Қазақстан Республикасында ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 12:04, автореферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі шаруашылық субъектілірдің қолданып отырған стратегияларында ашылатын, болашақтағы кәсіпорын қызметі кеңістігінің кеңейтілуімен негізделеді. Стратегиялық болжау мен жоспарлау кәсіпорын және ел экономикасы дамуының басым мақсаттарын белгілеп отырғанда, оперативті жоспарлау кәсіпорын өркендеуінің қысқа мерзімдік тенденцияларын белгілеуді ұйғарады.

Работа содержит 1 файл

SataevSA_abstract.doc

— 411.50 Кб (Скачать)
  • ұлттық ақпараттық супермагистрал жасауды аяқтау, аналогтық құрылғылардан сандық магистралды желілерге ауысу. Желі байланыс жобасы мен құрылысын жасауда басқа, яғни теміржол, энергетика кешені және т.б. желі иелерінің мүмкіндіктерін барынша қолдануы қажет:
  • елдің өзара үйлестірілген бірыңғай телебайланыс желісінің жалпы жүйесі ішінде болатын мемлекеттік орган желілерін жаңарту;
  • ауыл тұрғындарының ақпарат алмасуына, яғни телефон байланысы, мәліметтерді, ақпараттарды жіберу, қашықтан оқу және медициналық тексеру орталықтарына кең алқапты қол жетімділікті кеңейту;
  • байланыс құнын уақыттық есептеу жүйесін түбегейлі енгізу;
  • Қазақстанның ірі қалаларында байланыс желілерін жаңарту және  кеңейту.

Көрсетілген сферадағы инвестициялық қызмет тікелей мемлекет тарапынан операторлардың инвестиция тартуын қолдау жолымен ынталандырылуы қажет, мысалы: қаржы нарығындағы бағалы қағаздарды  орналастыру.

Сонымен бірге, жоғарыда қарастырылған мәселелерді түйіндей отырып байланыс саласы дамуының мәнін ескере келе оны бағалаудағы негізгі әсер сала ішінде емес оның аймақтардағы экономиканың базалық салаларына көрсеткен ықпалында болатындығын атап өткен жөн. Осы тұрғыдан ҚР Үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарында белгіленіп кеткен ұзақ мерзімді дамудың макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделуде. Телекоммуникациялық қызмет нарығының тұжырымдамаларына сәйкес саланың 2015 жылға дейінгі негізгі көрсеткіштер деңгейін мемлекет басшысы қойған нақты міндеттер аясын 4-кестеде бейнеленген болжамнан көруге болады.

 

 

 

 

 

4-кесте – Қазақстандағы телекоммуникация нарығы дамуының болжамы

 

Аталуы

Өлшем бірлігі

2007ж.

2010ж.

2015ж.

Телефондар  саны

мың

бірлік

3236,9

15200

37100

100 тұрғынға шаққандағы телефон тығыздығы

%

18,4

30,0

48,0

Ұялы  байланыс телефондарының саны

мың

бірлік

12587,8

28000,0

100000,0

100 тұрғынға шаққандағы ұялы телефон тығыздығы

%

10,8

55,0

74,0

Интернет  желісін қолданушылар

мың

бірлік

381,2

3200,0

5600,0

100 тұрғынға шаққандағы интернет қолданушылары тығыздығы, %

%

2,4

10,0

25,0

Ескерту –Автормен құрастырылған


 

Қарастырылған болжам мәліметтері  халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру  мәселесі аясында ерекше маңызға  ие болуда. Сонымен бірге телекоммуникациялық қызмет көрсету саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес алдыңғы қатарлы компаниялар стратегиясы ұжымның, мемлекеттің алға қойған мақсаттарын орындау барысында түзетіліп отырады және осыған сәйкес аталған нарық инфрақұрылымын жаңарту Қазақстан Республикасы, қазақстандық қоғам мен экономика дамуында, елдің дүниежүзілік қауымдастықпен кешенді әрі толыққанды бірігуінде, кең тарапты байланыс жүйесі мен жаһандық ақпараттық кеңістікке кіруде алғы шарт болып табылады.

Ақпараттық-технологиялық саладағы стратегиялық проблемалар қатарына келесілерін жатқызуға болады:

  • мәліметтерді жөнелтудің аналогтық жүйесінің басым болуы және сандық, спутниктік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде болмағандығы;
  • Қазақстан Республикасының ақпараттық-бұқаралық және телекоммуникациялық секторларының технологиялық тұрғыдан қалыс қалуы;
  • ғарыштық инфрақұрылымның жете дамымағандығы.

Телерадиокоммуникациялық саланың  дамуы жаңа сандық технологиялар  мен спутниктік байланыс мүмкіндіктерін телебайланыс саласында жүзеге асырылуы тиіс, бұл өз кезегінде сапалы, әрі сандық тұрғыдан әлеуетті аудиторияны кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, белгіленген мақсаттарға (міндеттерге) сай ақпараттықкоммуникациялық технология саласын дамытудың негізгі бағыттарын атап өтуіміз қажет:

  • саланы дамытудың басымдығы жөніндегі стратегиялық шешімнің қабылдануы;
  • дамытуға жауап беретін өкілетті мемлекеттік органды айқындау және оны сәйкес ресурстармен қамтамасыз ету;
  • ақпараттық технологиялар саласындағы стандарттар мен заң шығарудың үйлесімділігін тездету;
  • софтверлік индустрияны және байланыс қызметтерін көрсетуді дамыту, ақпараттық технологиялар паркін дамытуға қатысты шаралардың қолданылуы және мәселелердің қарастырылуы;
  • саланың базалық инфрақұрылымын қаржыландыруды арқылы қалыптастыру.

Жоғарыда атап өтілгендей, ҚР 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясында және басқа да ресми қабылданған құжаттарда коммуникация саласының даму мәселелеріне жете көңіл бөлінбеген. Оларды дайындау барысында бағдарламалық жабдықтау және ақпараттық-коммуникациялық технология қызметтерін көрсету сегментіндегі мемлекет әлеуетінің дамуы ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналып келе жатқандығы есепке алынбаған. Осыған байланысты, аталған мәселелер ҚР 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарындағы әртараптандыру мәселелері тетігінде, сонымен қатар, еліміздегі Ақпарат және байланыс министрлігі деңгейінде қабылданған 2009-2011 жж, 2010-2014 жж арналған стратегиялық бағдарамалар аясында қарастырылуы қажет. Яғни бұл арада айта кететін басты мәселе, әрбір құжат негізінде оның экономикалық және саяси маңыздылығын ескере отырып әртараптандыру мәселелерін қарастырған жөн болып табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі таңда барлық әлемде болып жатқан кең көлемді өзгерістер ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуымен негізделуде. Олардың түбегейлі әсері адамдардың өмір сүру қалпына, олардың жұмысы мен білім деңгейіне және сонымен қатар үкімет пен азаматтық қоғамның өзара іс-әрекетіне қатысты және өте аз уақыт аралығында әлемдік экономиканың дамуында өмірлік маңызы бар қозғаушы күш болып табылады. Аталмыш мәселелерді ескере отырып жалпылама зерттеу жұмысы барысында алға қойылған мақсаттарды түйіндей келе келесідей нәтижелер негізделді:  

  • зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты өзекті проблемаларының бірі стратегиялық менеджменттің негізгі қағидаларын басшылыққа ала отырып Қазақстанда қызмет көрсететін ақпараттық-телекоммуникациялық қызмет аясында стратегиялық менеджментті қолдану әдістері ұсыныс тапты;
  • компания мақсаттарына сәйкес және ҚР 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың талабына сай қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті құру мақсатында телекоммуникация саласының дамуын ынталандыру, сондай-ақ серпінді ақпараттық қоғамның негіздерін құру проблемаларын зерттеу қажеттілігі дәлелденген;
  • ақпараттық-коммуникация саласындағы стратегиялық мақсаттар бойынша 2015 жылға қарай жергілікті телефон байланысының сандық жүйеге ауысуы 100 пайызға жетуі тиіс. Соған байланысты диссертацияда компанияның даму стратегиясының негізгі бағыттары анықталды және стратегиялық бағалау, таңдау, енгізу мен стратегиялық шешімдердің белгісіздіктерге тәуекелділік тауқыметтері қарастырылды;
  • ежелден белгілі және күрделі экономикалық проблемалардың бірі ол пайдаланудың тиімділігін бағалау. Бұл әмбебап проблема біздің ғылыми зерттеу объектімізге тікелей қатысы бар. Осыған байланысты жүргізілген ізденістер компанияда стратегиялық басқару кешенінің қолдану тиімділігін бағалау мәселелері зерттелді. Стратегиялық басқару жүйесінің негізгі элементтері анықталып, тартымдылықтың өзгеруін бағалау, бәсекелестік мәртебесімен стратегиялық капитал салымдары, стратегиялық үлгілері беріліп болашақтағы жұмыс істеу тиімділіктерін анықтау ұсынылған;
  • стратегиялық басқару мүмкіндіктерін мейлінше көрнекі көрсету мақсатында автор жүргізген зерттеулерге сәйкес кәсіпорындардың қазіргі заманғы озық технологиялар мен инновация жетістіктерін қолдану арқылы даму стратегияларын жасауына септігін тигізетін басымдылықа жету құралдары мен стратегияның ранглер сатысы ұсынылған;
  • диссертациялық жұмыстың жаңалығы ретінде ақпараттық телекоммуникация жүйесін нарық жағдайында экономиканың жеке саласы ретінде ғылыми тұрғыдан дәлелдегенін атап айтуға болады. Экономиканың басқа салаларындағы өсу қарқынында бәсеңдік байқалса, телекоммуникациялық салада керісінше, оның қызметі өзінің айналымын, жедел дамуын арттыруда. Телекоммуникация нарығының өсу көлемі Жалпы ішкі өнімнің өсуінен жоғарлау (жыл сайын 23-25%), оның ішінде қарқынды дамып келе жатқан ұялы байланыс және интернет нарығы. Бұл осы салаға тән үрдіс деп тұжырымдауға болады;
  • республикада қабылданған экономиканы әртараптандыру саясаты негізінде ақпараттық-телекоммуникациялық кешенінде әртараптандыруды ұйымдастыру проблемаларын жан-жақты зерттеп автор өз ұсыныстарын келтірді (ақпараттық модель, бағдарламалық жабдықтау, басқару жүйелерінің интеграциялық дәрежесі, ранглер матрицасы, әртараптандырылған өсу стратегиясы және т.б.).

 

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ 

 

  1. Коммуникациядан ақпараттық-коммуникциялық кеңістікке // Қоғам және дәуір, Алматы, 2009. – № 4. – Б.71-74, 0,4 б.т.
  2. Компания стратегиясының қалыптасуы мен дамуының теориялық мәселелері // Туран хабаршысы, 2009. – №4. – Б.105-108, 0,4 б.т.
  3. Компанияда стратегиялық басқару жүйесінің қолдану тиімділігін бағалау // ҚазЭУ хабаршысы, 2009. – № 6 Б. 544-549, 0,35 б.п.
  4. Основные виды стратегии компании // ҚР ҰҒА академигі Қ.А.Қошанұлының туғанына 75 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми конференциясы, Алматы, 2009. Б. 484-489, 0,35 б.т.
  5. Ақпараттық-телекоммуникациялық сферада компанияның даму стратегиясының ерекшеліктері // «Қазақстандағы дағдарыстық жағдайларды жоюдың әлеуметтік-экономикалық, саяси аспектілері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Алматы: Туран университеті,  қараша: 2009. – Б.322-328, 0,4 б.т
  6. Strategic management in modern conditions: nature and content  //  «Central Asia Affairs» №4 – Алматы: – 2009. – Б.29-31, 0,2 б.т.
  7. Ақпараттық кеңістікте ұйымның дағдарысқа қарсы басқару стратегиясын қалыптастыру тетіктері // «Қазақстан-Ресей-Евро одақ: стратегиялық серіктестік басымдылықтары». Халықаралық ғылыми конференция материалдары. – Алматы: – қараша: 2009. – Б. 67-71, 0,4 б.т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕЗЮМЕ

 

Сатаев Санат Акылжанулы

Стратегия развития информационно-телекоммуникационных систем в Республике Казахстан (на примере АО «Казахтелеком»)

на автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата экономических наук по специальности

08.00.05 –Экономика и управление  народным хозяйством   (по отраслям  и сферам деятельности)

 

Целью диссертационной работы является разработка научно обоснованных рекомендации по составлению стратегии развития компании в сфере информационно-телекоммуникационных услуг, адаптированных к условиям развития экономики Республики Казахстан.

Объектом исследования является система разработки стратегии в АО «Казахтелеком».

Предметом исследования являются экономические отношения возникающие вследствие внедрения и использования стратегического менеджмента в компаниях, осуществляющих деятельность в информационно-телекоммуникационной сфере Республики Казахстан.

Теоретико-методологической основой явились работы зарубежных и отечественных ученых по проблемам планирования, анализа стратегического менеджмента, а также нормативно-законодательные акты Республики Казахстан.

Научная новизна исследования заключается в выводах и рекомендациях, предложенных в следующем виде:

  • обобщены теоретические аспекты эволюции стратегического менеджмента и его взаимосвязь со стратегическим планированием и анализом;
  • систематизирована роль разработки преимуществ развития, а также сущность и значение стратегического менеджмента в сфере информационно-телекоммуникационных услуг в условиях кризиса и нестабильности;
  • обоснованы современные направления использования инструментов стратегического менеджмента в информационно-телекоммуникационных компаниях Республики Казахстан, используемых для выработки стратегии развития и принятия управленческих решений по достижению целей, установленных в стратегии;
  • выявлены проблемы взаимодействия теории и практики стратегического менеджмента в Казахстане, особенности его внедрения на различных предприятиях имеющих разнородные организационные структуры управления и предложена лестница рангов стратегий;
  • уточнены авторские разработки по системе стратегического менеджмента, планирования и варианты достижения конкурентных преимуществ в информационно-телекоммуникационной сфере;
  • в результате использования инструментов стратегического менеджмента определены пути диверсификации и приоритеты развития стратегии компании информационно-телекоммуникационного сектора в плане социальной направленности.

Основные положения, выносимые  на защиту:

  • градация школ стратегий, стратегического планирования и анализа как основных компонентов стратегического управления компаниями информационно-телекоммуникационной сферы;
  • расширение и систематизация теории и практики деятельности информационно-телекоммуникационной сферы и ее особенности в современных рыночных условиях показывает возможности инструментов системы стратегического менеджмента для достижения целей стратегического управления информационно-телекоммуникационными компаниями;
  • определение современной практики использования необходимых инструментов для внедрения стратегического менеджмента в информационно-телекоммуникационных компаниях;
  • выявление факторов влияющих на процесс применения инструментария стратегического менеджмента в информационно-коммуникационной сфере;
  • для усиления конкурентных преимуществ отрасли предложены авторские позиции альтернатив с учетом достижении развития;
  • разработка стратегии развития компаний для увеличения эффективной деятельности.

Информация о работе Қазақстан Республикасында ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің даму стратегиясы