Ақша теориясы және оның дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 08:46, курсовая работа

Описание работы

Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

Содержание

Кiрiспе 3
1 АҚШАНЫҢ МӘНI, ҚЫЗМЕТТЕРI ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫ 5
1.1 Ақшаның шығу тегi 5
1.2 Ақшаның эканомикалық мәнi мен ақша қызметтерi 8
1.3 Ақша айналысының сипаттамасы 19
2 АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ АҚША ЖҮЙЕСI. 22
2.1 Ақша териясының дамуы және олардың айналысы. 22
2.1 Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк, оның элементтерi және негiзгi түрлерi 31
Қорытынды 34
Қолданылған әдебиеттер 36

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ.doc

— 180.50 Кб (Скачать)

Жоспар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

, 
 
 
 

Кiрiспе

 

    Ақша  туралы осы уақытқа дейiн талай  – талай шығармалар жазылып,  ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп  мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға  зиянын тигiзедi деп даттауда.   Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi,  ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе,  ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.

    Сонымен,  ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ,  ол тауар айналысының  дамуына  байланысты  тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп,  осы күнге  ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды.  Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

    Егер  ақша айналысы болмаса,  онда тауар  айналысы да болмайтын едi.  Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың  құны ,  оның бағасы болып табылады.

    Сондай-ақ  қоғам дамуының әр түрлi формациясында ,  сол уақыттың талабына сай ақшаның бiрнеше теориясы дамыды.  Олар ақшаның металдық,  номиналистiк  және сандық теориялары болып табылады.  Олардың экономикалық қызметтi жүзеге асыруда алатын орны өте зор.

    Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын  “Ақша теориясының дамуы” деп алдым.  Өйткенi  ақша экономикада ең маңызды категорияның  бiрi.   Оны мына теңдестiрулерден көруге болады:   “ Ақша – жалпыға бiрдей эквивалент ” ,  “ Ақша – ерекше тауар ” ,  “ Ақша  зат емес, ол қоғамдық қатынас ” , “ Ақша – еңбек өлшемi ” ,  “ Ақша  бастапқы капитал ” деп аталуы тегiннен – тегiн болмаса керек.

    Мен жұмысымды екi бөлiмге, яғни бiрiншi бөлiмде  жалпы ақшаның шығу тегiн және оның экономикалық мәнi мен қызметтерiне тоқталдым. Екiншi бөлiмде ақша теориясының дамуына, яғни оның басты үш теориясын және олардың айналысын қарастырдым. Бұл әр теорияның экономика үшiн әр түрлi пайдалы жақтары бар, сондай-ақ ақша теориясы экономикалық қатынастардың дамуымен  оның құрылымы да осы үш теорияны бағытретiнде алып дами бередi . Бұл теориялармен және олардың айналыс ерекшелiктерiмен жұмыс барысында кең тоқталамын.

    Сондай-ақ елiмiздiң егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өту үстiнде екендiгi баршамызға белгiлi. Ал ақша рыноктық экономиканың басты элементтерiнiң бiрi ретiнде ол өте маңызды болып отыр. 

    Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген  елдегi ақша айналысың ұйымдастыру  ақша жүйесi болып табылады.  Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы”  Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған.  Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi,  ақша белгiлерiнiң эмиссиясы,  сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi,  ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады.  Ал мұның алдында тұнғыш рет 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, оны 1999 жылы еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 АҚШАНЫҢ МӘНI, ҚЫЗМЕТТЕРI ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫ

    1. Ақшаның шығу тегi
 
 

    Ақша  ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр  шарт және өнiм болып табылады. Тауар  – бұл сату немесе айырбастау үшiн  жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi,  оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.  Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды.  Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса,  онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

    Әрбiр  ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны жасырын түрде болады.  Тауарлар және ақшалар бiр және осы тауарлар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады және өзара бiр-бiрiне ауысады.

    Алғашқы қауымдық құрылыс кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады ( 1 балта = 5 құмыра,  1 қой = 1 қап бидай).

    Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты кездейсоқ  айырбас жиiленедi. Жалпы тауар  массасының iшiнен барынша жиi айырбасталатын тауардң бөлiнiп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Осыдан келiп, құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бiрақ оның ролi бiр тауарға нық бекiтiлмеген едi.  Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiр тауарлар көптен атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

    Тауар айналысының тарихи эволюциялық  даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе ресiмделiнбеген ақша формасын , әр түрлi тауарлар қабылдады.  Әрбiр тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалнтiн алға тартады.  Сонымен, бiрiншi, iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен мал (iрi қара) айырбас құралына айналды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой, ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе, ал тундрада – бұғы жалпы эквивалент қызметiн атқарады. Бұған бiрнеше мысалдар келтiруге болады: латынның сөзi “пекуния” (ақша) “пекус (мал) сөзiнен шыққан. “Рупа” (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы “рупия” негiзiнде жатыр.

    “Капитал” сөзiнiң шығуы да малмен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде бұл сөз  мал басы санының көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң байлығын көрсеттi.

    Солтүстiк  халықтары ең бiрiншi айырбас құралы ретiнде жүндi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойыша әр түрлi тауарлар сатып алу барысындақ құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды.

    Жылы  теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде бақалшақ ақшаларды пайдаланды. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ кари көптеп таралды. Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардығ ең бiр тұрақты формасы болып табылады. Бiздiң бүгiнгi күндерiмiзмге дейнi өмiр сүре отырып, олар ешкандай өзгерiске ұшыраған жоқ. 20 ғасырдың 70 жылдарының басында Соломон аралдарының кейбiр тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретiнде  бақалшақтардың  үш  түрi:  ең арзаны – қара  түстi  (куррила), ақ  түстi  (галиа),  аса  қымбат  -  қызыл  түстi (ронго) пайдалынады.

    Әлемде  әр  түрлi  экзоотикалық ақшалар  болған. Королин аралдары тобына  кiретiн  ява аралдарында осы күнге дейiн феи акша  айналысыда  қызмет  етедi. Олардың формасы дөңгелекше тас түрiнде келе  отырып  диiрменнiң тасын еске  түсiредi. Мұндай  монеталардың  диаметiрi  бiрнеше метрге  жетедi.  Сауда мәмiлесi  орындалғаннан  кейiн сатушыға  феяға  бұрынғы иесiнiң белгiсiн өшiрiп,  өзiнiң белгiсiн соғады.

    Юлий  Цезарь патшалығының тұсында ақша ретiнде  құралдарды пайдалынған. Сонымен  бiр  құлдың  құны  үш  сиыр, алты бұзау, он екi қойға теңестiрiлген.

    Өнер  мен  жер  игертушiлердiң  бөллiнуiмен  эквиваленттiң  жетiлуi жалғасты.  Бөлiнушiлiк, бiрiгушiлiк, бiркелкiлiк мiнездемелерi бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсiмдiк өнiмдерi – зәйтүн майы, күрiш , кофе, какао, құйма түрiндегi тұздар т.б.  

    Жалпы эквивалент ретiнде металдарда пайдалана бастады . Ежелгi Спартта, Жапонияда, Африкада  темiр, мырыш ,қорғасын , мыс , күмiс  алтын түрiндегi ақшалар қолданалыды.  Рим императоры  Диониссий сиракуз және орта  ғасырдағы ағылшын  карольдары мырыш ақшаларды құйды  .  Қытайда және Ежелгi  Римде  мыс ақша ретiнде  пайдаланылды .  XYII ғасырда   Солтүстiк  Америкада  ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшектерiн  қолданылады.

    Металл  ақшаларының   артықшылығы олар  - бiркелкi , төзiмдi , ұсақталынады. Металл ақшалардың кен таралуымен  ақша есебiнiң салмақтық жүйесi  нақтылана түстi.

    Кейiн  келе металдардың арасында  басты  роль  алтын мен  күмiске өте  басталды,  өйткенi  олар  жалпы  эквивалент үшiн аса қажеттi сапаға ие.

    Әрине, металлдар бұған  дейiнгi ақша формаларын  бiрден ығыстырып  шығарып  тастаған  жоқ . Ұзақ уақыт  бойы  металл ақшалар  тауар формасын  сақтап  келдi . Темiр ақшалар күрек,  таға , шынжыр , шеге  және т. б формаларда  ұзақ уақыт бойы ғана сақталынды .  Грек ақшасының атауы “ драхма”  “ бiр уыс  шеге ” деген мағынаны бiлдiредi . Мыс ақшалар қазындық, құмыры, қалқан  түрлерiнде ғана  айналысқа түстi . Күмiс  және алтын ақшалар  жүзiк, сырға, бiлезiк түрiнде пайданалынды .

    Бiрақ  б. Э дейiн  XIII  ғасырда салмағы  көрсетiлген құймалар пайда  бола бастаған . Осындай себепке байланысты  көптеген ақша бiрлiктерi  фунт  стерлинг,  ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бiрлiктерi атауымен  аталады. Алғашқыда белгiлi массасы бар формасыз металл ақшаларды кейiн келе әр түрлi  масадағы  бiркелкi  формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады. 

    Монеталардың  пайда  болуы -   құрылуындағы  соңғы кезең  болып  табылады.

1.2  Ақшаның    эканомикалық  мәнi мен ақша қызметтерi

    

                Ақшаның өмiр сүруiндегi  объективтiк қажеттiлiк ол  тауар өндiрiсi мен тауар  айналысының болуына негiзделедi . Кез келген  тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады .  Тауар және  ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi  . Ақша айналысы  болмаса , онда  тауар айналысы да  болмайды

            Бiрақ  XVI  ғасырдың  басында  ( 1516 ж .)   утопиялық социализмнiң негiзiн қалаушы Томас Моор  өзiнiң “ Жаңа  утопия аралы және  мемлекеттiң үздiк құрылымы туралы  алтын кiтап” деген еңбегiнде : “ Алдау , ұрлау , тонау ....кiсi өлтiру  заң тәртiбiмен қатаң жазаланатынын кiм бiлмейдi , әйтсе де бұл жөнiнде алдын ала ескертiлмеу  мүмкiндiгi  бар  жерде  алдымен ақша құрымай , олар да жоғалмайды  , сонымен бiрге  ақшаның  жоғалуына  байланысты  адамдардың алаңдаушылығы  , қағысы  , қиыншылықтары  және ұйқысыз түндерi  де ұмытылар едi . Егер ақша  адам өмiрiнен алыстанатын болса , онда тiптi  ақша қажеттiлiгiнен   туған кедейлiктiң өзi  де жоғалар едi ” .

            Ол  аздай  Т. Моор  тағы  былай  дедi : “  Қай жерде   барлық нәрсенi  ақша өлшемiмен   өлшейтiн  болса , онда ол  жерде мемлекеттiк  табысы жiне дұрыс ағысының   болуы  мүмкiн  емес  ”. 

              XIX ғ.  Социал  утопистерi – Прудон , Оуэн , Грей  және басқалар   ақшаға терiс көз қараста болды  .  Прудон тауар өндiрiсiн   сақтай отырып ақшаның  жоюдың   жобасын  ұсынды  және  оны  дәлелдемек болды .

              Мұндай ойлар  Ресейде  де  айтылды .  Қазан революциясынан (1917) кейiн , азамат соғысы жылдарында  ақшаның  құнсыздануы байқалған  кезде ақшаны  жою сәтi  келедi , яғни  тарихтың өзi оыған алып  келдi   деген тұжырымдар пайда  бола бастады . Керек десеңiз ауыл  шаруашылық  өнiмдерiн өнеркәсiп   өнiмдерiне тiкелей айырбастауды ұйымдастыруға   тырысты .  Шындығында , оның  бәрi сәтсiз аяқталды .  С.Г .  Струмилин ақшаның орнына еңбек бiрлiктерi -  тредаларды , ал ағылшын экономисi Смит Фалтьнер  энергетикалық бiрлiктердi  - энедаларда пайдалануға  ұсынды .

               Осыған  байланысты К . Маркс   былай  дейдi :  ақшаларды жоя  отырып , бiз қоғамдық  дамудың   ең   жоарғы  сатысында  болуымыз  мүмкiн  немесе ең  сатыға  оралар едiк .  Қанша  дегенмен  коммунизм  - ол , қиял  сондықтан  да  ақша  болған , олар бар және  бола  бередi.

                Ақша тауардан  дами  отырып  ,  тауар  болып  қала  бередi ,  бiрақ  тауар  ерекше  жалпылама эквивалент .

               Ақша -  жалпы бiрдей  эквивалент  ,  ерекше  тауар  ,  онда   барлық басқа  тауардың  құны  бейнеленедi және оның  делдал   ретiнде  қатысуыменнен   тауар  өндiрушiлер   арасында еңбек  өнiмдерiнiң  айырбасы  үздiксiз  жасала  бередi .

            Жалпыға  бiрдей  эквивалент  ролi  тарихи  түрде  алтынға  бекiтiлген .  Алтынның  басқа  таурлардың   құндылығын   бейнелеу   қасиетi ,  оның   табиғи  қасиетi  емес .  К. Маркс   айтқандай :  “ Табиғат  ақшаны  жаратпайды  . Алтынға бұл  қасиет  қоғаммен  берiлгген  ” .

             Алтын  жалпыға бiрдей  эквивалент  ролiн  орындау   үшiн  ең   бiр   лайық  тауар   болып  қалып  отыр . Бiрiншеден  ол ерекше   табиғи  сапаға  ие :   бөлiнуi  оңай , әдемi ,  бұзылмайды ,  тот  баспайды ,  тек  қана “ патша  арғында”  ( 2/3  тұзды  және 1/3  азот  қышқылында  еридi . Екiншiден ең бастысы   алтын   жоғары  құнға   ие .   Қанша дегенмен оның  қорының аз  болуы ,  алтынға кететiн еңьек шығындарының    өте жоғары  болуына әкелiп соқтырады . Аотынды тұтынуға  жылдан  жылға   қсуде .Ол  әр   түрлi  салаларда пайдалыналады – электроникадан  бастап   зергерлiк iстерге  дейiн ,  бiрде өте жұқа  қалыңдықпен ,  бiрде балқытылған құймалар  күйiнде кездеседi . 

Информация о работе Ақша теориясы және оның дамуы