Астыртын экономиканың мәні және негізгі белгілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 15:35, реферат

Описание работы

Осы тақырып бойынша әлемдiк практиканы зерделеу экономиканың көлеңкеге, яғни астыртын кетуiне ықпал ететiн проблемалардың кешендiлiгiне байланысты көптеген елдердiң мемлекеттiк органдары жұмысының практикасында көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі бiрыңғай шаралардың пайдаланылмағанын көрсеттi. Қабылданып жатқан шаралар көлеңкелi экономиканың қандай да бiр себептерiн жоюға, мысалы, салық салуды жетілдiруге, бизнес үшін рұқсат беру рәсімдерін оңайлатуға, есiрткi айналымына қарсы күрестi күшейтуге және т.б. бағытталды.

Содержание

Кіріспе
Астыртын экономика,түрлері, негiзгi ұғымдары және пайда болуы
Қазақстандағы астыртын экономика деңгейі
Астыртын экономика мөлшерiн бағалау әдiстерiн жетiлдiру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Экономик 5 вариант+.doc

— 100.50 Кб (Скачать)

б) өндірісті кеңейту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға кететін табысты салықтық қысымнан босату;

в) жинақтар мен капиталдардың сақталуын мемлекеттік қамтамасыз ету. 

        Бүгінгі күні елімізде астыртын экономиканың қалыпты жағдайға айналып бара жатқандығы жасырын емес. Онымен күресудің басты тетігі саналатын – салық жүйесіне жыл сайын өзгеріс енгізгенімізбен, аталған жайдың ауыздықталған түрі көрінбейді.Қаржы полициясының мәліметі бойынша, астыртын экономикадағы ақша айналымы 30 миллиард доллардан асып отыр. Жалпы ұлттық өнімнің көлемі 2011 жылы 27 триллион  теңгені құрады.  Бұл астыртын экономиканың жалпы экономикадағы көлемі 16 пайыз деген сөз. Айтар болсақ, елімізде тіркелген 1 миллион 300 мыңнан астам кәсіпкердің 747 мыңы ғана белсенді түрде жұмыс жасауда. Бұған әсер етуші факторлар өте көп болғанымен, ең негізгісі әкімшілік кедергілер болып отыр. Оны заңға сәйкес жұмыс жасайтын секторға шығару үшін ең алдымен бизнес жүргізу тетіктерін оңтайландыру қажет.

      Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 Қаулысында келесі міндеттер айқындалған:

1. Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша  ұлттық заңнаманы жетілдіру және  халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;

2. Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас  жемқорлық қауіптерін азайту  жөніндегі мемлекеттік органдар  қызметінің тиімділігін арттыру;

3. Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы көзқарасты қалыптастыру;

4. Астыртын экономиканың деңгейін төмендету.

       Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері.

       Бірінші  міндетті іске асырудың қорытындылары  бойынша мынадай нәтижелерге  қол жеткізіледі:

       - 2016 жылға дейін Сыбайлас жемқорлық  үшін қылмыстық жауапкершілік  туралы және Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы конвенциялар ратификацияланып, оның негізгі ережелері ұлттық заңнамаға имплементацияланады.

       - 2015 жылға қарай Қазақстан Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес

 жөніндегі елдердің (ГРЕКО) тобына кіреді.

       Екінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:

       - уақытын  және шығындарын қоса алғанда,  бизнесті тіркеу мен жүргізуге  (рұқсаттар, лицензиялар, сертификаттар,  аккредитациялар алуға, сондай-ақ  консультациялар алуға) қатысты операциялық шығындар 2011 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 30%-ға төмендейді;

       - берілетін  лицензиялардың жалпы санының  электрондық түрде берілетін  лицензиялардың үлесі: 2011 жылы - 7 %, 2012 жылы - 20 %, 2013 жылы - 50 %, 2014 жылы - 70 %, 2015 жылы - 100 % құрайды;

       - мемлекеттік  қызмет көрсету бойынша «тиімді  қызмет» деген бағалаумен орталық  және жергілікті мемлекеттік  органдардың үлесі 2011 жылы 30 %-ға, 2012 жылы 35 %-ға, 2013 жылы 40 %-ға, 2014 жылы 45 %-ға, 2015 жылы 50 %-ға артады;

       - жеке  және заңды тұлғалардың мемлекеттік  қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне  қанағаттану деңгейі 2011 жылы 52 %-ға, 2012 жылы 54 %-ға, 2013 жылы 56 %-ға, 2014 жылы 58 %-ға, 2015 жылы 60 %-ға артады;

       - 2015 жылға қарай әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 50 %-ы электрондық нысанға ауысуы: 2011 жылы 10 %-ға, 2012 жылы 20 %-ға, 2013 жылы 30 %-ға, 2014 жылы 40 %-ға, 2015 жылы 50 %-ға қамтамасыз етіледі.

       Үшінші  міндетті іске асырудың қорытындылары  бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:

       - мемлекеттің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына  қанағаттанатын халықтың үлесі  2015 жылға қарай кемінде 60 %-ды  құрайтын болады;

       - халықтың  құқықтық сауаттылығы: 2011 жылы 20 %, 2012 жылы 21 %, 2013 жылы 22 %, 2014 жылы 23 %, 2015 жылы 24 % құрайды.

       Төртінші  міндетті іске асырудың қорытындылары  бойынша мынадай нәтижелерге  қол жеткізіледі:

       - жалпы  ішкі өнімнен астыртын экономиканың деңгейі 2013 жылға қарай - 19,4 %, 2015 жылға қарай - 19,3 %-ды құрайды.

      Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы 3 қыркүйек күні мемлекеттік органдарда қаржылық тәртіпті қатал жолға қоюды, Астыртын экономика үшін заңнамалық кедергілер құруды,  сондай-ақ   еліміздің ішкі және сыртқы қарызын бақылауды жеделдетуді тапсырды.

        Сонымен,астыртын экономика – бұл мемлекетке салық төлеуден жалтаратын және заңсыз түрде пайда табуды көздейтін экономикалық қызмет.Астыртын экономика ауқымын және оның аясындағы табыс көлемін анықтау өте қиын,алайда сарапшыларды бағалауынша ЖҰӨ-гі оның үлесі АҚШ-та 8-14%,Англияда 6-8%,Франция мен Канадада 5-8%,Швеция мен Норвегияда 6-17%,Италияда 30%-құрайды.Шетелдік мамандардың бағалауынша,бұрынғы КСРО-ның «жасырын экономикасы» дүниежүзіндегі дамыған 20 елдің қатарына кірген.Олардың есептеуінше,ЖҰӨ-нің 5-7% «Астыртын» секторда өндірілген. Астыртын экономиканың мұндай ауқымы мемлекеттік меншіктің монополиялық үстемдігіне байланысты.

    Қазақстан Республикасында астыртын немесе жасырын экономиканың қазіргі экономикада мынадай элементтері орын алып отыр:жасырын меншік түрлері мен негізгі тәсілдері көптен бері қалыптасқан жалған экономика субъектілердің әрекет етуі.Олармен күресу шараларын арнайы құқық сақтау органдары жүргізеді.Отандық ғалымдар Астыртын экономикамен күресудің бірден-бір тәсілі болашақта жаппай электрондық ақша жүйесіне көшу деп есептейді.

     Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің жедел деретері бойынша 2010 жылы ЖІӨ-нің көлемі ағымдық бағалармен есептегенде 21 513 473,3 млн. құрады және 7,0 %-ға өсті.

 

      3. Астыртын экономика мөлшерiн бағалау әдiстерiн жетiлдiру

 

      Экономикалық  саясаттың көлеңкелi немесе астыртын экономиканы есепке алу әдiстерiн жетiлдiру саласындағы басты бағыттары:

       экономикалық  процестердi есепке алу мен бағалаудың  тiкелей және жанама әдiстерiн жетiлдiру;

       барлық  макроэкономикалық көрсеткiштердiң  өндiрiс және тауарлар мен қызметтердi тұтыну көрсеткiштерiмен қисынды  байланысуына талдау жүргiзу;

       көлеңкелi экономика мөлшерiн бағалаған  кезде салықтар мен төлемдердi жинаумен, сондай-ақ экономикалық құқық бұзушылыққа қарсы күреспен айналысатын ведомстволардың ақпаратын ескере отырып, кешендi тәсiлдi пайдалану;

       көлеңкелi экономиканың ауқымын есепке  алудың және бағалаудың халықаралық  практикада қолданылатын қазiргі заманғы техникалық құралдары мен әдiстерiн пайдалану;

       құқық  белгілейтiн және құқық растайтын  құжаттарға сәйкес жерлердiң мәртебесiн  белгiлеу мақсатында оларға түгендеу  жүргiзу және заңсыз пайдаланылатын  жерлердi алып қою жөнiнде ұсыныстар  енгiзу;

       рыноктық  айналымға тартылған жердi бағалаудың  бiрыңғай стандарттарын әзiрлеу;

       өнiмнiң  ұтымды пайдаланылуын бақылауды  күшейту мақсатында көмiрсутек  шикiзатын өндiру және қайта  өңдеу саласында минералдық ресурстарды  бастапқы кезеңнен тұтынушыға дейiн есепке алу және мониторингтеу жөнiндегi ұйымдастыру шараларын жетiлдiру;

       орман  және балық ресурстарын пайдалануды  есепке алуды жетiлдiру;

       мал  шаруашылығы саласындағы және  ауыл шаруашылығы шикiзатын өңдеу  саласындағы есепке алуды жетiлдiру;

       экономиканың  қолма-қол есеп айырысу басым  салаларындағы есепке алуды жетiлдiру;

       ауылдық  статистиктер институтын күшейту  және оларды техникалық қамтамасыз  ету; 

       ауыл  шаруашылығы санағын ұйымдастыру  және жүргiзу болып табылады.

       Жұмыстың  осы бағыттарының бәрi Мемлекеттiк  статистиканы жетiлдiру бағдарламасында  көрiнiс табуға тиiс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Осы елімізде таралып  бара жатқан індеттің алдын алуға  әрбір қазақстандық өз үлесін қоса алады. Оған, тіпті, бізден айрықша күш-қуат, қосымша жұмыстану талап етілмейді. Бар болғаны, сауда жасаған кезде сатушыдан кассалық аппараттың чегін талап етсек те жеткілікті көрінеді. «Бұл өзі ұсақ-түйек, қарапайым нәрсе сияқты көрінеді. Алайда, әрбір сауда жасаушы адам кассалық аппарат чегін талап ететін болса, Астыртын экономика көрсеткіштерінің азаюына үлкен үлес қосқан болып шығады. Қандай ауру болмасын, алдымен осындай ұсақ-түйектен басталатынын ұмытпауымыз керек. Кассалық аппарат чегіне тіркелмеген табыстардың өзінен миллиондаған қаржы көлеңкеге кетеді. Тіпті, елімізде «Кассалық аппарат чегін талап етейік» акциясын ұйымдастырса да артық болмас еді».

           Осы орайда, «Нұр Отан» ХДП-ның «Өзіңнен баста!» шарасын айта кеткен орынды. Бұдан үш-төрт жыл бұрын жүргізілген «мүлікті заңдастыру» шаралары да жақсы нәтиже берді. Еліміздегі әртүрлі деңгейдегі шенеуніктер халық алдында өздерінің табыстарын жария етті. Мүлікті заңдастыру бойынша көптеген бай азаматтар өздерінің табыс көздерін, мүліктерін, қаржыларын тасадан шығарып заңдастырды. Ерікті салық төлеушіге айналды. Мемлекеттік деңгейде жүргізілген осындай шаралардың нәтижесінде көлеңкеден миллиондаған қаржы шығарылып, ел бюджетінің толығуына өз үлестерін қоса бастады. Еліміздегі осындай акцияларды шетелдік сарапшылар жоғары бағалап, экономиканың ашықтығын қамтамасыз етуге сеп болатынын атап өткен болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Экономика теория негіздері», Алматы «Санат» 1998 жыл
  2. «Экономическая теория», В.Д.Камаев, Москва 1998 жыл
  3. Ғаламтор желісі материалдары.



Информация о работе Астыртын экономиканың мәні және негізгі белгілері