Акшанын пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 10:47, творческая работа

Описание работы

1 Жалпы мәліметтер
2 Тарихы
3 Ақшаның мәні және қызметтері
3.1 Ақшаның қажеттігі және шығу тегі
3.2 Ақшаның түрлері
3.2.1 Толық құнды ақшалар
3.2.2 Толық құнсыз ақшалар
3.3 Ақшаның экономикадағы рөлі
3.4 Ақшаның теориялары
4 Ақша айналысы және ақша жүйесі
4.1 Ақша айналысы және оның заңы
4.2 Инфляция
5 Ақша массасы және ақша базасы
6 Ақша жүйесі
6.1 Ақша жүйесінің типтері
6.2 Ақша жүйесінің элементері
7 Тиыннын екінші беті

Работа содержит 1 файл

Ақшаның пайда болуы.ppt

— 471.50 Кб (Скачать)
 
 
 
 

Ақшаның  пайда болуы

 
 
 
 

Ақша - айырбас құралы ретінде барлық  адамдармен қабылданатын және  басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға  қызмет ететін кезкелген тауар  немесе символ 

  • Мазмұны 
  • 1 Жалпы мәліметтер
  • 2 Тарихы
  • 3 Ақшаның мәні және қызметтері
  • 3.1 Ақшаның қажеттігі және шығу тегі
  • 3.2 Ақшаның түрлері
  • 3.2.1 Толық құнды ақшалар
  • 3.2.2 Толық құнсыз ақшалар
  • 3.3 Ақшаның экономикадағы рөлі
  • 3.4 Ақшаның теориялары
  • 4 Ақша айналысы және ақша жүйесі
  • 4.1 Ақша айналысы және оның заңы
  • 4.2 Инфляция
  • 5 Ақша массасы және ақша базасы
  • 6 Ақша жүйесі
  • 6.1 Ақша жүйесінің типтері
  • 6.2 Ақша жүйесінің элементері
  • 7 Тиыннын екінші беті
 
 
 
 

Жалпы  мәліметтер 

  • Әр уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды   астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын және күміс жүрді. Қымбат металдардың физикалық қасиеттері (біртектілігі, мықтылығы, құндылығы) ақша атқаруға тиісті талаптарды толық ақтады. Сондай-ақ металл ақшалардың маңызды қасиеттерінің бірі  оларды бөлуге болытын еді. Қымбат металдар, көлемі қандай болса да, өзінің пайдалы қасиеттері мен құндылығын жоғалтпайды. Құнды металдың белгілі бір көлемінің сақталуына мемлекеттік кепілдік ететін алтын және күміс теңгелер пайда болды.
 
  • Соңғы ғасырларда алтын және күміс теңгелердің орнына қағаз ақшалар жүре бастады. Қағаз ақшаның құны алтынмен кепілденді және олар алтынға еркін айырбасталды.
 
 
 
 
  • Ақша (ағылш. money; cash; нем. Geldn, Geldmittelpi)  жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ал барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі  ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар, т.б.) мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда  аң терісі, Қытайда  шай, Абиссинияда  тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені, металл (әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез келген тауарға айырбасталды.
 
 
 
 

Тарихы 

  • Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланып келсе, біздің заманымыздың 1 ғасырында салық есебіне алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (біздің заманымыздың 5 6 ғасырлары) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға еңгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6 8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6 8 ғасырлардың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған.
 
 
 
 
  • Біздің заманымыздың 704 766 жылдары Таразда құйылып, айналымға енген теңгелердің бетінде «Түргеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар бар. Бұл  тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. Осы сияқты 6 8 ғасырлар аралығына жататын мыс, қола, күміс теңгелер Суяб, Ақбешім қалаларында да шығарылып тұрған. Испиджаб қаласында арнайы теңге сарайы болған. Бұдан кейінгі кезеңде Қарахан әулеті билік құрған тұста Қазақстан және Орта Азияда сауданың күшті дамуына байланысты ақша шығару, ақша айналымы да кең етек алды. Әсіресе, мыс, күміс ақшалар көптеп шығарылды. Соның ішінде Тараз, Испиджаб теңгелері ел экономикасында; ал 12 ғасырдың 2-жартысы  13 ғасырдың басында Отырарда шыққан Мухаммед ибн Текештің теңгелері Қазақстан жеріндегі сауда-саттықта ерекше міндет атқарды. Ол дәуірдегі мыс, күміс, алтын ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен бағаланып, сауда айналымына енді.

Информация о работе Акшанын пайда болуы