Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 08:34, курсовая работа
Шынайы еңбек ақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.
Жалақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.
Кіріспе
І. Еңбек ақы туралы жалпы түсінік
1.1. Еңбек ақының түрлері, еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйелері.
1.2. Қосымша еңбек ақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу
ІІ. ҚР-ның еңбек ақы
2.1. 2007-2008 жылдардың ҚР-ның еңбек ақының жалпы қоры
2.2. Еңбек ақыдан ұстап қалулар мен төлемдер
2.3. Еңбек кодексі: негізгі ерекшеліктері мен жаналықтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері,-еңбек нарығында өзара қатнаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады. Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуіжатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыраынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуінге, квалификацияның жоғарлауына, еңбеккке ынтаның өсуіне квалифик-
ацияның жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.
Бәсекелік еңбек нарығының классикалық үлгісінің негізін мынадай принцептер құрайды: фирмалардың ынталарын бейнелейтін және еңбекке сұраныс жасайтын жұмыс берушілердің көп болуы жұмысшы күшіне иелік ететін және оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы. Еңбек нарығында субъектердің тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріне жетуді және пайда табуды көздегенімен білгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында еркін әрекет жасауына елеулі кедергілер болмайды.Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындары және жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.
Икемді нарықтық механизмі баға арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы, жетілген бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай нарықта жекелеген жұмыс берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете алмайды: жалақының тепе-теңдік ставкалары жекелеген фирмалардың немесе жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы конъюнктурамен, яғни нарықтық процестің барлық мүшелерінің жалпы озара әсерлерімен белгіленеді.
Бәсекелік
еңбек
нарығында еңбекке
сұраныстық қисық
сызығының
еңкеюі
теріс бұрышты болады:
жалақының жалпы дәрежесі өскен
сайын еңбекке сұраныс
төмендей
түседі.
Көлденең
білік — еңбектің
саны (Q), тік білік (Р) — жалақының ставкасы Еңбек ұсынысы қисық
сызығының оң еңкею бұрышы болады,
жалақының жалпы дәрежесінің өсуімен
бірге еңбек ұсынысы өсіп
отырады. Жұмысшы күшіне
сұраныс,
жиынтық сұраныспен есептесе
отырып, тауарлар мен қызметтер өндіру үшін,
тиісті квалификациясы бар жұмыскерлердің
белгілі санымен, жұмыс берушілердің
жалдауға қажеттіктерімен
белгіленеді. Жұмысшы күшінің ұсынысы
еңбекке қабілетті
жастағы адамдардың өздерінін қабілеттерін әдеттегіндей ұдайы өндіру
керек қажеттіктермен
және
жиынтык экономикалық ұсыныспен есептесе
отырып, жақсы хал-жағдайды қолдап
тұруға
жеткілікті қажеттіктермен
белгіленеді. Сұраныс та, ұсыныс
та әр түрлі факторлардың әсерімен қалыптасқан
баға дәрежесімен, шығындармен,
жалақымен, еңбек өнімділігімен,
адамдардың санымен, жұмыскерлердің
квалификациялық — мамандық құрылымымен,
несие-қаржы, салық,
заң жүйесімен, кәсіподақтардың,
мәдени,
діни және басқа ұйымдардың қызметгерімен қалыптасады.
Сұраныс
(ВБ) пен ұсыныстың
(55) қисық сызықтарының қиылысуы
жалақының тепе-тендік
дәрежесін
(РЕ) көрсетеді де жалақының
осы дәрежесінде экономикада
толық жұмыспен қамту
байқалады: Qе — еңбекке
сұраныс
еңбек ұсынысына
тең.
Ғаламды шарпып өткен экономикалық дағдарыс тұсында жалақы көрсеткішінің күрт төмендеуі ешкімді де таңқалдырмайды. Көпшілік бұны қалыпты құбылыс деп қабылдауда. Осы жайттарды назарға ала отырып, Халықаралық еңбек бюросы (ХЕБ) биылғы жылдың соңына дейiнгі өзгерістерді сипаттайтын арнайы есебін жариялады.
Халықаралық валюта қорындағы үдерістерді жіті бақылап отырған Халықаралық еңбек қоғамының сарапшылары жылдың аяғына дейін әлемде еңбекақы көрсеткіші небары 1,1 пайызға өседі (2008 жылы бұл көрсеткіш 1,7 пайыз болған) деп болжайды, Ал көптеген елдерде бұл төменірек болуы мүмкін. Жалақының төмендеуін өнеркәсібі дамыған елдерден де байқауға болады.
Ресми есепте осы жылы еңбекақының өсу қарқыны өнеркәсiбi дамыған елдерде 2008 жылғы 0,8 пайыздық көрсеткішпен салыстырғанда 0,5 пайызға дейiн төмендейдi. Сондай ақ сандардың бұлайша құбылуын еңбекақының өсу қарқыны экономикалық өсуден он жылға артта қалып келуімен ұштастырады.
1995 және 2007 жылдар
аралығында Жалпы iшкi өнiм кісі басына
шаққанда 1 пайызға өскен, ал орташа еңбекақы осы
уақыт аралығында небары 0,75 пайызға ұлғайған.
Бiрақ жағдай барлық елде біркелкі емес. Өнеркәсiбi дамыған мемлекеттердiң көпшiлiгiнде және Латын Америкада еңбекақы жыл сайын 1 пайызға өсіп келеді. Бұл көрсеткiш Қытайда, Ресейде және басқада ауыспалы экономикасы бар мемлекеттерде 10 пайыз немесе одан да жоғары.
Ең жоғарғы және ең төменгі еңбек жалақысының аралығындағы айырмашылық 1995 жылдан бастап мәлiметтерін ұсынған елдердiң үштен екiсiнде көбейген. Бұл көрсеткiш, өкінішке қарай, әлеуметтік ахуалға кері әсер еткен. Егер дамыған елдер туралы айтылса, онда ең жоғарғы және ең төмен еңбек ақының аралығында айырмашалық Германияда, Польшада және АҚШ-та жылдам алшақтауда. Сонымен қатар бұл айырмашылықтар Аргентина, Қытай және Таиланда өлкелердеріне де таралды.
Әйел
мен еркек арасындағы еңбекақы
1995- 2007 жыл
аралығында Жалпы iшкi өнiм кісі басына
шаққанда 1 пайызға азайғанда, еңбекақы 1,55 пайызға
Зерттеушілердің ойынша, ең төменгі еңбекақы сияқты көрсеткіштерді білу арқылы төмен жалақы алатын қызметкерлердiң сандарын азайтуға және еңбекақыда гендерлік теңсiздiктi қысқарту мүмкіндігі туады.
Халықаралық еңбек қоғамы баяндамасын мынадай ойлармен тұжырымдайды: соңғы жылдарда әлемде ең төмен еңбек ақы туралы мәселе қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік есебінен туындайтын қауіп-қатердің алдын алу мақсатында туындауда. 2001- 2007 жылдарда (қаржы дағдарысының басталуына дейiн) арасындағы нақты есептеудегi әлемдегi ең төмен еңбек ақы негiзiнен орта есеппен 5,7 пайызға көтеріліп отырған. Ең төменгі еңбекақының нақты өлшемі азайады, ал өткен жылдарда бұл сандар біршама өзгерістер енді. Бұдан бөлек ең төменгі еңбекақы орташа еңбекақыға қарағанда өстi.
Ескерту:
Халықаралық еңбек ұйымы — бұл Біріккен
Ұлттар Ұйым жүйесiнiң мамандандырылған агенттiгi.
Басты мақсаты халықаралық адам құқығы және еңбек
саласындағы құқықтарды, әлеуметтiк әдiлеттiлікті
қадағалау. 1919 жылы құрылып, 1946 жылы БҰҰ-ның
алғашқы мамандандырылған
I.Еңбек ақының теориялық негізі
1.1. Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек
ақыны ұйымдастыру қағидалары
ҚР-ның еңбек туралы кодексі бойынша еңбек
ақы -бұл жұмыскерлердің фактілі атқарған
еңбегі үшін ақшалай және натуралды формада
берілетін сыйақылардың жиыны болып табылады.
Қазіргі кезде еңбек ақы жұмыскер табысының
көп бөлігін құрайды. Ал нарықтық экономиканың
дамуы кезіндегі еңбек ақы –оның еңбегін
пайдаланудың нәтижесі болып табылады,
және жұмыскер жұмсаған еңбегінің құнымен
анықталып, пайдаланылған жұмыс күшінің
сұранысынан туындайды. Неғұрлым жұмыс
күшіне сұраныс көп болса, оның ұсынысы
кеміп, еңбек ақы мөлшері артады және к�
�рісінше. Қазақстандағы
нарықтық қатынастардың біртіндеп қалыптасып,
баяу дамуының нәтижесінде еңбек өнімділігі
аумағында еңбек ақы жұмыс күшінің құны
болып табылады, ал ол жұмыскердің тіршілігі
үшін қажетті жағдай жасайды. Еңбек ақы
мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына,
мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс
нәтижесіне қарай белгіленеді.
Еңбек ақыны қарастырған кезде мынадай
міндеттер алға қойылады:
жалақы қорын анықтау;
әлеуметтік төлемдерді анықтау;
орташа жалақыны анықтау;
жалақы динамикасын талдау.
Еңбек ақы құрылымы үш бөліктен тұрады:
Жалпы жалақы;
Әлеуметтік сақтандыруға жасалатын нақты
аударымдар;
Әлеуметтік сақтандыруға жасалатын шартты
аударымдар;
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу