Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:09, реферат
Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау қазіргі экономикалық құрылыс – аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Кейнс мемлекеттік күрделі қаржылар басқармасын құру қажет деп санады. Сонымен бірге жекеменшік капиталы да керек деген пікір айтты.
Кіріспе
I. Аралас экономика
1.1. Аралас экономиканың қалыптасуы
1.2. Аралас экономика ұғымы
II. Аралас экономиканың Қазақстанда қалыптасуы
2.1. Қазақстанның аралас экономикаға әсері
2.2. ҚР-дағы осы кезеңдегі экономика жүйесі және оның ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жоспар:
Кіріспе
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі қоғам дамуының
Аралас экономиканың бірнеше белгілері бар. Бірінші белгісі – мемлекеттік меншіктің экономикада белгілі үлес салмағының сақталуы. Екінші белгісі – бұл экономика құн және жоспарлық қатынастар арқылы реттеледі. Осы тұтқаларды қолдануды мемлекеттік жоспарлау орындары жүзеге асырады. Аралас экономиканың елеулі сипаты макро және микроэкономикалық дәрежеде ұйымдастыру, басқарудағы экономикалық тұтқаларды кеңінен пайдалану.
Аралас экономиканың қалыптасуы.
Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш күштердің өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік – экономикалық дамуының қатпарларында да терең өзгерістер туғызады. Бұл процестің белгілері Ресей ғалымдарын мынандай қорытындыға итермеледі: "Мүмкін соғыстан кейінгі тарихқа тән жалпы адамзаттық құрылымының интенсивті күшеюі, өркениеттің жаңа түріне өтудін куәсі болар... ол экономикалық тиімділікті терең түсінгені ізгілікпен қосуға бағытталған". Мәселенің бұл қойылысында қазіргі дүниедегі өзгерісті мәнді мойындау бар.
Екінші жағынан, болып
жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық
өндіріс түріңдегі өзгерістерді
кешіруге болмайды. Олар, жай ғана модификацик
емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту.
Бұл өзгерістер машиналарды енгізу,
ірі өнеркәсіптің нәтижесі, содан
кейін қоғамдық өндірістің индустриялануы
капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің
өмірге объективті келуін қамтамасыз
етті. Нәтижесінде коғамдық өңдіріс
машинаға сүйеніп өз бойында қарама-қарсы
екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар
мен өндіріс салаларының
Тауарлы өндіріс — аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өңдіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихы процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқа тәсіліне ауысып отырады.
Аралас экономиканы түрлі
өндіріс әдістері арасындағы кедергі,
ол мемлекеттік жеке кәсіпкерлер
ісіне араласуынан болады деп
қарамау керек. Аралас экономиканы тек
укладтылықпен теңестіру де қате көзқарас.
Әр түрлі укладтар түрлі дамыған өндіріс
әдістерінде болды. Айталық, дамыған капитализмде
феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлық
шаруашылықтың қалдықтары болды. Бірақ
осының себебінен капиталистік өңдірістік
қатынастардың негізіне аралас экономиканы
кіргізу тауарлы өңдірістің капитализмді
туғызғанымен бірдей, керісінше емес.
Аралас экономиканы формациялық емес
деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас
азиаттық ендіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік
формация жүйесіңде орын табылмағаны
белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық
қатынастарға үстірт қараудан шығады.
Егер бұл құбылыс капитализм де емес, социализм
де емес десек онда ол информациялық құбылыс
бола алмайды. Мұндай көзқарас қоғамдық
даму барысындағы процестерді көрсете
алмайды.
Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін
талдау мынаны белдіреді: қазіргі экономикалық
құрылыс — аралас экономиканы сипаттайды,
ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық
шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек
сыртқы керініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастарды
бар екенін көрсетті, сөйтіп экономист
ғалымдарды аралас экономика туралы айтуға
мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға
кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің
екі түрі аралас экономиканың тарихи алғы
шарттары еді. Сондықтан аралас экономика
шын өмірдегі қатынастардын бер жағын
емес, ең тереңдегі шын нақты қатынастарды
айқындайды. Аралас экономика өзінің бойына
мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы
қатынастарды емес, экономикалық укладтар
арасындағы катынастарды емес, тіпті формациялар
мен өндіріс әдістері арасындағы қатынастарды
емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінің
екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтайды.
Аралас экономикада ешкімді, ештеңені
ешқандай қыстау, қинау, шыңдау жоқ. Мұнда
эволюция табиғи жолмен, біреулері жаңадан,
бұрынғылары қоғамдық өндіріс элементтерінің
"ескертуімен" өзгеріп жүріп отырады.
Оның өтпелілігі мұндағы жаңа өндіріс
әдісінің пісіп-жетілуінде, бірақ бұл
бір өндіріс әдісінің екіншісіне өту кезеңі
емес. Мұңдағы процестер өте күрделі, өйткені
жаңа заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың
модификациялануы мен жаңаруы, мәндік
қатынастардың өзгерген түрлері туралы
сөз болып отыр. Бұлар жөнінде өтпелі кезеңде
айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі
процестерді өзіне қабылдамайды және
адекватты материалдық-техникалық база
жасалған кезеңге дейінгіні қамтымайды.
Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек: жаңаның бәрі емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің біреуін басқасының ауыстыруы бұл тауарлы өндірістің заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі — аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелі экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.
Әр түрлі елдердің қазіргі эхономикасын аралас зкономика деп сипаттауға болады, бірақ АҚШ-тың немесе ГФР-ның, экономикасын өтпелі деп айтуға келмейді. АҚШ-тың, ГФР-ның, экономикасы өз бойына тауарлы және ұжымдық қатынастардың заңдылықтарын жинақтағанымен, оларда туып келе жатқан қоғамдық-экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан біз АҚШ-тың немесе ГФР-ның қазіргі экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз. Жаңа экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінсіз өз бетімен дамитын ерекше эмбрион сияқты. Зерделеп отырған құбылыстың белгілерін атау қиын емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер өз түсінігі бойынша айқындады. Ғылыми әдебиетте олар монополисттік капитализмнің немесе индустриалды қоғамнын, болмаса басқа бір концепцияның белгілі сипаттары ретінде көрінеді. Осы алғы шарттар аралас экономика ұғымын анықтады және оның мынадай белгілерін атап өтуге болды. Алдымен аралас экономика қоғамдық өндірістегі тауарлы және ұжымдық өндірістің барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды сипаттайды. Аралас экономика нақтылы экономикалық шындықтың құн заңы мен жоспарлылық заңының әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гэлбрейт "Нарықтық қатынастар кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып отыру тиіс" деп жазды. Проблеманың осы жағына назар аударуды Ч. Макмиллан жақтап Линбломның мына сөздерін келтіреді: "Дәстүрлі экономикалық теорияның ең үлкен қателіктерінің бірі — бизнесмендерді қозғаушы күш қызмет көрсету мен тауарларды сату, ал нарықтық экономикадағы өңдірісті дамытудағы бірден-бір мүдде — сатып алу мен сату қатынастары. Мұнда күмәнді ірге тасты өндіріс жүйесі қызмет істей алмайды. Оның дамуы үшін мемлекепік реттеуді енгізу керек". Жоспарлылық пен құнның модификацияланған түрлері әлі де болса ұжымдық өндірістің экономикасында классикалық тауар өндірісінің жоқтығын білдіреді.
Аралас экономиканың алғашқы көрінісі — экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен керінеді, бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т. б. шаралар кіреді. Аралас эконсмикаға тән белгінің бірі — мемлекет пен бизнестің өзара байланысы. Бірақ мұңда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әр түрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін білдіріп, қоғамдық өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлері мен саяси лоббизм жолымен реттеуге қатысады.
Аралас экономиканың басты белгісі – мемлекеттік меншік. Айталық, жеке сектордың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол транспортында, атом энергетикасында, космостық техниканы игеруде ерекше білінеді. Қазіргі өндірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның барлық күш-жігерін қажет етеді. Олар өз кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпал жасайды.
Мемлекеттік меншіктің пайда болуы – тауар қатынастарында жаңа лептің, ұжымдық өндірістің үстемдігін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктің көптүрлілігі тән, мұнда жеке-дара және ұжымдық меншіктің түрі олардың негізі болып, басқа түрлерінін пайда болуына әсер етеді. Аралас экономиканың маңызды бір белгісі құндылық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу. Оларды қолдану басқарудың мемлекеттік және де басқа оргаңдарда жүреді, бұлар кеңестік және консультация немесе зерттеу сипатында болады. Өнеркәсіп органдарын сәйкестендіретін мемлекеттік жоспарлау органдары. Жапониядағы индустриалды құрылысының кеңесі сияқты стратегиялық жоспарлау принципі негізінде "тұрақтандыру саясатына салық, ақша және сауда құралдары экономикалық белсенділікті реттеу үшін қолдануы".
Қазіргі уакытта Қазақстанда барша шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда. Осы жағдайда нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет. Алдымен назарымызды барлық нарықтық жүйелер жөне олардың даму бағыттары тәуелді болатын жағдайларға көңіл аударайық: