Ақша реформасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 13:54, курсовая работа

Описание работы

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды.

Содержание

Кіріспе
АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1 Ақшаның пайда болуы және мәні
1.2 Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
1.3 Қазіргі заманғы ақша теориялары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖОСПААРЛАУ КЕЗЕҢДЕРІ
Алғашқы ақша реформасының мазмұны
1993 жылы ақша реформасының ерекшелігі


Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Ақша реформалары эволюциясы және ҚР ақша реформасы.doc

— 207.00 Кб (Скачать)

Бұл еліміздің ақша жүйесін ұйымдастыруға, акша бірлігінің өзіне және Ұлттық банктің қызметіне жаңа талаптарды алға тартты.   Ақша-несиелік реттеуде  Ұлттық  банктің  рөлі   өлшеусіз  өсті. Сонымен, қорыта келе Ұлттық валюта мемлекеттің әлеумеітік саясатында, зейнетақымен қамтамасыз етуде, жүмыс орындарын ашуда, жастар саясатын жүргізуде аса маңызды рөл атқаруы тиіс.

Қазіргі кезеңде теңге тұрактанып келеді, ал оның түрлаулы валюта болуы үшін әлі біраз істерді жүзеге асыру керек.  Атап  айтқанда,  өз  өндірісімізді  нығайтып,  шикізат-экспортіык жүйеден біртіндеп жаңа инновациялы өнеркэсіптік салаға көшкен жөн. Ғаламдық нарық кеңестігін адын мұхит десек, валюта — кеме. Біздің де теңгеміз осынау айдында өз бағыт-бағдарын нық ұстап, бағамын арттыра еркін жүзетініне сеніміміз мол деп айтуға болады. Теңге — тәуелсіз, егемен Қазақстан Республикасының рәмізі.

Ал 1993  жылы 18 қарашасынан  ұлттық  валюта  ҚР-ның  аумағында  жалғыз  төлем  құралы  болып  табылады. Банктер  мен басқа  шаруашылық  субъектілерін  барлық октивтері мен пассивтері  теңгеге қайта есептелінді. Айналыстан  1961-1992 ж.ж үлгідегі  рубль купюралары  950,6 млрд.сомасына  алынып  тасталды. Ұлттық  валютаны  енгізу  жөніндегі құрамында Премир-министр С.А. Терещенко, қазақстанның Висе-президенті Е. Асанбаев, Үкіметтің 1-ші вице-премьері  Д.Сембаев, Ұлттық  банк  төрағасы  Ғ.Байназаров,  Қаржы министері Е.Дербісов  пен Экономика министрі  Б.Ізтілеуов бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Комитетін құрады.  [5,3 бет ] 
 
 

Қорытынды

      Курстық  жұмысты  қорыта  келгенде, ақша  дегеніміз –  бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.. Яғни ақша – жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді. Біріншіден, тек ақшаға  айырбастау  арқылы ғана  тауарлар қоғамдақ  еңбектің  нәтижесі  екенін анықтауға болады.Екіншіден, әр  адамның  еңбектегі, яғни  қоғамдық  өндірісіндегі үлесінде ақша арқылы анықтауға болады.Себебі, адам қоғамдық еңбектегі  үлесін  жалақы  ретінде  алғанда, ақша  төлем  құралы  қызметін  атқарады. Үшіншіден, айырбас үрдісінде  ақшаның  делдалдық етуімен  тауардың  ішкі  қайшылықтары да  шешіледі.

Ақша  реформасы – ұлттық  ақша  бірлігін тұрақтандыруға, елдің  жүйесін  қалыпқа  келтіруге  және  нығайтуға  бағытталған  ақша  айналысында мемлекет  тарапынан  жүзеге  асатын  түрлендірулер.

Жалпы, ақша реформалары мынадай әдістер көмегімен жүзеге  асырылады;

          -жаңалау,  яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы және жаңа  валюта  негізу туралы хабаралау;

           -қалыпқа келтіру,яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе валюталық бағамын қалпына келтіру ;

-деноминация,  яғни "нольдерді қысқарту" әдісімен  ақшаның номиналдық құнын ірілендіру.

-Қазақстанда  1922-1924 ж.ж.,1947 жылы ақша реформалары  ,1961 жылы баға масштабын өзгерту,1993 жылы ҚР-ң ақша рыформасы болды .Әрбір егемен мемлекеттің өзіндік отрибутикасы болады.Оған ту ,елтаңба,әнұран және  ұлттық  валюта  жатады.

Ұлттық  валюта тәуелсіз егемен мемлекттің міндетті рәміздерінің бірі болып табылады.Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ  рет  енгізілетін  өз  валютасының  тарихы да кіреді.Ұлттық валюта кез келген елдің өткен тарихын, бүгінгі күнін және келешегін  бейнелейді.Ал Теңгенің ҚР Ұлттық Валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан бастау алады. Осы айтулы күнге орай ,белгілі сәулетші , суретші  дизайнер , ұлттық валюта – теңгені жасаушылардың  бірі  Хайроша Ғабжәлелов баспаға әзірлеп , қазақ  және орыс  тіліндерінде  құрастырған "Теңге " атты көлемді кітабы жарық көрді.

                    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған  әдебиеттер  тізімі:

  1. Блеутаева К.Б. Ақша  және  банктер. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2006.61-65 б.
  2. Ғабжалелов Хайролла. Теңге. Алматы,2003. 212 б.
  3. Сейтқасымов Ғ.С.  Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы «Экономика», 2005. 64-69 б.
  4. Байназаров Ғ. Теңге  маған  тарихи  жауапкершілікті  тарту  етті.// Егемен  Қазақстан. 14 қараша 2003.  2-3 б
  5. Мәжитов Д.М.  Басты мақсат – тұрақтылықты  ұстау. // Жетісу. 13 қараша 2001.  3 б.
  6. Тобаяқов Б.  Тәуелсіздік  рәмізі  немесе  теңгеден  деңгеге  дейін. // Егемен  Қазақста. 14 қараша. 2004. 3-4 б.
  7. Әубәкіров  Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжумаев Е., Досқалиев С.  Экономикалық  теория  негіздері. Оқулық. Алматы «Санат», 1998.  479 б.
  8. ҚР Президентінің  ұлттық  валютаның 10 жылдығына  байланысты  сұхбаты. Теңге-ел тұрақтылығымен   тәуелсіздігінің  белгісі. // Егемен  Қазақстан. 18 қараша 2003. 1-2 б.
  9. Донских А.  Теңгенің  жаңа  дизайны: сіз  не  туралы  сұрап  үлгермедіңіз?  // Егемен Қазақстан 30  қыркүйек  2006. 7 б.
  10. Нысанбаев Ә.  Тәуелсіз  елдің  ұлттық  валютасы. // Егемен Қазақстан  13 қараша 2003. 3 б. Тұрапбайұлы А.  Теңгенің тегеуріні.  // Егемен Қазақстан  15 қараша  2005. 2-3 б.
  11. Кәпқызы  Е.  Теңге  мүшелге  толды.  // Түркістан. 16 қараша 2006. 1 б.
  12. Кәпқызы Е.  Теңге  және  ұлттық  рух.  // Түркістан. 25  қазан 2006. 3 б.
  13. Сәйденов Ә.  ҚР-ң ұлттық  банкі  хабарлайды, түсіндіреді, түсініктеме береді.  // Егемен Қазақстан. 15 қараша 2005.  6 б.
  14. ҚР-сы  Ұлттық  Банкінің  ресми хабары. «Көшпенділер  алтыны» монеталар  сериясынан  күміс  монетаны  айналысқа  шығару  турасы.  //  Егемен Қазақстан.  15 қараша 2005 жыл.  2 б.

Информация о работе Ақша реформасы