Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 08:46, курсовая работа
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Кiрiспе 3
1 АҚШАНЫҢ МӘНI, ҚЫЗМЕТТЕРI ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫ 5
1.1 Ақшаның шығу тегi 5
1.2 Ақшаның эканомикалық мәнi мен ақша қызметтерi 8
1.3 Ақша айналысының сипаттамасы 19
2 АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ АҚША ЖҮЙЕСI. 22
2.1 Ақша териясының дамуы және олардың айналысы. 22
2.1 Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк, оның элементтерi және негiзгi түрлерi 31
Қорытынды 34
Қолданылған әдебиеттер 36
Осыдан ақша массасының көлемi Ұлттық банк жүгiзетiн ақша – несие саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасынығ өсуiн сақтау екенiн көремiз. Мақсатты белгiлеуде Орталық банк келесi көрсеткiштердi ескертедi:
Ақша
массасы өсуiнiң бақылау
Егер
ақша массасы ақырын айналса, бұл
ұлттық өнiмдi орналастыру коэфиценттерiнiң
өте төмендiгiн бiлдiредi, ал ақша
айналысының жедел қозғалысы
қаражаттарды салыстырмалы түрде жылдам
жұмсауды және жоғары конъюктураны бiлдiредi.
Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына
керi пропорционал, яғни мұндай айналыстың
жоғары жылдамдығы қосымша эмиссия қажеттiлiктi
қысқартуы тиiс. Керiсiнше , ақша айналысының
ақырын қозғалысы шаруашылық субъектiлердiң
жинақтауға ұмтылысын, ақша массасы
құрамында ұзақ мерзiмдi салымдардың өсуiн
көрсетедi.
Жалпы
мемлекеттiк заңдармен
Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады.
Ақша жүйесi келесi элементтерден тұрады:
Ақша бiрлiгiнiң атауы. ҚР-ның ақша бiрлiгi ретiнде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.
Ақша белгiлерiнiң түрлерi. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейiн айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазiргi кезде ҚР ақша белгiлерi болып олардың өсу құны бойынша төлемнiң барлық түрлерiне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады.
Эмиссия тәртiбi. Қолма – қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктiң қолма – қолсыз ақша эквивалентiн алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырылады.
Ақша түрлерi. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.
Валюталық бағам дегенiмiз – бұл басқа бiр елдiң ақша бiрлiгiне қатысты бейнеленген сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы.
Әлемдiк тарихта ақша жүйесiнiң келесi типтерi болған:
Металдық айналысқа байланысты аталып өткен екi ақша жүйесi – биметализм және монометализмге тән.
Биметаллизм – бұл ақша жүйесiнде жалпы құндық эквивалент ролiн заңды түрде екi металл атқарады. Алтын және күмiс монеталар кең көлемде соғылысып, еркiн айналысқа түстi, биметаллизмнiң үш түрi бар:
Паралелдi валюта жүйесi, алтын және күмiс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекiтiлдi;
Қосарлы валюта жүйесi, бұл қатынасты мемлекет анықтады;
“ақсақ” валюта жүйесi , күмiс монеталар алтын белгiсi болып табылады.
Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролiн бiр ғана металл атқаратын ақша жүйесi. Құн белгiлерiн алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмi үш түрге бөлiнедi:
Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметiн атқаруы, құн белгiлерiнiң еркiн алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы болып табылады.
Алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгiзiлдi. Мұнда банкноттар заңмен бекiтiлген сомманы ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды.
Алтын девиз стандарты
– Германияда, Авсралияда, Норвегияда
және басқа елдерде бекiтiлген. Бұл банкноталардың
алтынға, шетел валютасына (девизiне)
айырбасталатынын бiлдiредi. Сөйтiп, бұл
стандарт бiр елдiң валюталы басқа елдiң
валютасына тәуелдiлiгiн көрсетедi.
Жоғарыда атап өткендей, ақшаның өмiр сүруiндегi объективтi қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болуына негiзделенедi.
Жұмыс барысында ақша басты экономикалық категориялардың бiрi екендiгiне көзiмiз жеттi. Оның бес қызметiнiң өзiнен ақшаның қайталанбас ерекше тауар екендiгi көрiнiп тұр. Кез – келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi.
Қорыта келгенде, ақша – жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейленедi және оның делдал ретiнде қатысуымен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi. Жалпыға бердей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға бейiм .
Сондай – ақ ақшаның тағы да бiр басты қасиетi оның өтiмдiлiгiнде. Ақшаны ке- келген тауарға айырбастауға болады. Тауар бағасының өзi тауар құнының ақшалай көрiнiсi.
Экономикалық категория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады. Олар:
Сондай – ақ ақшаның жалпы құрылымы , оның теориялары қоғамның дамып, өзгеруiмен қатар бiрге дамып, жан – жақты жетiлуде. Егер де бұрындары сатып алу – сату процесi жалпыға бiрдей эквивалентпен алтынмен жүргiзiлсе, бұл күндерi қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда, сонымен қатар дүниежүзiлiк ақшалар пайда болып, олардың құрылымы күннен – күнге дамуда.
Ақшаның әсiресе мемлекет үшiн маңызы зор, ол арқылы мемлекет бүкiл ел аумағын және сыртқы экономикалық қатынастарды қадағалап, реттеп отырады. Ал ақша айналысының дұрыс жүзеге аспауы ол ел экономикасына ауыр зардаптар тигiзуi мүмкiн, мысалы инфляцияны атап өтсек болады. Мемлекет сондай – ақ ақшаны реттеушi құрал ретiнде де пацдаланады, “ақша – несие саясаттарын” жүзеге асырады. Ал бұларды орындау үшiн ақшаның жалпы теорияларын бiлу қажет, ақша айналысындағы ақша айналыс заңы, ақша қызметтерi және ақша жүйесi болып табылады.
Елiмiзде
ақша жүйесi 1993 жылы 15 қарашадан бастап
“ұлттық валютамыз” енгiзiлгеннен
бастап қызмет етуде. Бүгiнгi таңда
теңгемiз халықаралық
10.Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-
Петербург 2001.
11. Аубакиров Я. А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория . Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.