Астыртын экономиканың мәні және негізгі белгілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 15:35, реферат

Описание работы

Осы тақырып бойынша әлемдiк практиканы зерделеу экономиканың көлеңкеге, яғни астыртын кетуiне ықпал ететiн проблемалардың кешендiлiгiне байланысты көптеген елдердiң мемлекеттiк органдары жұмысының практикасында көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі бiрыңғай шаралардың пайдаланылмағанын көрсеттi. Қабылданып жатқан шаралар көлеңкелi экономиканың қандай да бiр себептерiн жоюға, мысалы, салық салуды жетілдiруге, бизнес үшін рұқсат беру рәсімдерін оңайлатуға, есiрткi айналымына қарсы күрестi күшейтуге және т.б. бағытталды.

Содержание

Кіріспе
Астыртын экономика,түрлері, негiзгi ұғымдары және пайда болуы
Қазақстандағы астыртын экономика деңгейі
Астыртын экономика мөлшерiн бағалау әдiстерiн жетiлдiру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Экономик 5 вариант+.doc

— 100.50 Кб (Скачать)

Тақырып: Астыртын экономиканың  мәні және негізгі белгілері

 

 

Жоспар:

    

Кіріспе

  1. Астыртын экономика,түрлері, негiзгi ұғымдары және пайда болуы
  2. Қазақстандағы астыртын экономика деңгейі
  3. Астыртын экономика мөлшерiн бағалау әдiстерiн жетiлдiру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе 

 

         Осы тақырып бойынша әлемдiк практиканы зерделеу экономиканың көлеңкеге, яғни астыртын кетуiне ықпал ететiн проблемалардың кешендiлiгiне байланысты көптеген елдердiң мемлекеттiк органдары жұмысының практикасында көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі бiрыңғай шаралардың пайдаланылмағанын көрсеттi. Қабылданып жатқан шаралар көлеңкелi экономиканың қандай да бiр себептерiн жоюға, мысалы, салық салуды жетілдiруге, бизнес үшін рұқсат беру рәсімдерін оңайлатуға, есiрткi айналымына қарсы күрестi күшейтуге және т.б. бағытталды.

       Қазақстанда  қазiрдiң өзiнде көлеңкелi немесе астыртын экономика көрiнiстерiнiң барлық дерлік бағыттары бойынша мемлекеттiк және салалық бағдарламалар қабылданды, ал жекелеген проблемалар заңнамалық тұрғыда айқындалған. Осыған байланысты бұл құжаттың ерекшелiгi қазірдің өзiнде қабылданған мемлекеттiк және салалық даму бағдарламаларын iске асыруға сүйенетiндiгi болып табылады. Бұл көлеңкелі экономиканың барлық дерлiк қызмет салалары мен түрлерiне қатысты, сондай-ақ аумақтық өзгешелiктерi бар ерекшелiгiне байланысты.

       Осыған байланысты, бұл Бағдарламада жасырын экономиканың  кейбiр бөлiгiн заңдастыру проблемасын  кешендi қарауға және шешуге, сондай-ақ  әртүрлi мемлекеттiк органдардың салық салудан жасырылатын кiрістi бағалау әдiстерiн жетiлдiру, олардың қызметiн кейiннен заңдастыра отырып, тауарлар мен қызметтердi астыртын өндiру фактiлерiн анықтау жөнiндегi өзара iс-қимылын тереңдетуге мүмкiндiк беретiн экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары айқындалады.

       Бағдарламаны iске асыру экономикалық өсудiң  жоғары қарқындары, Индустриялық-инновациялық  даму стратегиясын iске асыру  шеңберiнде экономиканы дамытудың  сапалы жаңа кезеңiне көшу, сондай-ақ  әлеуметтiк мұқтаждарға арналған мемлекеттiк шығыстардың өсуi мен халықтың өмiр сүру деңгейiнiң артуы, Қазақстанның әлемдiк экономикалық қоғамдастыққа одан әрi ықпалдасуы жағдайларында жүргізілетiн болады.

       Бұл  жұмыссыздықты қысқарту, шағын кәсiпкерлiктi дамыту бөлігінде елдiң экономикалық әлеуетiнiң деңгейiмен және халықтың әл-ауқатымен байланысты және басқа факторлардың әрекетiне жұмсартушы әсер етедi. Сонымен қатар экономикалық қылмыс құрылымының сапалық жағынан өзгеруiн, қылмыстық мiнез-құлықтың жаңа әрi неғұрлым күрделенген нысандарының пайда болуын күту қажет. Мұның бәрi мемлекеттік органдардың көлеңкелi экономика мөлшерiн қысқарту саласындағы экономикалық, заңнамалық және тергеу шараларын жасауда үйлескен жұмыс жүргiзуiн талап етедi.

       Iске  асырылуы қажет шаралар экономикалық қылмыс көрiнiстерiнiң аталған нысандарынан бұрын әрекет етуге тиiс. Бұған әлемдiк тәжiрибенi зерделеу және осы құбылысқа қарсы күрестiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгізу ықпал ететiн болады.

      

 

  1. Астыртын экономика, түрлері, негiзгi ұғымдары және пайда болуы

 

      Халықаралық  практикада көлеңкелi экономиканың  мынадай анықтамалары бар: 

       1) экономикалық  қызметтiң жария етілмеген және  жасырын түрлерi;

       2) экономикалық  қызметтiң қандай да бiр себептер  бойынша ресми статистикада есепке алынбайтын және салық салынбайтын барлық түрлерi;

       3) қоғам  бақылау жасамайтын тауарлар  мен қызметтерді өндiру, тарату, айырбастау  және тұтыну.

       Бiрiккен  ұлттар ұйымының ұлттық шоттар  жүйесi (бұдан әрi - ҰШЖ) негізiнде әзiрленген қадағаланбайтын экономика мөлшерiн бағалаудың есептiк-статистикалық әдiсi неғұрлым көп таралған болып табылады.

       ҰШЖ-да  экономикалық қызметтiң салықты,  кедендiк төлемдердi, әлеуметтiк жарналарды  төлеуден жалтару, заңсыз кiрiстер, материалдық пайда алу мақсатында жасалатын жария етiлмеген және жасырын әр қилы түрлерiнiң (бақылау жасалмайтын тауарлар мен қызметтердi өндiру, тарату, айырбастау және тұтыну) жиынтығы қадағаланбайтын экономика ретiнде айқындалады.

       Қадағаланбайтын  экономика көрiнiс беретiн негiзгi сегменттер:

       1) формальды  емес қызмет - әдетте, статистика  және салық салу органдарында  тіркелмеген жеке тұлғалар өндiретiн  тауарлар мен қызметтер; 

       2) жасырын  қызмет - ресми тiркелген, салық  төлеуден жалтару мақсатында өз кiрiстерiн статистикалық есептен жасыратын кәсiпорындардың тауарлар мен қызметтердi өндiруi;

       3) заңсыз (заңға қайшы) қызмет - заңнамада  тыйым салынған тауарлар мен  қызметтердi (есiрткi, қару-жарақ, жезөкшелiк,  адамдарды сату және т.б.) өндiру және әдетте заңды қызметке жататын, алайда рұқсаты жоқ өндiрушiлер айналысқан жағдайларда заңсыз сипатқа ие болатын өндiрiстiк қызмет.

       Көптеген  елдерде заңсыз қызметтен алынатын  кiрiстер, iзгілік көзқарас тұрғысынан, экономикалық даму жетiстiктерi ретiнде қаралмайды. Бұл кiрiстер жалпы iшкi өнiм (бұдан әрi - ЖIӨ) құрамына қосылмайды және мемлекет кiрiстерiн ұлғайту резервi болып есептелмейдi. Қазақстанда заңсыз қызмет мөлшерiнiң бағасы ЖIӨ-нiң құрамына қосылмайды.

       Ұрлық,  алаяқтық, бопсалау және басқалары сияқты заңға қайшы iс-әрекеттер өз мәнiнде экономикалық болып табылмайды және көлеңкелi экономика мөлшерiн бағалаған кезде оларды статистикалық органдар есепке алмайды, өйткенi:

       мұндай iс-әрекеттер барысында жаңа өнiмдер  мен қызметтер жасалмайды, тек экономикалық активтердi қызметтiң бiр түрiнен екiншi түрiне қайта бөлу жүргiзiледi;

       бұл  iс-әрекеттер контрагенттер арасындағы  еркiн уағдаластық нәтижесi болып  табылмайды, керiсiнше, мәжбүрлеуге  немесе алдауға негізделедi.

 

Астыртын экономика,түрлері және пайда болуы

          Астыртын экономика бірнеше онжылдықтан бері зерттеліп келе жатқанымен, оны нақты талдайтындай анық түсінік қоғамтанушыларда әлі қалыптасқан жоқ. Жалпы анықтама ретінде мына түсінікке жүгінуге болады: Астыртын экономика - заңға қайшы келетін экономикалық қызмет түрі, яғни түрлі деңгейдегі қылмыстық істермен байланысты болатын заңсыз шаруашылық әрекеттердің жиынтығы болып табылады немесе материалдық игіліктерді ресми статистикада қарастырылмай,  қоғамдық бақылаудан тыс өндіріс, тұтыну, айырбастау және қайта бөлу болып табылады.

Астыртын экономиканы мынадай үлкен үш блокқа бөлуге болады:

  1. Ресми емес экономика («екінші» немесе «ақ жағалы» Астыртын экономика). Бұл бұрын жасалған ұлттық табыстың жасырын түрде қайта бөлінуіне алып келетін, «ақ» экономика қызметкерлерінің өз жұмыс орындарында жасайтын заңға қайшы іс-әрекеттері. Ол пара алу, жемқорлық, алаяқтық, т. б. болуы мүмкін. Көбінде бұл қызмет түрлерімен «ақ жағалылар», яғни басқару аппаратындағы қызметкерлер айналысады. Сондықтан да бұл экономика түрін «ақ жағалы» деп те атайды. Қоғам көзімен қарасақ, Астыртын экономиканың бұл түрі қызметтер мен тауар түрлерін өндірмейді, бір адамның пайдасы екінші адамның пайдасы арқылы келіп отырады.
  2. Фиктивті экономика («сұр» Астыртын экономика). Заңмен рұқсат етілген, бірақ тіркелмеген қызметтер мен тауар өндіруге байланысты экономикалық іс-әрекеттер. «Ақ жағалы» экономика «ақ» экономикамен тығыз байланыста болса, бұл онымен салыстырғанда «ақ» экономикадан бөлектеу өмір сүреді. Астыртын экономиканың бұл секторында өндірушілер салықтан, лицензия алуға байланысты, т. б. шығындардан жалтару үшін саналы тұрде ресми есепке тұрудан қашқақтайды немесе бұндай қызмет түрлері туралы есеп мүлдем қарастырылмайды.
  3. Қылмыстық экономика («қара» Астыртын экономика). Бұл заңмен шектелген, аса дефицит және тиым салынған қызмет пен тауар түрін өндіруге және айналымға жіберуге  байланысты экономикалық іс-әрекеттер болып табылады. «Қара» Астыртын экономика ресми экономикадан «сұр» Астыртын экономикаға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде бөлектенген. Қылмыстық экономикаға ұрлық, тонау, рэкет, наркобизнес, ұйымдасқан қылмыс, т. б. іс-әрекеттер жатқызылады.

Жоғарыдағыларды қорытындылай келе, Астыртын экономиканың пайда болуының себептері ретінде экономика дамуының және халықтың әл-ауқатының төмен деңгейін; кірісті мемлекет пен қалған экономика арасында регламенттейтін заңнаманың жетілмеуі; бизнесті ашу және жүргізу рәсімдерінің реттелуі, бұл сыбайлас жемқорлық қызметті туындатады; жасырын экономиканы бағалау әдістерінің және осы проблема бойынша мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасудың жетілмеуі; әкімшілендіру және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес органдарының материалдық-техникалық базасының жеткілікті дамытылмауы; қолма-қол есеп айырысу нысанының басым болуы жіне төлем карточкаларын қабылдау жүйесі дамуының әлсіз деңгейі. 

Осы себептерден пайда  болған астыртын экономиканың салдарлары көп және ауыр болуы мүмкін. Олардың бірі экономика саласында кландардың құрылуы, клан – бұл мемлекеттік билік органы түрінде «шатырға» ие, түрлі жолдармен жиналған үлкен сомаға ие және үлкен масштабты коммерциялық қызмет жүргізетін тұрақты билік шаруашылық құрылымы.

Мұндай кландардың құрылуының  бірінші салдары: қаржы нарығындағы, негізгі тауарлар нарығындағы, тіпті ішкі саудадағы бәсекенің құлыпталынып қалуы. Екінші қайғылы салдары: үлкен табыстарды кішкене адамдар тобының иемденіп, халықтың көп бөлігінің кедейленуі. Үшінші салдар:  бюджет жүйесінің деградациясы (кландар бюджеттік ресурстар мен мемлекеттік меншікке байланысты операцияларды пайдалана отырып, бюджет жүйесіне зиян келтіреді), мемлекеттік қарыздардың өсуі (мұндай жағдайларды қоғамның қаржылық мәселесінің шешімі  амалсыздан осыған келіп тіреледі). Төртінші салдар: ұлттық табыстың элиталық топтың пайдасына бөлінуі. Ол өсе береді, ал тұрғындардың көп бөлігінің әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ететін ұлттық шаруашылық саласы құлдырауға кетіп барады. Бесінші салдар: елімізге қатысты алатын болсақ, Қазақстан капиталының шет елге сатылуы.

 

  1. Қазақстандағы астыртын экономика деңгейі

 

Астыртын экономиканың Қазақстанда қалыптасуының өз даму тарихы бар және оны шартты түрде бірнеше этаптарға бөлуге болады.

1-этап.1980 жылдары Астыртын экономика дамуы мен қалыптасуы тенденцияларының пайда болуымен сипатталады, сонымен қатар кооперативтік сектордың пайда болуымен сипатталады. (1989 г.) КСРОдағы кооперативті секторда жұмысбасстылардың саны 1988 жылы 152000 адамды құрады. (88000 адам  1987 жылы); 5 млн. адамға дейін күрт өскен.

2-этап. 1989 - 1992 жылдар, бұл этаптың басты ерекшелігі өнеркәсіптің және сауданың криминализациясы, салық жеңілдіктері бар қайырымдылық қорлар секілді ұйымдарға криминализацияның экспансиясы.

3-этап. 1992 - 1993 жылдар. Көпшілік приватизацияның басына қарай (1993 г.) Астыртын экономика орбитасына тек сауда коммерциялық, сонымен қатар қаржылық құрылымдар( банктер, инвестициялық қорлар мен компания) тартыла басталды.

4-этап.1993 жылдың соңы - 1998 жыл. Бұл этаптың сипатты белгісі басқару сферасындағы коррупция. Экспорттық сұрау негізінде коррупция мына салаларда анағұрлым дамыған:

әкімшілік шаруашылық (министрліктер және ведомстволар) - 1 орын (75%);

шаруашылық экономикалық (ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар) – II орын (66,3%);

құқықтық (сот құқық  қорғау және салық органдары) - III орын (55%).

5-этап. 1999 жылдан осы уақытқа дейін. Астыртын экономика мәселесі ұлттық масштабтағы сипаттағы.

Қазақстандағы астыртын сектордың дамуының негізгі көздері мен себептері:мемлекеттегі жұмыссыздық, қылмыс, өмір сүрудің төмен деңгеймен сипатталатын жалпы әлеуметтік экономикалық жағдай, кәсіпкерліктің даму базасының нормативті құқықтық кемшіліктері, салық заңнамасының толымсыздығы.Бақылау ревизиялық, құқық қорғаушы органдардың әрекеті Астыртын экономиканы ығыстырудың негізінде оны тудыратын себептерді жою болып табылады.

Астыртын  экономиканың дамуына әсер ететін факторлар:

А. «тікелей әсер» факторлары:

- Атқарушы биліктің тиімсіз басқару іс-әрекеттері;

- Бақылау-ревизиялық органдардың біліктілігінің жеткіліксіз деңгейі;

- Мемлекет саясатындағы басымдылықтар мен стратегиялық бағыттар,

- Геосаяси жағдай мен  сыртқы экономикалық қатынастар;

- Басқару органдарының  жемқорлықтың деңгейі;

- Халықтың мүліктік  жағдайындағы айырмашылық. 

       Б.  «Жанама әсерлердің» факторлары:

- Тұрғындар табыстары  арасындағы үлкен айырмашылығы;

- Халық менталитетінің  ерекшеліктер.

- Астыртын экономика дамуына тән факторлар:

- Әлеуметтік салаға  шығындардың азаюы;

- Қазақстандық капиталды  шетелге шығару;

- Аймақтардың дамуының тепе-теңдігінің бұзылуы;

- Қоғамның криминализациялануы,  экономикалық қылмыстың артуы;

Астыртын экономиканы шектеу тәжірибесінде белгілі бір механизмдер жұмыс істейді. Мұнда қылмыстық жағымен ғана емес,сонымен қатар құқықтық әдістерді де енгізу керек. Капиталды ел экономикасына қызмет еткізу үшін:

а) салық мөлшерін азайту және оларды алу процедурасын жеңілдету;

ә) кәсіпкерлікті тиімсіз ететін заңдардағы құқықтық олқылықтарды жою;

Информация о работе Астыртын экономиканың мәні және негізгі белгілері