Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 14:37, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
Негізгі бөлім
І бөлім. Инфляцияның теориялық аспектілері
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері...............................................6
Инфляцияның түрлері мен факторлары....................................................10
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары...............................17

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляция және инфляцияға қарсы саясаты
2.1. Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері.....22
2.2. ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары.............24
2.3. Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары...........................................................................27
Қорытынды...................................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.....................................................................32

Работа содержит 1 файл

Курсовой Макроэкономика.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

     Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын кредиттер бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табылады; кредит үшін төлемақының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бағаның да өсуіне соқтырады.

     Айтылған  факторлар өндіріс шығындарын –  өндірушілер инфляциясын арандатушы факторларға жатады.

     Бағалардың  артуы жағдайында халықтың, әсіресе жеке кәсіптік және әлеуметтік топтардың әлеуметтік дөмегөйліктерінің өсуін инфляцияның даму факторы деп есептеуге болады. /16, 506б./

     Егер  баға жайлап өсе бастаса, ол жағдайда тұрғындар, кәсіпорындар оған дайындалады. Ақша жоғалмау үшін тұрғындар тұтыну тауарларын  сатып алады, ал кәсіпорындар инвестициялық тауарларды алады. «Инфляциялық психоз» бағаға қысым жасайды, сонымен инфляция өрши бастайды. Кәсіпорындар шикізат және даяр өнім алуға тырысады, ювелирлік тауарларды, алтынды алуға талпынады. Төтенше жағдайларда: бағаның шексіз өсуі жағдайында экономикалық қарым-қатынастар күйрейді. Ақша өзінің функциясын орындай алмайды. Сондықтан заттай айырбас орын алады. Өндіріс пен айырбас тоқтауға бағытталады. Қорытындысында экономикалық, әлеуметтік, саяси бейбастақсыздық болуы мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ІІ. Қазақстан Республикасындағы  инфляция және инфляцияға қарсы саясаты 

     2.1 Қазақстандағы инфляцияның  пайда болуы және  оның ерекшеліктері 

     Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

     Кеңес экономикасының 70-ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:

  1. өнеркәсіп өнідірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;
  2. ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
  3. шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер өндірісінің арасындағы диспропорция;
  4. әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік;
  5. материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.

        Бұл диспропорциялар  Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты түрде  қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10-15 жылда бір  рет жүргізіліп келген бағаларды  реформалау щаралары осы инфляцияның  нәтижесін заңдастыру ғана болған.

        Қазақстанда қалыптасқан  өндірісаралық, оның ішінде шикізат  өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы  Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95% шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90%, тұтыну тауарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд.доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандағы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000%-дан 20%-ға төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (теңгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90 % - ке, ауыл шаруашылық пен азық - түлік шаруашылықпен азық - түлік өндірісі - 50 -60% -қысқарды.

     Сонымен түйіндей келе, Қазақстан Республикасындағы  инфляцияның дамуы - мемлекеттік  бюджет тапшылығына байланысты болған болатын. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталынып тұрды: ол 1991 ж. бюджеттің шығыс бөлігінде 20,4 %, 1992 -8,6 %, 1993 - 11,9 %Д994 - 10,2 %, 1995 - 17,4%, 1996 - 15,4 %, 1997 - 17,7 %, 1998 - 18 %, 1999 - 14,3 %, 2000 - 9,8 %, 2001 - 6,4 %, 2002 - 5,2 % құрады. 2008 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 1,453 млрд. теңгені (ЖІӨ-ге 0,11 %) құрады. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. /8,456./ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

         2.2 ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары

     Қазақстан экономикасында сақталып отырған жақсы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге көшуге бағыт алды. Осы бөлімді қарастырғанда Ұлттық Банктің осындай бағытты не үшін, инфляциялық таргеттеудің негізгі бағыты туралы мәселелер қозғалатын болады.

     Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ақша агрегаттары мен теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға бағытталған.

      2002 жылдан бастап Ұлттық Банк өзінің ең басты мақсатын ақша-кредит саясатын дайындап, негізгі еуростандарттарға жақындауға мүмкіндік беретін инфляциялық таргеттеудің негізгі принциптеріне ауысуды негізгі бағыты деп алды. Инфляциялық таргеттеу ақша базасының көрсеткіштерінен, инфляциялық көрсеткіштерге біртіндеп бағытталуды көздейді. Бұған себепші болған инфляцияның «монетарлық» құштарлығының деңгейінің төмендеуі. Осыған байланысты, Ұлттық Банктің негізгі және соңғы бағыты – мемлекетке бағаның тұрақтылығын сақтау.

      Таргеттеу (ағыл. targeting – бағыт алу, бағыттау, бағытталу) монетарлық саясатта – бұл ортамерзімдік перспективада негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді бағытты басқару процесі.

      Бүкіләлемдік тәжірибеде таргеттеудің бірнеше стратегиялары ажыратылады, олардың ішінде: номиналды табысты таргеттеу, пайыздық мөлшерлемені таргеттеу, номиналды жалақыны таргеттеу, монетарлық таргеттеу, валюта бағамын таргеттеу (курстық таргеттеу), инфляцияны таргеттеу (6 суретті қараңыз). /22, 57б./ 

      Инфляцияның Ұлттық Банк болжамының деңгейіне жақын болуы монетарлық саясаттың жеңісі болып табылады. Қазақстанда да болжамды деректер жасалынып, олар нақты деректермен салыстырылып жур (2- кестеден қараңыз). Инфляция деңгейі көрсеткішінің қажеттілігі тек ақша нарығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар экономиканың бүкіл  жағдайын көрсеткені екендігі тек II Дүнеижүзілік соғыстан кейін ғана ғылыми тұрғыдан дәлелденді. /22, 57б./

      Инфляциялық таргеттеудің негізгі элементтері:

  1. ортамерзімдік көрсеткіштерді жария ету;
  2. ақша-кредит саясатының негізі ретінде баға тұрақтылығының институционалды келісімі;
  3. ортамерзімдік бағдар алудағы тәуелсіздік;
  4. ақша-кредит саясатының жоғары транспаренттілігі;
  5. қадағалау органдарының жоғарғы жауапкершілігі.

   Ұлттық  Банктің инфляциялық таргеттеуге көшуінің қажеттілігі терең түсіндіру үшін 4 бөлімнен тұратын инфляциялық таргеттеудің негізін көрсетуге болды:

  1. күшті жақтар (strenght);
  2. әлсіз жақтары (weakness);
  3. мүмкіншіліктер (opportuinies);
  4. қатерлер (threans);
 

    Күшті жақтары.

      Соңғы жылдардың қорытындылары бойынша Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының арасында көшбасшылық позицияда тұр (экономикалық қарқынды даму, инфляция деңгейінің тұрақты болуы, ұлттық валютаның тұрақтылығы, бюджет дефицитінің аздығы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы, Қазақстанға инвестициялық рейтингтің берілуі). Елдегі саясаттың тұрақтылығы да жаңа ақша бағыттарына көшуде басты рөлдерді алады. /22, 58б./

      2004 жылдан бастап қаржы нарығындағы  бақылаушы және тұрақтандандырушы  функцияларды Қазақстан Республикасының бақылаушы және тұрақтандандырушы Агенттігі атқарады. Қаржы нарығындағы бақылаушы және реттеуші функцияларының бөлінуі Ұлттық Банктің ерекше статусын белгіледі. Бүкіл ТМД елдерінің арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық банкке қатысты функциялары бар бір ғана банк.

      Ұлттық  Банк – елдегі инфляцияны төмендетуге  бағытталған ақша-кредит саясатын тәуелсіз өткізуші болып табылады. Инфляцияны төмендетуге бағытталған ақша-кредит құралдарының толық арсеналы Ұлттық Банктің иелігінде.

      Ақша-кредит құралын қолдану деңгейінде де, Ұлттық Банктің дербестігі инфляциялық таргеттеуді енгізудің ең бірінші талабы болып табылады. Бірақ Ұлттық Банк дербес болса да, өз құралдарын фискалдық бағытта, яғни бюджет дефицитінің (сеньораж) эмиссиялық қаржыландыруында мүмкіншіліктері шектеулі. 1998 жылдан бастап Ұлттық Банктің бюджетті қаржыландыруы тоқтатылды және заң жүзінде бекітілді: «Қазақстан Республикасының Ұлтық Банкі туралы». /22, 59б./

      Соңғы жылдары теңге енгізілген кезден бастап алғаш рет ұлттық валютамыздың АҚШ долларына шаққанда тұрақтандырылғаны байқалды және ол Қазақстанның бүкіл қаржы секторында көрініс тапты. Ұлттық валютаның ревальвациясы коммерциялық банктердің депозит базасының деңгейінің өсуіне әсер етті. Сақталып отырған теңгенің тұрақтылығы болашақта Қазақстан экономикасын дедолларизацияға әкелуі мүмкін. Қаржы сегментіндегі жайлы жағдайдың сақталып отыруы пайыз ставкаларының процесін құрудағы маңызды рөлін атқарып төмендеуіне себепше болады.

      Әлсіз жақтары. Қазақстанның шикізатқа бағытталған экономикасы, экспортқа шығарылатын көлемі мен дүниежүзілік шикізат ресурстары ның басына тәуелділігі төлем балансымен ұлттық валютаға әсерін тигізеді.

      Қазақстанның  қаржы секторы реалды секторға қарағанда  жоғарғы деңгейде даму үстінде. Депозиттік базаның және несиелік экономиканың кеңеюіне қарамастан, реалды секторды қанағаттандыруға қаржының жетіспеушілігі, оның кейінгі экономикалық дамуына әсерін тигізеді. Соның салдарынан басқа жаңа қаржы көздерін іздеуге тура келеді.

      Экономикаға «долларизация» деңгейіндегі монетарлық құралдардың әсері қаржы-несие сферасын әлсіретеді. Бұл оның инфляцияға әсерін тигізе алатындығын көрсетеді. Экономикадағы «долларизация» деңгейін жоғарғы деңгейде сақтап қалу қаржы-несие саясатына және қазақстан экономикасына асау жеріне кері әсерін тигізеді.

      Ұлттық  Банктің бағалы қағаздар портфелі көлемінің  жетіспеушілігі – ашық рынокта кең  көлемде операциялар жасауға  кедергі келтірді. Міне осы операциялар  инфляциялық таргеттеуге жоғары талаптар қояды.

      Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясының қабылдануы және қазақстан экономикасындағы диверсификация процесінің жылдамдығы – экономикалық әр жақтылығы. /22, 60б./ Бұл өз кезінде экономиканың дүнежүзілік конъюктураға тәуелділігін төмендетеді. Бұл жерде ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекег түсе алатын елдің индустриалды комплексін құру туралы айтылған.

      Бүкіл әлемдік мұнайға деген баға тербелісі  Қазақстан экономикасына кері әсерін тигізу қаупі тұр, себебі айырбастау курсы тұрақты болмай мұндай шығару экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты ұлттық валютамыздың курсының ревальвациясына, ол өз кезегінді «Голланд ауруының» симптомдарына әкелуі мүмкін. Көрші елдердегі экономикалық тұрақсыздық та біздің елдің экономикаысна зардабын тигізу қаупі бар.

      Сонымен қорыта келе, инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшу процесі, көптеген элементтердің институционалдық негізі инфляцияның бағыт көрсеткішінің Қазақстанда жұмыс жасауымен және осы режимді орнықтыруға барлық жағдайлар жасалғанымен жеңілдетіледі. Бірақ, тек қана практика жүзінде ғана қорытындыға келіп, осы режимнің ақша-кредит саясатындағы орнын анықтауға болады. 
 
 

      2.3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары 

      2008 жылы 10 қарашада премьер-министр  Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен  Үкіметте болып өткен селекторлық кеңесте қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық ахуалының үш маңызды факторына нақты да толымды сипаттама берілген болатын.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат