Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 21:07, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.
КІРІСПЕ.............................................................................................................[3-5]
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты……………[6-12]
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі….[13-21]
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері………………………………...…[22-26]
2 «РЗА» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 «РЗА» АҚ-ның жалпы сипаттамасы…………………………………….[27-32]
2.2 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау…………………………...…[33-36]
2.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау…………………………….[37-40]
2.4 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау………………………[41-45]
2.5 Кәсіпорынның табыстылығын талдау…………………………………..[46-49]
2.6 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау………………….[50-53]
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………[54-55]
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….[56]
ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………….[57-70]
Нарық
қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі
және оның дамуы көбі-не өзін өзі қаржыландырумен,
яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге
асырылады. Тек ол капитал жетпегенде
ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде
қиын болса да сырттан тартылған капиталдан
қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын
алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес.
Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы
активтерінің құрастырылу көздерін шектеу
керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны
қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір
кезең-дерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден
жоғары, яғни қосымша қажеттілік ту-ғанда,
ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен
және коммерциалық несиеле-рімен жабылады.
Активтердің
қорлану көздерін талдау кезінде
меншікті және қатыстырылған капиталдың
көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру
кезеңіндегі олардың өз-геру себептері
анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде
өз меншігіндегі капи-талға басты назар
аударылады, себебі өз қаражаттарының
қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының
барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капитал-дың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсет-кіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, ав-тономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффи-циентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтай-ды: Ктс = Мк:Ак
Мұндағы:
Ктс
- тәуелсіздік коэффициенті;
Мк
- меншікті капитал;
Ак
- авансталған капитал (баланс валютасы
жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).
Бұл
коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық
тәуелсіздігі жоғары екен-дігін көрсетсе,
алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың
азаятындығын көр-сетеді.
Батыс
экономистері тәуелсіздік коэффициентінің
неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс
деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің
тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік
береді. Инвесторлар, несие берушілер
дәл осындай құры-лымды таңдайды, себебі
ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің
кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның
қаражаты көп болса, соғұрлым үздік-сіз
жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында
алға шығуға көмектеседі. Сон-дықтан кәсіпкерлер
әр түрлі резервтерді құру жолымен және
жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей
қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге
тырыса-ды.
Қаржылық
талдаудан кітаптардың бірқатар авторлары
инвесторлар мен не-сие берушілерді қамтамасыз
ететін, меншікті капиталдың оның жалпы
сомасы-на қатынасының ең аз мәні 0,6 болып
табылады деп есептейді.
А.Д.Шеремет,
А.М.Ковалев; В.П.Привалов, О.В.Ефимова және
тағы басқа-лар бұл көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі
мәні кәсіпорынның барлық міндеттемеле-рін
өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете
алатын ең теменгі көрсеткіш бола алады
деп санайды.
АҚШ
және Еуропа елдерінде тәуелсіздік
коэффиентінің жоғары жетерлік деңгейі
болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың
баланс валютасына қатынасы саналады.
Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелдігі
төмен бола-ды: өз қаражаттарынан қалыптастырылған
мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған
каражаттар салынған, екінші жартысы кейбір
себептермен құнсыздан-ған болса да), кәсіпорын
өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына
болады.
Жабдықтаушылар
мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық
міндет-темелер қатаң сақталатын және
фирманың атағына үлкен мән берілген нарық-тық
экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік
коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды
қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге
болады).
Жоғарыда
келтірілген меншіктік
Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер капиталдың аванс-талынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капитал-дың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылы-мын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және мен-шіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қыскарғанын көрсетеді. Бірақ бі-рыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивидент-тердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражаты өсірген дұ-рыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс.
Әрине,
авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда
қарастырылған жағ-дайларға тәуелді болады.
Каржылық
есеп берудің активтерінің қалыптасу
көздерінің құрылымын зерт-теу үшін келесідей
талдау 5-кестесі құрылады.
5 кесте - «Рза» АҚ-ның авансталынған капиталының құрамы мен құрылуы
Көрсеткіштер | Сомасы, мың тг. | Құрылымы, % | Өзгеріс (+;-) | |||
Жыл басында | Жыл соңында | Жыл басында | Жыл соңында | Мың тг. | Үлес салмағы% | |
Меншікті капитал | ||||||
Жарғылық капитал | 48550 | 48550 | 5,4 | 4,2 | 0 | |
Резервтік капитал | 52318 | 52318 | 5,8 | 4,5 | 0 | |
Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) | 399426 | 423426 | 44,1 | 36,5 | 24000 | 6 |
Жиыны | 500294 | 524294 | 55,3 | 45,2 | 24000 | 4,8 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер | 74660 | 447206 | 8,2 | 38,6 | 372546 | 498,9 |
Қысқы мерзімді міндеттемелер | 330907 | 187847 | 36,5 | 16,2 | -143060 | -43,2 |
Жиыны | 405567 | 635053 | 44,7 | 54,8 | 229486 | 56,6 |
Барлығы | 905867 | 1159347 | 100 | 100 | 253486 | 61,4 |
Ескерту - «РЗА» АҚ-ның жылдық есеп мәліметтері негізінде есептелді |
5-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 253486 мың теңгеге немесе 61,4%-ға төмендегені көрініп тұр. Тәуелсіздік коэффициенті 0,553-ден 0,452-ге дейін немесе 0,101 пунктке өскен. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) аз да болса жақсарғанын көрсетеді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатысты-рылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлел-дейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады: Кт = Қк:АК немесе Кт = 1 - Ктс
Мұндағы:
Кт - тәуелділік коэффициенті;
Қк
- қатыстырылған капитал;
Ак
- авансталған капитал (баланс валютасы,
жиыны);
Ктс-
тәуелсіздік коэффициенті.
Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың
үлесін
сипаттайды.
Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы каржыландыру көзде-рінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі 2008ж Кт=0,447 (1-0,553)
2009ж Кт =0,548 (1-0,452) болды.
Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті ка-питалдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады: Кқ = Мк:Қк
Мұндағы:
Кқ - қаржыландыру коэффициенті;
Мк
- меншікті капитал;
Қк
- қатыстырылған капитал.
Бұл коэффициент
жоғары болған сайын, соғұрлым банктер
мен инвесторлар қаржыландыруға
соғұрлым сенімді кіріседі.
Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржы-ландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымыз-да бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:
2008ж Ққ = 1,2 (500294:405567)
2009ж
Ққ = 0,8 (524294:635053)
Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңі-нен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасы-мен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициен-ті: Кқ/м = Қк:Мк
Мұндағы: Кқ/м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының
коэффициенті;
Қк
- қатыстырылған капитал;
Мк-меншікті
капитал.
Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әр-бір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорыны-мызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:
2008ж
Кқ/м = 0,8 (405567:500294)
2009ж
Кқ/м = 1,2 (635053:524294)
Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 80 тиынын тарт-қанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік са-лымдардың әрбір теңгесіне 12 тиынға дейін азайған.