Ақша реформасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 13:54, курсовая работа

Описание работы

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды.

Содержание

Кіріспе
АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1 Ақшаның пайда болуы және мәні
1.2 Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
1.3 Қазіргі заманғы ақша теориялары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖОСПААРЛАУ КЕЗЕҢДЕРІ
Алғашқы ақша реформасының мазмұны
1993 жылы ақша реформасының ерекшелігі


Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Ақша реформалары эволюциясы және ҚР ақша реформасы.doc

— 207.00 Кб (Скачать)

                          Мазмұны

 

   Кіріспе

  1. АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ 

1.1          Ақшаның пайда болуы және  мәні   

1.2          Ақшаның металдық және номиналдық теориялары

1.3          Қазіргі заманғы ақша теориялары   
 
 

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖОСПААРЛАУ КЕЗЕҢДЕРІ
    1. Алғашқы ақша реформасының мазмұны
    2. 1993 жылы ақша реформасының ерекшелігі
 
 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                        Кіріспе

       Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска   кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шаралар жүргізуден айқын көрінеді. КСРО-да ақша реформасы екі рет — жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) алғашқы жылдары (1922-1924) және Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін (1947)жүргізілді. Азамат соғысы, одан кейін Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес үкіметі Отан корғау шараларына байланысты көп шығындарды өтеу мақсатымен ақшаны айналыс қажетінен артық шығара беруге мәжбүр болды. Бұған қоса көпшілік қолды тұтыну тауарларын өндіру мен сату мөлшерінің кемуі салдарьшан нақты акшаның айналыс қажеттілігі де азайды.Ақша реформасы айналысқа банк билеттері - червонецтерді шығаруды көздеген 1922 жылғы заңнан басталады. Червонец таза алтынның 7,74234 г., яғни ескі 10 сомдық аліын шақаға (монетаға) теңелді. Кеңес Үкіметінің Министрлер Кеңесі мен БК(б)І I Орталык Комитетінің 1947 жылғы "Ақша реформасын жүргізу және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды жою туралы " қаулысында: "Акша реформасын жүргізу еңбекшілердің әл-ауқат дәрежесін арттыруға, халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендетуге және кеңес мемлекетінің күш-қуатын одан әрі нығайта беруге көмектеседі " деп көрсетілді. 1947 жылғы ақша реформасы мемлекеттің қазыналық билеттер құрылысына ешбір өзгеріс енгізген жоқ, мұнда айналыстағы басы артық ақша жойылды, жалдаптар жинаған ірі ақшаларынан айырылды және карточка жүйесі жойылғаннан кейін олардың арзандатылған бағамен тауарларды көптеп сатып алуына мүмкіндік қалдырылмады. Ақша реформасы мен карточка жүйесінің жойылуының экономикалык маңызы зор болды, шаруашылықта ақшаның мәні көтерілді, кеңес сомының кұны толығынан қалпына келді. 1961 жылы "Баға масштабын өзгерту және ақшаны жаңа ақшаға ауыстыру туралы" қаулы қабылданғаннан бастап, ескі ақша жаңа акшаға 10 сомына 1 сом есебімен айырбасталды. Төл теңгеміз дүниеге келген күні бәріміздің бөркімізді аспанға ата қуанғанымыз рас. Оған да міне, он бес жылдың жүзі болыпты. Осы орайда ұлттық валютамыздың туу тарихын еске түсіру орынды.

Курстық жұмыстың мақсаты :

  • ақша теориясының даму жолдарын жүзеге асыруға қол жеткізу;
  • ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін түсіну

Курстық жұмыстың міндеті:

  • ақша теориясының мәнін, негізгі түрлерін және  ақша  реформасының  теориялық  аспектілері  мен  өткізу  қажеттіліктерін  қазіргі  экономика  тұрғысынан  ашып  қарастыру.
  • ҚР-ғы ақша реформасының  ерекшеліктерін  толық  қарастыру

Курстық  жұмыстың  құрылымы:

Курстық жұмыс кіріспеден, мазмұннан, екі бөлімнен , қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер  тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде ақша  теориясының  мәні, негізгі  түрлері, формалары   және  ақша  реформасын  өткізу  қажеттіліктері  қамтылған.

Екінші  бөлімде  Қазақстан Республикасындағы  ақша  реформасының  ерекшеліктері  қарастырылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                1.1 Ақшаның пайда болуы және мәні

        Қазақ ұлысы Жібек Жолымен керуен тартып келген саудагердің әр теңін бір теңгеге балап, ақша шығаруға бел байлады. Теңгенің тарихы 15 ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақстанның аумағында ақша дегеніміз мыңдаған жылдар бұрын пайдаланылған. Қазақстандағы ақша саудасы ғалымдардың айғақталуынша, бұрын да жүргізілген, оған сандаған мәнет шығарылымы куә болады. VII-VIII ғасырларда өз мәнеттерін орталық Сырдария мен Отырар жазирасында түрік әміршілері, ал Жетісуда түргештер мен тухсилер шығарған. IX-X  ғасырларда осы аумақ Саманит империясының құрамына кіргендіктен, Қазақстанның оңтүстігіне саманиттік әміршілердің мыс фельстері пайдаланылған. Мәнет сарайлары Отырарда (Фарад) және Испиджабта жұмыс істеді. Ақша айналасында 3 түрлі дирхемдер – мүсейяби, мұхаммеди мен штрифи болды.

X ғасырдың  ортасымен XIII ғасырдың бас шені  – бұл қараханит мемлекетінің құрылуымен өмір сүру кезеңін қамтиды. Осы мезгілде тарихшылардың топшылауынша, қалалар қанат жайып, тауар өндірісімен сауда көлемі ұлғайған. Экономиканың өркендеуі ақша айналысында аса зор қаражат ағынын қажетсінген. Күмістің жетіспеушілігінен мәнет сарайлары дирхендерді, яғни "күмістелген" деп аталынатын беті күміспен жалатылған мыс мәнеттерін соға бастайды. Ұсақ бөлшек саудада мыс фельстерімен есептесілді.

Мыс мәнеттерін күміспен жалату және ақша айналысының  құрылымы осы ғасырдың екінші жартысындада күміс дағдарысын жойған Масұтбек реформасына дейін сақталынып келді.

1271-1272 жылдары  моңғолдардың Орта Азия  мен   Қазақстан өңіріндегі наменгері  Масұтбек дүйім империя бойынша  еркін айналымда жүретін күміс  мәнетін енгізді. Күміс шығару  бойынша бірінші орында Тараз, Отырар, Кендіж қалалары болды.

XIV ғасырдың аяғында Қазақстанда Әмір Темірдің мәнеттері айналысқа қосылды. Сонымен бірге қазақ қалаларына сауда жасау үшін Бұхарадан, Самарқаннан, Тәшкен,Ақсы,Шахрұхи Хисардан әкелінген мәнеттер, негізінен мыс динарлары кеңінен пайдаланылды. Қазақ даласындағы ақшалардың өз атауы терең тамырланған. XV ғасырдың басында Отырар мен оның айналысында 3 дәрежелі "тәнге" атты күміс мәнеттері пайдаланылды. Негізгі атауы – тәңге, оның ширегі – мір, ал он екіден бір бөлігі – тәңгеше деп аталды.

XV ғасырдың  соңынан XVII ғасырдың  I  жартысына  дейін мәнет сарайлары Ясыда  (Түркістан), Сауранда, Сығанақта, Сайранда  үздіксіз жұмыс істеді. XVI ғасырдың  орта тұсында Ясыда шейбан  Ескендір хан күміс мәнеттерін  шекмеледі. Ташкент мен бірге Сырдария жағасындағы қалалар айналыста тек күміс қана бір экономикалық аймақ құрғандығы да тарихтан белгілі.

Тарихшылардың айтуынша XVII ғасырдың ортасынан жоңғар шапқыншылығынан туындаған саяси және экономикалық себептер салдарынан қала тіршілігі мен сауда – саттығының құлдырауы басталады. Сонан кейін XVIII ғасырдың ортасынан қазақ жерінде Қоқанның, Ташкен хандарының ақша белгілері және орыс мәнеттері пайда бола бастайды. Ал XIX ғасырда барлық сауда операциялары тек қана орыс ақша белгілермен жүргізілді.

XVI-XVII ғасырларда  Қазақстанда 1655-1663 жылдары Александр  патшаның тұсында аса зор мөлшерде  шығарылған мыс тиындары пайда болған Нумизматикалық зерттеулер Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыстарын көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуы да ежелгі қаржылық дәстүрлердің жаңғыруындай, ал ақша атауын - "теңгені" де біздің ата-бабаларымыз көне Отырардың өзінде пайдаланған.[6,4 б]

Теңгенің  жасырын жағдайда жасалынуы мен  Қазақстанның рубль аймағында қалуға мүдделік танытуы туралы әңгіме қозғағанда, оның экономикалық, саяси жіне техникалық себептерін жіктегенді дұрыс деп есептеймін.

Бірінші- экономикалық себебіне тоқталсақ. Бұл  тұрғыда кеңестік жүйе бойынша Ресейден басқа одақтас республикалардың түгелге жуығы шикізат шығаруға бағытталып,соңғы өнімді өндіретін негізгі өнеркәсіп орындары мен зауыттардың барлығы ұлы көршіміздің еншісінде болды. Біз сыртқы және ішкі сауда айналымын жүзеге асыруда Ресейсіз түк бітіре алмайтын мүшкіл халде едік. Мұны сол жылдары еліміздегі экспорт  пен  импорт операциялары тұтастай көлемінің 70 %-дан астамы тек Ресеймен ғана жасалынуымен деп бағамдай беріңіз. Осындай жағдайда біздің рубль аймағынан бірден шығып кетуіміз өнеркәсібімізді өз қолымызбен тұншықтырумен теңеді. Осыған байланысты шамалы да болса уақыт ұтуымыз керек болды. Әрине Ресейдің өз валютасын енгізуге деген талпынысын біз Қазақстанға байланысты рыноктарын оңтайландырып жаққанынан-ақ біліп отырдық. Оның өз қазба байлықтары рыногына қарай икемделуі Қазақстаннан жөнелтілетін тауар көлемін күрт кемітетінінде алдын- ала есептедік. Сондықтан бізге басқа рыноктар тапқанша уақытты соза түсу тиімдірек болды.

Енді  теңгені құпия жағдайда жасаудың таза техникалық себептеріне келсек. КСРО тарап, егемендігін алған 15 елдің ішінде 1992 жылы Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана рубль аймағын сақтап қалды. Қалған 11-нің түгелге жуығы өздерінің ұлттық валюталарын енгізіп үлгерген болатын. Осы жерде біз Кеңес Одағының валютасынан бас тартып, өз ақшамызды шығаратынымызды ашықтан-ашық жария еткенімізде, бұрынғы одақтас республикалар аумағында жарамсыз болып қалған миллиардтаған ескі ақшалар елімізге құйылатын еді. Ал оның соңы өмірге жаңа келген теңгеміздің  құнын бірден жоғалтып, апатқа әкеп соқтыратыны анық еді.

     -1992 жылдың қаңтарында  Елбасының  тікелей тапсырмасымен ұлттық  валютаны дайындауға кіріскенімізде, бірінші кезекте жаңа ақшаның  аты қандай болады деген мәселе  тұрды. Соған байланысты тарихшылардың,  ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің,  ақын-жазушылардың көптеген ұсыныс пікірлері  жинақталды. Сарапқа салғанда, пікір білдірушілердің басым бөлігі "алтын",  "сом" және "теңге" деген атауларға тоқталған екен. Біз осы үш атаудың қайсысы ұлттық нышанымызды дәл айқындап, негізге сай бола алатыны туралы республика Ғылым академиясының ғалымдарымен ақылдастық. Академик ағаларымыз бастаған білгір ғалымдар теңгенің жүздеген жылдар бұрын Орталық Азия аумағында айналымда болғанын және археологиялық қазбалар арқылы дәл біздің еліміздің аумағында айналымда болғанын нақты деректер келтіреді.  Қазақтың  тарихы тым тереңде жатыр және ұлы адамдарға кенде емес. Ежелгі тарихымызда да айтулы тұлғалар аз еместігі  және тәуелсіздіктен кейін есімдері қайта жарыққа шыққан ел перзенттерінің ұлықтауға тұрарлық еді. Сонымен бірге біржақты кетіп қалмай белгілі адамдар бейнелері өмір сүрген ортасына  қарай қазақтың барлық өңірінен тең қамтылу қажет болды. Бұл ұлтымыздың  ішкі мәселесі десек, сыртқы саясатта елдегі орыс ұлтының құқықтарын ескеру, көрші Ресеймен достық  қарым-қатынасты қаперде ұстауымызға тура келді. Осы талаптар негізінде көне тарихымыздың жарық жұлдызы әлем мойындаған ғұламамыз Әл-Фараби, қазақты тұтас ұлт ретінде ұйыстырған  Абылай, абыз ақын Абай, дәулескер күйші Құрманғазы, жыр сүлейі Сүйінбай және Ресей елі арасында байланыс орнатқан Әбілхайыр хан, қазақты орыс еліне танытқан Шоқан Уәлиханов сияқты бабаларымыздың портреттері бірауыздан қабылданды.

     - Ұлттық валютаны алғаш енгізгенде  әлемдік тәжірибе бойынша 1 теңгелікке  классикалық номинация түрін  жасадық. Ал барлық елдерде одан кейінгі  және  жүздің  сыртындағы валюталар елдің  экономикалық деңгейінің көрсеткішінің  анықтауышы қызметін атқарады. Сондықтан да  елде инфляция болған жағдайда олардың  айналымнан  шығып  қалуы табиғи құбылыс. Сондықтан да кейіннен жарыққа шыққан 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік купюрлерді шығарғанда ақша шығаратын мекеменің жаңа дизайнға шығын шығармауын есептеп  классикалық   негіз  ретінде  алынған  1 теңгеліктің  нұсқасы  қалдырылды. Әрі  Әл-Фараби  бабамыздың суретінің тұруы ешкімге ешқандай дау туғыза қоймас.

     Теңгені  шығарар  алдында  біз алыс- жақын  елдердің тәжірибелерін көп  зерттедік. Бізге уақытша валюта шығару тиімсіз  болды. Осыған орай бірден  негізгі  валютамызды шығаруға  тәуекел  еттік. Дизайн  жасаумен айналысқан еліміздің 4 азаматы әлемдегі ең мықты деген  валюталардың  қорғаныштық қабілетін зерттеді. Біз  үшін  теңгені  басу  басты шаруа емес еді. Теңге  Лондондағы кәсіпорында  небәрі  4 айда  басылып  шығарылды. Мемлекет  басшылығымен  оны  1 қыркүйекте   шығару  тапсырылды. Бірақ ол үшін алдын-ала көптеген маңызды міндеттерді  бітіріп  алуға  тиіс  едік.

     Егер  ақша  дегеніміз  не деген  сауалға  жауап  іздесек,  онда  оның  қоғамда  үш  түрлі  негізгі  қызмет  атқаратынын  айтқан  жөн. Біріншіден, теңге  айналым  құралы болып  табылады, яғни  тауарлар мен  қызметтерді сатып  алу  мен  қайта сатуда  пайдаланылады. Бұл  базардағы ресурс иелері  мен  өндірушілердің  кез-келген  тауар мен қызметті  сатып  алуға  пайдалануына  мүмкіндік  беретін  өте  қолайлы  әлеуметтік  құрал. Теңге  айырбас  құралы  ретінде  қоғамды  баспа  бас  айырбастың  қолайсыздығынан  құтқарады. Тауар  айырбасына  қолайлы  жағдай  туғыза  отырып , ақша  қоғамға  географиялық  мамандану және  адамдар  арасындағы  еңбек  бөлінісі  жемістерін  пайдалануға  мүмкіндік  туғызады. Яғни  теңгенің  арқасында  біз  әлемнің  көптеген  елдерінен  тауар  ала аламыз.

     Екіншіден, теңге  бағаның  өлшемі болып  табылады. Қоғам  ақшаны  түрлі  байлық пен ресурстар  бағасының  салыстырмалы  өлшемі ретінде  пайдалануды  қолайлы  көреді. Жолды  шақырыммен, салмақты килограммен  өлшейтініміз  сияқты  байлық  пен  қызмет  құнын  ақшамен  өлшейміз. Мұның  артықшылығы  айқын. Ақша  жүйесінің  арқасында біз  бір  тауардың  құнын  анықтау  үшін  оған  айырбасқа  жүретін  басқа  тауарды  іздестіріп  жатпаймыз. Мәселен, малдың  бағасын  астықпен,  мәшинемен, шаймен  немесе басқа  заттармен  өлшеп  шығарып  жатудың  қажеті  шамалы. Ақшаны  жалпы  атау  ретінде пайдалану, кез келген  өнімнің  құнын  ақша  арқылы  бағалау  деген  сөз. Оны  бұлайша  пайдалану  адамдарға  түрлі  тауарлар  мен  ресурстардың  салыстырмалы  бағасын  оңай  бағамдауға  мүмкіндік  туғызады. Мұндай  салыстыру  дұрыс  та тиімді  шешім  қабылдауды  жеңілдетеді. Яғни  ақшамен  жалпы  ұлттық  өнім  мөлшері  және  басқа да  экономикалық  көрсеткіштер, барлық  төлемдер  мен  қарыз,  несие  міндеттемелері  өлшенеді.

     Үшіншіден, теңге  салым  құралы  ретінде  қызмет  етеді. Ақша  тауар  ретінде  пайдалануға  әлдеқайда  қолайлы, ол арқылы  байлықты  салым  ретінде  сақтау  ұтымды. Бұл  тұрғыдан  алғанда  ол  қозғалмайтын  мүліктер  (жеке меншік) және  бағалы  қағаздармен (акция,облигация,т.б.) қатар  байлықты молайту  құралы болып  табылады. Әдетте, ақша  деп  қолда  бар, айналыста  жүрген  металл және  қағаз  ақшалар,  сонымен  қатар  чектік  салымдар, яғни  банктегі , түрлі  сақтық мекемелеріндегі  чектер  түсініледі. Металл  және  қағаз  ақшалар  мемлекет міндеттемесі болса, ал  ағымдағы есеп  шоттар  коммерциялық  банктер мен сақтық  мекемелерінің  міндеттемелері болып  табылады. Сол  сияқты  ақшамен қатар  түрлі  қаржылық  міндеттемелер  формасы  ретінде  мемлекеттік  бағалы  қағаздар, т.б. өмір сүреді. Олар  тікелей қарым қатынас  құралы  қызметін  атқармағанымен , жедел  қолма қол  ақшаға  немесе  чекке  айнала  алады. Нарықтық  қарым  қатынастың  келешек  дамуына  орай  мұндай  міндеттемелердің  саны  мен  көлемі  өсе  түсетін  болады. Ақшаның  бағасы  немесе  сатып  алу  пәрмені  дегеніміз  сол  ақшаға  сатып  алуға  болатын  тауарлар  мен  қызмет  көлемі.

Информация о работе Ақша реформасы