Аралас экономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:29, реферат

Описание работы

Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтардың нақтыланған алып жүйесі болып табылады. Аралас экономика- бұл нарық , бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика.
Аралас экономика мынаны көрсетеді: батыстағы нарық экономикасы өндірістен шектелген жұмысшы күшін қабылдайтын шағын бизнессіз және экономикада тепе-теңдік пен қоғамда тұрақтылық қамтамасыз ететін мемлекеттік кірісушіліксіз өмір сүре алмайды.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 АРАЛАС ЭКОНОМИКА: МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
1.1 Экономика жүйесі және оның ерекшеліктері................................................................................................................4
1.2 Аралас экономиканың мазмұны мен белгілері.................................................11
2 Аралас экономика қалыптасуының материалдық-техниклық негізі
2.2 Қазақстандағы кәсіпорындар мен банк жүйесі.................................................18
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................20
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................21

Работа содержит 1 файл

Аралас экономика курстық жұмыс.doc

— 139.00 Кб (Скачать)

Тауарлы өндіріс- аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихи процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқа тәсіліне ауысып отырады.

Аралас экономиканы  түрлі өндіріс әдістері арасындағы кедергі, ол мемлекеттік жеке кәсіпкерлік  ісіне араласуынан болады деп қарамаау керек. Аралас экономиканы көп укладтылықпен теңестіруде қате көзқарас. әр түрлі укладтар түрлі дамыған өндіріс әдістерінде болды. Айталық, дамыған капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлық шаруашылықтың қалдықтары болды; бірақ осының себебінен капиталистік өндірістік қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу, тауарлы өндірістің капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес. Аралас экономиканы формациялық емес деп қарауда күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық өндіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік формация жүйесінде орын табылмағаны белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарға үстіртін қараудан шығады. Егер бұл құбылыс капитализмде емес, социализмде емес десек, онда ол информациялық құбылыс бола алмайды. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы процестерді көрсете алмайды.

 

 

 

Аралас экономика ХІХ  ғасырдың соңғы ширегінде өнеркәсіпті  шоғырландыру процесі нәтижесінде  күрделі корпорациялар; монополистік ұйымдар арқылы пайда болды. ХХ ғасырдың 30- жылдарында аралас экономика теориясында Д. М. Кейнс өз үлесін қосты. Кейнс мемлекеттік күрделі қаржылар басқармасын құру қажет деп санады. Сонымен бірге жекеменшік капиталы да керек деген пікір айтты.

Аралас экономиканың бірнеше белгілері бар. Бірінші  белгісі - мемлекеттік меншіктің экономикада белгілі үлес салмағының сақталуы. Екінші белгісі - бұл экономика құн және жоспарлық қатынастар арқылы реттеледі. Осы тұтқаларды қолдануды мемлекеттік жоспарлау орындары жүзеге асырады. Аралас экономиканың елеулі сипаты макро және микроэкономикалық дәрежеде ұйымдастыру, басқарудағы экономикалық тұтқаларды кеңінен пайдалану.

Аралас экономикада  нарықты жарнама, маркетинг, жоспарлау  т.б. ұйымдастыру шаралары арқылы күрделі, орташа және ұсақ кәсіпкерлік тиімділігін, жолдарын реттеуге болады. Бірақ аралас экономикада өндірілетін өнім көлемін мемлекет жоспар арқылы белгілемейді, қайда қанша, және қандай тауар өндіріп, қызмет көрсету қажеттілігін нарық өзі анықтайды.

Жоғарыда көрсетілген  аралас экономиканың негізгі белгілері  қоғамның қазіргі индустриялық даму дәрежесіне тән экономикалық жүйенің ерекше заңдылықтарына бағынышты. Бұл заңдылықтар дегеніміз жеке меншікке негізделген тауар өндірісі мен мемлекеттік меншіктегі тауар- ақша қатынастарының көрінісі. Тауар өндірісінің негізгі заңы – құн заңы. Бұл заңның басты талабы нарықта тауардың бағасын белгілегенде оны өндіруге жұмсалған еңбек шығыны еске алынады. Баға дегеніміз құнның ақшалай көрінісі. Еркін бәсеке үстемдік ететін капиталистік қоғамда жеке тауар өндірушілер өз тауарына баға тағайындағанда оған жұмсалған еңбегіне сай өзіне қажет заттар алуды көздейді. Осыған орай тауарлы ақша қатынастарына нарықтық экономика қажет болатынына тоқтау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет иелігінен  алудың мәні мынада. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы көп түрлі аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей басқарудан құтылу,көп меншікті басқару формасына өтуді қарастырады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы. Олай дейтініміз біріншіден, мемлекет иелігінен алуды меншік иесін ауыстырмай-ақ, тек орталықтан басқаруды өзгерту жолымен жүргізуге де болады. Мысалы, аренда кезінде негізгі қорлар иесі өзгермейді, алайда оның өніміне, айналым қорларына арендатор иелік етеді, соған байланысты меншік қатынасы да өзгеше сипатқа ие болады. Ал мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға айналдырғанда бүкіл акциялар мемлекет пен акционеолер арасында бөлінеді. Осы екі жағдайдың екеуінде де мемлекеттік органдар тікелей әкімшілік басқару қызметінен айырылады.

Жекешелендірудің ең қарапайым түрі өнім шығаратын кәсіпорындарды (өндірістік кешен ретінде) сату. Бұл жағдайда сатып алушы толық меншік иесі болады. Тағы бір қарапайым формасы кәсіпорын мүліктерін түгелімен бөліп беру. Бұлардың күрделі формасы мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамға және жауапкершілігі шектеулі қоғамға (серіктестікке) айналдыру.

Жекешелендірудің субъектісі физикалық мағынада- жеке азаматтарды, заңдық мағынада – кәсіпорындар мен  ұйымдар. Бірінші жағдайда мемлекет меншігі жеке меншікке ауысады. Дамыған  елдерде жеке меншік негізгі өндірістік қорлардың 5-13 процентіне иелік етеді. Ал акционерлік қоғамдар меншіктің басым бөлігіне ие болып отыр. Жекешелендіру субъектісі еңбекшілер ұжымы болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда ұжымдық (халықтық) кәсіпорын идеясы орын алады.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің объектісі мемлекеттік мүлік, оның ішінде өндірістік, материалдық айналым қорлары, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы активтері, тұрғын үй қоры т.б. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік меншіктің басым көпшілігі жаңа субъектілерге көшуі тиіс. Сонда ғана қоларды сапалы пайдалану арқасында ұдайы өндірудің экономикалық тиімділігі мен әлеуметтік әділеттілік ұштасатын болады. Мемлекеттік меншікті үлестіре салу оңай мәселе емес, ол үлкен талдауды қаже етеді. Бұл арада қиындықтар да, жоғалтулар да орын алуы әбден мүмкін. Нарыққа көшу іскерлікті де, тәуекелділікті де қажет етеді. Дамыған демократиялық қоғамдардың әлеуметтік базасы орта тап өкілдері. Міне, осылардың қатары неғұрлым көп болса, соғұрлым қоғамның саяси-әлеуметтік тұрақтылығы да баянды болып нығаяды. Мемлекет меншігіне орта таптың иелік етуі дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай экономикалық жағынан тиімді болады. Міне, сондықтан да тәуелсіз мемлекетіміздің егемендігін баянды етуің, күш-қуатын арттырудың маңызды факторлары жүріп жатқан экономикалық реформаларды тереңдету болып отыр. Бүгінгі күннің өзекті проблемасы Қазақстанның нақты экономикалық және ғылыми-техникалық тәуелсіздігіне жету. Егеменді экономикалық мағынада жүзеге асыру ең алдымен ұлттық  нарықты құрумен тікелей байланысты. Міне, сондықтан да біздің қоғамымыздың даму қажеттілігі ұрғысынан экономикалық реформаның өзекті мәселесі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру болып отыр. Қазақстанда қабылданған 1993-1995 жылдарға арналған мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасында мемлекеттік меншікті одан әрі өзгертудің жолдары айқын белгіленген. Бұл негізінен бірнеше принциптерді қамтиді. Атап айисақ жекешелендірудің мақсаты әлеуметтік әділеттілікті сақтау, жаппай жекешелендіру барысында азаматтардың мемлекет меншігіндегі өз үлестеріне құқылығын сақтау және т.б. Тағы бір мәселенің басын ашып айтсақ, мемлекет иелігінен алу бар да, жекешелендіру бар. Мемлекет иелігінен алу дегеніміз мүлікті мемлекеттің басыбайлы меншігінен алып, оның иелері қатарына меншіктің басқа да түрлерін енгізу, мәселен, мемлекеттік зауыт енді акционерлік компания болуы мүмкін. Ал жекешелендіру дегеніміз - әр адамға меншік беру деген сөз. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірінші кезеңі біз күткендей нәтиже бермеді.

Сансыз кедергілерге тап болып, қолды бір сілтегендер  де, әсіресе ыңғайын таппай, әрі-сәрі күйін кешкендер де жетіп жатыр. Ал енді осышақтағы бейберекетсіздік пен бақылаусыздықты , ақшаның құнсыздануын, бағаның тұрақсыздығын пайдаланған алыпсатарлардың қаптап кеткені қынжырарлық жәй. Осындай бұра тартушылық пен жасырын жекешелендірулік басым түскен бірінші кезең де аяқталды. Осы бірінші кезеңде ұжымдық меншік деген пайда болды. Ұжымдық меншік дегеніміз де иесіз меншікке айналды. “Бәрі де біздікі – бәрі де менікі” деп айтқанымызбен сол меншіктің нақты жағдайы үшін жауап беретін адам табылмай қалды, мінеки, сөтіп үлкен ағаттық жасалды. Кей жерлерде кеңшарларды жекешелендіру барысында маңдайшадағы жазуды “ұжымдық” деп ауыстырумен тындық. Ең тиімсіз берекесіз жұмыс істегендер де осы топтағылар болды. Байқасақ, ұлттық бағдарламада агроөнеркәсіп кешенін жекешелендіру баптары өзінше бөлек жасалған. Себебі, агроөнеркәсіп кешенінде қалыптасқан өте күрделі мәселелерді ескеру қажет болды. Әр адам өз үлесін алсын. Ал ары қарай жеке дара тірлік ете ме, жоқ, әлде ұжымдық шаруашылық құра ма өздерінің еркі білсін. Ұжымдасып отырған адамдарды ешкім күштеп тартпайды. Ал өзіне өзі сеніп, жеке шығам дегендеріне де кедергі жасамау керек. Жекешелендірудің алдында барлығымыз бірдейміз, маман да, шопан да, жұмысшы да т.б. Бұдан біраз бұрын еңбек стажына сәйкес әр адамға тұрғын үй купондары есептелді. әр адамға 100 купон қалада  120 купон ауылда инвестициялық купондар берілді. Міне, мемлекеттік тең мүмкіндік беруі осы, мемлекет бағыт сілтейді, басқа да ұйымдық шараларын жүргізеді. Ал әрі қарай сол тек мүмкіндікті қалай жүзеге асыру бұл әркімнің міндеті. Бірінші кезеңде істелген жұмыстар мен тәжірибелер біздің кең ауқымды жекешелендіруге кірісіуімізге мүмкіндік береді. Жекешелендірудің екінші кезеңінде мемлекет меншіктің көптүрлігіне көшудің бірыңғай саясатын жүргізуді алға қойды. Сөйтіп, бағдарламаны жүзеге асыруда жекешелендірудің бірінші кезеңіне тәнболған қателерді жоюға жағдай жасап отыр. Мемлекеттен сатып алу мен жекешелендіру мәселесін іске асырғанда мемлекет тарапынан бақылауды қатайту қажет екенін алғашқы кезең тәжірибелері көрсетті. Әрине, бұл өте қиын мәселе, себебі бүкіл халық болып құрған, жасаған, мемлекеттік меншікте болып келген қыруар байлықтықалайша барша халыққа әділдік пен теңдік жағдайында таразыны тең ұстап бөліп беруге болады. Сондықтан да, мемлекет тарапынан нені жекешелендіру керек, нені мемлекеттен сатып алуға болады, осы мәселелерді реттейтін экономикалық және құқықтық тетік өте қажет. Осыған байланысты тағы бір мәселе мүліктерді мемлекет иелігінен алу барысында олардың бағасын дұрыс анықта. Себебі, кейбір билік пен байлықтың кілтін қолдарына ұстаған алаяқтардың алтынды бақырға балап, халық байлығын өз пайдасына айналдырып жіберуі мүмкін ғой, тіпті кей жерлерде солай болғаны белгілі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, меншіктің бір қолға жинақталып, шоғырлануы қай кезде де келеңсіз жағдайларға әкеп соғады. Жалпы қоғам үшін оның екеуі де тиімсіз. Сондықтан, мүлікті мемлекет меншігінен алу немесе оның иесін өзгерту, қысқасы меншіктеу дегеніміз мүлікті аздаған адамдардың қолына жиіп беру емес. әңгімеқоғамның әрбір мүшесінің меншік иесі болатындай жағдай туғызуда, республикамыздың әрбір азаматына бөлінуге тиісті байлықтың теңдей үлесін белгілеп, бөліп беруде. Бұл үшін әрбір адамға сыбағалы акцияларын (жекешелендіру чектерін, купондарын т.б.) үлестіруді белгілі бір тәртіппен анықтау қажет. Мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің бүгінгі кезеңдегі тиімді жолы - ірі және орта кәсіпорындарды, мекемелерді акционерлік қоғамдарға көшіру, жерді негізінен жалгерлік әдіспен пайдалану. Бұдан басқа да әдістерді пайдалануға болады (сату, ассоциация, концернге бірігу т.б.). әрине жекеменшік иесі болу әркімді дееңбек өнімділігін арттыруға, өнімді көп шығаруға жетелесе керек. Бұған дәлелді жекешеленген шаруашылықтардың даму қарқынынан көруімізге болады. Мысалы, жекешелендірудің нәтижесінде республикадағы 482 кәсіпорында 59 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Агроөнеркәсіп кешенінде 553 шаруашылық республика бойынша жалпы өнім көлемінің 38,7 % мөлшерінде өнім өндірген. Міне, бұл жетістіктердің арқасында республикадағы арнаулы есепшотқа 3,3 млрд. теңге және жергілікті есепшоттарға 850 млн. теңге түсті. Жекешелендірілген кәсіпорындардың жалпы саны 1993 жылы 7 мыңнан асты, оның шамамен 68% - сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыс қажетін өтеу, коммуналдық шаруашылық объектілері. Бұл процестермен бір мезгілде бірсыпыра ортажәне ірі кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар етіп қайта құру жұмысы  да жүргізілді. Жарғылық қор 23 млрд. теңге болатын 522 кәсіпорын қайта құрылды. Жекешелендірілген объектілердің 32% бұрынғысынан тәуір, тиімді істесе 29% сол деңгейде қалған, өкінішке орай  25% - өнім шығаруды кеміткен, ал  14% тоқтап қалған немесе жұмыс істейтін адамдар санын қысқартуға мәжбүр болған. Соңғыларының дені ұжымдық меншіктегілер. Жоғарыда айтып өткендей бірінші кезең құжаттарында орын алған ұжымдық меншік салдары осындай. Ондай кемшіліктер қатарына жекешелендіру барысында бастан-аяқ мемлекеттік басқарудың болмағанын, болса да, жеткілікті болмағанын және мемлекет мүлкін қарпып қалу, иеленіп кетушілік орын алғанын атауға болады. Республикалық меншікті жекешелендіру бір орталықтан жүргізілсе, коммуналдық меншікті жекешелендіруді 16 облыс, республикалық 2 қала, 215 аудан өзінше жасады. Бұның өзі де қаншама бұра тарту, бұрмалаушылықты тудырды. Жекешелендірудің басты мақсаты - өнім өндіруді және оның сапасын жақсартуды бұрынғыдан арттыра түсу, тауар молшылығын жасау, халықтың тұрмыс дәрежесін жаңа сатыға көтеру. Сондықтан қоғамдық мүлікті жекешелендіру оны талан – таражға салудың басы емес, керісінше оны тиімді пайдаланудың, еселенген еңбек өнімділігінің негізгі тұтқасы. Міне, сондықтан да әлеуметтік әділеттік принциптерін сақтау және азаматтардың жалпыхалықтық меншікке үлесінің конституциялық құқығын іске асыру мақсатында жекешелендіру процесіне Қазақстан Республикасының халқын жалпылама тартып жаппай жекешелендіру көзделуде.

 

          

 

2 Аралас экономика  қалыптасуының материалдық-техниклық  негізі                   

2.2 Қазақстандағы  кәсіпорындар мен банк жүйесі

 

Кәсіпорындар арасында өзара қарым-қатынастардың жаңа сипаты қалыптаса бастады. Орталықтың міндетті шешімдерінің орнына өзара  тиімділікке негізделген дербес келісімдер келді. Бұл қалыпты экономикалық қатынастар. Біздің жағдайымызда олар соншалықты жай мәселе емес,  өйткені біріншіден, кәсіпорындарында көбіне таңдау мүмкіндігі жоқ, екіншіден, орталықтың билігі қажетті кепілдіктер беру үшін әлі де керек. Беймемлекеттендіру мен монополиясыздандыру саясатының әрі қарай жүзеге асуына сәйкес, кәсіпорындар арасында көп жақты қатынастарды нарықтық құрылымын қалыптастыру тұрақталып, тауарлардың өзара айырбас сапасы артады, өйткені екі жақта да таңдау мүмкіндігі көбееді. Біртіндеп кәсіпорындар мен банктер арасында қарым – қатынастар өзгереді. Егер, банктер таяуда ғана өткен кезеңде экономикада мардымсыз рөл атқарғанын еске алсақ, бұл өте күрделі мәселе. Банктер дербестікке ие болмағандықтан, несие мекемесі ретіндегі мәртебесіне сай билік жүргізе алмады. Мысалы, несиелер анық төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға қарызға берілді. Көбінесе несие саясатында әміршілдік принципке сүйенген стиль пайдаланылды да, жоғары тұрған басшылар несиені беруге бұйрық беріп, оның қайтарымдылығын қамтамасыз етуді талап етпеді.

Қазір Республикада жаңа банктік жүйе қалыптасуда. Оның элементі ретінде коммерциялық банктер пайда болуда. Олар дербестік, шығынын өзі өтеу, несие саясатында, тіпті банкроттыққа дейінгі жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеуде. Банктер, кәсіпорынға несиені өз тәуекелі мен жауапкершілігіне сай беретіндіктен енді клиенттерінің экономикалық және финанс жағдайын алдын ала білуге ұмтылады. Мемлекетіміз Қазақстан территориясында банк іс-әрекетін реттейтін заңдарды қабылдап, практикалық басшылыққа алуда.

Кәсіпорындарда мемлекеттік бюджетпен қарым – қатынастар қалыптасуда. Кәсіпорынды қаржыландыру көздері түбегейлі өзгеруде: енді қайтарымсыз бюджеттік инъекциядан арылып, қаражатты несие ретінде сатып алуға (қайтарымды және мерзімді) көшуде. Қазір кәсіпорын өзіне ғана сенуі керек, өйткені алған қарызды келісілген мезгілінде қайтарып, пайдаланғаны үшін процент төлеуі керек. Мұндай қарым-қатынастарда сақтандыру мекемелерінің жаңа рөлі пайда болады. Мемлекеттік сақтандыру мекемелерімен қатар банктер сияқты коммерциялық тәуекел жағдайында жұмыс істейтін жаңа сақтандыру компаниялары пайда болуда. Егер қауіп дәрежесі жоғары болса, банк, мысалы, кәсіпорынға несиені сақтандыруды ұсынуы мүмкін, сөйтіп кәсіпорын өз қауіп-қатерін сақтандыру компаниясымен бөліседі. Енді бұдан былай екі жақты бақылау қалыптасады: банк пен сақтандыру компаниясы бірлесіп кәсіпорынның төлемдік қабілетін бағалап, несиенің мақсаты мен бағытын зерттеп, содан кейін ғана шешім қабылдайды. Егер сақтандыру компаниясы бұл коммерциялық қауіпті сақтандырудан бас тартса, несиені беру не бермеу банктің өз ісі болады.

Қысқаша айтқанда, банктер  мен сақтандыру компанияларының  жаңа рөлі кәсіпорындардың өз міндеттемелері бойынша жауапкершілігін арттыруға  өз жоспарларын тиянақты есептеуге  және өлшеуге бағытталған. өз кезегінде  кәсіпорындар да банктер мен сақтандыру компаниялары ұсынатын қызметтердің сапасына талаптарын күшейтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республика қалыптасу  мен дамуының стратегиялық мақсаты  аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика  болып табылады. Ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра-өзара іс-әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.

Аралас экономиканы  қазіргі қоғамның индустриалдық даму дәуіріндегі экономикалық жүйе сипаттайды, оған белгілі бір заңдылықтар тән. Ол заңдылықтар тауарлы және ұжымдық өндірістің заңдарына тәуелді. Аралас экоомика шаруашылықты жүргізу жүйесі ретінде пайда болып, тек қана ұжымдық өндірісті дамытып қоймайды, ең алдымен тауарлы қатынастар жүйесін тереңдете түседі. Бұл шеңбердің ұлғаюы тауарлы қатынастардың жер шарындағы көптеген елдерде қамтуынан айқын білінеді. Олар тауар заңдылықтарының дамуынан, оның заңдары әрекетінің күрделенуімен, элементтерінің жаңа түрлерінен көрінеді және олар ұжымдық өндірістің тең заңдылықтары болып табылады.

Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы: өтпелі экономика формациялау даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды  көрсетеді.  Менің осы курстық  жұмысымның мақсаты аралас экономиканың мәнін ашып, қалыптасуына , яғни экономикалық жүйеден қалай бөлінетініне, құрылымына жалпы сипттама беру болып табылады

Аралас экономикалық қалыптасу диалектикасы өндіргіш күштердің  даму деңгейінің туындап, индустриалдық  және постиндустриалдық кезеңдеріндегі машиналардың, ірі өнеркәсіптен белгі беретін мануфактуралық еңбек бөлінісінің даму деңгейінен көрініс табады.

Аралас экономиканы қалыптастыратын элементтерге талдау жасау оның көпқырлығы көрсетеді. Бұл еңбектегі кейбір мәселелер аралас экономиканың қалыптасу процесінде пайда болатын түйіндердің шешімі табуға болатындай мөлшерде ғана бірақ көзқарастарды негіздеумен шектелген .

Қорыта айтқанда, мен  осы курстық жұмысымда аралас экономиканың қалыптасу негізін  заңдылықтарын, мәнін, мазмұнын, түрлерін ашып, сипаттадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Аралас экономика