Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2010 в 16:14, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты — бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай — күйі де осындай тәртіппен реттеледі. Фискалдық саясат мақсаты ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.

Работа содержит 1 файл

Куросвая.doc

— 272.50 Кб (Скачать)

   Елдің қаржы жағдайы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:

  1. жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс
  2. инвестициялаудың ауқымы
  3. негізгі қорларды (капиталдарды) жаңартудың қарқындары
  4. еңбек өнімділігінің өсуі
  5. халықтың тұрмыс деңгейі
  6. мемлекет бюджетінің тапшылығы.[1]

   Соңғы жылдардағы Қазақстанның қаржы жүйесі мемлекет бюджетіне төленбеген төлемдермен сипатталады. Жүйелі төлем қабілетсіздігінің салдарынан мемлекеттің борышын арттыруға тура келеді.

   Тұрақтандырудың қаржы саясаты өзіне мына міндеттерді кіріктіреді:

  1. инфляцияны тоқтату;
  2. бюджет тапшылығын ЖЮ-нің 2%дейін томендету;
  3. мемлекет борышын ЖІӨ-нің 48% дейін жеткізу.

   Қаржы саясатына ақша-кредит саясаты қосылады. Қаржы саясаты жетістіктерінің бірі — Ұлттық банк кредиттерін беру (эмиссия) жолымен мемлекеттік борышты жабудан заңнамалық түрде бас тарту.

    Қаржылық тұрақтандырудың міндеттеріне мыналар кіреді:

   1) тұрақты бағалар (инфляция нөлге жуық). Алайда инфляция 
жылына шамамен 1,8% тең болатын дамыған елдерде де болады;

    2) бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2-3% аспайды;

   3) мемлекет борышы аз соманы құрауы тиіс және тек ЖҮӨ- 
нің өсуімен өсуі тиіс.

   Қаржы саясатына қойылатын маңызды талап қаржы саясатын жүргізгенде, яғни дамудың белгілі бір кезеңінің негізгі міндеттерін орындауға шаралар бағыттау жолымен қаржы жүйесінің барлық буындарында жүргізілетін шараларды келіскенде кешенді көзқарасты сақтау, сондай-ақ экономикалық саясаттың құрамды бөліктері арасында қаржы, кредит, баға белгілеу, жалақы салалары саясатында тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.

   Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

   а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері 
негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін 
жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;

   ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау

   б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті    қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп 
отыру.

   Сондықтан Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті экономиканы экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді түрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттік боліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.

   Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларыңда қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған.

   Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды.

   Қаржы саясатының мақсаты - қоғам дамуының аса маңызды қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға коп коңіл болінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын болу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.[5]

   Таяудағы мақсат ретінде - мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.

   Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке (өзгеше) қағидаттардың толып жатқан қатары қойьшуы тиіс.

   Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар.

   Қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау.

  • қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамта-
  • масыз ету;
  • қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;
  • қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі)
  • мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.
  • Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарга мыналар жатады:
  • объективті экономикалық зандардың іс-әрекетін есепке алу;
  • нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
  • өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.

    Жеке (өзгеше) қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:

  • қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрылымын, қаржы қатынас-тарын жоспарлы ұйымдастыруды жөне қаржы механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету.
  • қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кірістер мен шығыстардың тепе-теңдігі.
  • бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы резервтерін жасау.
  • салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық жөне әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;
  • негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу.
  • қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-теңдігі.

   Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде жөне қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.

   Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы нәтижелерге - қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады. ұдайы өндірістің әр алуандылығы өз кезегінде қаржы механизмі құрамды және ажырағысыз бөлігі болып табылатын экономикалық-шаруашылық механизмнің нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады.

  Қаржы механизмі — экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын үйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.

   Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Ол кезегінде, бүл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті оргаңдарьшьщ қаржы механизмі деп бөлуге болады.

   Жалпы-шаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі қурльшы бар және ол айтарлықтай күрделі. Қаржылық өзара байланыстардың көптігі қаржыны ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын жөне әдістерін алдын ала анықтайды. Қаржы механизмінің құрылымы қаржы қатынастарын топтастыру түрғысынан қаржы жүйесін қамтып көрсетеді.

Қаржылық жоспарлау қаржы тұтқалары мен ьшталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режимі, қаржыны үйымдастыру.

   Қаржы механизмінің блогы (буыны) бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойыңша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы. Өнім қүнының жақсартылған ұдайы өндірістік құрылымы болатындығын есте ұстау қажет. Қосымша өнім қаржы ресурстарының негізгі көзі болып табылатындықтан, қоғамдық өнім құнында табыстың (пайданың) үлесі неғұрлым жоғары болса, қаржы ресурстарын өсіру резервтері соғұрлым жоғары болады.

    2. Арнаулы көтермелеу қорларын пайдалану.

   3. Өндірісті интенсивтендірудің бюджеттік өдістерімен байла- 
нысты қаржы ынталандырмалары.

   Белсенді қаржы саясатын жүргізе отырып, өндірісті көтермелеу үшін мемлекет бюджетің кірістері мен шығыстарын пайдалана алады. Бюджеттің кірістері бюджеттің ынталандырмаларына айналуы үшін

  Қаржы механизмінің элементі бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушьшардың мүдделері айрықша түрде білінеді.

   Әрбір элемент бірыңғай қаржы механизмінің қүрамды бөлігі болып табылады, бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап етеді.

   Қаржы механизмі элементтерінің — қаржы қатынастарын үйым-дастырудың нысандарының, түрлерінің, әдістерінің үйлесуі "қаржы механизмінің конструкциясын" құрайды, ол механизмнің әрбір элементінің сандық параметрлерін белгілеу жолымен, яғни алудың мөлшерлемелері мен нормаларын, қорлардың көлемін, шығындардың деңгейін және басқаларды анықтау арқылы қозғалысқа келтіріледі. Сандық параметрлер мен оларды анықтаудың сан алуан әдістері қаржы механизмінің ең шамдағай бөлігі болып табылады. Олар түзетулерге жиі ұшырайды, өндіріс жағдайлары мен қоғам алдында түрған міндеттердің өзгерісін сергек сезіп отырады. Мысалы, табысты (пайданы) бөлудің әдістері және кәсіпорын мен мемлекет арасында оның бөлінуінің арақатысы өлденеше рет өзгереді, салықтардың мөлшерлемелері түзетіледі және т.б.

   Қоғамдық өмірде қаржының диалектикасы тұлғалау нысандарының және әрекет жасау әдістерінің өзара байланысы, іс-қимылы арқылы көрінеді.

   Нақты өмірде шаруашылық және қаржы механизмдерінде абстрактты экономикалық категориялар нақтыланады және нақтылы нысандар түрінде болады.

   Қаржы қатынастары көрінісінің нысандары экономиканы басқарудың деңгейіне қарай (жалпыұлттық шаруашылық, экономиканың секторы, экономикалық аймақ, сала, ішкі сала, шаруашылық жүргізуші субъектісі, әкімшілік-аймақтық құрылым) неғұрлым толық нақтылануы мүмкін. Сондықтан анағұрлым нақтылы нысандар — басқару тұтқалары қолданылады: мысалы, кірістерде қосылған құнға салынатын салық, акциздер, табыс салығы, мемлекеттік мүліктен түсетін табыстар, ренталық төлемдер және т.б., шығыстарда — экономикаға әрі қарай төптіштеледі, әлеуметтік-мәдени мақсаттарға (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, ғьлымға, басқаруға және басқалары) жұмсалатын шығындар бөліп көрсетіледі. Бастапқы буын деңгейінде -фирмаларда, компанияларда, ұйымдарда, мекемелерде сан алуан.

   Қаржы механизмін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің қаржы саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып табылады. Сонымен бірге қаржы механизмі мен оның элементтерін жеке және ұжымдық мүдделерімен неғұрлым толық үйлестіруге деген үнемі ұмтылушылық сақталынады, бұл — қаржы механизмі тиімділігінің кепілі.

Информация о работе Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі