар нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ ҚР Қаржы министрінің Бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді қамтыды. Алайда, осыған қарамастан, аудиторлық кәсіпті жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып қалады.

     Шаруашылық  жүргізудің қазіргі жағдайында аудит тапсырыс берушілеріне бухгалтерлік есептіліктің сенімділігін растайтын ресми аудиторлық қорытынды емес, сапалы аудит қажет. Сондықтан, аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын бақылау туралы мәселе төтенше маңызды.

     Осыған  байланысты, Концепцияның орта мерзімді перспективаға бағыт алуы аудиторлық қызметтер сапасын бақылауды күшейтуге қатысты және осы үшін негізгі күш білікті аудитті дамытуға жұмсалады.

     Заңда аудит сапасын және аудиторлық мамандыққа қоғамдық сенімділікті арттыруға бағытталған  шаралар кешені көзделген. Ең алдымен, аудитор мамандығын нығайту, оның өзін-өзі реттеуін дамыту, сондай-ақ аудиторлардың кәсіби біліктілігін арттыру туралы сөз болып отыр.

     Жоғарыда  көрсетілген мәселелерді іске асыру  шеңберінде негізгі назар аудиторларды дайындауға, оларды аттестаттауға және біліктілігін арттыруға, бірінші кезекте, білікті аудитормен расталуы тиіс қаржылық ақпаратты пайдаланушылар мүдделерін қорғауға, сондай-ақ аудит институтының жұмыс істеу негіздерін реттеуге аударылатын болады.

     Аудиторлық  мамандықты өздігінен реттеуді дамыту қазіргі таңда кәсіби қоғамдастықта белсенді талқылануда. Олар арқылы аудиторлық қызмет сапасына бақылау жүргізілетін өзін өзі реттейтін ұйымдарды нығайту және күшейту туралы мәселе қойылуда. Бірнеше кәсіби ұйымдар құру қажеттілігі туындайды, бұл, мәні жағынан, аудиторлық нарықты одан әрі дамыту үшін иінтірек болады.

     Кәсіби  ұйымдардың ұйымдар қызметіндегі маңызды  нәрсе кәсіби қауымдастықты және қоғамды тұтастай алғанда толғандыратын  мәселелер болуы тиіс: корпорациялық  басқару, салық салу, халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына тиімді көшу жағдайы. Және осының барлығы өзін-өзі реттейтін кәсіби ұйымдар қызметінің саласына жатқызылуы тиіс. Осы үшін Заңда көптеген кәсіби аудиторлық ұйымдар құру көзделген, олар қолайлы бәсекелес ортаны құрады, бұл, өз кезегінде, кәсіпқойлықтың пропорциялық жағынан өсуіне және аудиторлық қызметтер сапасын арттыруға септігін тигізетін болады.

     Аудитор мамандығын дамыту қоғамдық мүдделерге жауап беруі тиіс, онда бұрыш басына тікелей пайдаланушы мүддесін қою қажет және осы мақсатпен аудиторлардың өздерінің мүдделері шегінде оны жабық кеңістікте дамыту мүмкіндігін алып тастау қажет. Аудитор пайдаланушы алып жатқан ақпаратқа сенімді болу үшін жұмыс істейді. Бұл, былайша айтқанда, оның құқығын қорғау, кепілдік беру. Ал өз азаматтары құқығының сақталуына кепілдік беру – мемлекеттің нақты өлшемдер мен ережелерді анықтауы тиіс функциясының дәлі өзі. Егер кәсіби ұйымдар аудиторлардың кәсіби деңгейін тексерсе және жетілдірсе, онда мемлекет олардың заң нормалары мен жалпы ережелерді сақтауына жауапты. Мемлекеттік қадағалау осы үшін де қажет.

     Бұл мәселенің жеткілікті үлкен мәні Қазақстан үшін ғана бар емес, ол әлемнің көптеген жетекші елдерінде  маңызды түрде теориялық та, практикалық  та жағынан дамыды. Аудиторлық тексеру нәтижелері көптеген экономикалық шешімдер негізі болып табылғандықтан, аудиторлық қызмет барлық елдерде жеткілікті дәрежеде қатаң реттеледі. Жақында АҚШ-та болған оқиғалар көрсеткендей, аудиторлық ұйымдардың қызметіне қатысты мемлекет тарапынан жеткіліксіз бақылау қор нарығының күйзелуіне әкеп соқтыра жаздады және бірқатар жетекші американ компанияларының акционерлеріне миллиардтаған залал келтірді.

     Аудит жүйесін жетілдіру үшін орта мерзімді перспективаға арналған негізгі  бағыттар:

      - орта және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына ХАС оқытуды енгізу және оларды тәжірибеде пайдалану білу;

      - кәсіби аудиторлық ұйымдармен аккредиттелген практикадан өтетін аудиторлардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру;

      - аудиторлық қызмет мәселелері бойынша заңнаманың сақталуын мемлекеттік қадағалаудың тиімді жүйесі.

     Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы хабарлай отырып, брифингтер, «дөңгелек  үстелдер» өткізу арқылы аудиторлық мамандықтың мәртебесін арттыру  жөнінде жұмыс жүргізу қажет. Ұқсас іс-шаралар жастарды қызықтыруға тартуға мүмкіндік береді, себебі қазіргі уақытта аудиторлық қызметтерді талап дүркін-дүркін өсуде, бұл тиісті персоналды іріктеудің кадрлық мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

      Аудитті жетілдіру жөнінде сипатталған шаралар аудиторлық кәсіпті одан әрі үдемелі дамытуға негіз құрайды. Бұл ретте, мемлекет тарапынан салмақты көзқарас мемлекет пен аудиторлық қауымдастық өзара іс-әрекеттерінде де, аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың өздерінің арасындаға өзара іс-әрекеттерінде де қажет тепе-теңдік деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, олар аудиторлық қызметті реттеу процесінетартылатын болады, бұл Қазақстан Республикасында аудиторлық мамандықты одан әрі оң дамытуға қызмет етеді. 

8. Мемлекеттік сектордың  бухгалтерлік есепке алуын реформалау 

     Мемлекеттік сектордың бухгалтерлік есепке алуын  реформалау ел Президенті белгілеген – мемлекет активтерін басқарудың айқын және ашық жүйесін құру міндеттерінің бірін орындау мүмкіндігімен байланысты объективті қажеттілік болып табылады.

     Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен басқа мемлекеттік мекемелерде  бухгалтерлік есепке алу мен есеп беру жүйелерін мемлекеттік реттеуді уәкілетті орган жүзеге асырады. Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алу мемориалдық-ордерлік нысан бойынша жүзеге асырылады, операция жасаған факті бекітетін бастапқы құжаттарға негізделген. Бухгалтерлік есепке алу деректері мемлекеттік мекемелер есептілігін жасаудың негізі болып табылады.

     Қоғамдық  сектор үшін халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын (бұдан әрі - ҚСХҚЕС) үйрену және оларды мемлекеттік мекемелерде енгізу мүмкіндіктері мен тәсілдерін талдау мемлекеттік сектордың активтері мен міндеттемелерінің балансын жасауға, елдің қаржы ресурстарын тиімді бақылауға мүмкіндік береді.

     Он  жылдан астам уақыт жалғасын тапқан Қазақстанның шаруашылық жүргізу субъектілерінде  ХҚЕС енгізу практикасын назарға  ала отырып, ҚСХҚЕС-ке көшу бойынша  мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу жүйесін реформалауды кезең-кезеңімен жүргізу орынды болып табылады.

     Бірінші кезеңде мемлекет активтері мен  міндеттемелері балансының әдістемесін  әзірлеу шеңберінде мемлекеттік  сектор үшін қаржылық есеп беру стандарттарын  әзірлеу не мемлекеттік сектор үшін халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын  енгізу мүмкіндігіне бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша бюджет заңнамасына талдау жүргізу қажет.

     Қойылған  мәселелерге қол жеткізу үшін мынадай іс-шараларды жүзеге асыру  қажет:

      - халықаралық тәжірибеде ҚСХҚЕС енгізу және пайдалану жөнінде ең жақсы тәжірибені үйрену;

      - ҚСХҚЕС талаптарына сәйкес келуіне бюджет заңнамасына талдау жүргізу;

      - Қазақстанның мемлекеттік секторы үшін қолданылатын әдісті анықтау, себебі ҚСХҚЕС кассалық әдісті және есептеу әдісін көздейді;

      - ҚСХҚЕС-ке көшу шеңберінде білікті кадрларды оқыту және дайындау;

      - ҚСХҚЕС-ке көшу жөнінде нормативтік-құқықтық қор әзірлеу. 

9. Қорытыңды 

     Бухгалтерлік  есепке алу және аудит жүйесін  дамыту өсіп және серпінді дамып келе жатқан мемлекет құруға маңызды жағдай болып табылады. Тұжырымдамада берілген орта мерзімді перспективаға арналған даму жөніндегі негізгі бағыттар бухгалтерлік және аудиторлық мамандықты одан әрі ұдайы қалыптастыру үшін негіз жасайды. Қазақстан нарығы мен қоғамды тұтастай дәйекті және сенімді қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ететін кәсіп. Экономика және қоғам игілігіне жұмыс істейтін кәсіп. Концепцияны іске асыру қазақстан ұйымдарына халықаралық нарық мүмкіндігін толық шамада кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді, осылайша ол өзінің бәсекеге қабілеттілігін артады, бұл Қазақстанның ДСҰ-ға кіру қарсанында аса өзекті болып отыр.  
 

Информация о работе Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамыту тұжырымдамасының Жобасы