Акша

Автор: АЙНАГУЛЬ ОРЫСБАЕВА, 02 Ноября 2010 в 20:51, реферат

Описание работы

Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез - келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір - бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Карл Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғарғы сатысында болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.
Ақша - жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: " Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген ".
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: " Ақшаның мәні мен пайда болуы". Осы рефератты жазу барысында мен ақшаның шығу тарихын, әсіресе Қазақстан ақшасының қалыптасу тарихын көп қарастырдым. Әрине қазіргі нарық экономикасы жүйесі саласында теңгенің тұрақтандыру мәселесін шешуге ат салысқым келді. Бұл мәселелерді қарастырғанда жалпы ақша түсінігіне, инфляцияға шолу жасап нақты қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгенің нарықтағы рөлін зерттеу.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3
1. Ақшаның мәні мен пайда болуы....................................................4
2. Ақшаның атқаратын қызметтері..................................................7
3. Ақшаның түрлері............................................................................14
4. Ақша айналысы, оның маңызы, құрамы мен құрылысы......19
Қорытынды............................................................................................22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................2

Работа содержит 1 файл

Ақшаның мәні мен пайда болуы каз.doc

— 94.50 Кб (Скачать)

      М0,М1,М2,М3 (абсолюттік саладан басқа)

      Бұл агрегаттың мазмұны мынандай :

      М0 - қолма - қол ақша. Айналымға шығарылған қағаз және металл ақшалар.

        М1 = М + Заңды тұлғалардың есеп шоттарында ақшалар мен жеке тұлғалардың банкідегі талап етілмелі салымдары.

      М2 = М1 + Заңды және жеке тұлғалардың  банкідегі мерзімді салықтары.

      М3 = М2 + Мемлекеттік займның облигациясы  және сертификаттар.

      Айналымның  ақша жиынымен қамтамасыз етуінің салыстырмалы шамасы мынандай коэффициентпен сипатталынады.

      К2=М3/ІЖӨ (ішкі жалпы өнім)

      Ақша  базасы дегеніміз - айналымда жүрген  қолма - қол ақшаның, екінші дәрежедегі банктердің кассаларындағы хәне корреспонденттік шоттарында ақшаның және олардың ұлтық банкте сақталатын міндетті қорларының қосындысы.

      Қазақстанда бұл қосынды 2001 жылдың басында 134 млрд. теңге құрады. Бұл 2000 жылдың басымен  салыстырғанда 5,7  %  өскені. 
 

      4. Ақша айналысы, оның маңызы, құрамы мен құрылысы

      Қайта құру кезеңіне дейін " ақша айналымы" ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма - қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма - қол және қолма - қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма - қол ақша қозғалысы тұрғындардың (халықтың) ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма - қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінінуін қарастырады.

      Ақша  белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма - қол рубль тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілсе, қолма - қолсыз рубль - бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамаасыз етіледі.

      Мұндай  жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында қанша ақша, қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгілі болған. КСРО - ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншіктің мемлект иелігінен алынуына және тағы басқа байланысты жүзеге асыру мүмкін емес болып қалды.

      Ақша  айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тауар айналысы процесіндегі қолма - қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен  қаржы - несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы - ақша айналысы деп аталады.

      Ақша  айналысының обьективті негізі - тауар  өндірісі мен тауар айналысы болып  табылады. Құн формасының өзгеріп  отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның  жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.

      Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір - бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста  әрқашан жүреді.

      Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы; әрі төлем құралы функцияларынатқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін. Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының сомасынан  әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату - сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін , банктен қарыз алу үшін және тағы басқа мақсаттар үшін қолданылады.

      Ақша  айналысын реттеудің маңызды  элементі - қолма - қол ақшаның қолдану  аясын азайту болып келеді. Бұл  мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма - қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін өндіру арқылы ғана шешіледі.

      Банк  жүйесін реформалау және банкнотасын  өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма - қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992 - 1993 жж. қолма - қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына республикамызда қолма - қал ақша айналысын  тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғышарттары жасалынды.

      Дамыған елдерде бұл процесс кеңінен  дами түсуде: оларда қолма - қолсыз ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ - та халықтың есеп айырысуларының 25 - 27% - зы ғана қолма - қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелік карточкалар, тағы басқа көмегімен жургізіледі.

      Өмірлік тәжірибе көрсеткеніндей, ақша айналысын  ақша айналымынан бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма - қол және қолма - қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймайды.

      Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес.Ақша өз айналысында қолма - қолдан қолма - қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп айырысуы шотында қолма - қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.

      Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма - қол  және қолма - қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай - ақ:

      - өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп  айырысулармен байланысты ақша  айналымы;

      - тауарлы емес сипаттағы есеп  айырысулармен байланысты ақша  айналымы;

      - ақша айналысы бірнеше тарихи  кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылады. 
 
 
 

      Қорытынды

      Ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған  және бүгінде олардың жағдайы  аяқталған, соңғы фраза болып  табылмайды.

      Ақшаның өзінде, сондай - ақ олардың қызметтерінде  жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу - сату процесі  жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз  және несие ақшалармен жүзеге асуда.

      Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурызда қалыптасты.

      Бұл бағытта ең алдымен қолға алатын шаруамыз - теңгенің курсын тұрақтандыру, оның құндылығын төмендетпеу және оның өзге валюталармен шама - шарқынша теңдестірілуін қамтамасыз ету болып табылады. Ол үшін келешекте мемлекет жүргізетін саясаттың басты бағыттары: біріншіден, ақшаның тұрақтылығына әсер ететін шешуші фактор - ішкі нарықты қалыптастыру. Мұндағы басты мәселе - ішкі нарықты тауарлар және қызметтермен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету; екіншіден, баға мәселелеріне айрықша назар аудару қажет; үшіншіден, салық жүйесін ретке келтіру басты шарт болып саналады; төртіншіден, біздегі дотация бөлу, несие беру ісінде де түбегейлі реттеуді талап ететін мәселелер жеткілікті; бесіншіден, теңге тұрақтылығы - бюджет тапшылығын барынша қысқарту, сол арқылы елдің әл - ауқатын арттыруға тікелей байланысты екені анық. 
 
 

      Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

    1. 7. Ө.Қ. Шеденов,  Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С.  Байжомартов, Б.И. Комягин "Жалпы  экономикалық теория", Ақтөбе "А  - Полиграфия", 2006 ж.
    2. 8. Әкімбеков С., Баймұхаметова А., Жанайдаров, "Экономикалық теория", Алматы, "Кенже Пресс"
    3. 16. "Ақша, несие, банктер", Ғ.С. Сейітқасымов, Алматы, Экономика

                 4.Интернет «Google kz».

             

Информация о работе Акша