Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 08:52, творческая работа

Описание работы

Оқушылардың зейінін жаттықтыруға жеке дамытуға берілген тапсырмалардың кейбіреулерін таныстыра кетейік.
Зейін тұрақтылығын дамыту және жаттықтыруға арналған тапсырмалар Шульте кестесінің көмегімен жүргізіледі.

Работа содержит 1 файл

слайд.doc

— 508.50 Кб (Скачать)

№ 1. Слайд

Бірінші сынып  оқушыларымен осы бағытта жүргізілген  жұмыстарға тоқталайық.

  1. Оқушылардың зейінін жаттықтыруға жеке дамытуға берілген тапсырмалардың кейбіреулерін таныстыра кетейік.
  2. Зейін тұрақтылығын дамыту және жаттықтыруға арналған тапсырмалар Шульте кестесінің көмегімен жүргізіледі.

№ 2. Слайд

Шульте кестесі

Зейінді дамытуға бірнеше шығармашылық тапсырмалар  орындауға болады.

  1. Цифрларды өсу ретімен тауып, атау.
  2. Кему ретін атау.
  3. Тақ және жұп сандарды өсу және кему ретімен атау.
  4. Цифрларды кезектесіп санау. 1, 3, 5, 7…(жұптасып) 2, 4, 6, 8…
  5. Топпен жұмыс істеу. 1–5 тура және кері сана. 6-10 санау.

Осы кесте бойынша  бірнеше шығармашылық жұмыс т. б.

5 14 12 23 2
16 25 7 24 13
11 3 20 4 18
8 10 19 22 1
21 15 9 17 6

№ 3. Слайд

Оқушылардың байқағыштығын  дамытуға арналған тапсырма. Мұнда, пішіндері  мен орналасу ыңғайына қарай артық  үш фигураны (басты) табу. Артық үш фигураның  оң құлағы үшбұрыш, ал сол құлағы «Сопақша» пішінді. (жауап 1, 6, 8 ).

№ 4. Слайд

Суретте барлығы  неше үшбұрыш бар? Мақсаты: үшбұрышты  басқа фигуралар арасынан ажырата  және тани білуге үйрету.

№ 5. Слайд

Ойлан, тап. Мақсаты: оқушылардың амал таңбаларын тағайындай білу дағдыларын дамыта түсу.

№ 6. Слайд

Мына фигураға бір кесінді жүргізу арқылы бір  тік төртбұрыш, бір үшбұрыш шығарып  алуға болады. Ол үшін қай нүктелерді қосу керек?

Мақсаты: геометриялық фигураларды ажырата және тани білуге үйрету.

№ 7. Слайд

Екі адам 2 сағат  шахмат ойнайды. Олардың әрқайсысы  неше сағат шахмат ойнайды? Мақсаты: Оқушыларды мәтіннің логикалық түйінін  түсіне білуге үйрету.

№ 8. Слайд

Сиқырлы үшбұрыштағы  бос орынды толтыр. Мақсаты: оқушылардың  жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу.

Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Дүниетану пәні — жоғары сыныптардағы биология, география, физика, химия,тарих пәнінің бастамасы. Ендеше, бұл пәндердің негізі бастауыш сыныпта қаланады да, бастаыш мұғалімдерінің мойнына ауыр жүк артылады. Осы себепті дүниетану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы мен «Дамыта оқыту» технологиясын тиімді деп есептейміз және сабақтарымызда жиі қолданамыз. Енді сол жұмыстарымыздың кейбір түрлеріне тоқталып өтейік.

I слайд

Су. Судың қасиеті. Бұл тақырыпты өту барысында  оқушыларды топқа бөлемін. Тәжірибелер  жасау барысында оқушылар судың  түссіз, мөлдір екеніне, оның ағатынына, жұғатынына, жабысатынына және табиғатта 3 күйде кездесетініне көздерін жеткізеді деп төмендегідей кластер құрастырады:

Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма беремін:

    I топ-эссе  жазады 
    II топ-сурет салады 
    III топ-өлең шығарады

ЭССЕ «Су-тіршілік көзі»»

Бізге су өте  қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар  да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді.Сондықтан суды үнемдеуіміз керек.

5 жолды өлең:

Су 
Мөлдір, түссіз 
Ағады, жұғады, жабысады 
Ол бізге өте қажет 
Сусын

II слайд

Өсімдік пен  жануарлардың байланысы.

II слайд

Өсімдік пен  жануарлардың байланысы.

Оқушыларға ой тудыратын сұрақ қоямын: — гер адам осы ағашты кесіп алып тастаса не болар еді?

III слайд

Адам мен табиғаттың байланысы.

— Біз табиғаттан не үйренеміз?

Шәйнектің қайнауына  қарап, паровозды ойлап тапқан.

Инелікке қарап  тікұшақты ойлап тапқан.

Бұлбұлдан ән айтуды үйренген.

IV слайд

— Өсімдікке не қажет? (ертегі құрастыру)

V слайд

Венн диаграммасы (кез-келген екі затты салыстыру)

VI слайд

ББҮ кестесі (кез  келген тақырып)

Не білемін? Не білгім келеді? Не үйрендім?
     

Нәтижесінде қоғамымызда  табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейрімді, өзін-өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.

Әдебиеттік  оқу сабағында  қолданылатын шығармашылық тапсырмалар

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымызда қолданамыз:

  1. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
  2. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.
  3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
  4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
  5. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.
  6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.
  7. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)
  8. Өлең, мақалдар құрастыру.
  9. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.
  10. Кейіпкерге мінездеме беру.
  11. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.
  12. Рөлге бөліп оқыту.
  13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)
  14. Диалог-ертегі.
  15. Образға кіру.

Осы сияқты жұмыс  түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.

І тапсырма «Образға кіру»

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында  өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.

ІІ тапсырма «Талдау және қиялдау»

Бастауыш сынып  оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет  үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 3-сыныптың «Қамқорлық» әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады.

— Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)

— Екі бала жайында не айтасыңдар?

Венн диаграммасы  арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.

Жантас

Мейірімсіз, қатыгез, жаман, 
әдепсіз, ешкімді аямайды, 
балапанды азаптады

Қожа

Қайырымды, мейірімді,қамқорлы, 
жақсы, әдепті, жаны ашитын

Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір  ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?

— Осыны оқи отыра қандай көңіл-күйді бастан кешірдіңдер? (Жантасқа ызаландық, ренжідік т.б.)

— Балапанды аядық, көмектескіміз келді.

— Қожаның ісіне қуандық.

— Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді?

— Кездескенде не деп айтар едіңдер?

— Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?

— Осы бойынша қандай мақал-мәтелдер айтар едіңдер?

— Қандай сурет салар едіңдер?

— Қалай мүсіндер едіңдер?

Осы арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады.

ІІІ тапсырма «Суырыпсалма ақын»

Бастауыш сыныптарда шығармашылықтың алғашқы сатысын  іс-әрекет және ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.

Мысалы «Жаңбыр ойыны»

Іс-әрекет жасаудың маңызы ерекше. «Жаңбыр» ойыны кезінде  мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бәсеңдеді іс-әрекет арқылы көрсетеді. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылықтарын туғызған соң «Жаңбыр» өлеңіне сай суырыпсалмалықтың ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек-сөздер қолданамыз:жаңбыр, дала, тау, қала, бау, ауыл.

Мұғалім Оқушы
Жаңбыр  жауды далаға
Жаңбыр  жауды қалаға
Жаңбыр  жауды ауылға
Жаңбыр  жауды бауға да

Көктемгі кез, жазғы мезгіл, күзде бәрі, қыста  бәрі, көрікті, жаңаша, әдемі, тамаша. (өлең шығарады)

ІҮ тапсырма «Диалог-ертегі»

Шарты: мұғалім  не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай  жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты…» 1-оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті…» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті…» — міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.

Ү тапсырма «Жұмбақтар, мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.

  1. Суреті бар, хабарлайды, 
    Жәшікте тұрып жыбырлайды. 
    Ән салады, би билейді, 
    Көңіліңді көтереді. (теледидар)
  2. Жерге түсірсең, секіреді. (доп)
  3. Бізге жарық береді, 
    Бассаң, жоқ болып кетеді. (электр шамы)
  4. Өзі әдемі, иісі жұпар, 
    Оны туған күніне сыйлар. (гүл)
  5. Өзі гүл сияқты, 
    Күн көзін сүйер. 
    Ішінде дәні бар, 
    Балалар оны шағып жер. (күнбағыс)

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелер