Аралас экономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:09, реферат

Описание работы

Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау қазіргі экономикалық құрылыс – аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Кейнс мемлекеттік күрделі қаржылар басқармасын құру қажет деп санады. Сонымен бірге жекеменшік капиталы да керек деген пікір айтты.

Содержание

Кіріспе
I. Аралас экономика
1.1. Аралас экономиканың қалыптасуы
1.2. Аралас экономика ұғымы
II. Аралас экономиканың Қазақстанда қалыптасуы
2.1. Қазақстанның аралас экономикаға әсері
2.2. ҚР-дағы осы кезеңдегі экономика жүйесі және оның ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

АРАЛАС ЭКОНОМИКА Қазақстан экономикасы_0.docx

— 42.03 Кб (Скачать)

            Банк және қаржы –несие жүйесінде  капитал банктер, инвестициялар  және холдинг компаниялары, қор  биржалары арқылы өтетін мемлекеттік  емес секторды едәуір ұлғайту, кәсіпкерлер үшін қаржы ресурстарының ашық болуын қамтамасыз ету жолымен, шағын бизнестің қажеттерін ескере, кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру мен сақтандыру жүйесін мемлекеттің қатысуынсыз қаржыландыру, қалыптастыру іс жүзінде мүмкін емес. Кәсіпкерлік қызметті ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі, заңдардағы өзгерістер туралы, қолда бар тауарлар, рыноктың жайы, банк несие саласы, қаржы институттары, бағалы қағаздар рыногы туралы жұртты дер кезінде хабарлау ету қажет. Сондықтан, реформалардың қазіргі кезеңіндегі аса маңызды мәселе – меншік қатынастарын өзгерту. Бөліп беру жүйесін, соның ішінде оның соңғы тұтқасы – директивалы баға беруді жойып, монополияға қарсы сипаттағы өзгерістерді тек меншік қатынастарын өзгертумен бір мезгілде жүзеге асыруға болатынын көрдік.

           Қазіргі бағыт кесек–кесегімен жекешелендіру “номенклатуралық” жекешелендіру үшін барлық жағдайлар жасап отыр. Мұның нәтижесінде қым-қиғаш еңбек рыногы пайда болып, онда жұмыс күшін (жалдамалы жұмысшылар) сатушылар көп болып, оны сатып алушылар (өндіріс құралдарының иелері) тым аз болды. Концепциялық көзқарастарға өзгерістер енгізу, заңдардағы қайшылықтарды жою, осы мәселелермен шұғылданатын ұйымдық құрылымдарды оңтайлы ету қажет. Монополизмге қарсы күрес жүргізудің тиімді жолдарының бірі – шағын бизнесті дамыту. Нарықтық жүйеде оның өзін-өзі бейімдеуі, көптеген шағын кәсіпорындардың тұтынушы қажеттерін барынша тез және тиімді қанағаттандыру үшін өзара күреске түсіп отырғанына негізделген, сондықтан шағын кәсіпорындар жүйесін дамыту мен көбейту қажет етіледі, шағын кәсіпкерлікке мемлекеттің қолдау көрсетуі ерекше маңызды.

           Көптеген мешеу елдердің даму  процесі ауыл шаруашылығына көңіл  бөлместен өнеркәсіпті өркендетудің кең ауқымды жобаларын жасаудан басталады, оның өзі этно – әлеуметтік психологияға қайшы келіп, айтарлықтай нәтиже бермеді. Орташа дамыған индустриалды елдерден өзінде өнеркәсіпті дамыту саясаты осы замаңғы салалар мен мешеу аграрлық сектор арасында күшті сәйкессіздіктер туғызды. Өнеркәсібі дамыған елдер экономиканы жаңа технологиялар негізінде дамыту ісінде елеулі табыстарға жетті, сондықтан басқалардың бәрі осы жолмен жүруі тиіс деген пікір бар. Кейбір елдер индустриаландырумен әуестенді, ауылшаруашылығына тым аз көңіл бөледі. Оған қоса, тұрақсыздық жағдайында билік құрылымдарына негізгі қауіп қала халқы болып есептеледі, сондықтан капитал қалалардың дамытылуын қамтамасыз ететін жобаларға бөлінеді, алайда селолық аудандарды дамыту басты назарда болуы тиіс.

 

 

 

Қорытынды

Экономиканы реформалардың  нәтижелері көп жағынан алғанда, ол басқару проблемасымен байланысты. Ал енді бұл мәселедегі жағдай бұрынғыдан қиындай түсті, жасалып жатқан нақты қадамдар жоқ. Осыған байланысты басқаруды реформалау концепциясы қажет. Басқару проблемаларын процеске қатысушылардың: партиялардың, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, алуан түрлі бейрәсім топтардың көптігі қиындатып отыр. Басқару ендігі жерде үкімет монополиясы болудан қалды, оның тиімділігі басқарушы жүйенің шешімдер қабылдау процесінде жаңа қатысушыларды іріктеп қосу қабілетіне барған сайын байланысты болып келеді. Мәселелердің бірі – салалық саясаттарды біріктіретін таңдаулы механизмнің қажеттілігі. Бүгінде көптеген проблемалар көлбеу сипат алып, үкіметтің тік құрылымдары арқылы өтуде. Бұл бұндай проблемаларды бөліктер, секторлар бойынша шешу тенденциясын туғызып отыр. Жалпы саясат нәтижесінде салалық саясаттар жиынтығына айналады да, кешенді, келісілген саясат болып табылмайды және оның мемлекеттік мақсаттарды айқын білдіретін механизмі болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Әубәкіров Я.Ғ., Байжұманов Б.О. Экономикалық теория. Алматы 1999ж.
  2. Жүнісов Б.А. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 2002ж.
  3. Сахариев С.С., Сахариев А.С. Әлем экономикасы (оқулық). Алматы:Дәнекер,2003ж.
  4. Жараспаева С.М. Экономикалық теория негіздері. Алматы: АЭжБУ,2009ж.
  5. Интернет қоры.

 

Информация о работе Аралас экономика