Қаржы құралдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 11:27, контрольная работа

Описание работы

Осы Ішкі аудит қызметі туралы Ереже (бұдан әрі – “Ереже”) Ішкі аудит қызметінің
(бұдан әрі – “Қызмет”) мәртебесін, Қызметтің міндеттерін, функцияларын,
құқықтарын және жауапкершілігін, Қызметтің құрылымына және оның
қызметкерлерінің біліктілігіне, Қызмет жұмыскерлеріне еңбекақы және сыйлықақы
төлеу мөлшеріне және шарттарына, оларға тәртіптік өтемдер салу туралы шешім
қабылдауға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қызмет басшысының өкілеттіктерін
және Қызметтің “Эйр Астана” акционерлік қоғамының (бұдан әрі – “Қоғам”)
Директорлар кеңесімен, атқарушы органымен және өзге органдармен өзара
ықпалдасу тәртібін анықтайды.

Содержание

1. Жалпы ережелер 3

2. Қызметтің мәртебесі 3

3. Миссиясы және мақсаты 4

4. Міндеттері мен функциялары 4

5. Біліктілік талаптары 5

6. Қызметтің құқықтары 6

7. Қызметтің жауапкершілігі 7

8. Қызмет басшысының өкілеттіктері 7

9. Өтемдер салу 8

10. Директорлар кеңесіне ақпараттар беру 8

11. Қызметтің Қоғам Президентімен өзара ықпалдастығы 9

12. Қорытынды ережелер 9

Работа содержит 1 файл

11.docx

— 28.50 Кб (Скачать)

10) Қазақстан  Республикасының   заңнамасына  және  Қоғамның  ішкі  құжаттарына

қайшы келмейтін өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 

7. Қызметтің жауапкершілігі

 

7.1.  Қызмет өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің дер кезінде және сапалы

орындалуы үшін жауап береді.

 

7.2.  Қызметтің басшысы белгіленген тәртіппен Қызметке жүктелген функциялар мен

міндеттердің сапасы мен дер кезінде орындалуы үшін осы Ережеге, Қазақстан

Республикасының заңнамасына, лауазымдық нұсқаулықтарға және Қоғамның өзге

ішкі құжаттарына сәйкес дербес жауап береді.

 

7.3.  Қызметтің жұмыскерлері  өздеріне жүктелген функцияларды орындау сапасы мен

мерзімділігі  үшін  лауазымдық  нұсқаулықтарына,  еңбек  шарттарына  және

Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес дербес жауап береді.

 

 

8.  Қызмет басшысының  өкілеттіктері 

 

8.1.  Қызмет  басшысының  лауазымдық  міндеттері,  құқықтары және  жауапкершілігі

лауазымдық  нұсқаулықпен  белгіленеді.  Қызмет  басшысының  өкілеттіктеріне

мыналар міндетті түрде кіреді:

1)  Қызметтің жылдық  аудиторлық жоспарының жасалуын және оның орындалуын

бақылауды қамтамасыз ету;

2)  Қоғамның ішкі құжаттарын және ішкі аудит жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды

және Қызметтің қызметіне  қатысты басқа құжаттардың жасалуын қамтамасыз ету;

3)  Қызметтің  қызметінде  Ішкі  аудиттің  халықаралық кәсіби  стандарттарының

қолданылуын қамтамасыз ету;

4)  Директорлар кеңесіне және Аудит жөніндегі комитетке Қызметтің қызметі туралы

есептердің берілуін қамтамасыз ету;

5)  Қызметтің міндеттері мен функцияларының көкейкестілігін оның мақсатына қол

жеткізу үшін мерзім сайын бағалау;

6)  Қоғамның Директорлар кеңесіне Қызметтің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін

анықтау, Қызметтің жұмыскерлерін  тағайындау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін

мерзімінен бұрын тоқтату, қызметкерлерінің еңбекақы және сыйлықақы мөлшерін

және  төлеу  шарттарын,  Қызметтің ұйымдастырушылық-техникалық

қамсыздандырылуын анықтау  жөніндегі ұсыныстар енгізу;

7)  тренингтердің құрылымдалған  бағдарламасына сәйкес Қызмет  жұмыскерлерінің 

кәсіби дайындық деңгейін көтеруді қамтамасыз ету;

8)  мерзім сайын немесе қажеттілігіне қарай мүдделер қақтығысын болдырмас үшін,

сондай-ақ  жұмыс  тәжірибесімен  алмасуды  қамтамасыз  ету  үшін  Қызмет

жұмыскерлерінің міндеттерін ауыстырып отыру;

9)  Қызметтің  құзыретіне  кіретін  мәселелер бойынша  Директорлар  кеңесінің

және/немесе Аудит жөніндегі  комитеттің отырыстарын шақыруға бастамашы болу;

10) Қызметтің құзыретіне  кіретін барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.

 

9. Өтемдер салу 

 

  8

9.1.  Еңбек тәртібін бұзу, жүктелген еңбек міндеттемелерін орындамау немесе тиісті

түрде  орындамау  үшін  Директорлар  кеңесінің шешімі  бойынша  Қызметтің

басшысына  және  жұмыскерлеріне  белгіленген  тәртіппен тәртіптік  жазалар

қолданылады.

 

9.2.  Қызмет басшысының  және жұмыскерлерінің материалдық жауапкершілігі және

оларға  келтірілген  зиянды  (мұндайлар бар болған  кезде)  өндіріп алу  тәртібі,

сондай-ақ  тәртіптік  жазаларды  қолдану жөніндегі рәсімдер  Қазақстан

Республикасының заңнамасына  және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге

асырылады.

 

10. Директорлар кеңесіне ақпарат беру

 

10.1.  Қызмет Директорлар кеңесіне Аудит жөніндегі комитет алдын ала қарастырған

Қызметтің қызметі туралы есепті мынадай мерзімдерде:

1)  тоқсандық – есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-не;

2)  жылдық – есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-не береді.

 

Директорлар кеңесі төрағасының немесе Аудит жөніндегі комитет төрағасының сұрауы

бойынша  Қызмет  басшысы  Қызметтің қызметі туралы  қысқаша ай  сайынғы есепті

тапсырады.

 

10.2.  Аудиторлық  тапсырмалардың  нәтижелері  бойынша  Қызмет  жасаған  және

Қоғамның  меншігіне  қатысты заңсыз  әрекеттер (әрекетсіздіктер)  жағдайларын

көрсететін есептер Қоғамның Директорлар кеңесіне олар табылғаннан кейін дереу

ұсынылуы тиіс.

 

10.3.  Қызмет басшысы Директорлар кеңесіне және Аудит жөніндегі комитетке берілетін

ақпараттың оның толықтығы  және дәлдігі жөніндегі талдауды қамтамасыз етуге

тиіс.

 

10.4.  Қызметтің қызметі  туралы есепте:

 

1)  Қызметтің  аудиторлық  жұмыс  жоспарына  сәйкес  жүргізілген аудиторлық

тапсырмалардың  нәтижелері  бойынша  жасалған  ұсыныстарды және  осы

ұсыныстардың  негізінде  қабылданған шараларды  көрсете отырып  қысқа

қорытындыларды (қажет болса тиісті материалдарды қоса беру арқылы);

2)  Қызмет есепті кезеңде жүргізген басқа іс-шаралар (жұмыстар) туралы ақпаратты

(жоспардан  тыс  аудиторлық  тапсырмалардың  нәтижелерін және  сыртқы

аудиторлар  ұсыныстарының,  өзіндік ұсыныстар мониторингін,  тренингтерге

қатысу туралы ақпарат және т.б.);

3)  қойылған  мақсаттар   мен  аудит  ауқымына  қатысты   аудиторлық  қызметтің 

нәтижелері бойынша қорытындыны, есепті кезең үшін аудиторлық қызметтің

жинақтаушы нәтижелерін  қамтуы тиіс.

10.5.  Қоғамның Директорлар кеңесі Қызметтің қызметі туралы есептерді қарастырады

және Директорлар кеңесі жұмысының белгіленген регламентіне сәйкес шешімдер

қабылдайды.

 

10.6.  Қызмет  басшысы  Қоғамның  Директорлар  кеңесін  Қоғам Президентінің  басқа

бақылау  және  басқару  функцияларын  (тәуекел менеджменті,  ішкі  бақылау,

қауіпсіздік, алаяқтық, бизнестің  үздіксіздігі, сыртқы аудит және т.б.) үйлестіруіне

және қадағалауына қатысты  ақпаратмен ұдайы қамтамасыз етуге тиіс.

  9

 

11. Қызметтің Қоғам Президентімен өзара ықпалдастығы

 

 

11.1.  Қызметтің  Қоғам   Президентімен  қатынастары Қоғам Президенті  Қызметтің

объективтілігіне ықпал етпетінін көздейтін тәуелсіздік қағидатына орай құрылуы

тиіс.

 

11.2.  Қызмет өз қызметінің  нәтижелері бойынша Қоғамның Президентіне Қоғамның

әртүрлі  деңгейдегі  менеджменті  қабылдаған  басқару шешімдерін  орындау

сапасына берілген бағаны ұсынады.

 

11.3.  Қоғам Президентімен өзара ықпалдастық шеңберінде Қызмет:

1)  Қоғамның  Президентіне  Қоғамның  Директорлар  кеңесі  бекіткен  жылдық

аудиторлық жоспарды ақпарат ретінде ұсынады;

2)  Қоғамның  Президентін  барлық  аудиторлық  есептердің  нәтижелері  туралы

хабарландырады.

 

11.4.  Қоғамның Президенті:

1)  Қоғамда тиімді бақылау аясын жасауға қолғабыс етуі;

2)  белгіленген тәртіппен Аудит жөніндегі комитет мақұлдаған бейінді тақырыптар

мен  бағдарламалар  бойынша  оқытумен  және  тренингпен  байланысты

шығындардың Қоғам бюджетіне енгізілуін белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуі;

3)  Қоғамның  Директорлар  кеңесінің шешімі  бойынша  ішкі  аудиттің  кез  келген

қызметі үшін аутсорсингті пайдалануды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуі;

4)  Қызметке  әкімшілік  (ұйымдастырушылық-техникалық)  қолдау  көрсетуді

қамтамасыз етуі тиіс.

 

11.5.  Қоғам  Президентінің   Қызметтің  қызметіне  (мысалы,  аудит бағдарламасы,

жұмыстар ауқымы және т.б.) араласуына жол берілмейді.

 

12. Қорытынды ережелер

 

12.1.  Ережелерге өзгертулер мен толықтырулар Аудит жөніндегі комитеттің ұсынысы

бойынша Қоғамның Директорлар кеңесінің алдын ала мақұлдауынан кейін Қоғам

акционерлерінің Жалпы жиналысының шешімімен енгізілуі мүмкін.

 

 

 

 


Информация о работе Қаржы құралдары