Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 18:28, курсовая работа
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құкықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде осы Заң Қазақстан Республикасының резиденттеріне қолданылады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................................3
І. ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Валюталық құқық жүйесі........................................................................................................4
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы........................................................................6
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы...............................................................7
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫ ТЕҢГЕ
2.1 Валюта тарихы.......................................................................................................................10
2.2 Жаңа теңгеге сипаттама........................................................................................................11
2.3 Жаңа теңге қорғанысы..........................................................................................................12
ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Ұлттық банктің қалыптасуы................................................................................................14
3.2 Ұлттық банк валюталық бағамы..........................................................................................15
3.3 Ұлттық валютаның қалыптасуы.........................................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................................19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................................21
Республикада
ақша айналысындағы монетамен қатар
мерейтойлық және ескерткіш монеталар
да қолданылады . Мерейтойлық және ескерткіш
монеталар оларда белгіленген құнға
сәйкес төлем қабілетіне ие , бірақ
олар негізінен мәдени - ағарту мақсатында
шығарылған . Әдеттегідей , олар қатаң
шектеулі таралыммен шығарылады және
Қазақстан Республикасының аумағында
және шет елдерде коллекциялық құнымен
сатуға арналған.
2.2
Жаңа теңгеге сипаттама
2006 жылғы
үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде
орындалған, суреттер бет жағында негізінен
тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан.
Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның
қазіргі бейнесін көрсетеді, барлық мемлекеттік
нышандар, сәулет объектілерінің және
елдің табиғат ландшафтарының бейнелері
кіреді.
Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде
"Астана-Бәйтерек" монументі - қазіргі
заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық
және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз
Қазақстанның даму нышаны орналастырылған.
Банкнотаның ортасында түрлі-түсті жолақтарда
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген,
оларға номиналдың сандық белгісі жазылған.
"Бәйтерек" ескерткішінің сол жағында
бір түспен Қазақстан Республикасының
мемлекеттік елтаңбасы салынған. Оң жақ
жоғарғы бөлігінде – мемлекеттік жалаудың
бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде
сенімді, шынайылықты және әділеттілікті
білдіретін классикалық геральдикада
ашық алақан бейнеленген. Номиналы 200 және
500 теңге банкноталарда номиналдың мемлекеттік
тілдегі әріптік белгілеуі оң жақ төменгі
бұрышында тігінен, номиналы 1000, 2000, 5000
және 10000 теңге банкноталарда төменде
сол жақта орналасқан. 200 және 500 теңгелік
номиналдардағы "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ"
деген жазу мемлекеттік елтаңбаның астына,
ал 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік номиналдарда
тігінен төменде оң жақта орналастырылған.
Сериялық нөмірлері бет жағына жазылған
және банкноталардың қарама-қарсы екі
бөлігінде орналастырылған.
Банкноталардың сырт жағында ландшафтардың
және елдің аумағындағы қазіргі заманғы
сәулет объектілерінің бейнелері бар.
Олар Қазақстан картасының контурымен
жиектелген. Сол жақта төменде және оң
жақта жоғарыда банкнота номиналының
сандық белгісі, ал төменде ортада орыс
тіліндегі әріптік белгілеуі орналастырылған.
Жоғары жақта ортада "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ
БАНКІ" деген жазу және эмитент банктің
логотипі басып жазылған.
Банкноталарды қорғау тұрғысынан алғанда
жаңа дизайн түпнұсқалылықты қарапайым
және шапшаң анықтауға бағытталған, бұл
ретте ақшаны қолдан жасаудан қорғайтын,
ортақ бейнеге үйлесіммен кіріккен классикалық
және ең жаңа, неғұрлым күрделі қорғаныш
құралдары пайдаланылған. Осыған дейін
200 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі банкноталарды
ауыстырған кезде, сондай-ақ айналыста
жүрген 5000 және 10000 теңгелік соңғы екі
номиналды ендірген кезде де осындай кейбір
қорғаныш элементтері пайдаланылған болатын.
Жаңа дизайндағы банкноталарда арнайы
құралдарсыз анықталатын, яғни визуалды
және жарыққа көрінетін, сондай-ақ саусақтың
ұшымен анықтауға болатын қорғаныш элементтерінің
барынша мүмкін саны пайдаланылды. Банкноталарда
арнайы техникалық құралдардың көмегімен
танылатын жасырын элементтер де кездеседі,
бірақ ақша белгісінің түпнұсқалылығын
шапшаң және қарапайым анықтауға негізгі
акцент жасалған.
2.3 Жаңа теңге қорғанысы
Банкноталарда мынадай қорғаныш элементтері пайдаланылған:
Сутамғы белгілер. Сутамғы белгілерінің бейнесі банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін қарама-қарсы қою және ашық реңдерден тұрады.
Қорғаныш жіп: Бір қорғаныш жіп қағаздың құрылымына енгізілген және банкнотаны жарыққа тосып қарағанда тұтас сызық түрінде көрінеді. Екінші, үзік-үзік жіп - банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін жазбалар және суреттер тұтас сызық болып пунктир түрінде қағаздың бетіне шығарылған.
Мөлдір орын. Банкнота жарыққа тосып қарағанда жақсы көрінетін ашық орындағы полимерлік лентадағы сурет.
Қосарланған бейнелер. Банкнотаның беткі және сыртқы жақтарында басылған бейнелердің фрагменттері, жарыққа тосып қараған кезде тұтас суретті құрап, дәл сәйкес келеді
Алтын интаглио. Тығыз жоғары рельефті қабатты алтын түстес металл бояуы бар қорғаныш элементі, түрлі-түсті көшірмелеуден жоғары деңгейде қорғайды.
Көзі нашар көретін адамдарға арналған белгі. Банкнотаның бет жағында саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын жоғары рельефті шығыңқы элементтер бар.
Бояудың оптикалық өзгеріп тұратын түсі. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде бояудың түсі өзгереді. Мұндай қорғаныш элементі, атап айтқанда, АҚШ долларында бар.
Микроқаріптер. Микромәтіндер, бірнеше есе ұлғайтқан кезде оқуға болатын қайталанатын мәтінді немесе цифрларды басудың әртүрлі тәсілдерімен орындалған.
Көшіруге қарсы элемент. Көшірген кезде түрлі бағытта растр түріндегі тордың сызықтары бұзылады.
Көшіруге қарсы элемент (тартан, пирамида). Көшірген кезде түрлі бағытта растр түріндегі тордың сызықтары бұзылады.
Сериялық нөмір. Магниттік сериялық нөмір құрамында магнит бар қара бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады. Фосфорлы сериялық нөмір құрамында фосфор бар қара бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады.
Иридесцентті жолақ. Алтын түстес жылтырағы бар арнайы бояумен басылған жолақ, банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде сурет пайда болады.
Жасырын бейне (лифт). Купюраны көз деңгейінде қисайта ұстап тұрған кезде оюлы розеткада банкнота номиналының цифры көрінеді.
Иристік басу: Бір бояудан басқасына өтуі кезінде түстің біртіндеп өзгеруі байқалатын арнайы басу түрі.
Ультракүлгін қорғаныш: Ультракүлгін сәулелердің негізгі көздері болып табылатын құралдардың әсерінен көзге көрінетін, арнайы бояулармен орындалған бейне.
Қағазға ендірілген талшық. Банкноталардың жоғары номиналдарына қызғылт талшық қағазға ендірілген, ол ультракүлгін сәулелер негізінде түсін өзгертеді.
Ескі үлгідегі банкноталардың ауыстыруы ескі және жаңа дизайндағы банкноталардың бір жыл бойы қатар жүруін көздейді. Кейін ескі үлгідегі банкноталарды екінші деңгейдегі банктерде және Ұлттық Банктің филиалдарында ауыстыру тағы бір жыл жалғасатын болады. Осыдан кейін 10 жылдың ішінде Ұлттық Банк ескі үлгідегі банкноталарды қабылдап, оларға сараптама жүргізгеннен кейін ауыстырады.
Егер
қатар жүру кезеңінде қандай да бір
заңды тұлға номиналына қарамастан
ескі немесе жаңа дизайындағы банкноталарды
қабылдаудан бас тартатын болса, онда
мұндай іс-әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексінің 166-1-бабында
көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа
жатады. Банкнотасын қабылдаудан бас тартылған
тұлғаның өтініші бойынша Ұлттық Банк
өзінің филиалдары арқылы Кодексте көзделген
айыппұлдарды салуға уәкілетті.
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы валютаны реттеу мәселелері
3.1 Ұлттық банктің қалыптасуы
Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейін сәтті жүзеге асырылған жағдайда келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі болжанған:
-
Ұлттық банктің негізінен
классикалық орталық банктерге
тән валюталық және ақшалай-
- экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану мен нормативтік реттеуді жетілдіру және Ұлттық банк тарапынан бақылауды күшейту есебінен барлық коммерциялық банктер қызметінің сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың капиталдандыру деңгейін жоғарылату және халықаралық стандарттарға жақын банктер тобын қалыптастыру;
- банкаралық несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамы тұрақтылығына қол жеткізу, ал Ұлттық банк оларға тек өзінің тікелей және жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді;
-
республикалық бюджеттің
-
шаруашылық жүргізуші
-
орта және ұзақ мерзімді
инвестициялық жобаларды
Бағдарламаның өткірлігіне қарамастан, істің нақты жағдайын ескере отырып, оны жүзеге асырды, ең алдымен ақша-несиелік реттеудін құралдары және іздістері дами түсті.
Банктердің қайта қаржыландыру механизмдерінде маңызды өзгерістер болды. 1995 ж. қаңтар айынан бастап директивті несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көзпер, есебінен берілетін несиелердің көлемі және мерзімі қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлттық банктен екінші деңгейлі банктерге көшті және олар өз кезегінде экономиканы несиелеуді шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос қаражаттарын, халықтың жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды өздері тарту есебінен қамтамасыз етуге бейімделеді. Ұлттық банк жалпы Орталық банктерге тән қызметтерге көбірек ден койды, оларға: банктердің өтімділігін колдап отыру мақсатында екінші деңгейлі банктерді несиелеу, Үкіметті несиелеу және жалпы ақша-несиелік және валюталық реттеу жатады.
1995
ж. бірінші жартысында
Ұлттық банктің екінші
денгейлі банктерге беретін
1995 ж. Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің позитивті нақты бағытын ұстап тұрды. Инфляция қарқынының төмендеуіне байланысты ол да төмендеді және керісінше инфляцияның өсуі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің жоғарлауын қарастыруға әкелді, Инфляция каркыны 1995 жылдың каңтарында 8,9%-дан 2,4%-ға дейін темендеуін ескеріп, қыркүйекте қайта қаржыландыру мөлшерлемесі біртіндеп 210-нан 45%-ға дейін төмендеді. Кейінгі айлардағы инфляцияның өсуі (айына 4,4%) 20 қарашадан бастап Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 52,5%-ға. дейін арттыруына мәжбүр етті. Бұл өзгерістер өз кезегіндегі екінші деңгейдегі банктердің пайыздық саясатында да көрініп алды.
Ақша массасының көлемін тиімді мөлшерде ұстау қажеттілігімен туындайтын банктің өтімділігін реттеудегі міндетті резервтер деңгейі, 1995 ж. наурыз айында, теңге және шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелердің деңгейінің 20%-ын құрады. Ұлттық банк резервтеудің балама тәртібіне көшкен банктердің резервтері ұшін төлемдік принципін сақтады және оған төлейтін ақы мөлшері қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 25% деңгейде қалды.
1995 ж.
Ұлттық банк мемлекеттік
3.2 Ұлттық банк валюталық бағамы
Ұлттық банк жүргізген валюталық бағам саясаты нарықтық жағдайлардың қысқа мерзімді өзгерістерінен туындайтын теңгенің алмастыру бағамының (динамикасын) қозғалысын реттеуге бағытталған. 1995 ж. қазақстандық банкаралық валюта-қор биржасындағы АҚШ долларын сатып алу түріндегі Ұлттық банктің интервенциясы оларды нарықта сату формасындағы интервенциясымен сай келді.
1995 ж.
екінші жартысында өтімді