Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2011 в 22:38, реферат
Осы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы
9 тамыздағы № 233-ө өкімімен бекітілген Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын жедел енгізу жөніндегі 2006 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес дайындалды.
2.
бірінші тармақта
Шағын
бизнес үшін ХҚЕС-ты қолдану күрделілігі
проблемасын шағын-орта бизнес үшін
мамандандырылған стандарт әзірлеумен
бірнеше жылдан бері айналысатын
ХҚЕСКҚ-да түсінеді. Әмбебап стандарт
әзірлеу өте күрделі жұмыс, өйткені шағын
кәсіпкерлікке қатысты саясат және тиісінше
оларға қойылатын талап әр елде әрқалай.
Сонымен қатар, осы стандартты ХҚЕСКҚ
қабылдағаннан кейін оның ережелерін
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық
есеп берудің ұлттық жүйесіне барынша
инкорпорациялауға болады.
5.3. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді
реттеу
жүйесін өзгерту
Бухгалтерлік есепке алуды және есептілікті реттеу жүйесін дамыту барлық мүдделі тараптардың мүддесін ескеретін, шығындардың төмендеуін және реттеудің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін модельді құруға бағытталуы тиіс. Осы модельдің негізі – мемлекеттік билік органдары мен кәсіби қауымдастықтың (кәсіби қоғамдық бірлестіктер мен басқа да мүдделі жұртшылық) қызметтерін саналы түрде үйлестіру.
Қазақстанның бухгалтерлік есепке алу саласының негізгі проблемасы – білікті кадрлардың жетіспеушілігі, қалыптасқан салт-дәстүрі, мықты кәсіби қауымдастығы, мамандандырылған білімді жинақтайтын және тарататын қалыптасқан жүйесі, көпшілік мақұлдаған сертификаттары бар дамыған «бухгалтерия институтының» болмауы.
Қазақстанда
кәсіби қауымдастық аталған
- қолданыстағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесіне тұжырымдамалық өзгерістер енгізу;
- бухгалтерлік есепке алу жүйесін қайта құру шеңберінде мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру;
- кәсіби қауымдастықтың бухгалтерлік есепке алу саласындағы рөлін арттыру;
- бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша уәкілетті органның кәсіби ұйымдарды және бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жүйесін енгізу.
Кәсіби қауымдастықтың бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін реттеудегі рөлін күшейту үшін консультативтік-кеңес органы нысанында, ереже негізінде әрекет ететін арнайы органды (Консультативтік органды) құру ұсынылып отыр. Консультативтік органның құрамы мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерін, жеке кәсіпкерліктің, мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың субъектілерін және ғылым қайраткерлерін қоса алғанда, кәсіби қауымдастықтың жоғары білікті, бәріне танымал және беделді өкілдерінен құралуы тиіс.
Қосымша ретінде уәкілетті органның құзыретіне басқа да функциялар кіретін болады:
- қаржылық есеп беру стандарттарын және оның ХҚЕС-пен реттелмеген мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз ету;
- бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының ХҚЕС-тің талаптарына қайшы келетін жағдайда, Консультативтік орган берген ұсыныстарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз ету;
- өзге де мемлекеттік органдармен және кәсіптік ұйымдармен бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
- кәсіби ұйымдарды, бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жүйесін реттеу;
- кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
- Консультативтік орган туралы ережені бекіту.
Консультативтік органға мынадай құқықтар беріледі:
- уәкілетті органға бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар, қаржылық есеп беру стандарттарын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды қайта қарау мен әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
- бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру.
Өз кезегінде Консультативтік орган:
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының халықаралық стандарттардың талаптарына қайшы келетін тұстарына талдау жасауға;
- бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысуға;
-
ұлттық қаржылық есеп беру стандарттарын
және оның ХҚЕС-пен реттелмеген мәселелері
бойынша әдістемелік ұсынымдарын әзірлеуге
қатысуға міндетті болады.
5.4 Бухгалтерлік есепке алу мен аудитті дамытудың
халықаралық
процесіне қатысу
Қазақстанның
халықаралық стандарттарға
6. Қаржы секторында бухгалтерлік есепке алуды
дамыту
проблемлары мен
перспективалары
Санауды қаржылық ұйымдардың халықаралық рыноктарға шығуы және олар жүргізетін операциялар спектрінің кеңеюі салдарынан 1995 жылдың аяғынан бастайтын қазіргі заманғы бухгалтерлік есепке алу жүйесі осы сатыда оны жетілдіру бойынша белгілі бір іс-шаралар жүргізуді талап етеді. Тұтастай алғанда осы процестің тұрақты сипаты бар, өйткені капиталдардың қазіргі заманғы рыноктары кешенді операциялардың жаңа түрлерін туындатады, бұл бухгалтерлік есепке алу жүйесін үнемі жаңартып отыру қажеттілігіне себепші болады. Республиканың қаржылық секторында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамытудағы елеулі жетістіктерге қарамастан, тиісті шешімдер қабылдауды талап ететін белгілібір қиындықтар да бар. Қазіргі уақытта бухгалтерлік есепке алуды дамытудағы неғұрлым маңызды мәселелер:
-
қаржылық сектор
-
жалпыға қол жетімді оқу,
-
ХҚЕС-да реттелмеген, бірақ
-
ХҚЕС бойынша бухгалтерлік
Орын
алып отырған проблеманы шешу мақсатында
Қазақстан Республикасының
Алдағы жылдары дамудағы кейінгі бағыт – ХҚЕС-тың қазақстандық қаржы жүйесінің жағдайларына одан әрі бейімделуін жүргізу. Бүгінгі таңда отандық қаржы жүйесінің серпінді дамуы қазақстандық экономика мен заңнаманың ерекшеліктеріне негізделген ерекшелігі бар бірқатар институттардың туындауына әкеп соқтырды. Мысалдардың бірі ретінде чилилік жүйесі принципінде құрылған және тиісінше ХҚЕС қаржылық есеп беруді жасаудың икемді тұжырымдамалы негіздерінің жиынтығын білдіре отырып, отандық экономиканың жағдайларына тиісті бейімделусіз пайдаланыла алмайтындықтан бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің ерекше рәсімдерін әзірлеуді талап ететін Қазақстанның зейнетақы қорларын атап өтуге болады. Осы тапсырманы шешу үшін экономикасы дамыған түрлі елдердің іс-тәжірибесін, шетелдік қаржылық есеп беру стандарттарын зарделеу жөніндегі бағытта жұмыс жүргізілді, бухгалтерлік есепке алу саласындағы сарапшылармен консультациялар жүргізілді және жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша нормативтік және өзге де құжаттар кешенін әзірлеу жолымен Қазақстанда алынған тәжірибені енгізу мақсатында ұсыныстар мен іс-шаралар жасалды.
Сол
сияқты бухгалтерлік есепке алуды жүргізу
мен қаржылық есеп беруді жасау бөлігінде
ақпараттық жүйелерді автоматтандыру
процесі маңызды мәселе болып табылады.
ХҚЕС-ті толыққанды енгізу компаниялардың
бизнес-жобаларын жан жақты автоматтандырусыз
мүмкін емес, ол бастапқы құжаттарды өңдеуді,
автоматтандырылған режимдегі негізгі
көп еңбекті қажет ететін функцияларды
барынша оңтайландыруға және адам факторының
қатысуымен байланысты тәуекелдердің
пайда болу мүмкіндігіне жол бермеуге
жағдай жасайды. Бухгалтерлік есепке алуды
автоматтандыру ұйымдарда есепке алу
жұмысын жолға қоюға елеулі септігін тигізеді,
ақпаратты өңдеу принциптері бейнелі
түрде өзгереді, бұл ретте, есепші қызметкерлер
деректерді өңдеуге тікелей қатысады.
Ұйымдарда бухгалтерлік есепке алуды
автоматтандыру мәселесі ең маңызды болып
табылады, себебі олардың қызметтерін
тұтынушы Қазақстан Республикасының халқы
болып табылады. Ұйымдарда бухгалтерлік
есепке алуды автоматтандыру процесін
іске асыру мақсатында ұйымның автоматтандырылған
ақпараттық жүйелерінде енгізілген көмекші
бухгалтерлік есепке алу және Бас бухгалтерлік
кітабын жүргізуге қойылатын талаптарды
жетілдіру жоспарланып отыр.
7.
Бухгалтерлік есептілік
сапасын бақылаудың
негізгі аспектісі
ретінде аудиторлық
қызметті дамыту
Бүгінгі таңда Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде қойған мәселелері шеңберінде Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігі көбірек маңызға ие болуда. Белгіленген стратегияны іске асыру үшін экономиканың нақты секторының халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына тездетіп өтуді қамтамасыз ету үшін қажет шаралар қабылдануда.