Қаржы теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:14, курсовая работа

Описание работы

Кәсiпорындарды ұйымдық-құкықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң нәтижелерiне әкеп соғады.

Содержание

Курстық жұмысқа берілген тапсырма

Кіріспе
3
1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
4
1.1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру


1.2 Коммерциялық емес қызметтін ұйымдары мен мекелердін
қаржыландырудың көздері

7
1.3 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары.
9
2 Шаруашылық жүргізүші субъектілердің негізгі ұйымдық-құықтық нысандары

14
2.1 Шаруашылық серіктестіктері

2.2 Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар
15
2.3 Кооперативтер
17
Қорытынды
20
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы курсовой.doc

— 216.00 Кб (Скачать)
le="text-align:justify">−   ерікшелiктерi бар заңи тұлғаның акционерлiк капиталына салынған басқару органдарының инвестициялары болып табылатын төлемдерi.

«Қаржыландыру» санаты мына iшкi сыныптады кiрiктiредi:

−   өзгешелiктерi бар iшкi борышты өтеу: мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiне қарыз борышты өтеу, iшкi рынокқа орналастырылған мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша борышты өтеу, басқадай iшкi борышты өтеу;

−   кәсiпорындар мен алықтың арасында орналастырылатын ішкі қарыздарды өтеу;

−   сыртқы борышты өтеу.

Коммерциялық емес қызметтің жеке бағыттары мен түрлерi үшiн өзiндiк сипаты бар шығындарды құрайтындардың басым болып келуi оған тен қасиет. Мысалы, халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарында, әсiресе үй шаруашылығына берiлетiн трансферттердiң өзiндiк салмағы жоғары. Бұған балалары бар отбасына берiлетiн жердемақылар, тұрмыс құнының қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға өтемақылар, соғыс ардагерлерiне, экологиялық апаттардың нәтижесiнде азап шеккен азаматтарға берiлетiн әр түрлi өтемақылар және тб. жатады.

Денсаулық сақтаудың емдеу мекемелерiнде сипапы шығыстар дәрiлiк заттар мен тану құралдарына, тағам өнiмдерiне, жұмсақ жабдыққа жұмсалатын шығыстар болып табылады

Қорғаныс жүйесiнде әскери арналымдағы тауарлар мен әскери техниканы сатып алуға, азық-түлiкпен қамтамасыз етуге, әскери қызметшiлердiң ақшалай жабдықталымын төлеуге жұмсалатын шығындар маңызды орын алады.

Кәсiподақ, партия, қоғамдық қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар шығыстарының құрамында съездерге, конференцияларға, митингiге дайндалу және оларды өткiзуге, үгiт-насихат жұмысын жүргiзуге жұмсалатын шығыстар сипатты шығыстар болып табылады. Ардагерлердiң қоғамдық ұйымдарында олардың қатысушыларына материалдық қызмет көрсету шығыстары басым болады.

Мәдени-ағартушылық мекемелерде (кiтапханаларда, мұражайларда, тұрақты көрмелерде) едәуiр қаражаттар кiтап қорларын, экспонаттарды, коллекцияларды толықтыруға жұмсалады.

«Күрделi шығыстар» санаттарына жұмсалатып шығыстар күрделi құрылыс, негiзгi өндiрiстiк емес қорларды жасау мен молайтуды жүргiзетiн, сондай-ақ оларды күрделi жөндеу туралы жұмыс қабiлеттiлiгiнде ұстауды жүзеге асыратын қызметтiң коммерциялық емес түрлерiнiң барлық ұйымдары мен мекемелерi үшiн сипатты болады. Бұл санат бойынша сондай-ақ материалдық активтерге, жерге құкықты сатып алуға жұмсалатын шығыстар, қаржы мекемелерiнің жарғылық қорына төленетiн жарналар тiркеледi.

«Кредит беру, үлескерлiкпен қатысу» санаты бойынша шығыстар басқа экономикалық бiрлiктердi несиелендiрудi, олардың айналысқа шығарылған бағалы қағаздарын сатып алуды, мемлекеттiк кәсiпорындарға, қаржы мекемелерiне, жекеше кесiпорындарға түрлi кредиттер берудi жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелер үшiн қарастырылады.

«Қаржыландыру» санаты бойынша шығыстарды iшкi және сыртқы берешектердi өтейтiн ұйымдар мен мекемелер, негiзiнен мемлекеттiк және үкiметтік құрылымдар жүзеге асырады.

Өндірiстiк емес сфера салаларына бағытталған қаражаттардың көлемi олардың қызметiнiң нәтижелерiне қоғамның қажеттілiктерiмен, сондай-ақ өндiрiлген ұлттық табыспен анықталады. Алайда қазiргi кезде ол көбiнесе мемлекеттік бюджеттiң ахуалына, жүргiзiлiп отырған қаржы саясатына байланысты болып отыр.

Әлеуметтiк-мәдени шараларды қаржыландырудың ондаған жылдар бойы үстем болған «қалдық қағидаты» өзiнiң шамасыздығын әлдеқашан дәлелдегенiне қарамастан әлi де орын алып отыр. Сонымен бiрге өндiрiстiк емес салалардың материалдық өндiрiске ұдайы өндiрiстi жұмыс күшiмен қамтамасыз ете отырып, белсендi ықпал жасап отыратынын ұмытуға болмайды.

Нарық жағдайында жалпы экономиканың, жеке шаруашылық жүргiзушi субъектiсiнiң қаржылық бақылауды қоғам дамуыны басқа кезеңдерiнен де үлкен дәріжеде қажетсiнетiнiн шет елдердiң тәжiрибесi, республиканың өзiндiк тәжiрибесi көрсетiп отыр.

Мемлекеттің алдында жан-жақты, жүйелi, кешендi бақылауды, соның iшiнде қаржылық бақылауды да ұйымластыру мiндетi туып отыр. Бұл шаруашылық жүргiзушi барлық субъектiлер мен оларлық қаржы-шаруашылық қызметiнiң барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиiс дегендi бiлдiредi. Қойылып отырған мiндеттi iске асыру үшiн қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиiс:

−   мемлекеттiк бақылауды нығайту;

−   тәуелсiз аудиторлық бақылауды дамыту;

−   түрлi бақылаушы орғандар мамандаршның еңбегiн компьютерлендіру;

−   бақылауды барлық органдарының қызметiн үйлестiру және басқалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Шаруашылық жүргізүші субъектілердің негізгі ұйымдық-құықтық нысандары

 

2.1 Шаруашылық серіктестіктері

 

Қазақстан Республиқасы Президентiнiң «Шаруашылық серiктестiктерi туралы» заң күшi бар жарлығына сәйкес шаруашылық серiктестiгi — жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серiктестіктің мынадай нысандары белгiленген:

1) толық серiктестiк;

2) сенiм серiктестiгi;

3) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;

4) қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк;

5) акционерлiк қоғам.

Сенім серіктестігі өзінің бүкіл мүлкімен серіктестіктің міндеттемелерді бойынша қосымша жауапкершілікті ниеттестікпен алып жүретін қатысушыларды және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне қатыспайтын жаупкершілігі шектелінген қатысушыларды кіріктіреді.

Толық серіктестiктiң пайдасы мен залаллары қатысушылар арасында, егер құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, олардың серіктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесiнiң мөлшерiне бара-бар бөлiнедi; сенім серіктестiгi мен жауапкершiлiгi шектеулi серіктестiкте де осылай бөлінеді.

Ационерлiк қоғамдар туралы Қазақстан Республиқасының заңына сәйкес өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражаттарды тарау мақсатымен акциялар шығаратын заңи тұлға акционерлiк қоғам деп танылады.

Қаржы қатынастарынын акционерлiк қоғамға сәйкес белгiлi бiр ерекшелiктерi акцияларды өндiрiстiк және коммерциялық қажеттiлiктердi қаржыландыру ретiнде қолданғанда көрiнедi. Бұған акционерлiк қоғамдар қызметiнiң ұйымдық нысандарының әр алуандығы (халықтық акционерлiк қоғам) мүмкiндiк туғызады. Қаржыны ұйымдастыруға акциялар категорияларының (кәсiпорынның акциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерлiк қоғамдардың акциялары), олардың түрлерiнiң (артықшылықты, жай акциялар) әр алуандығы әсер етедi.

Акционерлiк қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырылған тәртiппен анықталады. Таза табыс (салықтарды төлегеннен кейiн) қоғамның қарамағында қалады және акционерлердiң арасында дивидендтер түрiнде бөлiнедi, резервтерге, өндiрiстi дамытуға немесе қоғам жиналысының шешімiмен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады.

Меншiктiң акционерлiк нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде тиiмдi жұмыс iстеуде және дүниежүзiлiк практикада көпшiлiкке танылған нысан болып табылады. Ол ұсақ меншiк иелерiнiн көпшiлiгiн — акция ұстаушыларды қазiргi кезеңде кәсiпорындардын немесе салалардың қаражаттарын неғұрлым тиiмдi қалыптастыруға қатысуға араластырады (тартады), қаржы ресурстарының қызметтін аса басымырақ сфераларына қайта құйылымына мүмкiндiк жасайды. Акционерлiк нысаннын құндылығына қаражаттарды жеке иелерi үшiн, тiптi жеке қаржы институттары үшiн қиын болатын жеткілiктi iрi кәсіпорындарды құру мүмкiндiгi жатады. Акционерлiк кәсіпорынның көлемi тек оның нарықтық сұранымның ауқымымен, басқарушылықпен, рыноктың даму перспектива-ларымен ғана сәйкестенедi.

 

 

2.2 Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар

 

Экономикада едәуiр орынды мемлекеттiк сектор алады. Бұл секторда кәсіпорындардың мынадай тұрлерi жұмыс iстейдi:

1) шаруашылық жүргiзу құкығына негiзделген кесiпорындар; бұл құкық мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және осы мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құкықтарын заңнамада белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсіпорынның заттық құкығы болып табылады;

2) жедел басқару құкығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсіпорындар. Бұл құкық қазыналық кәсіпорынның меншiк иесiнен алған және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмалары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес заңнамалық актiлерде белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын заттық құкық болып табылады.

Мемлекеттiк меншіктiң түрiне қарай кәсiпорындар:

1) республика меншiгiндегi кәсiпорындар — республикалық мелмлекеттiк кәсіпорындар;

2) коммуналдық меншiктегi кәсiпорындар — коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар болып бөлiнедi;

Басқа мемлекеттiк кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсіпорын еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.

Мемлекеттiк кәсіпорын үшiн мемлекеттiң тапсырмасын орындау мiндеттi болып табылады. Мемлекеттiк кәсіпорындар қызметiнiң негiзгі мiндет-мақсаты (арналымы) қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлуеметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады, олар:

1) мемлекеттiң қорғаныс қаблетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесiн қорғау;

2) экономиканың жеке меншiк секторы қамтыған немесе жеткiлiксiз қамтылған қоғамның өндiрiстiң сфералары мен салаларында бiрiншi қажеттіктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);

3) мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттiң функциясы болып табылатын сфералардағы қызметті жүзеге асыру.

Кәсіпорынға қатысты уәкілдi орган меншiк иесiнiң және мемлекеттiк басқару органдарының басқару функцияларын орындайды.

Меншiк иесi кәсіпорынды құру, оның қызметiнің предметi мен мақсаттары, қайта ұйымдастыру және тарату, мүлiктiн сақтадуын бақылау мәселелерiн шешедi. Меншiк иесiнiң кәсіпорын мүлкін пайдаланудан түскен таза табыстың бір бөлiгiн алуға құкығы бар.

Меншiк иесiне аударуға жататын таза табыстын үлесi уәкiлдi органның Қаржы министрлiгiмен келiсiлген пайданы бөлудiң жыл сайын анықталатын таза табысты бөлу нормативiнде белгiленедi.

Мемлекеттiк кәсіпорындардың мүлкiн негiзгi құрал-жабдықтар мен айналым қаражаттары, сондай-ақ кәсіпорынның дербес балансында көрестiлген құндылықтар құрайды. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiктiң, өз қызметi нәтижесiнде сатып алған мүлiктi (ақшалай табыстарды қоса), заңдармен тыйым салынбағая өзге де көздер есебiнен қалыптасады.

Шаруашылық жүргiзу құкығындағы мемлекеттіх кәсіпорын қызметтiң сан алуан сферасында құрылып, iс-әрікет етуi мүмкiн.

Кесiпорын өндiретiн тауарлардың (атқарылатын жұмыстардың, көрестiлетiн қызметтердiң) бағалары кәсіпорынның оларды өндіруге кеткен шығындарды толық өтеуге, оның қызметiн шығынсыз етуге және оз кiрiс есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиiс.

Мемлекеттiк тапсырысты орындау есебiне кәсіпорын өндiретін және өткiзетiн тауарлардын (жұмыстардың, қызметтердiң) бағаларын уәкiлдi органның келiсуi бойынша жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып белгiлейдi.

Кәсіпорын мемлекеттік тапсырыстан тыс өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардын, қызметтердiң) бағасын өзi дербес белгiлейдi.

Кәсіпорын өз қызметiнен алған меншiктi табыстар есебiнен ұсталады. мемлекеттiк кәсiпорынға қаражат заңнамада көзделген тәртiппен берiледi.

Кәсіпорын иесiне аударылуға тиiс табыстың (пайданың) үлесi жыл сайын уәкiлдi орган Қаржы министрлiгiнiң (тиiсiнше — оның жергiлiктi органдарымен) келiсiмi бойынша белгiленетiн пайданы бөлудiң нормативiнде көрсетiледi және тиістi бюджеттердiң кiрiсiне аударылады.

Жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк мүлiкке не кәсіпорын қазыналық болып табылады.

Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару және өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, өрттен, су тасқынынан және басқа сұрапыл апаттардан қорғау;

2) заңнамада қаржыландырудың арнайы тәртiбi белгiленген мемлекеттiк автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектiлерiнiн жүйесiн ұстау мен дамыту;

3) пошта байланысы мен телекоммуникация, жалпы республикалық және халықаралық байланыс желiсiн пайдалану саласындағы қызмет;

4) топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу;

5) деңсаулық сақтау, табиғатты қорғау, бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау, ғылым және мәдениет сферасында өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру үшiн құрыла алады. Қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (атқаратын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң) бағаларын уәкiлді орган белгiлейдi. Қазыналық кәсiпорындардын қызметi уәкiлді орган бекiтетiн смета бойынша өз табысының есебiнен қаржыландырылады. Кәсiпорынның меншiктi табыстары оның шығындарын жабуға жеткiлiксiз болған жағдайда қажеттi жетпеген қаражаттар тиiстi бюджеттен бөлiнедi.

Қазыналық кәсіпорының сметадан тыс алған табыстары тиiстi бюджетке аударылуға жатады.

Еншілес кәсіпорын — өз мүлкiнiң есебiнен басқа мемлекеттік кәсiпорын құрған заңи тұлға. Еншілес кәсіпорындар құру құкығын шаруашылық жұгiзу құкығындағы кәсiпорындар ғана пайдалана алады.

Информация о работе Қаржы теориясы