Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2010 в 16:14, курсовая работа
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты — бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай — күйі де осындай тәртіппен реттеледі. Фискалдық саясат мақсаты ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.
Бір жағынан, дағдарыстық құбылыстардың терең себептерін және екінші жағынан, өндірістің қүлдырауына қарсы іс-әрекет ету механизмдерін анықтау тұрақты дағдарыссыз дамудың негізгі қағидаттарын айырып, ажыратады, оларды қолдану келеңсіз факторлардың әсерін айтарлықтай төмендетуге және тіпті экономикалық жағдайдың жалпы дүниежүзілік нашарлау кездерінде де экономикалық өсуді қолдап отыруға мүмкіндік береді.
Салықтар саласындағы фискалдық саясат олардың ықпал етуінің екі бағытын қарастырады: сұранымга (кейнстік үлгі), ұсынымга (ұсыным теориясы). Бірінші жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұраным артады. Бүл ұлттық өнімнің көлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни инфляцияның қарқыны тездейді.
Екінші жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді, өйткені халықтың табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердщ өндірісті инвестициялауы өседі. Қызметкерлердің аз табыс салығы жалақысы көбейтіп, еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мұның өзі өндірістің үлғаюына жеткізеді, бүл ұлттық өнімнің өсуін бағалардың төмендеуін білдіреді.
Мұнан басқа "ұсыным экономикасының" теориясы салықтардың аса төмен мөлшерлемелері салықтық түсімдердің сомаларын қысқартуға міндетті еместігін, керісінше, салық базасын кеңейту — ұлттық өндіріс пен табыстың көбеюі есебінен оның өсуіне жеткізетіндігін көрсетеді.
Салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі ретінде американ оқымыстылары — "ұсыным экономикасының" өкілдері А. Лаффэр және басқалары әзірлеген салық салудың үдемелілігі мен бюджет кірістері арасыңдағы тәуелділік қызмет атқарады.
Бүл теорияға сәйкес салық мөлшерлемелерінің белгілі бір шекке дейін өсуі салықтық түсімдердің кірістердің өсуіне мүмкіндік туғызады, одан кейін өсу бәсендейді, сонан соң бюджеттің кірістері кенет құлдырайды. Бұдан экономиканы, ең алдымен инвестициялық белсеңділікті ынталандырудың міңдетін салық ауыртпалығын түбегейлі жеңілдетудің жолдарынан іздестіріп, шешу керек деген жалпы түйін жасалынған. Экономиканың қозғаушы күші, бүл оқымыстылардың пікірлері бойынша бұл рыноққа бағытталған экономикалық қарекеттегі шаруашылық агенттерінің ынталылығы. Егер бұл қарекет оларға пайдалы болса, оңда ұдайы өндіріс интенсивті қарқындарда жүзеге асырылатын болады. Лаффэрдің ойы бойынша, бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың табыстарының бүкіл сомасының 30%-ынан артық алуға болмайды. Егер табыстың 40-50% алынатын болса, онда бұл жинақ ақшаны, сонымен бірге экономиканың жекеше секторындағы инвестицияны да қысқартады.
Американ ғалымдарының пікірлері бойынша, егер салықтардың мөлшерлемесі белгілі бір, айтарлықтай жоғары деңгейге жететін болса, онда өндірісті ұлғайтуға, кәсіпкерлік бастамаға арналған ынталандырмалар қысқарады, пайда азаяды және, тиісінше, бюджетке түсетін салық түсімдері төмендейді. Сөйтіп, қисық сызық салықтар мөлшерлемелерінің шамасы мен олардың есебінен мемлекеттік бюджетке қаражаттардың түсуі арасындағы өзара байланысты қамтып көрсетеді. Салықтың мөлшерлемесі артқан кезде мемлекеттің кірістері салықтар есебінен алғашқыда көбейеді. Егер салық мөлшерлемесі бір шекарадан — тары төмен адамдар табыстары жоғарырақ топқа ауысады, сөйтіп әлеуметтік теңсіздік біршама қысқарады.
Мөлшерлемелердің шамасымен және тиісінше салықтық алымдардың шамасымен байланысты болатын салықтық реттеудің маңызды аспектісі ішкі қорланымдарды "ұстаудың" және шетелдік инвестицияларды тартудың мүмкіндігі болып табылады.
Бұл факторға сондай-ақ салық салу деңгейі төмен немесе тіпті ол болмайтын "оффшорлық аймақтардың" бар болуы жағдай жасайды. Басқа жағынан, жоғары салық мөлшерлемелері елге шетелдік капиталдың дендеп енуіне кедергі жасайды, мұның өзі ішкі қорланымдардың жетіспеуі кезінде экономиканың дамуын тежейді.
Сондықтан
салықтық реттеу бүл факторларды ескеруі
және экономикалық қарым-қатынаста байланыста
болатын елдердің салықтық шарттарын
теңестіруге жөрдемдесуі тиіс.
2.3 Қазақстан Респулбикасының қаржы саясатының дамуы және жетілдіру жолдары
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі шаруашылық жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.
Экономиканы
реттеудің басты мазмұны
Фискалдық
саясат мақсаты: Ел экономикасының өнімділігі
мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық
дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында
салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.
Міндеттері: салық-бюджет жүйесінің
орнықтылығын қамтамасыз ету, фискалдық
тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың
қалыпты қатаң саясатын жүргізу және ұлттық
қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге
асыру. Экономикаға салық жүктемесін оңтайландыруға,
салықтық рәсімдерді оңайлатуға және олардың
ашықтығын арттыруға
Салық-бюджет
жүйесінің макроэкономикалық тұрақтылығын
және орнықтылығын қолдау үшін мыналар
көзделеді:
орта мерзімді
кезеңде экономика өсімінің номиналды
қарқынынан аспайтын мемлекеттік бюджет
шығыстары өсімінің номиналды қарқынын
қамтамасыз ету;
бюджеттің мұнайға қатысты
емес тапшылығын бірте-бірте төмендету;
Ұлттық қордың активтерін
басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған
қаражатын қалыптастыру мен пайдалану
тетігін жетілдіру;
мемлекеттік және
мемлекет кепілдік берген қарыз бен борышты,
мемлекеттің кепілгерліктерін тиімді
басқару, оның ішінде сыртқы қарыздарды
мерзімінен бұрын өтеу, бюджет тапшылығын
қаржыландыру құрылымында сырттан қарыз
алу үлесін азайтудың жолымен мемлекеттік
борыш құрылымын оңтайландыру.
Салық салудың қолданыстағы
жүйесін талдау мен бағалау және әлемдік
тәжірибе негізінде елдегі іскерлік белсенділіктің
өсуін ынталандыру мақсатында мыналар
көзделеді:
орта мерзімді кезеңде салық
ауыртпалығын заңды тұлғалардың кірістерінен
жеке тұлғалардың кірістеріне халықтың
әлеуметтік осал топтарына жүктеме деңгейін
арттырмастан кезең-кезеңімен қайта бөлу
бойынша салық заңнамасына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар
дайындау;
кедендік және салық
әкімшілігін жүргізу;
салық және кедендік рәсімдерді одан әрі
оңайлату және олардың ашықтығын арттыру;
2010 жылдан бастап экономиканың
шикізаттық емес секторында шағын және
орта бизнестің жобалары бойынша инвестициялық
салықтық преференциялар алудың хабарлау
жүйесін енгізу.
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық
саясаттың негізгі бағыттарын тиімді
шешуге арналған бюджет шығыстарын бағдарлау
үшін мыналар көзделеді:
стратегиялық,
орта мерзімді және бюджеттік жоспарлаудың
мақсаттары мен міндеттерін ықпалдастыру;
бюджетті жоспарлау
және атқару процесін бюджеттік шығыстардың
тиімділігі мен нәтижелілігіне, тиімсіз
шығындарды қысқартуға бағдарлау;
бюджетті қалыптастыру
мен атқару процесінің ашықтығын қамтамасыз ету;
бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік
тәртіпті сақтау бойынша қойылатын талаптарды
күшейту;
бюджет ақшасын (қолма-қол ақшаны) басқарудың
сапасын арттыру.
Нәтижелері:
салық-бюджет саясаты тетіктерінің, бюджет
шығыстарының тиімділігін арттыру, мемлекеттің
қаржылық міндеттемелерін толық орындау.
Демек,
ел экономикасын реттеудегі қаржы саясатының
рөлі аса маңызды болып табылады.
Біздің мемлекетімізде де қаржы саясатынсыз
қоғам дамуының бейнесін елестету қиын.
Қаржы саясаты Қазақстан
Қорытынды
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамьпудың басты бағьптарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін тиісті қаржы саясаты материалдық-заттай, ақша ағындарының күнделікті әрі перспективалық тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркениетті әдісі болып табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мен ішкі жөне сыртқы борыштың мөлшерін, қаржы рыногын дамыту, қолданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның қарқынын төмендету және т.б. шешу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің жүйесімен айла-шарғы жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын қаржы айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржы саясатына жетудің негізгі құралдары бола бастайды.
Қаржы саясаты қаржы ресурстарын шоғырландыруға және зәру міндеттерді шешуге бағытталған, тап осы мемлекетгің қоғамдық өндіріске ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Экономика мен қоғамның әлеуметтік дамуына қаржы саясатының ықпал жасауы қаржы саясатының ғылыми негізделген теориясы негізінде жүзеге асуын талап етеді.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі шаруашылық жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.
Экономиканы
реттеудің басты мазмұны
Қосымшалар:
Қосымша А:
Үй шаруашылықтарының тұтынуға пайдаланылған табыстары | |||||||
жан басына шаққанда, орташа бір айда, теңге | |||||||
2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | |
Қазақстан Республикасы | 7 569 | 8 387 | 9 751 | 13 723 | 16 935 | 20 037 | 21 348 |
Ақмола | 8 114 | 8 582 | 9 879 | 12 713 | 16 482 | 20 426 | 22 270 |
Ақтөбе | 9 411 | 9 820 | 10 737 | 14 747 | 18 329 | 22 139 | 22 270 |
Алматы | 6 353 | 7 732 | 9 121 | 11 791 | 15 315 | 16 874 | 17 949 |
Атырау | 7 373 | 8 262 | 9 433 | 14 604 | 16 775 | 18 089 | 18 983 |
Батыс Қазақстан | 8 017 | 8 655 | 9 302 | 13 391 | 15 484 | 17 572 | 19 307 |
Жамбыл | 5 030 | 6 394 | 6 883 | 9 983 | 14 354 | 15 579 | 16 884 |
Қарағанды | 8 588 | 9 446 | 11 307 | 14 190 | 18 354 | 23 026 | 23 948 |
Қостанай | 6 971 | 7 566 | 9 003 | 12 914 | 16 698 | 19 862 | 21 317 |
Қызылорда | 5 678 | 5 925 | 7 073 | 9 027 | 12 117 | 14 287 | 19 201 |
Маңғыстау | 8 600 | 9 904 | 12 445 | 14 005 | 15 630 | 18 604 | 15 479 |
Оңтүстік Қазақстан | 4 945 | 5 700 | 6 645 | 9 930 | 12 488 | 14 809 | 15 291 |
Павлодар | 7 903 | 8 847 | 10 888 | 16 456 | 18 493 | 22 251 | 23 047 |
Солтүстік Қазақстан | 7 933 | 8 215 | 9 734 | 12 413 | 15 210 | 19 522 | 23 188 |
Шығыс Қазақстан | 8 155 | 9 190 | 10 936 | 15 832 | 17 528 | 21 026 | 23 086 |
Астана қ. | 15 661 | 16 523 | 20 117 | 28 376 | 31 573 | 38 824 | 34 884 |
Алматы қ. | 11 680 | 12 191 | 13 491 | 18 386 | 23 361 | 26 798 | 30 324 |
Информация о работе Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі