Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 21:07, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.
КІРІСПЕ.............................................................................................................[3-5]
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты……………[6-12]
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі….[13-21]
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері………………………………...…[22-26]
2 «РЗА» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 «РЗА» АҚ-ның жалпы сипаттамасы…………………………………….[27-32]
2.2 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау…………………………...…[33-36]
2.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау…………………………….[37-40]
2.4 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау………………………[41-45]
2.5 Кәсіпорынның табыстылығын талдау…………………………………..[46-49]
2.6 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау………………….[50-53]
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………[54-55]
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….[56]
ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………….[57-70]
Қоғамдағы құрылыс жұмыстарын атқаруға қажетті барлық техникалар, мамандар тартылып қамтамасыз етілген. Атырау қаласындағы халықаралық стандартқа сай сертификаты бар «Шеврон Мұнай газ ИНК» зауытынан полиэтилен су құбыры, дәнекерлеу аппараттары, Ресейден жаңадан экскаваторлар, бульдозерлер, Украйнадан КрАЗ-6510-0000010-01 (самосвал) автокөліктері сатып алынып, пайдалануға берілді; арнайы мамандар оқытып-үйретілді.
«Рза» АҚ-да жыл сайын Халықаралық Әйелдер күні, 22 наурыз Ұлыс тойы, Жеңіс күні, Жаңа жыл және басқа да мерекелер аталып өтеді, бірнеше жылдан бері 70 еңбек ардагерлерін аймақтық «Тұран Қазалы» газетіне мекеменің қаражаты есебінен жазу жұмыстары жүргізіледі.
Мүгедектерге, жетім-жесірлерге, қаріп-қасерлерге, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларына отын-суына, дәрі-дәрмекке, басқа да тұрмыстық шығындарын жабуға қайырымдылық көмек; аудандық әйелдер кеңесінің жанынан шығатын «Ару-Ана» газетіне; талантты жастарды қолдауда демеушілік көмек көрсетіліп келеді.
2 кесте – «РЗА» АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштері
№ | Негізгі көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2008 жыл |
2009 жыл |
Өзгеріс (+ ; -) | ||
мың тг. | үлес салмағы, % | ||||||
1 | Өткізілген өнімнен түскен түсім | мың тг. | 3058685 | 2487431 | -571254 | -18,7 | |
2 | Өнімнің өзіндік құны | мың тг. | 2710081 | 2350838 | -359243 | -13,3 | |
3 | Жалпы табыс | мың тг. | 348604 | 136593 | -212011 | -60,8 | |
4 | Кезең шығындары | мың тг. | 148990 | 115962 | -33028 | -22,2 | |
5 | Негізгі қызметтен түскен табыс | мың тг. | 199614 | 30000 | -169614 | -84,9 | |
6 | Негізгі емес қызметтен түскен табыс | мың тг. | - | - | - | - | |
7 | Салыққа дейінгі жиынтық табыс | мың т. | 199614 | 30000 | -169614 | -84,9 | |
8 | Таза табыс | мың тг. | 196746 | 24000 | -172746 | -87,8 | |
9 | Өткізілген өнімнің 1 тг кеткен шығыны | теңге | 88,6 | 94,5 | 5,9 | 6,7 | |
10 | Өнім рентабельділігі | % | 7,3 | 1,02 | -6,28 | -86,03 | |
11 | Сату рентабельділігі | % | 6,43 | 0,96 | -5,47 | -85,1 | |
12 | Өндіріс рентабельділігі | % | 24,6 | 2,2 | -22,4 | -91,1 | |
13 | Жұмысшылардың орташа тізім саны | адам | 400 | 420 | 20 | 5 | |
14 | Жұмысшылардың еңбекақы қоры | мың тг. | 1224157 | 1565149 | 340992 | 27,9 | |
15 | Жұмысшылардың орташа еңбекақысы | теңге | 29835 | 36331 | 6496 | 218 | |
16 | Негізгі құралдардың орт. жылдық құны | мың тг. | 326603 | 606460 | 279857 | 85,7 | |
17 | Айналым құралдардың орт. жылдық құны | мың тг. | 474745 | 480380 | 5635 | 1,2 | |
18 | Қор қайтарымы | теңге | 9,37 | 4,1 | -527 | -56,2 | |
19 | Қор сиымдылығы | теңге. | 0,11 | 0,24 | 0,13 | 118,2 | |
20 | Қормен қарулану | мың тг. | 816,5 | 1443,9 | 627,4 | 76,8 | |
Ескерту - «РЗА» АҚ-ның жылдық есеп мәліметтері негізінде есептелді |
2-кестені қарастырсақ екі жылдың арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Сол көрсеткіштерді бір-бірімен салыстырып, анықтап талдап көрейік. Өткізілген өнімнен түскен табыс есепті жылды базалық жылмен салыстырсақ, ауытқу -571254 мың тг құрап, 18,7 пайыз теріс өзгеріс алып келді. Өнімнің өзіндік құны - шикізаттарға шығындардың өсуіне байланысты 13,3 пайызға кемуімен байқалса, жалпы табыстың сальдосы -212011 мың тг құрап отыр. Кезең шығындарына тоқталсақ, бұл 2008 жылы 148990 мың тг құраса, 2009 жылы 115962 мың тг құрап -33028 мың тг, яғни 22,2 пайызға азайып отыр. Бесінші көрсеткіш негізгі қызметтен түскен табыс 2008 жылды 2009 жылмен салыстырғанда 84,9 пайызға төмендеді. Салыққа дейінгі жиынтық табысты қарайтын болсақ, 2008 жылды 2009 жылмен салыстырсақ, 15,1 есе теріс өзгеріс байқалады. Бұл жалпы есепті жылы табыстың айтарлықтай төмендеуі және шығындардың көбеюі қатты әсер етті. Сегізінші көрсеткіш таза табысқа келетін болсақ, корпоративтік төлемнен кейін 2009 жылды өткен жылмен салыстырсақ -172746 мың тг болып 87,8 пайыз төмендеді. Өткізілген өнімнің 1 тг кеткен шығыны 2008 жылы 88,6 болса, 2009 жылы ол 5,9 мың тг өсіп, 6,7 пайызға жоғарылаған. Келесі көрсеткіштеріміз кәсіпорынның рентабельділігімен тығыз байланысты өнім және сату рентабельдіктеріне келетін болсақ, бұлар 86,03-85,1 ге дейін төмендесе, өндіріс рентабельділігі бұдан да үлкен айырмашылықты 91,1 пайыз теріс нәтижені көрсетіп тұр. Бұл өзгеріс кәсіпорынның үлкен шығындарымен және таза табыстың азаюымен түсіндіріледі. 2008 жылы 400 адам болса, ал 2009 жылы 5 % артып 420 адамға жеткен. Сәйкесінше бұл өзгеріс жұмысшылардың еңбекақы қорына өз ықпалын тигізіп отыр, мұндағы ауытқу 6496 мың тг құраған. "РЗА" АҚ-ның жұмысшыларының орташа айлық еңбекақысы екі жыл көрсеткіштерін салыстыра келе 6496 мың теңгеге өскен, нәтижесінде есепті жылы 21823,1 теңге болып отыр. Кәсіпорындағы негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2004 жылы 143132,0 мың теңге.
Келесі қарастыратын көрсеткішіміз ол қор сыйымдылығы, яғни 1 теңге өнім көлеміне қанша негізгі қор келетінін көрсетеді. Қор сыйымдылығы – бұл өте қажет көрсеткіш, ол капитал салымдарының үнемдеуімен немесе олардың ұлғаюымен байланысты. Қолданылған негізгі капиталдың деңгейі бір жағынан кәсіпорынның қор құрылымын құруда қолданылатын прогрессивті технологиялық политикасы. Ал екінші жағынан өнім шығару өндірісінде ұйымдастыруы мен технологиясы. Бұл жағдайда басшылар негізгі қорлардың нақты қалай қолданатынын білу керек екендігін көрсетеді.
Бұл
мақсаттар үшін негізгі капиталды қолдануды
бағалайтын көрсеткіштер жүйесі қолданылады.
Олардың ішінде ең маңыздалары қор қайтарымдылығы,
қор сиымдылығы көрсеткіштері. Қор қайтарымдылығы
өткізілген өнімнен түскен түсімнің негізгі
құралдарына қатынасына тең.
2.2
Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау
Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кә-сіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық
есептің маңызды элементі болып саналатын
активтерді, талдау барысында, осы активтердің
нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және
олар-да болған өзгерістер зерттеледі.
Активтердің жалпы құрылымын және оның
же-ке топтарын талдау, олардың рационалды
таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің
өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы
дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы
кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алай-да, кәсіпорын мүлік құныньщ өсу себептерін
талдағанда, жоғары деңгейі ба-ланстық
есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты
көрсеткіштерден айтар-лықтай ауытқуына
әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру
қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны
есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық
құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық
есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік
қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта
бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың
құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен
болатыны күмәнсіз.
Баланс
мәліметтері бойынша
3 кесте - «Рза» АҚ-ның баланс активтерінің құрамы мен құрылуы
|
Кесте
мәліметтерінен активтердің нақты құнын
көрсететін баланс валютасы-ның есепті
жылы 253486 мың теңгеге немесе 58,68%-ға өскенін
көруге болады. Бұл кәсіпорын дамуының
оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді
талдай отырып, олардың қалай таратылғанын
және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін,
сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы
мен оның негізгі құралдарының жағдайын
және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін
(іске тартылу деңгейін) анықтау қажет.
2-кестеде
ағымдағы активтердің үлесі жыл басында
4,82 пунктке өссе (52,41-47,59), жыл аяғында ол
17,12 пунктке (41,44-58,56) дейін төмендеді.
Осы көрсеткіштен
кейін баланс валютасындағы ағымдағы
активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы
активтер құнының кәсіпорынның барлық
мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын
кәсіпорын активтерінің іске тартылу
(мо-бильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды
өтеуге арналған қаражат үлесін си-паттайды.
Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның
үздіксіз жұмыс-ты қамту және кредиторлармен
есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі.
Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив
құрылымындағы жағымды өзгеріс болып
табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді
(іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының
жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің
өскенді-гін көрсетеді.
Талдау
жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл
коэффициенттің деңгейі жыл басында
0,52 (474745:905861), ал жыл соңында 0,04 (480380:1159347)
құрады. Кәсіпорын активтерін таратудың
тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш
- мобильді және иммобильді қаражаттар
қатынасының коэффициенті. Ол ағым-дағы
активтер құнын ұзақ мерзімді активтер
құнына бөлу арқылы анықталады.
Бұл
қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі,
кәсіпорынның салалық ерек-шіліктеріне
байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда
берілген көрсеткіштің дең-гейі 0,5-тен
төмен болмауы тиіс.
Талданып
отырған кәсіпорында бұл
Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалы-ның маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.
Кәсіпорын
мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі
құралдардың нақты құны-ның (қалдық) үлес
салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады.
Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік
қызметінің көлемін анықтаудағы басты
бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің
жалпы жиынындағы Негізгі құ-ралдардың
нақты құнының коэффициентінің мөлшері
баланс активтерінің бар-лық сомасының
50 пайызынан кем болмауы тиіс.
Біздің
мысалымыз бойынша баланс валютасындағы
негізгі құралдардың қал-дық құнының үлесі
жыл басында – 36,05%-ды, ал жыл соңында –
52,31%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің
теориялық мәнінен 16,26 пунктке асып отыр.
Әрі
қарай ағымдағы активтердің құрамы мен
құрылымын талдау қажет. Кес-теде келтірілген
мәліметтер кәсіпорынның ағымдағы активтерінің
жағымсыз динамикасын көрсетеді. Оларды
жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей
қортындыларды жасауға мүмкіндік береді.
Ең мобильді активтер-яғни ақша қа-ражаттары
бір жылда 86315 мың теңгеге немесе 37,4%-ға
кеміген.
Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 70,82%-ға көбейді және ол жыл аяғында 298018 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 6,45 (25,71-19,26) пунктке азайған. Бұл жағдай материалды айналым каражаттары-ның құрамында сұраныс жоғары және де сол себептен өтімділігі жоғары болып табылатын материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, шикізат қорлары, материалдар жеткілікті екенін көрсетеді.