Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 11:27, контрольная работа
Осы Ішкі аудит қызметі туралы Ереже (бұдан әрі – “Ереже”) Ішкі аудит қызметінің
(бұдан әрі – “Қызмет”) мәртебесін, Қызметтің міндеттерін, функцияларын,
құқықтарын және жауапкершілігін, Қызметтің құрылымына және оның
қызметкерлерінің біліктілігіне, Қызмет жұмыскерлеріне еңбекақы және сыйлықақы
төлеу мөлшеріне және шарттарына, оларға тәртіптік өтемдер салу туралы шешім
қабылдауға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қызмет басшысының өкілеттіктерін
және Қызметтің “Эйр Астана” акционерлік қоғамының (бұдан әрі – “Қоғам”)
Директорлар кеңесімен, атқарушы органымен және өзге органдармен өзара
ықпалдасу тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер 3
2. Қызметтің мәртебесі 3
3. Миссиясы және мақсаты 4
4. Міндеттері мен функциялары 4
5. Біліктілік талаптары 5
6. Қызметтің құқықтары 6
7. Қызметтің жауапкершілігі 7
8. Қызмет басшысының өкілеттіктері 7
9. Өтемдер салу 8
10. Директорлар кеңесіне ақпараттар беру 8
11. Қызметтің Қоғам Президентімен өзара ықпалдастығы 9
12. Қорытынды ережелер 9
1
“Эйр Астана” АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының
шешімімен бекітілген
2010 жылғы 22 қаңтардағы хаттама
“Эйр Астана” АҚ
Ішкі аудит қызметі туралы
Ереже
Алматы
2
Мазмұны:
1. Жалпы ережелер 3
2. Қызметтің мәртебесі 3
3. Миссиясы және мақсаты 4
4. Міндеттері мен функциялары 4
5. Біліктілік талаптары 5
6. Қызметтің құқықтары 6
7. Қызметтің жауапкершілігі
8. Қызмет басшысының өкілеттіктері 7
9. Өтемдер салу 8
10. Директорлар кеңесіне ақпараттар беру 8
11. Қызметтің Қоғам Президентімен өзара ықпалдастығы 9
12. Қорытынды ережелер 9
3
1. Жалпы ережелер
1.1 Осы Ішкі аудит қызметі туралы Ереже (бұдан әрі – “Ереже”) Ішкі аудит қызметінің
(бұдан әрі – “Қызмет”) мәртебесін, Қызметтің міндеттерін, функцияларын,
құқықтарын және жауапкершілігін, Қызметтің құрылымына және оның
қызметкерлерінің
төлеу мөлшеріне және шарттарына, оларға тәртіптік өтемдер салу туралы шешім
қабылдауға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қызмет басшысының өкілеттіктерін
және Қызметтің “Эйр Астана” акционерлік қоғамының (бұдан әрі – “Қоғам”)
Директорлар кеңесімен, атқарушы органымен және өзге органдармен өзара
ықпалдасу тәртібін анықтайды.
1.2. Қызметтің штаттық санын (сандық құрамын) және штаттық кестесін Қоғамның
Директорлар кеңесі (бұдан әрі – Директорлар кеңесі) бекітеді және Қоғамның
штаттық кестесіне енгізіледі.
1.3. Қызметті басшы басқарады. Қызметтің өкілеттік мерзімін, оның басшысы мен
қызметкерлерін тағайындауды, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын
тоқтатуды, Қызмет басшысы мен қызметкерлерінің еңбекақысы мен
сыйлықақысының мөлшерін және төлеу шарттарын Директорлар кеңесі
анықтайды.
1.4. Қызмет жұмыскерлері
үшін әлеуметтік қолдау
төлемдері Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
1.5. Қызмет жұмыскерлерімен еңбек шартын Директорлар кеңесінің шешімі негізінде
Қоғамның Президенті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес
жасасады.
1.6. Қызмет басшысы мен жұмыскерлерінің лауазымдық міндеттері, құқықтары мен
жауапкершіліктері осы Ереженің, еңбек шарттарының, Қоғамның ішкі
құжаттарының негізінде жасалатын және Директорлар кеңесінің төрағасы, не оның
тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі Комитетінің
төрағасы бекітетін лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес бекітіледі.
1.7. Қызмет өзінің қызметтерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының
заңнамасын, Жарғыны, Қоғам органдарының шешімдерін, осы Ережені және
Қоғамның басқа ішкі құжаттарын басшылыққа алады. Сондай-ақ Қызметтің
қызметі Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген
ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына негізделеді.
2. Қызметтің мәртебесі
2.1. Қызмет Қоғамда ішкі аудиттің ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуын
қамтамасыз ететі, Қоғамның Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп
беретін Қоғамның органы болып табылады және Қоғамның ішкі бақылау жүйесіне
тұрақты мониторингті жүзеге асырады. Қызметтің қызметін үйлестіруді Қоғамның
Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Аудит жөніндегі
комитеті) жүзеге асырады.
4
2.2. Қызмет өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау кезінде оларды
тиісті түрде орындау және объективті және бейтарап пікірлерді қамтамасыз ету
мақсатында қандай да бір ықпалдардан тәуелсіз болуы тиіс.
2.3. Қызмет Қоғамның барлық басқару функцияларынан тәуелсіз болып табылады.
Қызмет өзінің ұйымдастыру мәртебесі және функционалдық деңгейі бойынша
Қоғамның Президентінен тәуелсіз болып табылады.
2.4. Өз функцияларын орындау кезінде объективтілік және бейтараптылық
қағидаттарын ұстану мақсатында Қызметтің жұмыскерлері кейіннен ішкі аудитке
тартылуы мүмкін қызметтің қандай да бір түрлеріне араласпауы және қызметтің
аудитімен немесе аудитке тартылатын кезеңнің ішінде өздері жүзеге асыратын
функциялармен айналыспауға тиіс.
2.5. Қызмет қызметін бағалауды Қоғамның Директорлар кеңесі Аудит жөніндегі
комитеттің ұсыныстары негізінде жүргізеді.
2.6. Қызметтің жұмыскерлеріне,
Қызметтің мәртебесіне,
осы Ережеге сәйкес қолданыла алмайтын құжаттарды қоспағанда, Қоғамның ішкі
құжаттарының ережелері қолданылады.
3. Миссиясы және мақсаты
3.1. Қызметтің миссиясы Қоғамның Директорлар кеңесіне және Президентіне олардың
Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі міндеттерін
орындауына қажетті қолғабыстар көрсету болып саналады.
3.2. Қызметтің қызметінің негізгі мақсаты Қоғамның Директорлар кеңесіне
тәуекелдерді басқару жүйесін, ішкі бақылауды және корпоративтік басқаруды
жетілдіруге жүйелік тәсілді ендіру жолымен Қоғамды тиімді басқаруды
қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты беру болып
табылады.
4. Міндеттері мен функциялары
4.1. Қызметтің негізгі міндеттері болып табылатындар:
1) ішкі бақылау жүйесінің сенімділігін және тиімділігін бағалау;
2) тәуекелді басқару жүйесінің сенімділігін және тиімділігін бағалау;
3) бухгалтерлік есеп жүйесінің растығын, толықтығына, объективтілігін және қаржы
есептілігінің сенімділігін бағалау;
4) Қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауын бағалау
және осы талаптарға барабарлығын қамтамасыз ету үшін жасалған және
қолданылатын жүйелердің және рәсімдердің сәйкестігін бағалау;
5) Қоғамның ресурстарды пайдалануының және Қоғамның мүліктерінің сақталуын
қамсыздандырудың қолданылатын әдістерінің (тәсілдерінің) ұтымдылығын және
тиімділігін бағалау;
6) Қоғамдағы корпоративтік басқару үдерісін жетілдіруді бағалау.
4.2. Қызмет өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес белгіленген тәртіппен мынадай
функцияларды орындайды:
5
1) Қоғамдағы тәуекелдерді бағалау және тәуекелдерді басқару рәсімін бағалау
әдістемесінің қолданылу толықтығын және тиімділігін бағалауды жүргізеді;
2) Қоғамда ішкі бақылау жүйесінің барабарлығын және тиімділігін бағалауды
жүргізеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасының, халықаралық келісімдердің,
Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарының сақталуына, сондай-ақ уәкілетті
және қадағалау органдарының нұсқауларын, Қоғам органдарының шешімдерінің
нұсқауларын орындауға тексеруді жүргізеді және осы талаптарды орындау
мақсатында жасалған жүйелерді бағалайды;
4) Қоғамның стратегиялық мақсаттарына сәйкес олардың алдында тұрған
мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Қоғамның бөлімшелері
қолданатын шаралардың барабарлығына бағалауды жүргізеді;
5) корпоративтік басқарудың қабылданған принциптерінің, Қоғамдағы тиісті
этикалық стандарттар мен құндылықтардың ендірілуі және орындалуы жөнінде
бағалауды жүргізеді;
6) Қоғамның тиісті органдарының және бөлімшелерінің тәуекелдерді басқарумен
және ішкі бақылаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты алу тиімділігін
бағалауды жүрізеді;
7) Қоғамның бөлімшелерінің ішкі аудитордың ұсыныстарын орындауына
мониторингті жүзеге асырады;
8) Қызметтің белгіленген тәртіппен берілген аудиторлық ұсыныстарының
орындалуын кезекті бақылауды жүзеге асырады;
9) Директорлар кеңесіне, Аудит жөніндегі комитетке, Қоғамның Президентіне,
Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне ішкі бақылау жүйесін және ішкі аудитті
ұйымдастыру мәселелері бойынша ақыл-кеңестер береді;
10) Қоғамның корпоративтік басқаруға, ішкі бақылауға және тәуекелдерді басқаруға
қатысты ішкі құжаттарын жасауға қатысады;
11) сыртқы аудитор жүргізетін Қоғамның аудитіне қатысады;
12) Қызметке оның құзыреттері шектерінде жүктелген өзге функцияларды жүзеге
асырады.
5. Біліктілік талаптары
5.1. Қызмет басшысының:
1) жоғары кәсіби (қаржы-экономикалық) білімі және қосымша арнайы дайындығы
болуы;
2) аудит және/немесе бухгалтерлік есеп, және/немесе қаржы саласында – кем дегенде
7 жылдық жұмыс тәжірибесі болуы;
3) басқарушы лауазымды – кем дегенде үш жыл жұмыс тәжірибесі;
4) қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарын және Ішкі аудиторлар институты
(The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби
стандарттарын білуі;
5) Қазақстан Республикасының, соның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп,
салық салу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.
Қоғам Қызметінің басшысына қосымша арнайы дайындық бөлігінде мынадай ең талаптар
қойылады: “Аудиторлық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
алынған “аудитор” біліктілік куәлігінің және/немесе ішкі аудит саласындағы СІА
(Certified Internal Auditor) сертификатының, және/немесе ант қабылдаған бухгалтердің
АССА (Association of Certified Chartered Accountants) сертификатының және/немесе
халықаралық кәсіби бухгалтердің СІРА (Certified International Professional Accountant)
сертификатының бар болуы міндетті.
6
Сондай-ақ мемлекеттік және шет тілдерді білгені жөн.
5.2. Қызмет жұмыскерінің:
1) экономика және қаржылар, және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе
ақпараттық технологиялар саласындаңы, және/немесе техника саласындағы,
және/немесе заң саласындағы жоғары кәсіби білімі болуы;
2) экономика және қаржылар, және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе
ақпараттық технологиялар саласындаңы, және/немесе техника саласындағы,
және/немесе заң саласындағы – кем дегенде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарын және Ішкі аудиторлар институты
(The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби
стандарттарын білуі;
4) Қазақстан Республикасының, соның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп,
салық салу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.
Сондай-ақ бухгалтер-практиктің САР (Certified Accounting Practitioner) сертификатының
және/немесе Қазақстан Республикасының уәкілетті органы акредиттеген сертификаттауды
ұйымдастыру жөніндегі ұйымы берген кәсіби бухгалтер сертификатының және/немесе
аудит және/немесе есеп және қаржы менеджменті саласындағы біліктілігі болғаны,
мемлекеттік және шет тілдерді білгені жөн.
6. Қызметтің құқықтары
6.1. Қызметінің негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру
үшін белгіленген тәртіппен:
1) бүкіл құжаттамаға және ішкі аудитпен байланысты сұралатын кез келген басқа
ақпаратқа, соның ішінде Қоғамның коммерциялық және қызметтік құпиясын
құрайтын мәліметтер мен ақпараттарға қол жеткізуге;
2) есептік деректердің ақпараттық базасына (бухгалтерлік есептің компьютерлік
бағдарламалары және т.с.с.) тұрақты негізде пассивтік режимде, яғни түзету
құқығынсыз қол жеткізуге;
3) Акционерлердің жалпы жиналысының, Директорлар кеңесінің, Президенттің
бекітуіне енгізілген материалдарды, соның ішінде құжаттардың жобаларын сұрауға
және алуға және Қоғамның аталған органдарының барлық
бұйрықтарын/хаттамаларын алуға;
4) Қызметтің аудиторлық бағдарламасын орындау және Қоғамның Директорлар
кеңесінің тапсырмасы бойынша жекелеген тапсырмаларды орындау кезінде
қажеттілігіне қарай Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін,
сондай-ақ өзге заңды тұлғаларды тартуға;
5) қажет болған кезде Қоғамның акционерлеріне және Қоғамның құрылымдық
бөлімшелеріне Қызметтің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аөыл-кеңестер
беруге;
6) Қоғамның Директорлар кеңесіне және Президентіне ішкі аудиттің рәсімдерін
жетілдіру, Қоғамның бақылау жүйесін және басқару саясатын жақсарту жөніндегі
ұсыныстар беруге;
7) Қоғамның Директорлар кеңесіне Қызметтің жұмыс тәртібін, қызметкерлердің
еңбекақысы менг сыйлықақысының мөлшерін және төлеу шарттарын, Қызметті
ұйымдастырушылық-техникалық қамсыздандыруды анықтау жөніндегі ұсыныстар
беруге;
8) Қызмет қызметінің бағыттары бойынша Қоғамның бағдарламалары мен жобаларын
әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;
7
9) Қоғам қызметкерлерін оқытуға, қайта даярлауға, біліктілігін көтеруге бағытталған
бағдарламаларға және ішкі аудиторларды сертификаттау бағдарламаларына
қатысуға;