Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 12:45, реферат
Ақша ежелгі заманда пайда болды.Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады.Тауар-бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.Адам еңбегінің өнімі(зат),оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып,тауар формасын қабылдайды.Затардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды.Егер(нақты еңбекпен белгіленген)тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса,онда оны дайындауға кеткен уақытың рәсуә болғаны мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес,өйткені оның қоғамы қажеті шаралы.Cондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып,өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрнеді.Айырбас құн тауарлардың өзнен бөлініп шықан жане олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар ол ақша.