Акша

Автор: АЙНАГУЛЬ ОРЫСБАЕВА, 02 Ноября 2010 в 20:51, реферат

Описание работы

Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез - келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір - бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Карл Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғарғы сатысында болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.
Ақша - жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: " Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген ".
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: " Ақшаның мәні мен пайда болуы". Осы рефератты жазу барысында мен ақшаның шығу тарихын, әсіресе Қазақстан ақшасының қалыптасу тарихын көп қарастырдым. Әрине қазіргі нарық экономикасы жүйесі саласында теңгенің тұрақтандыру мәселесін шешуге ат салысқым келді. Бұл мәселелерді қарастырғанда жалпы ақша түсінігіне, инфляцияға шолу жасап нақты қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгенің нарықтағы рөлін зерттеу.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3
1. Ақшаның мәні мен пайда болуы....................................................4
2. Ақшаның атқаратын қызметтері..................................................7
3. Ақшаның түрлері............................................................................14
4. Ақша айналысы, оның маңызы, құрамы мен құрылысы......19
Қорытынды............................................................................................22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................2

Работа содержит 1 файл

Ақшаның мәні мен пайда болуы каз.doc

— 94.50 Кб (Скачать)

      Жоспар

      Кіріспе........................................................................................................3 

      1.   Ақшаның мәні мен пайда болуы....................................................4

      2.   Ақшаның атқаратын қызметтері..................................................7

      3.   Ақшаның түрлері............................................................................14

      4.   Ақша айналысы, оның маңызы, құрамы мен құрылысы......19

      Қорытынды............................................................................................22

      Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................2 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Кіріспе

      Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының  болуына негізделеді. Кез - келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір - бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

      Карл  Маркс былай дейді: ақшаларды  жоя отырып, біз қоғамдық дамудың  ең жоғарғы сатысында болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.

      Ақша - жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

      Ақша  тауардан дами отырып, тауар болып  қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: " Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген ".

      Менің курстық жұмысымның тақырыбы: " Ақшаның мәні мен пайда болуы". Осы рефератты жазу барысында мен ақшаның шығу тарихын, әсіресе Қазақстан ақшасының қалыптасу тарихын көп қарастырдым. Әрине қазіргі нарық экономикасы жүйесі саласында теңгенің тұрақтандыру мәселесін шешуге ат салысқым келді. Бұл мәселелерді қарастырғанда жалпы ақша түсінігіне, инфляцияға шолу жасап нақты қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгенің нарықтағы рөлін зерттеу.

      1. Ақшаның мәні мен пайда болуы.

      Экономикалық  санат ретінде ақша натуралдық шаруашылықтан  тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңінде  пайда болды. Шығарылған өнімнің түгелімен өндірушінің жеке басының керегіне жаратылған кезең натуралды шаруашылық болып есептелетіні белгілі. Кейін өндіріс құралының жетілуіне байланысты, ал кейде табиғаттың өзі туғызған жағдайына байланысты адамдардың шығарған өнімдерінің көлемі олардың жеке басының керегіне жарататын көлемнен артық болатын жағдай туды. Сөйтіп, адамдар өндірілген өнімді, өздеріне керек, басқа өнімге айырбастап алуына мүмкіншілік алды. Осының нәтижесінде " айырбастау " деп аталатын процесс шықты. Айырбастау үшін өндірілген өнімнің " тауар " деп аталатын болған соң, натуралдық өндірістің орнына тауарлы өндіріс пайда болды.

      Жоғарыда  көрсетілген қозғаушы күштердің  салдарынан, өнім өндірушілер өздерін  бір түрлі, не бірнеше түрлі өнім шығаруға бейімдейтін болды. Ал өздеріңе керек басқа өнімдерді өздері шығарған өнімнің артығына ауыстырып алатын болды.

      Сонымен, ақшаның пайда болуына алдын  ала екі экономикалық жағдай туғызылды:

      - натуралдық шаруашылықтың орнына  тауарлық шаруашылық келді, енді  айырбастау операциясы өріс алды;

      - өнім өндірушілердің арасында  бір жағынан мүліктік жекеленушілік  пайда болды, екінші жағынан  белгілі бір түрлі тауар өндіруге  мамандандырушылық туды.

      Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар - барлық басқа  тауарлардың бір - бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент рөлін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

      Сөйтіп, айырбастаудың тауарлық нысаны ақшалай  нысанға көшті. Оның үстіне, әр түрлі  тайпаларда ақшының міндетін атқаратын  тауарлар әр түрлі. Мысалы: Ежелгі гректер, римдіктер, славяндар ақша орнына мал пайдаланған; Скандинав елдерінде, ежелгі орыстар - аңның, болмаса малдың терісін пайдаланған; Қытайда - тұз, Моңғолияда - шай, тағы сол сияқты. Бірақ, осының өзінде де, айырбастауда көптеген қиыншылықтар кездесті. Айтылған заттарды санау, өлшеу, оларды бір жерден екінші жерге тасу, сақтау, іріктеу деген қызметтері көп болды. Міне,осы жағдайлар және тауар өндіру мен оны айырбастаудың көлемінің өсуі ақшаның міндетін атқаратын тауардың біртектілігін, оңай бөлшектенетінін, сақтағанда бұзылмайтын және тасымалдауға қолайлы болуын талап етті. Ал мұндай қасиеттер кейбір түсті және құнды металдарға ғана тәлім болатын. Адамзат дүниесінің даму жолының әр кезеңіңдегі ақшаның міндетін әр түрлі металдар атқарады: қола, мыс, күміс, алтын.

      Металл  ақшаларының  артықшылығы, олар - біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және т.б.  Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің салмақтық жүиесі нақтылана түсті.

      Кейін келе металдардың арасында басты  роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.

      Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл  ақшалар  тауар формасын сақтап келді.Бірақ  б.э. дейін XII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады.Алғашқыдағы белгілі массасы бар формассыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы  біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады.

      Монеталардың  пайда болуы - ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.

      Біріншіден, ақша шыққаннан кейін тікелей  тауар айырбастаудың тар шегі біраз кеңейтілді, яғни базар пайда болды, ал ол базарда екі ғана кісі емес, бірнеше тауар иелері қатынасады.

      Екіншіден, ақша пайдаланудың арқасында бір  ғана әрекетпен бітетін айырбастау процесі (бір тауарды беріп, екінші тауарды алу Т - Т), әр уақытта, әр жерде істелетін екі әрекетке айналды:

      - бірінші әрекет, тауарды ақшаға  сату (Т - А)

      - екінші әрекет, алған ақшаға басқа  жерде, басқа уақытта басқа  тауар сатып алу (А - Т)

      Үшіншіден, тауар өндірушілер сатқан тауардан алған ақшасын енді, керекті тауар  сатып алғанға дейін, сақтауға мүмкіншілік алды. Ал мұның өзі ақшаны жинауғажәне оны басқаларға қарызға беруге болады деген сөз, яғни бұл несиенің пайда болуына әсер етті.

      Осындай өзгерістердің нәтижесінде, ақшаның  қозғалыс жолы тауардың қозғалыс жолынан  бөлініп шықты. Енді ақша шыққаннан  кейін, ақша өз алдына, тауар өз алдына айналатын болды. 

      2. Ақшаның атқаратын қызметтері

      Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар  айырбастау процесінен туындайтын, тауар  өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік - экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның қызметі өзгермей, бір қалыпта қалады. Ақша бес түрлі қызмет атқарады:

      1) құн өлшемі;

      2) айналыс құралы;

      3) төлем құралы;

      4) қор және қазына жинау құралы;

      5) дүниежүзілік ақша.

      Айта  кететін нәрсе, көрсетілген қызметтерді тек ақша ғана орындай алады Енді олардың әрқайсысымен толығырақ танысамыз.

      Ақша  құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем  қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды.Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана құн өлшемі болады.

      Ақша  құн өлшемі қызметін идеалды, оймен  ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

      Тауар бағасын өлшеу көрінетін өлшеу  үшін қолма-қол ақшаның болуы  қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Таурларды  ақшаның көмегін өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

      Ақша  түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық  құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен  анықталуы мүмкін емес, Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу қасетімен ерекшеленеді.

      Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген  қатынасын кқрсетеді. Бірақ тауапдың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет.

      Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі  ақша қызметтірінің арасында едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі - мемлекетке тәуелді емес ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.

      Арнайы  баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының  арасы алшақ болып кетуіне  байланысты өзінің экономикалық мағынасын  жоғалтты.

      Ямайка  валюта реформасының (1976 - 1978 жж.) нәтижесінде  арнайы алтын бағасы және паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға масштабы негізінде орындалады.

      Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей  айырбасталмайды және бағалар алтынмен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес,алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие ақшалар тауардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.

      Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алын келді.

      Ақша  айналыс құралы ретінде. Ақша айналыс  құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

      Тауарлар бір қолдан екіншіқолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

      Өзінің  құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар  айналыс құралы ретінде барлық уақытта  осында қалып отырады және сату - сатып алу процесіне қызмет етеді.

      Біздерге  ақша айналыс құралы қызметін негізінен  мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып  алуы кезінде орындайды. Шет елдерде  мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпарациялардың және тағы басқа қолма - қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.

      Ақшаның айналым құралы ретінде жұмыс  істеуі ақшаның тауарға, тауардың ақшаға айналуының толассыз тізбегі болып  табылады.

      Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің  ерекшеліктері мыналар:

      - тауар мен ақшаның қарама - қарсы  қозғалысы;

      - оны идеалды ақшалар емес, нақты  (қолма - қол) ақшалар орындайды;

      - ақшаның бұл қызметінде тауарларды  айырбастау өте тез орындалатын  болғандықтан, оны нағыз ақшалар  емес (алтын), оны ауыстырушылар - ақша белгілері орындайды.

      Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар  ақшалы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие  ақшалардың алтын нарығында жасырын  айналыс болуыменен түсіндіріледі. Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын  болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады.

Информация о работе Акша