Акциздің құрылу негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:22, реферат

Описание работы

Акциз салығын төлеушілер мыналар:
1.Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;
2.Акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын;
3.Қазақстан Реепубликасының аумағында бензиннің (авиациалық бензинді қоспағанда) және дизель отынының көтерме, бөлшек саудасын жүзеге асыратын;

Работа содержит 1 файл

Акциз салык.docx

— 45.89 Кб (Скачать)

 

 

2 АКЦИЗ САЛЫҒЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА  ТӨЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

2.1 Акциздің құрылу негізі 

Қазақстан Республикасының аумағында  өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ арнайы қызмет түрлеріне акциз салынады .

Акциз салығын төлеушілер мыналар:

1.Қазақстан Республикасының аумағында  акцизделетін тауарлар шығаратын;

2.Акцизделген тауарларды Қазақстан  Республикасының кедендік аумағына  импорттайтын;

3.Қазақстан Реепубликасының аумағында  бензиннің (авиациалық бензинді  қоспағанда) және дизель отынының  көтерме, бөлшек саудасын жүзеге асыратын;

4.Егер Қазақстан Республикасының  зацдарына сәйкес бұрын Қазақстан  Республикасының аумағында аталған  тауарлар бойынша акциз төленбесе,  тіркелінген, иесі жоқ акцизделетін  тауарларды, сондай-ақ мүрагерлік  құқығы бойынша мемлекетке өткен  және Қазақстан Республикасының  аумағында мемлекет меншігіне  өтеусіз берілген акцизделетін  тауарларды өткізуді жузеге асыратын;

5.Қазақстан Республикасының аумағында  қызметтің акцизделетін түрлерін  жүзеге асыратын жеке және  заңды түлғалар акциз төлеушілер болып табылады;

Айта кететін тағы бір жай, осы ережелерді ескеріле отырып, резидент емес заңды түлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеуші болып табылады;

Қазақстан Республикасының салық  кодексі бойынша акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлерінің тізбесіне  мыналар жатады:

1.спиртің барлық түрлері;

2.алкоголь өнімі;

3.темекі бұйымдары;

4.ұрамында темекі бар басқа бұйымдар;

5.бекіре және қызыл балық  уылдырығы;

6.алтыннан , платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік  бұйымдар;

7.бензин ( авиациалық бензинді қоспағанда), дизель отыны;

8.жеңіл автөмобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);

9.атыс және газ қарулары (мемлекеттік билік органдарының қажеттіліктері үшін алынғандардан басқа);

10.газ конденсатын қоса алғанда,  шикі мұнай акциздедетін тауардар. Қазіргі уақытта акцизделетін қызмет түрлері бар, олардың қатарына мыналар жатады:

а) ойын бизнесі;

б) лотереяны ұйымдастыру мен  өткізу .

Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының  Үкіметі бекітеді және тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және заттай нысандағы  өлшем бірлігіне абсолюттік сомада ( тұрлаулы ) белгіленеді.

Алкоголь өніміне акциздер ставкасы су араластырылмаған (жүз пайыздық) спирттің бөлу көлеміне байланысты бекітіледі. Спирттің барлық түрлеріне акциз  ставкалары спирттің бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.

Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алкоголь өңімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.

Ойын бизнесі обьектілеріне  акциздің базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шектерін Қазақстан  Республпкасының Үкіметі бір жылға есептеп белгілейді.

Жергілікті өкілді органдар ойын бизнесі  обьектілеріне белгілемеген базалық  ставкалар шегінде қызметін бір әкімшілік аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай акциз ставкасын белгілейді.

Акциз салығының обьектілеріне төмендегілер жатады:

Акциз төлеушінің өзі жасай шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа кұйылған акцизделетін тауарлар мен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

1)акцизделетін тауарларды өткізуі;

2)акцизделетін тауарларды алыс-беріс  негізінде ұқсатуға беру;

3)алыс-беріс, оның ішінде акцизделетін  шикізат пен материалдарды ұқсату  өнімдері болып табылатын акцизделетін  тауарларды беру;

4)жарғылық капиталға жарнасы;

5)заттай ақы төленген кезде  акцизделетін тауарларды пайдалануы ;

6)тауар өндірушінің акцизделетін  тауарларды өзінің құрылымдық  бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;

7)тауар өндірушілердің жасап  шығарған және (немесе) өндірген  және (немесе) ыдысқа құйылған тауарлардың  өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы;

8)бензиңді (авиациалық бензинді  қоспағанда) және дизель отынын  көтерме саудада өткізуі;

9)бензинді (авиациалық бензинді  қоспағанда) және дизель отынын  бөлшек саудада өткізуі;

10)тәркіленген және (немесе) иесі  жоқ, мұрагерлік құқығы бойынша  мемлекетке өткен және мемлекет  менішгіне өтеусіз берілген акцизделген  тауарларды өткізуі;

11) ойын бизнесі саласындағы  қызметті жүзеге асыруы;

12) лотереяларды ұйымдастыру және  өткізуі;

13) акцизделетін тауарлардың, акциз  алымы маркаларынын бүлінуі, жоғалуы.

Салық кодексінің белгіленген талаптарына  сай келсе, акцизделетін тауарлардың  экспортына салық салынбайды. Сонымен  қатар бұл салық түрінен мыналар босатылады :

а) этил спиртін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндеп уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шегіндегі этил спирті

б)тауар өндірушіде аталған өнімді өндіру құқығына Қазақстан Республикасының лицеңзиясы бар болған жағдайпда емдік және формацевтік дері-дәрмек әзірлеу үшін;

в) мемлекеттік медецина мекемелеріне босатылса ;

г) түтынушының сыйымдылығы 0,1 литрден  аспайтын ыдысына құйылған және Казакстан  Республикасының заңдарына сейкес дерілік құрал ретінде тіркелген, құрамыңда спирті бар медециналық мақсаттағы (бальзамнан басқа) өнімге акциз салынбау тиіс.

Операция жасалған күн.

Салық кодексі бойынша барлық жағдайларда  акцизделетін тауарларды сатып алушыға тиеп жөңелту (беру) күні операция жасаған күн болып табылады.

Тауар өндіруші өзі акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізгеп жағдайда тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен  күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетін алыс-беріс тауарларын беру кезінде аталған тауарларды мердігерге (ұқсатушыға) берген күн операция жасаған күн болып табылады.

Алыс-беріс тауарларынан акцизделетін тауарлар әзірленген кезде әзірленген акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші керсеткен тұлғаға берген күн операция жасаған күн болып табылады .

Акцизделетін тауарларлы өздерінің  өндірістік қажеттеріне пайдаланған кезде аталған тауарларды осындаи пайдалануға берілген күн операция жасалған күн болып табылады .

Лотерея ұйымдастырған және өткізген жағдайда салық органдарыда лотерея  билеттерін сатуға шығаруды тіркеген күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетін өнім, акциз алымы  маркалары бүлінген жағлайла бүлінген акцизделетін өнімді ( акциз алымы маркалары ) есептен шығару туралы акт жасаған күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетін тауарлар, акциз алымы  маркалары жоғалған жағдайда акцизделетін тауарлар, акциз алымы маркалары  жоғалған күн операция жасалған күн  болып табылады .

Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген  акцизлелетін тауарлар бойынша салық  базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіденеді.

Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген  акцизделетін тауарлар бойынша салық  базасы өндіруші осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгізбей беретін бағалар бойынша анықталатын  өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленелі.

Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру  кезіндегі салық базасы лотереяны  ұйымдастырушы салық органында  лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алып тасталған, оған акциз сомасы қосымша мәлімдеген түсім сомасы ретінде анықталады және шығарылған тіркелгеннен кейін ол өезгертілмеуге тиіс.

Егерде спирттің барлық түріне әртүтрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады .

Сонымен акциз салығының құрылу негізін қарастыра отырып, оның төлеушілерін, обьектілерін жене акцизделетін тауарлардың тізбесін атап өттік. 

2.2 Акциздің төлеу мен есептеу  тәртібі 

Акциз сомасын есептеу белгіленген  акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.

Ойын бизнесі бойынша акциз  сомасын есептеу салық кезеңіне белгіленген акциз ставкасын - салық  салынатын обьектілердің санына қолдану арқылы анықталады. Салық  кезеңінде салық салынатын обьектілердің  саны өзгеріс, енгізілген ( шығып қалған ) обьектіге акциз сомасы толық келемде төленеді.

Алкоголь өнімін өндірушілер базалық  ставкадан төмен акцизбен сатып  алған спиртті алкоголь өнімін өндіруден  басқа мақсатқа пайдаланған кезде осы спирт бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын тұлғаларға сатылатын спирттің барлық түрлері үшін белгіленген акциздің базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге тиіс. Қайта есептеу мен салық төлеуді спиртті алушы жүргізеді.

Емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндіру және медециналық қызмет көрсету үшін алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдай да қолданылады. Осы спирт бойынша емдік жене фармацевтік дәрі-дәрмек өндірушілер мен спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медециналық мекемелер акциз төлеушілер болып табылады .

Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндірілген акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акйиз толық мөлшерде төленеді. Осы ереже одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациалық бензинді қоспағанда), дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайларда да қолданылады.

Акциз алымы маркалары жоғалған, бүлінген кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.

Алкоголь өнімін таңбалауға арналған акциз алымының бүлінген немесе жоғалған   (оның ішінде ұрланған) маркалары бойынша акцизді есептеу маркада   көрсетілген   сауыттың   (ыдыстың)   көлеміне қолданылатын

белгіленген ставка негізінде алынып жүргізіледі .

Маркада сауыттың (ыдыстың) көлемі белгіленбеген  жағдайда акциз алымының бүлінген немесе жоғалған маркалары бойынша акцизді  есептеу акциз алымы маркалары  бүлінген, жоғалған кезеңнің алдындағы  салық кезеңі ішінде өнім құю (орау) жүргізілген сауыттың (ыдастың) неғұрлым үлкен көлемі негізіне алынып жүргізіледі.

Акциз алымы маркалары жоғалған, бүлінген кезде мынадай жағдайларда :

1.акциз алымы маркалары төтенше  жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;

2.акциз алымының бүлінген маркалары салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізіңде қабылдаса, акциз төленбейді.

3.Қазақстан Республикасының аумағында  жүзеге асырылатын бензин (авиациалық  бензинді қоспағанда) мен дизель  отынының көтерме, бөлшек саудада өткізуге жатқызу өлшемдерінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Егер сатып алу-сату шарты бойынша  сатып алушы аталған акцизделетін тауарларды қабылдауға және оларды одан әрі өткізу үшін пайдаланға міндеттес, осы сатып алу-сату шарты бойынша;

1бензин (авиациалық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өндіруші ;

2бензин (авиациалық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеуші өнім берушілер болып табылған жағдайда, бензин (авиациалық бензинді қоспағанда) және дизель отынын өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.

Бензин (авиациалық бензиңді қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада  өткізу саласына аталған берушілер  жүзеге асыратын мынадай операциялар  жатады :

1.бензин (авиациалық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның ішінде шетелдік заңды  тұлғаларға) және жеке кәсіпкерлерге  олардың өндірістік қажеттері үшн өткізу;

2.бензин (авиациалық бензинді коспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткізу;

3 өндірілген немесе одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациалық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өзінің өндірістік қажеттеріне пайдалану операциялары;

Ойын бизнесі саласындағы кызметке салық «алудың қазіргі уақытта  өзіндік ерекшеліктері бар. Ойын бизнесі (лотереяларды қоспағанда басқа) саласындағы кызметті жүзеге асыру  кезінде мыналар салық салу обьектісі  болып табылады :

1 ойын столы;

2 ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;

3 тотализатор кассасы;

4 букмекер кеңселерінің кассасы.

Лотерея ұйымдастырушысының лотерея  билеттерін сатуға шығаруы лотерея бойынша салық салу обьектісі болып табылады.

Айта кететін бір жай, лотерея  ұйымдастырушысы өткізуге әзірленген лотерея билеттерін сатуға шығарудың  әрбір шығарылымы және оның ақша түріндегі  көлемі лотерея билеттерін өткізу басталғанға  дейін он күнтізбелік күннен кешіктірілмей салық органдарына міндетті түрде тікелуге тиіс. Бірақта, лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу кезінде салық салудан босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші тіркелген орны бойынша салық органына алпыс жұмыс күннің ішінде міндетті түрде мына қүжаттарды

1.экспортталатын акцизделетін  тауарларды беруге шартты (келісім шартты);

2.акцизделетін тауарларды экспорт  режимінде шығаруды жүзеге асырған  кеден органының белгілері бар  кедендік жүк декларациясын немесе  оның кеден органы куәландырған  көшірмесін табыс етеді. Акцизделетін  тауарларды экспорт режимінде  магистральдық құбыр жүйесімен  немесе электр берілісі желілерімен  не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімін

қолдана отырып әкеткен жағдайда кеден  рәсімдеуін жүргізген кеден органының белгілері соғылған толық кедендік жүк декларациясы экспортты куәландыру болып табылады;

Информация о работе Акциздің құрылу негізі