Қазақстан Республикасының Қаржы секторын мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:30, реферат

Описание работы

Жұмыстың мақсаты: Елдегі қаржы секторын мемлекеттік реттеудегі әдістер мен проблемаларды зерттеу
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
Қаржы жүйесін реттеу әдістерін зерттеу
Қаржы секторының қазіргі жағдайын талдау
Қаржы секторын дамыту проблемаларын анықтау мен оларды шешу жолдарын зерттеу

Содержание

Кіріспе
Қаржы секторын мемлекеттік реттеу әдістері
ҚР қазіргі кездегі қаржылық жағдайын талдау
Қаржы секторын дамыту проблемалары және оларды шешу жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Қаржы секторын реттеу.docx

— 37.35 Кб (Скачать)

      Осы бағытты іске асыру  үшін салықтардың жиналуын арттыру және олардың бюджетке барынша түсуін қамтамасыз ету, салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін электрондық бақылауды енгізу және уәкілетті органдармен өзара іс-әрекет ету кезінде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану қажет.

      Жыл сайын экономиканы дамытуға бағытталған  бюджет қаражатының көлемі өсіп отырғандығын ескере отырып, оларды пайдалану нәтижелері және басқару барынша тиімді және айқын болуы тиіс, осыған байланысты екінші стратегиялық бағыт болып  мемлекеттік қаржы ресурстарын  тиімді пайдалануды және басқаруды  қамтамасыз етуді анықтау шешілді.

      Осы бағыттың шеңберінде ішкі бақылау қызметінің жұмысын жақсарту, мемлекеттік активтерді, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, үкіметтік талаптар мен міндеттемелерді тиімді басқаруды  қамтамасыз ету, нәтижелік көрсеткіштеріне, бюджеттердің атқарылуы туралы есептілікке  және т.с.с. әсер ететін факторларына талдау жүргізу арқылы бюджеттің шығыс  бөлігінің атқарылуы жоспарланады.

      Көрсетілген бағыттың мақсаттарына бюджеттің атқарылу нәтижелігінің көрсеткіштеріне  әсер ететін факторларды талдау енеді.

      Осы бағытты іске асыру үшін республикалық  бюджеттің уақтылы және тиімді атқарылуын қамтамасыз ету, бюджеттің атқарылу мониторингі процесінде бюджеттік  бағдарламалардың әкімшілерімен және жергілікті атқарушы органдармен өзара  іс-әрекет ету, бюджеттің атқарылу бөлігінде  бюджет заңнамасын жетілдіруді қамтамасыз ету қажет.

      Айталық, бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы бөлігінде мынадай проблемалар бар:

      - бюджеттік бағдарламаларды тиімсіз  іске асыруға әкеп соқтыратын  бюджетті атқару кезінде бюджеттік  рәсімдердің көп сатылығы мен  күрделігі (бюджеттік бағдарламалардың  іс-шаралары бойынша шешімдер  қабылдаудан түпкі есептеулерге  дейін); 
 

      - бюджеттік бағдарламаларды уақтылы  орындау проблемасы күрделі болып  қалып отыр. Мемлекеттік органдарға  әкімшілік әрекет ету шараларын  күшейту арқасында осы мәселеде  бюджеттік тәртіпті кейбір арттыруға  қарамастан, бюджеттік бағдарламалардың  іс-шараларын іске асыру үшін  мерзімдер мен ресурстарды жоспарлауда  жетіспеушіліктер орын алып отыр.

      Қазіргі уақытта қаржылық бақылаудың тиімділігіне әсер ететін жекелеген проблемалар  бар. Ең алдымен, бұл соманы өтеуге анықтау  өлшемдеріне қатысты, өйткені заңнамада  заңсыз пайдаланылған қаражатты  өтеу ұғымдары мен рәсімдері нақты  анықталмаған. Сонымен қатар бақылау объектілерінің анықталған жолсыздықтарды жою жөніндегі өкімдері уақтылы орындалмай отыр. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне тиісті бап енгізу жолымен мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының шешімдерін орындамағаны үшін жауапкершілік шараларын белгілеу қажет.

      Бұдан басқа, бүгінгі күні мемлекеттік  органдар тарапынан тиісті бақылаудың болмауы және оларға ведомстволық бағыныстағы  ұйымдардың Қазақстан Республикасының  заңнамасын сақтамауы салдары болып  табылған проблемалар пайда болды.

      Қазіргі уақытта көптеген компаниялар мемлекеттік  меншікте қалып отыр және қазақстанның экономикасында маңызды рөл ойнайды, олардың бірқатары басқа ұйымдардың табысты жұмыс істеуі үшін қажет  инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.

      Сондықтан осы мемлекеттік компаниялар  қызметінің тиімділігі Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңызды мәнге ие.

      Осы мақсатта Қазақстан Республикасының  Үкіметі мақсат қойды – бұл  мемлекеттік компанияларды қызмет тиімділігінің барынша жоғары деңгейіне  шығару. Мемлекеттік холдингтік компанияны құру тұжырымдамасының негізіне Сингапур, Испания, Ұлыбритания сияқты елдердің халықаралық тәжірибесі салынды.

      Бүгінгі күні акциялардың мемлекеттік пакеттердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің  қатысу үлестеріне кірістердің, республикалық  мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігі аударымдарының түсімдері мемлекеттік активтерді басқару саласындағы қазіргі  ахуалға сүйене отырып қалыптастырылды. Бұл ретте осы көрсеткіштер ұлттық холдингтерге, ұлттық басқарушы компанияға, әлеуметтік-кәсіпкерлік  

корпорацияларға және бәсекелес ортаға берілетін  мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін бекіткеннен кейін ғана түзетілуі мүмкін.

      Осы бағытқа қол жеткізу шеңберінде мемлекеттің қатысуы бар компанияларда  корпоративтік басқарудың дүниежүзілік стандарттарын  енгізу, мемлекеттік жеке серіктестікті дамыту үшін мемлекеттік активтерді пайдалану жөнінде жұмыс жүргізілуде.

      Мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру жөніндегі жұмыс тиісті тізбені  қалыптастырғаннан және бекіткеннен  кейін мүмкін болады.

      Соңғы жылдары мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлеріне берілетін  қаражат көлемінің артуына байланысты бюджетаралық қарым-қатынастарды топталған  кодтардың толық көлемімен қамтамасыз ету үлкен мәнге ие. Осыған байланысты, бюджеттердің атқарылуы туралы дұрыс  және шынайы есептілікті алу, оны  беру жөніндегі қызметтерді сапасын  жақсарту үшін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрлігімен өзара іс-әрекет етуді  күшейту жолымен бірыңғай бюджеттік  сыныптаманы жетілдіру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен әдістемелік және түсіндіру жұмыстарын жетілдіру талап етіледі.  

      Бюджет  жүйесінің және бүкіл бюджет процесінің айқындылығын арттыру мәселесінің  маңыздылығына сүйене отырып, «Бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есептілік туралы»  ҚР Заңына сәйкес оларды заңды тұлғалардың  есептілігіне арналған талаптарға жақындату  үшін бюджеттік есептіліктің құрамы мен мазмұнынан қойылатын талаптарды біріздендіру қажет.

      Екінші  жағынан бюджеттің атқарылуынан басқа Қаржы министрлігінің маңызды  функциясы жоғары тұрған органдардан  бастап заңды және жеке тұлғаларға дейін алушылардың жеткілікті кең  аясына түрлі сипаттағы мемлекеттік  көрсетілетін қызметтерді беру болып  табылады.

      Осыған  байланысты, тағы бір стратегиялық бағыт бөлінді – басқа қызметтермен қатар ХҚЕС енгізу, кедендік ресімдеу мен қазынашылық қызмет көрсетудің сапасын арттыруды бөліп көрсетуге болатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                              Қорытынды 

     Сонымен жұмысты қорытындылай келе:

     Біріншіден,  қаржы секторын мемлекеттік реттеудегі негізгі екі әдіс – фискалдық  және монетарлық саясатты қолдану негізінде  жалпы қаржы жүйесін тиімді реттеуге, ақша қатынастарын, мемлекеттік бюджетті, салықты, валюта тұрақтылығын қадағалау  мен инфляцияны тежеу және т.б. сияқты мәселелерді шешуге, сонымен қатар  жалпы қаржы ресурстарының тиімді пайдаланылуын ұйымдастыруға қол  жеткіземіз.

     Екіншіден, ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы» атты жарлығының негізгі міндеттері мен ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» қаулысының басым бағыттарын  орындау арқылы дұрыс әрі заңды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырамыз.

      Үшіншіден, ақша-кредит саясаты шараларының  тиімділігін арттыру, валюталық  реттеу мен бақылауды қамтамасыз ету, төлем жүйелерінің жоғары технологиялық  деңгейде жұмыс істеуін, ақша массасын реттеу, тұтастай қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған  басқа да функциялардың толық  орындалуын іске асыру қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

  1. «Қазақстан  Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде  дамыту тұжырымдамасы туралы»  ҚР Президентінің № 923 жарлығы;
 
  1. «Қазақстан  Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы  туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы  № 1284 Қаулысы;
 
  1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік  жоспарлау министрлігінің 2008 – 2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары

Информация о работе Қазақстан Республикасының Қаржы секторын мемлекеттік реттеу