Аралас экономика: мазмұны және негізгі белгілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 08:53, реферат

Описание работы

ХХ ғасырдың барысындағы аралас экономика түсінігі туралы көзқарастар, конвергенция теориясы эволюциясынан басқалары сапалық өзгеріске ұшырамайды. 80-жылдарда да негізінен аралас экокномиканы «мемлекет пен жеке сектордың есепке негізделген некеге отырулары» деп анықтады. Мұндай көзқарас Ф. Марш, Э.Шонфилд, Э.Рол, М.Пестон, М.Фламан және басқа қазіргі батыс экономистеріне тән.

Работа содержит 1 файл

Аралас экономика реферат.docx

— 26.18 Кб (Скачать)

    Аралас  экономикада «нарықтық механизм баға мен көптеген саладағы өндірісті  анықтайды, олай болса, мемлекет нарықты  салық салу, шығынмен реттеп отырады» - деп жазған болатын Пол Самуэльсон.

    Әлеуметтік  аралас нарықтық экономика териториясының негізін қалаушы герман экономисі, Фрайбург университетінің профессоры Ойкен Вальтер (1891 – 1950 жж.) болып  табылады. Оның тұжырымдамасының құрамдас бөлігі: әлеуметтік қорғаудың толығырақ жүйесін мүмкіндігі келгенше нарықтық экономикаға қол жеткізу негізінде жасау болмақ. Бұл тұжырымдаманың ұраны мынау: «...адамды экономикалық саясатқа емес, экономикалық саясатты адамға бейімдеу».

    Аралас  әлеуметтік бағытталған экономикалық саясатқа емес экономикаға мысал  ретінде «швед моделі» жатады. Мұнда барлық негізгі қордың 4% - ы мемлекеттің қолдануында болады, ал барлық мемлекеттік шығындардың жартысы әлеуметтік мақсатқа бағытталады. 
Іргелі әлеуметтендіру қорытындысы мынада: «өндірістің қызметі көбінесе жеке кәсіпорынға жүктеледі, себебі бәсекелестік негізде іс - әрекет жасайды. Ал, жоғарғы деңгейде өмір сүру қызметін қамтамасыз ету (барлық әлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде мынандай саланы – жұмыссыздық, әлуметтік сақтандыру, білім, көлік, байланыс, ғылымды қосқанда) мемлекетке жүктеледі».

    Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика  болып табылады. Ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра - өзара іс - әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады. 
Қандай да бір экономикалық жүйедегі әртүрлі меншік түрлерінің арақатынасы қандай боолу керек? ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші жартысына дейін өмір сүрген еркін нарықтық экономика дәуірінде (монополистік капитализмге дейінгі жүйе), ұсақ жеке меншік артығырақ сипатқа ие болады. Ұсақ кәсіпкерлер өзара еркін бәсекелесті. Бұл еркін бәсеке дәуірі еді. ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші жартысынан бастап ҒТР – ның әсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам түрі қалыптаса бастады. Ал, ХХ – шы ғасырдың басынан мемлекеттік меншік үлесі кәдімгідей өсе бастады. 
Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бәсеке жағдайында, нарықты реттеу дәуірінде меншік түрлерінің құрылымы кәдімгідей өзгерді: жеке меншік 30 – 35 % көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50% – ын және мемлекеттік меншік 15 – 20% - ды құрайды. 
Мемлекеттік меншіктің үлесі көбінесе елдің экономикалық даму ерекшелігімен анықталады.

Информация о работе Аралас экономика: мазмұны және негізгі белгілері