Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 18:28, курсовая работа
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құкықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде осы Заң Қазақстан Республикасының резиденттеріне қолданылады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................................3
І. ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Валюталық құқық жүйесі........................................................................................................4
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы........................................................................6
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы...............................................................7
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫ ТЕҢГЕ
2.1 Валюта тарихы.......................................................................................................................10
2.2 Жаңа теңгеге сипаттама........................................................................................................11
2.3 Жаңа теңге қорғанысы..........................................................................................................12
ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Ұлттық банктің қалыптасуы................................................................................................14
3.2 Ұлттық банк валюталық бағамы..........................................................................................15
3.3 Ұлттық валютаның қалыптасуы.........................................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................................19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................................21
Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:
тауарлар мен қызметкерге төлем мерзімі ұзартылмаған есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін ақша аудару;
экспорт-импорт мәмілелері бойынша 180 күннен аспайтын мерзімге кредит беруге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;
180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және кредиттер алу;
депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар бойынша ақша аудару және дивидендтер, пайыздар, тағы басқа кірістер алу;
сауда түріне жатпайтын ақша аударымдары, оған қоса гранттар, мұрагерлік сомалардың аударымдары, жалақы, зейнетақылар, алименттер және өзге операциялар.
Капитал қозғалысына байланысты операциялар мыналарды қамтиды:
инвестициялар;
жылжымайтын мүліктің мүліктік және басқа да құқықтарына төленетін ақша аударымдары;
180 күннен
астам мерзімге эксиорттық-
Валюталық операциялар: экспорт, импорт, қызметтер көрсету, капиталды инвестициялау, халықаралық, мемлекеттік және коммерциялық кредит, экономикалық көмек көрсету, елдің алтын-валюта резервтерінің қозғалысы, дипломатиялық және басқа органдарды ұстау, шетелдік іс-сапарлар, туризм, халықтың миграциясы, мемлекетаралық трансферттер, мәдени, ғылыми, техникалық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлері кезінде жасалады.
Елдегі пайдаланылатын барлық валюталық ресурстардың түсу көздері болуы тиіс, сондықтан сыртқы экокомикалық қызметтің аталған түрлерінің көбісі валюталық ресурстардың орнын толтырады, одан қаржыланады.
Валюталық
ресурстар қаржы ресурстарының құрамды
бөлігі болып табылады және ұқсас орталықтандырылған
(мемлекеттік) және орталықтандырылмаған
(шаруашылық жүргізуші субъектілердің
ресурстары) болып бөлінеді.
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы
Мемлекеттік валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:
экономиканың мемлекеттік секторының — кәсіпорындардың, ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.т. өнімін, тауарларын және қызметін экспортқа шыеарудан түскен түсім -ақшадан;
тауарлар мен жүктердің кеден шекарасы арқылы қозғалысы жөніндегі операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кеден баждарынан, басқа төлемдерінен;
келісімшарттардың, мәмілелердің, контракттардың шетелдік қатынасушылары төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін түсімдерден;
валюталық заңды бұзғаны үшін шетелдік валютада төленген айыппұлдар мен өсімнен;
шетел банктерінде және басқа қаржы ұйымдарына депозиттерді орналастырудан түсетін түсімдерден, сондай-ақ шетелдердегі мүлік пен активтерді пайдаланудан алынған табыстардан;
шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық және мем-лекетаралық қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан;
валютадағы гранттар мен тегін көмек түріндегі түсімдерден.
Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:
1) Ұлттық банк: "валюталық басқыншылықтарды — елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарларымен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін;
2) Қаржы
министірлігі: қарыздар туралы
3) Үкімет
органдары: мемлекеттік
4) Басқарудың
жергілікті органдары —
Меншіктің барлық нысандары компанияларының, фирмаларының және ұйымдарының валюта ресурстарының негізгі көзі экспортталатын өнімнен алынған валюталық түсім-ақша болып табылады. Бұрын валюталық түсім-ақшаның бір бөлігін кәсіпорын салықтар мен кеден баждарын төлегеннен кейін Ұлттық банкке оның белгілейтін бағамы бойынша сатуға, ал бір бөлігін уәкілетті банктер арқылы Ұлттық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта рыногінде сатуға міндетті болатын. Қазіргі кезде заң жүзінде белгіленген салықтар мен баждарды төлегеннен кейін қалған валюта занды тұлғалардың қарамағында қалады және иегердің немесе құрылтайшының қарап шешуі бойынша жұмсалады.
Экспорттық өнім өндірмейтін шаруашылық жургізуші субъектілер және валютаға мұқтаждары оны валюта рыноктерінде ұлттық валютаны айырбастау жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық-құқықтық түрлердің шаруашылық органдары валюта қорларын көбейте алады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта ресурстарын қалыптастырудың келесі көзі — банктердің валюта кредиттері. Өнім өндірумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын, басымдық сипаты бар, саланы, аймақты, жалпыұлттық шаруашылықты дамыту тұрғысынан маңызды немесе дамудың тиісті бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар, фирмалар үшін шетел банктерінен алынған кредиттерді елдің үкіметі кепілдендіре алады; Қазақстанда мұндай практика коммерциялық есеп қағидатын дамыту қажеттігімен және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану үшін жауаптылықтың оларды пайдалаушыларға ауысуымен байланысты бірте-бірте шектеліп келеді. Өндірістің осыған ұқсас бағыттарын
қаржыландыру үшін валюта қаражаттары компанияларға, фирмаларға үкімет шешімімен орталықтандырылған валюта ресурстарынан бөлінуі мүмкін.
Үлестік негіздерде әрекет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін (акционерлік, бірлескен, кооеративтік) валюта ресурстарын толықтыруға осы шаруашылық құрылымдары қатысушыларының валютадағы қосымша салымдары есебінен жетуге болады.
Валюта қаражаттары түсімдерінің мүмкін болатын келісім-шарттарды, арбитраж органдары белгілеген контраютар бойынша міндеттемелерді, басқа елдердің сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы сақтық өтемдерді орындамағаны үшін алынатын компенсациялар болып табылады.
Валюта ресурстарының аталған көздерінің қаражаттары жиынтығында шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта қорларын құрады, бұл қорлар субъектілер ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуының әр түрлі мақсаттарына пайдаланылады ("Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары"). Валюта қорларын пайдаланудың мүмкін бағыттары мыналар болып табылады:
1) дүниежүзілік
рыноктерде жұмыс істейтін
2) импортты
алмастыратын өнім өндіруді
3) валюталық
кредиттерді және оларды
4) мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдарға сыртқы рыноктерде операциялар жасауға жәрдемдесу жөніндегі қызметтері үшін комиссиялық сыйақылар төлеу;
5) капиталға қатысу ретінде шетелдік компаниялардың, фирмалардың қаржы және кредит мекемелерінің бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсау;
6) сыртқы
экономикалық міндеттемелер
7) ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін ұлттық валютаны сатып алу; 8) ұйым ұжымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтыну және мәдени-тұрмыстық арналымның шетелдік тауарларын, дәрі-дәрмектерді, медициналық жабдық пен саймандарды сатып алу (белгіленген нормативтерге сәйкес).
Иегерлердің немесе құрылтайшылардың қарап шешуі бойынша қаржы ресурстарының басқаша пайдалануы да мүмкін.
Заңды тұлғалар өздеріне қарасты валюта қорларын дамудың: өндірістік инфрақұрылымның, бірігіп пайдаланудың объектілері құрылысының, ғылыми зерттеулер жүргізудің және ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізудің, келешекке арналған жобаларды, ақпараттық жүйелерді, маркетингтік зерттеулерді қаржыландырудың және т.т. жалпы міндеттерін орындау үшін біріктіруге құқылы.
1993 ж. қараша айында Ұлттық банкке ұлттық валютаның енуімен ақша-несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым-қатынаста классикалық қағидаларды ендіруі, банктердің қызметтерін реттеу жүйесін нығайтуға қатысты толық жауапкершілік жүктелді.
Ұлттық
валютаның енгізілуі сәтінен
бастап, 1995 жылға дейін Орталық
банктік қызметін атқару, жүйе қызметін
реттеп отыратын нормативтік құжаттарды
қарастыру және қабылдау тұрғысындағы
дәстүрлерімен тәжірибесі жоқ Ұлттық
банк дербес түрде ақшалай-несиелік саясат
жүргізу тәжірибесін қолға алды. Бұл кезең,
соңдай-ақ ұлттық валютаның бағаларды
ырықтандыру саясатына орай шарттасылған
ақша-несие құралдарының және факторлардың
әрекетіне бейімделуі болатын. Сонымен
бір мезгілде, 1995 ж. 15 ақпан айында Қазақстан
Республикасы Президентінің қаулысының
бекітілген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы
банктік жүйені реформалаудың бірінші
бағдарламасы жасалынды.
II. Қазақстан Республикасының валютасы теңге
2.1 Валюта тарихы
Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды.
Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды:
1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар
1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар ,
1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар ( бастапқыда қағаздан жасалған ).
Кейіннен айналысқа :
1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар ;
1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар ;
1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ;
1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);
1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;
2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген),
2001 жылы :
2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар ( дизайны өзгертілген );
2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген );
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар ;
2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ).
2002 жылы :
2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;
1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.
- 2003 жылы :
2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.