Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Июля 2013 в 14:00, курсовая работа
Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді.
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
1. Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік
жағдайдағы маңызы
1.1. Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері . . . . . . . . . . . . . 6
1.2. Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі
қаржы менеджментінің ролі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
1.3. Қаржы менеджменті және маркетингтік саясаттың
өзара байланысы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
2. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдау
2.1. Кәсіпорынның нарықтағы жағдайды талдауы. . . . . . . . . . . . . . . . 13
2.2. Кәсіпорын өнімінің бәсекелестік қабілетін талдау . . . . . . . . . . . . . 16
2.3. Кәсіпорынның тиімді баға стратегиясын қалыптастыру . . . . . . . . . 20
3. Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері
3.1. Қазақстандағы бәсекелестіктің негізгі нысандары . . . . . . . . . . . . . 23
3.2. Кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін
арттыру жолдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28
Базалық бағаны анықтаудың тәжірибеде бірнеше әдістері қалыптасқан. Бұл әдістерді жеке-жеке немесе бірімен байланыстыра отырып қолдануға болады:
Баға қалыптасуының аталған әдістері кәсіпорынның стратегиялық маркетингтік мақсаттарына жетудің негізгі құралы болып табылады. Ендігі кезекте туындайтын сұрақ: бағалардың қандай түрлері маркетингтік саясаттың элементтері болып табылады?
Әрине, маркетингтік саясаттың бағаларды
анықтау әдістері тауардың нарықта
тиісті орнын табуын көздейді. Жаңа
тауарлардың нарықта сәтті
Нарыққа жаңадан енгізілетін
Маркетингтік зерттеулердің
2. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдау
2.1. Кәсіпорынның нарықтағы жағдайды талдауы
Кәсіпорын қандай да бір нарықта немесе салада болмасын, оның өміршеңдігін, бәсекелестік қабілетін анықтау тек өзінің қаржылық жағдайын бағалап қана қоюмен шектелмейді. Аталған салада немесе нарықта осы тектес тауар өндіруші кәсіпорындар қызмет етуде, тұтынушылардың көңілін жаулап алуға тырысуда екенін қаржы менеджерлері әсте естен шығармаса керек. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қатынасы (нарық конъюнктурасы), тұтынушылардың талғамы, кәсіпорынның өндірістік қуаты – міне осы аталған көрсеткіштердің тиімді қатынасын қалыптастыра білу кәсіпорынның бәсекелстік қабілетінің нақты жағдайын анықтап береді.
Маркетингтік зерттеулердің маңызды көрсеткіштері – бұл тауардың сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығы болып табылады.
Шартты мысалдың көмегімен сұраныс көлемінің (С) сатылым бағасынан (Б) тәуелділігін анықтап, сұраныс қисығын сызып құрастыралық (2.1-сурет).
1.1-суреттен көріп
Ұсыныс қисығы тауар өндірушінің неше тауарды және қандай бағамен сатуға құлықты екенін көрсетеді. 1.2-суреттен көріп отырғанымыздай, 100 теңгелік баға бойынша өндіруші тауардың тек 100 данасын ғана ұсынады, 400 теңге бойынша – 300 дана, ал 800 теңгелік баға бойынша – 500 дана тауарды ұсынады. Бұл тіпті де таңданарлық жағдай емес, өйткені неғұрлым жоғары баға өндірушіні тауар өндірісін арттыруға итермелейді.
Сонымен, біздің қолымызда тұтынушылар мен өндірушілердің нарықтағы әрекеттерің сипаттайтын екі қисық бар. Әрине, бұл жағдайда ең оңтайлы нұсқа – сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің тепе-теңдігі. Бұл тепе-теңдік сұраныс және ұсыныс қисықтарының қиылысына тең болады (2.3-сурет).
2.3-суреттен байқайтынымыз,
сұраныс пен ұсыныс қисықтары
О нүктесінде қиылысады.
Сонымен, тепе-теңдік бағасы өндірісті автоматты түрде реттеу тұрғысында сәтті қызмет етеді. Заңды және жеке тұлғалардың белгілі бір категорияларының табыстарының артуы нәтижесінде Қазақстандық нарық қазіргі таңда сұраныс қисығының жоғары жылжуымен сипатталады. Сәйкесінше, тепе-теңдік бағасы да өсе түседі.
Сұраныс қисығының жоғары жылжуына сонымен қатар баға өсімі – инфляциялық фактор да әсерін тигізеді. Мысалға, қандай да бір тауардың бағасы өседі деп күтілетін болса, сәйкесінше осы тауарға деген ұсыныстың да өсуін көреміз. Сұраныс қисығының жағдайына әсер етуші басқа да факторларды атап кетуге болады: елдегі халық санының өзгеруі, тұтынушылардың талғамдарының өзгеруі, саяси және табиғи сілкіністер және басқа да факторлар.
Тауарды тұтынушы қандай қажеттіліктерді жетекшілікке алады? Бұл сұраққа жауап бере отырып, экономикалық теория келесі қағидаларға сүйенеді:
Кез-келген тауардың алғашқы данасын тұтынған кезде әдетте барынша жоғары қанағат аламыз. Алайда, осы тауардың келесі әрбір данасын тұтынған сайын бұл тауарға деген қажеттілік төмендей береді, яғни тұтынудың жалпы пайдалылығы баяу қарқынға көше бастайды. Бұл жағдайды 2.1-кестедегі мәліметтермен түсіндіріп көрсетелік.
2.1-кесте
Тұтынылатын тауардың саны, шартты бірлік |
Жалпы пайдалылық, өсіңкі нәтижемен, теңге |
Шекті пайдалылық, теңге |
1 |
2 |
3 |
0 |
0 |
400 – 0 = 400 |
1 |
400 |
700 – 400 = 300 |
2 |
700 |
900 – 700 = 200 |
3 |
900 |
1000 – 900 = 100 |
4 |
1000 |
1000 – 1000 = 0 |
5 |
1000 |
– |
2.1-кестенің бірінші бағанында тұтынылатын тауардың өсіңкі саны берілген. Екінші баған тауардың жалпы пайдалылығы артатынын, бірақ біртін-біртін баяу қарқынмен артатынын көрсетеді. Үшінші бағанда тауардың шекті пайдалылығы берілген. Байқайтынымыз – егер тұтынушы үшін тауар сатып алар кездегі шекті пайдалылығы 400 теңге болса, тауардың бір данасына қол жеткізгеннен кейін оның шекті пайдалылығы 300 теңгені құрайды. Осылайша, осы тауарды әрбір келесі тұтынған сайын оның шекті пайдалылығы төмендей береді.
2.2. Кәсіпорын өнімінің бәсекелестік қабілетін талдау
Тұтынушы үшін тауардың тиімділігі нені білдіреді? Коммерциялық қызметтің негізгі принципі: «Ешкім тауарды немесе қызметті сатып алмайды – кез-келген тұтынушы тауардың пайдалылығын сатып алады». Нарыққа келген сәтте тұтынушы өзіне қажет тауарды сатып алу үшін әр түрлі жағдайларға тап болады. Ол әрбір жағдайды, нұсқаны салыстыра отырып, өзінің мұқтаждықтары мен субъективті талғамына сәйкес келетін нұсқаны таңдап алады. Тұтынушының таңдауын шектейтін негізгі жағдай – оның табысы. Тұтынушы өзінің шектеулі табысын барынша пайдалы тауар алуға жұмсағысы келеді, яғни өз табысын барынша тиімді жұмсауға тырысады.
Тұтынушының таңдауы әр уақытта оның бюджетімен және тауардың бағасымен шектеледі. Тұтынушылық тепе-теңдігі, яғни тұтынушының табысына сай тепе-теңдік, мына қатынаспен сипатталады:
мұнда МПА және МПБ – сәйкесінше А және Б тауарларының маржиналды (шекті) пайдалылығы; БА және ББ – сәйкесінше А және Б тауарларының бағасы.
Тұтынушы шекті пайдалылықтың бағаға қатынасы тең болатын тауарлар жиынтығын сатып алып, пайдалылықты барынша арттырады. Тауардың сапасы – бұл оның жеке және өндірістік мұқтаждықтарды қанағаттандыра аларлық қасиеттерінің жиынтығы болып табылады. Маркетингтік зерттеулердің нәтижесі бойынша тұтынушылар үшін олардың тауардың сапасы бағадан тікелей тәуелді жоғарғы және төменгі шектері болады. Төменгі шектен төмен баға өте төмендетілген болып табылады, ал жоғарғы шектен асқан баға - өте қымбат баға болып табылады.
Тәжірибе жүзінде тауардың пайдалылығы мен бағасы төменде келтірілген баға қалыптасуының параметрлік әдістері бойынша анықталады.