Акциздің құрылу негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:22, реферат

Описание работы

Акциз салығын төлеушілер мыналар:
1.Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;
2.Акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын;
3.Қазақстан Реепубликасының аумағында бензиннің (авиациалық бензинді қоспағанда) және дизель отынының көтерме, бөлшек саудасын жүзеге асыратын;

Работа содержит 1 файл

Акциз салык.docx

— 45.89 Кб (Скачать)

3.Қазақстан Республикасының кеден  шекарасындағы өткізу пунктінде  орналасқан кеден органының белгісі  соғылған тауарға ілеспе қүжаттардың көшірмелерін табыс етеді. Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистральдық құбыр жүйесімен немесе электр берілісі желілерімен әкеткен жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;

4.Салық төлеушінің Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес  Қазақстан Республикасында ашылған  шоттарына акцизделетін тауарлар  өткізуден түскен ңақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшірмесін табыс етеді.

Қазақстан Республикасы акцизделетін тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтін халықаралық шарттар  жасатқан.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге акцизделееін тауарлар экспортталған кезде Қазақстаң  Республикасының кеден аумағынан  экспорт режимінде әкетілген  акцизделетін тауарларды импорттаған  елде рәсімделген кедендік жүк декларациясының көшірмесі қоса табыс етіледі.

Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу расталмаған жағдайда, мұндай өткізуге Қазакстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарларды өткізу үшін оларға белгіленген тәртіппен акциз салынуға қажет.

Акцизделетін тауарларды (спирттің барлық түрін және газ конденсаты мен бірге мұнайды қоспағанда) сатып алған немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған кезде, егер аталған тауарлар бұдан әрі акцизделетін тауарлар өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған болса, Қазақстан Республикасының айағында төленген акциз сомалары шегерілуі тиіс.

Салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетін шикізат көлемі негізге алынып анықталған акциз сомасына шегерім жасалады.

Акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан дайындалған  акцизделетін тауарларды беру кезінде  де, акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарының меншік иесі акциздің төленгенін растаған жағдайда қолданылады.

Акциздер бойынша бюджетпен  ееп айырысу кезінде күнтізбелік  ай есепті кезең болып табылады .

Акцизделетін ішімдік тауарлары  бойынша акциздер тауар өткізілген күннен кейінгі оныншы банк күнінен  кешіктірілмей бюджетке аударылуы тиіс.

Өзгедей акцизделетін тауарлар бойынша  акциздер:

1.салық кезеңінің алғашқы он  күнінде жасалған операциялар  бойынша айдың он үшінші күнінен.

2.салық кезеңінің екінші он  күшінде жасалған операциялар  бойынша айдың жиырма үшінші  күнінен;

3.салық кезеңінің қалған күндерінде  жасалған операциялар бойынша  айдың кейінгі айдың үшінші  күнінен кешіктірілмей бюджетке аударылуға тиіс .

Алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан  өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша  акциз тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға өнім берілген күні төленеді.

Қазақстан Республикасының аумағында  өндірілген газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнайды өнеркәсіптік ұқсатуға берген кезде акциз ол берілген күні төленеді.

Ойын бизнесінен алынған түсім бойынша есептелген акциз жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде аударылады.

Ағымдағы төлемдер бойынша акциздің төленген сомасы төлеуші есепті кезеңдегі  декларацияда көрсеткен акциз сомасын  бюджетке төлемге есептеуге жатқызылады.

Акциздің төлеу мерзімін ұзартуға болмайды.

Төлеуші салық қызметі органдарында акциздер бойынша есепке тұруға міндетті. Оған салық төлеушінің тіркеу нөмірі беріледі. Тұлға акциз салынатын айналым болған сәттен салық төлеуші деп танылады.

Салық төлеуші акциз салынатын  айналымға байланысты қызмет тоқтатылған  жағдайда есептен шығару туралы арыз беруге міндетті. Акциз төлеушіге  акциздердің дұрыс есептеліп, бюджетке уақтылы аударылуы үшін жауапкершілік жүктеледі.

Төлеуші салық қызметінің тиісті органына әрбір есепті кезең үшін салық декларациясын есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірілмей беруге міндетті, онда төленуге тиісті және есепті айдың әр он күнінде нақты төленген акциз сомасы көрсетіледі.

Акцизді төлеу мерзімі және декларацияны беру мерзімі демалыс немесе мереке күніне тура келсе, бұл мерзім демалыс немесе мереке күннен кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады .

Акциз алымының маркаларымен таңбалауға тиіс, акцизделетін тауарларды акциздік маркаларын қолданбай өткізуге тыйым салынады.

Құрылымдық бөлімшелері бар акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелерді олардың орналасқан жері бойынша салық органдарына тіркеу есебіне қойғаны туралы өзі тіркелген жері бойынша салық органына хабарлауға міндетті.

Сонымен қатар құрылымдық бөлімше  үшін төленуге тиіс акциз сомасы ер құрылымдық бөлімше бойынша жасалған құрылымдық бөлімше жөніндегі акциз есебі негізінде анықталады.

Акциз есебін қүрылымдық бөлімшелер бойынша жасаған кезде акциз салынған және салық кезеңі ішінде қүрылымдық бөлімшелер жүргізген операциялар ескеріледі.

Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелері  үшін төлеуге тиіс акциз сомалары бойынша есепті - өзінің тіркелген жері бойынша салық органына белгіленген мерзімдерде табыс етуге міндетті.

Ағымдағы төлемдерді қоса алғанда, құрылымдық бөлімшелер үшін акциз төлеуді  акциз төлеуші заңды тұлға тікелей өзінің есеп шотынан немесе ол құрылымдың бөлімшеге жүктеледі.

Жеке қәсіпкер, ағымдағы төлемдерді қоса алғанда , акциз төлеуді өзі қызметін жүзеге асыратын жері бойынша жүргізеді.

Акцизделетін тауарлардың импортына  салық салудың өзіндік ерекшеліктері  бар, тұрлауды акциз ставкалары белгіленген  акцизделетін тауарларды -Қазақстан  Республикасының кеден аумағына импорттау кезінде салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың  заттай түрдегі көлемі ретінде белгіленеді. Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген  акцизделетін тауарларды импорттау  кезінде салық салатын база импортталатын акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалатын кедендік құны ретінде анықталады .

Импортталатын тауарларға акциздер Қазақетан Республикасының кеден заңдарына кеден төлемдерін төлеу үшін белгіленген күні төленеді.

Жеке түлғалардың Қазақстан  Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша  импорттайтын  акцизделетін   тауарларына  акциз  төленбейді.Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткізетін жеке тұлғалардың мынадай акцизделетін тауарларының нормасына акциз салығы салынбайды:

1.бекіре мен қызыл балық, бекіре  мен қызыл балық уылдырығы,  бекіре мен қызыл балықтан және уылдырықтан жасалған жеңіл тағамдар -- 1 кг;

2.сыра -- 5 литр;

3.спирттің барлық түрлері, арақ, шарап өнімдері, ликер арақ өнімдері, шырынды сусын, шарап, коньяк, шампан шарабы -- 2 литр;

4.темекі өнімдері, құрамында темекі  бар басқа да өнімдер - 1000 дана;

5.бензин ( авиациалық бензиннен басқа ) - 100 литр;

6.дизель отыны-150 литр;      

Төмендегі тізіп көрсетілген импортталатын тауарлар акцизден босатылады.

1.жол бойы бағытында және  аралық аялдама пунктерінде халықаралық  тапсырмаларды жүзеге асыратын  көлік қүралдарын пайдалану үшін қажетті, сондай-ақ аварияны (сынып қалуды) жою үшін, шет елден сатып алынған акцизделетін тауарлар;

2.Қазақстан Республикасының кеден  шекарасы арқылы өткізгенге дейін  бүліну салдарынан бұйым және материал ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған тауарлар;

3.шетелдік дипломатиялық және  оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдадануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік -- техникалық қызметкерлерінің, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда? жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акцизден босатылатын тауарлар;

4.Қазақстан Республикасының кеден  шекарасы арқылы өткізілетін,  еркін айналыс үшін тауарлар  шығару режимін қоспағанда, Қазақстан  Республикасының кеден заңдарымен  белгіленген кеден режимі шеңберінде  акцизден босатылатын тауарлар;

5.сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын  тұтынушы ыдысына құйылған және Қазакстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тіркелген, құрамында спирті бар медециналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.

Бюджетке аударылуға тиіс акциздердің  сомасы банк және банк операцияларының  кейбір түрлерін жүзеге асыратын басқада ұйым төлем тапсырмасы алынған күні тиісті бюджетке аударады.

Уақтылы төленбеген салық сомасы, соның ішінде ағымдық төлемдер, бюджетке осы сома төленген күні тексеру сәтінде  мерзім өткен әр күн үшін (төлем жасау күнін қосқанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының 1.5 есе мөлшерінде өсім есептеліп  өндіріп алынады.

Белгіленген мерзімде жеткілікті негізсіз декларациясын табыс етпеген  жеке тұлғаға декларация ұсынылмаған әр ай үшін төленуге тиісті, бірақ декларация бойынша төленбеген соманың 5 пайыз мелшерінде айыппүл салынады.

Декларацияда көрсетілген салық  мөлшерін оның толық төленбеуіне  әкеліп соққан кеміту үшін салық төлеушіге қемітілген салық сомасын 100 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады.

Бір айдағы ағымдық төлемдер сомасының мөлшері кемітілген үшін кемітілген арымдары төлемдерінің 100 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады.

Есепте көрсетілген тауарларды (атқарылған жүмысты, көрсетілген қызметті) сату жөніндегі операцияларда жүргізілгені үшін аталған тауарлар (көрсетілген қызмет, атқарылған жұмыс) құнының 100 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады.

Салық төлеуші салық салынатын  кезең біткеннен кейін оны  дұрыс есептемеу нәтижесінде  келіп түскен салығының сомасын қайтару туралы өтініш беруіне болады. Аталған сомалар төлеушіге қайтарылуы тиіс немесе төлеушінің қалауы бойынша төлеушіден тиесілі басқа сомаларының есебіне алуға жатқызылады. 

2.3 Акциздердің бюджет кірісіндегі орны 

Бюджеттің кірістері орталықтанған ақша қорын құру кезінде болатын мемлекеттің кәсіпорындарымен, ұйымдармен және халықпен болатын экономикалық қатынастарынан тұрады. Бұл экономикалық қатынастардың формасы болып, мемлекеттік бюджетке түсетін кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың әр түрлі төлемдері? ал олардың заттай материалдық енуі, бюджеттік қорда жиналатын ақша қаражаттары. Бюджеттік кірістер, қор жағынан, ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі қатысушылары арасындағы қоғамдық өнім құнын бөлу -нәтижесі,екінші жағынан - мемлекет қолында

жинақталған құнды әрі қарай бөлудің обьектісі, яғни аймақтық салалық және мақсаттық негіздегі бюджеттік қорларды құру үшін құнды жұмсау болып табылады .

Нарықтық экономикаға көшуге байланысты, бюджеттің кірістері заңды және жеке тұлғалардың салықтық және салықтық емес төлемдерінен тұрады. Бюджеттің кіріс көздері ішінде ерекше орынның бірі акциз салығына тиесілі 
  
 

Кесте 1

Түсу болжамы орындалмаған акцизделінетін тауарлар 

Акцизделетін тауарлар

2009

2009

2009

2009

2010 нақты

Өсу қарқыны, %

Жоспар (млн тг)

Нақты    (млн тг)

Ауытқуы (млн тг)

Орындалуы  (%)

Алкоголь өніміне акциз

9901,2

7546,9

-20354,3

76,2

6902

 

Бензин мен дизель отына  акциз

7608,9

6332,5

-1276,3

83

7741,3

82


 

 

Акциз салығының бензин мен дизель отыны бойынша бюджетке түсу жоспарының орындалмауы акциз ставкасының төмендеуіне байланысты.

Сонымен қатар мұнай өңдеуші  компаниялар көбінесе өз өнімдерін экспортқа шығарады. Экспорт акциз салығымен алынбайтындықтан мемлекетіміздің бюджеті қаражаттан айырылды .

Сонымен, акциз салығы кез келген жанама салық сияқты тауардың бағасына қосылады, сондықтанда үстеме құн  ретінде тағайындалып тұтынушыдан  төленеді. Бұл салық, әрқашанда тауар бағасының өсуімен бірге өсіп отырады, сөйтіп бюджеттің тұрақты, әрі тиімді қаражат көзі болып табылады.  
  
  
  
  
  
  
 

3 АКЦИЗ САЛЫҒЫН АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ  ЖОЛДАРЫ 

Дамыған елдерде акциз салығын  жетілдіру арнайы объективті факторлардың әсерінен анықталады. Олардың қатарына өндірістік қатынастар мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларға мемлекеттің салық салу жүйесі арқылы әсер етуін жатқызуға болады. Салық табысындағы тұтыну мен оларды алу мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық барлық салық жүйесін құрудың негізгісі болып табылады. Дамыған елдерде мемлекеттік шығындарды азайту жолдары және салық түсімдеріне қажеттілікті қысқарту бағыттары тұрақты іздестірілуде.

Батыс экономистерінің ойы бойынша, барлық нарықтык, экономика елдеріне тән салықтық мәселелер мыналар:

1 Салық жүйесі салық төлеушілердің  түсінуіне және салық органдарының тиімді басқаруына өте қиын. Бұл міндетті түрде артық әкімшілік шығындарға әкеледі және салықтардан жалтарудың неше түрлі тәсілдерін тудырады;

2 Жеке табысқа салық салу салықтың ауыртпашылықты әділетсіз бөлуді сипаттайды;

3 Салықтың жоғарғы ставкалары  экономикалық шеішмдер қабылдауға  кері әсер етеді. Бұл топқа  енетін салық төлеушілердің жұмысқа  ынтасы жоғалып, көлеңкелі экономика  қыздырушылығын білдіреді және қор жинауда әртүрлі қиыншыпықтарға толы болады;

4 Салық салу кәсіпорындарыды  қаражаттарды инвестициялауға және  балансты экономикалық емес салықтық  себептермен құруға мәжбүр етеді. Бұл күрделі қаржы салу мен шектелген ресурстарды бөлу сапасына кері әсер етеді.

Аталып өткен мәселелердің барлығында салық жүйесінің жетілмеуі орын алып отыр. Бірақ та салық арқылы мемлекеттік шығындарды қаржыландыру мүмкіндігі бұл маселелерді шешудің қажеттілігін міндетті және кейінге қалдыруға болмайтын қылды.

Қазақстан әлі толығымен нарықтық экономикасы дамымаған, бұның бір себебін қаржы механизміндегі сапалық өзгерістердің тежелуін жатқызамыз.

Қаржы нарығында әлі де мемлекет пен оның ресурстары билік етуде, ал жеке кәсіпкерлердің жинақтары шетте қалуда. Бұған ең алдымен өндірістік сектордан капиталды шығарып тастайтын және қалыпты инвестициялық процестің дамуына кедергі келтіретін, өкіметтің салықтық саясаты әсер етеді. Айта кету керек, өзінің сыртқы өлшемдері мен салықтар құрамы бойынша Қазақстандық салық жүйесі толығымен дерлік батыстық "модельдің көшірмесі деуге болады. Ол жақта салықтар мүлдем азаматтар мен кәсіпорындардың нарықтық белсенділігін тежеудің факторы ретінде қарастырылмайды. Ендеше, мұндай айқын айырмашылыққтардың себептері неде?

Информация о работе Акциздің құрылу негізі