Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 20:21, курсовая работа
Акционерлік қоғамға, ұжымдық кәсіпкерліктің құқықтық нысаны ретінде, заңды тұлғаның барлық негізгі белгілеріне тән, атап айтқанда:
1.Акционерлік қоғам – акционерлік заңнамасымен, жарғысымен, жергілікті нормативті актілерімен бекітілген ұйымдастырушылық бірлік, оған ең аз дегенде үш элемент кіреді:
Біріншісі: жеке субъектілер жалпы біртұтасқа бірігетін әлеуметтік мәнді өзара байланыстар жүйесінің бар болуы;
Екіншісі: құрылу мен қызмет етудің белгілі бір мақсатының болуы. Акционерлік қоғам, кез – келген әлеуметтік ұйым сияқты мақсатты жалпылық – бұл осындай мақсат үшін адамдардың бірігуі, ол әрқайсысы үшін маңызды болса да, жеке түрде оған ешкім қол жеткізе алмайды. Бірақ та бұл мақсатқа жету оларды рольдер бойынша, мақсаттар бойынша, бағынуы бойынша бөлінуіне мұқтаж етеді.