Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 08:19, курсовая работа

Описание работы

Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек ақының номаиналды және шынай түрлері болады.
Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе

І. Еңбек ақы туралы жалпы түсінік

1.1. Еңбек ақының түрлері, еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйелері.

1.2. Қосымша еңбек ақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу

ІІ. ҚР-ның еңбек ақы

2.1. 2007-2008 жылдардың ҚР-ның еңбек ақының жалпы қоры

2.2. Еңбек ақыдан ұстап қалулар мен төлемдер

2.3. Еңбек кодексі: негізгі ерекшеліктері мен жаналықтары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу.doc

— 232.50 Кб (Скачать)

Оныншыдан, кодексте жыл сайынғы өтелетін еңбек  демалысы 24 күнтізбелік күннен кем  емес болып бекітілген. Жұмыс ұзақтығы – қалыпты, қысқартылған және толық  емес жұмыс уақыты болып бөлінеді. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан артық болмауы тиіс. Осы жағдайда кодекс ерекшелігі еңбек шартымен ұзақтығы қалыпты жұмыстарға төленетін еңбек ақыны сақтай отырып, төмен жұмыс ұзақтығы белгіленуі мүмкін. Ауыр жұмыстағыларға, зиянды және қауіпті жұмыс жағдайындағы жұмысшыларға 40 сағаттың орнына 36 сағаттық жұмыс аптасы белгіленді. Сондай-ақ бұл жұмыстарға кәмелетке толмағандарды және әйелдерді тартуға тыйым салынған. Демалыс пен мейрам күндері қызметкердің келісімінсіз жұмысқа тартудың шектелген тізімі заңнамалық тұрғыдан бекітілген. Атап айтқанда, төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік апатты болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;  жазатайым оқиғаларды, мүліктің опат болуын немесе бүлінуін болдырмау үшін; жалпы ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмысы осылардың жедел орындалуына тәуелді болатын шұғыл, бұрын көзделмеген жұмыстарды орындау үшін.

Он біріншіден, ұжымдық келіспеушіліктер институтын заңнамалық реттеуде де өзгерістер бар. Бұрынғы заңнамада еңбек келіспеушіліктерін тек сот арқылы шешу мүмкіндігі көзделген болатын, ал кодексте жаңа жүйе енгізілген – келісім комиссия, еңбек арбитражы немесе сот тәртібімен. Кодекс қазіргі заманда өзекті мәселенің бірі ретінде еңбек заңнамасын сақтауға үш түрлі бақылауды белгілейтін нормалар көзделген: мемлекеттік, ішкі және қоғамдық.

Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының  сақталуын мемлекеттік бақылау  мемлекеттік еңбек инспекторларына  жүктелген. Мемлекеттік еңбек инспекторына  қызметтік міндеттерін орындауға  кедергі келтіретін тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Ал ішкі бақылау еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды. Сондай-ақ, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық бақылау жүзеге асырылады. Ұйымда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымның кәсіподақ комитеті сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор, ал кәсіподақ болмағанда – қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады.

Он екіншіден, еңбек заңнамасының негізгі қағидалары ретінде: адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу; еңбек бостандығы; кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу; қауіпсіздік және  гигиена талаптарына  сай келетін  еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету; өндірістік  қызмет  нәтижелеріне қатысты алғанда, қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы; еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақы алу  құқығын қамтамасыз ету; дем алу құқығын қамтамасыз ету; қызметкерлер құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі; қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету; еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу; әлеуметтік әріптестік; қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауға қоғамдық  бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету бекітілген.

Он үшіншіден, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті анықталған. Осыған сәйкес, Үкімет: еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын  әзірлейді және  іске асырылуын қамтамасыз етеді; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың  әзірленуін және орындалуын ұйымдастырады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік  бақылауды   ұйымдастырудың және  жүргізудің  тәртібін  белгілейді; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды; шетелдік жұмысшы күшін тартудың тәртібін  белгілейді; әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін, оларды  тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды; екі айдан астам еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекітеді; орташа жалақыны есептеудің  бірыңғай тәртібін белгілейді; акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйақы беру шарттары туралы үлгі ережені бекітеді; азаматтық қызметке  орналасу  және  азаматтық қызметшінің бос  лауазымына тұруға конкурс өткізу тәртібін; азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін айқындайды; жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және  қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады; тиісті  уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді және  нормативтерді әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді.

Он төртіншіден, кодекске сәйкес еңбек шартын тек  жасы он алтыға толған адамдармен жасасуға жол беріледі. Кодекспен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері белгіленген. Олар мыналар: он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің; әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың; қоса атқара жұмыс істейтін қызметкерлердің; ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, ерекше зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің; маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерлердің; вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің; жұмыс беруші – жеке тұлғаларда жұмыс істейтін үй қызметкерлерінің еңбегін реттеу; үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеу; мүгедектердің еңбегін; азаматтық қызметшілердің еңбегін реттеу; шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің; заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басшысы мен мүшелерінің еңбегін; мемлекеттік қызметшілердің, Парламент және мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметтегі адамдардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында еңбек қатынастарында тұрған жалдамалы қызметкерлердің еңбегін  реттеу ерекшеліктері.

Он бесіншіден, сонымен қатар, кодексте Қазақстан  Республикасындағы әлеуметтік әріптестіктің, әлеуметтік, еңбек және осылармен байланысты экономикалық  қатынастарды  реттеудің  тиімді тетігін қалыптастыру; қоғамның барлық топтарының  мүдделерін  объективті  ескеру негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу; қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру; барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы консультациялар мен  келіссөздер процесіне жәрдемдесу; ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу; әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мәселелерін шешуге бағытталған міндеттері анықталған.

Қорыта  келгенде, Еңбек кодексінің мәні Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) қосылуы кезеңінде арта түседі, өйткені, БСҰ мүшесі ретінде Қазақстан, халықаралық стандарттар мен тәжірибеден туындайтын әртүрлі факторлар мен жағдайлардың әсерінде болады.

Еңбек кодексіне сәйкес келтіру мақсатында Парламентте тағы да 57 заңға түзетулер мен өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты айта кетсек, құқық қорғауда бәрі өзімізге байланысты екенін ұмытпай, қажет кезде заңға сүйену керек деп есептейміз.  

                                                      Қорытынды

      Курстық жұмыстың жазылуын аяқтай келе төмендегідей ой-тұжырымдамалар жасауға болады.

      Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, екі бөлім, бес сұрақты, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.

          Шаруашылық қызметінің процесінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару нәтижесінде қызметкерлердің саны өзгереді, жұмыс бойынша ауысулар жүргізіледі. Адам құрамының есебін кадрлар бөлімі жүргізеді.  Ол жалпы кәсіпорын бойынша, оның құрылымдық бөлімшелері бойынша қызметкерлердің саны туралы және осы санның өзгерісінің себептері туралы: жынысы, жасы, санаты, лауазымы, мамандығы, жұмыс стажы, білімі және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Адам құрамын есепке алу үшін №Т-2 нысанындағы карточка, ал ғылыми қызметкерлер үшін №Т-4 ныфсанындағы ғылыми қызметерді есепке алу карточкасы қолданылады. Жұмысқа келген соңғы адамдар  жұмыс орны туралы жазулар жазылған еңбек кітапшасын кадрлар бөліміне көрсетуі тиіс.

         Кәсіпорында жұмыс жасайтындарды тізімдік және тізімдік емес персонал деп бөледі. Орындайтын функцияларына байланысты жұмыс жасайтындарды жұмысшылар мен қызметкерлер деп бөледі. Қызмтекерлер басшылар,мамандар және басқа қызметкерлер болып бөлінеді. Жұмысшыларды өндіріс процесіне қатысуына қарай негізгі жені көмекші деп бөледі.       

        Жұмысшыларды еңбек ақысы бригадалардың, учаскенің  жұмыс нәтижесі бойынша анықталады. Бағалар жеке (әрбір кесіпке) және кешенді (ұжымдық) болуы мүмкін.

   Аккордтық  жүйе жұмысшылардың еңбек ақысын нормаланған тапсырма (шығарылым нормасының уақыты) мен бағалау алдын ала белгіленген жұмыстың барлық көлемінің орындалуы анықтайды. Бұл нысан жұмысшылардың жәке тобына немесе бригадалар ұжымына (көбінесе құрылыста) қолданылады.      

     Курстық жұмыстың жазылу барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда белгілі авторлардың оқулықтары, монографиялар, сондай-ақ газет –журналдар беттеріндегі жарияланған мақалалар, маңызы деректер, статистикалық көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  Баймұханова С. Б., Балапанова Ә. Ж. Бухгалтерлік есеп.-

    А.: Қазақ  университеті, 2002.  

2. «Экономика теория негіздері», Алматы «Санат» 1998 жыл 

3.«Экономическая теория», В.Д.Камаев, Москва 1998 год

4.   Халықаралық Қазақтан сайты: "Қазақстан Бүгін"

5.Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә.  «Қаржылық есеп» - Алматы, «Экономика», 2005ж.

6.Кривогузова Н.А. «Экономикалық талдау» - Қарағанды, 2004 

7.Әубәкіров  Я. Ә., Байжұмаев Б. Б., Жақвпова  Ф. Н., Табеев Т. П. – Экономикалық  теория негіздері/ оқу құралы  – Алматы: Қазақ университеті, 1999ж.

 8.Крымова В. «Экономикалық теория» - Алматы, 2003ж.

9.Халықаралық  Қазақстан сайты (www.kazakh.ru)

 10.Галерея экономистов(www.economica.ru)

11.Кривогузова Н.А. «Экономикалық талдау» - Қарағанды, 2004 

12.Кеулімжаев  Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов  Н.А., Жантаева А.Ә.  «Қаржылық есеп»  - Алматы, «Экономика», 2005ж. 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу