1993 жылғы ақша реформасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 21:10, курсовая работа

Описание работы

Ақша – бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір – бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналымынсыз тауар айналысының болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді.
Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................
I. Ақша теориясының эволюциясы...................................................
1.1. Ақшаның пайда болуы және мәні.......………………………….....
1.2.Ақшаның түрлері мен қазіргі формалары........................................
1.3.Ақшаның атқаратын функциясы және оның қажеттілігі................
II. Қазіргі заманғы ақша теориясының мәселелері........................
2.1.Ақшаның металдық теориясы...........................................................
2.2.Ақшаның номиналистік теориясы....................................................
2.3.Ақшаның сандық теориясы...............................................................
III. Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы және
жоспарлау кезеңдері.............................................................................
3.1.ҚР алғашқы ақша реформасының мазмұны...................................
3.2.ҚР 1993 жылғы ақша реформасының ерекшелігі..........................
3.3.ҚР ақша реформасын жетілдіру жолдары......................................
Қорытынды......................................................................................

Қолданылған әдибиеттер ....................................................................

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 57.56 Кб (Скачать)

    Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сонда-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ереше бір қозғалыс формасына ие: Т (тауар) – М (міндеттеме), келісілген мерзімінен кейін: М (міндеттеме) – Т (тауар).

    Ақша  төлем құралы ретінде тек қана  тауар айналысына қызмет етіп  қоймай, сол сияқты қаржы және  несие қатынастарына да қызмет  етеді. 

    Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынды, сөйтіп тауарды сатып алу және сату қозғалысы үзіледі.

    Ақшаның  қор жинау қызметін толық бағалы  емес ақшалар атқарады. Тауар  өндірісі жағдайында қорлану  екі формада жүзеге асырылады:

  1. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (депозиттік) шоттардағы, сол сияқты банктердегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;
  2. Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.

13

Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар,

сыртқы серіктестерге  қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп  болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға  ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ  сатып алынатын құрал және жалпыға  ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық  төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы  есеп айырысуларды қолданылады.

   Ақшаның объективті қажеттілігі тауар өндірісі және одан туындайтын тауар айналысына байланысты. Ақша – кез келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның нәтижесі. Тауар және ақша бір – бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.

     Әйтсе де адам өміріне ақшаның  қажеттілігі туралы әр уақытта  әр түрлі ойлар айтылуда. Рационалистік  концепцияны (ақыл – ой талабына  ғана негізделген көзқарас) жақтаушылар  ақша адамдар арасындағы келісім  құралы, ол айырбас кезінде құндардың  қозғалысына қажетті арнаулы  құрал деп түсіндіреді. Бұл  ойды жақтаушы Аристотель өзінің  “Никомахова этика” деген кітабында  “Айырбасқа қатынастардың бәрі  өзара салыстырмалы болуы керек.  Айырбасты болдыру үшін шарттылыққа  негізделген әрбір өлшем болуы  қажет” деп жазған.Бұл ой көне  Рим қоғамында заңға енгізіліп,  оның қағидасы бойынша император  ақшаның құнын заңмен бекіткен.

     ΧVІ ғ. бас кезінде утопиялық   социализмнің негізін қалаушы  Томас  Моор өзінің “Золотая  книга о наилучем устройсве  государства и новом острове  Утопия” деген еңбегенде «барлығын  ақшамен өлшегенде мемлекеттік  істердің табысты және дұрыс  шешілуі мүмкін болар ма екен»  деп жазған.    Субъективті ой-пікірлер ХХ ғасырдағы көрнекті экономистерге де тән. Мысалы, американдық экономист П. Самуэльсон ақшаға жасанды әлеуметтік шарттылық ретінде қараса, Дж. К. Гэлбрейт «ақшаның қызметін асыл металдарға және басқа заттарға бекіту – адамдар арасындағы келісімнің өнімі» деп есептейді. Орыстың көрнекті ғалымы Струмилин С. Г. Ақшаның орнына белгілі бір еңбек өлшемін, ағылшын экономисі Смит Фальтнер энергетикалық өлшемді ұсынды.

     Сондай-ақ  90-жылдардың бас кезінде  шыққан «Экономикс» атты кітабында  К.Р. Макконелл мен С.Л. Брю  «ақша адамдарды сиқырлайды, ақшаның  кесірінен олар азаптанады, ақша  үшін еңбектенеді. Ақша – ол  өзіне баурайтын, қайталанатын, құбылмалы  перделі жұмбақ нәрсе» деп  жазды. 

     Алғашқы болып ақшаның тауарлы  жаратылысын дәлелдеп, ақша теориясының  дамуына көп еңбек сіңірген  К. Маркс. Ол айырбастың жай,  ең қарапайым формасынан «көз  шағылыстыратын» - ақшалы формасына  дейін ұзақ даму жолдарын зерттей  келіп, ақшаның жұмбақ сырын  жоққа шығарды. Сондай-ақ  К.  Маркс ақшаның қажеттілігі жөнінде  «егер ақша жойылса, біз қоғамдық  өркендеудің ия ең жоғары дәрежесінде  болармыз, ия қоғамдық өсудің  ең төменгі сатысына лақтырылып  тасталармыз» деп өз ойын қорытындылаған. Ал коммунизм тек қиял, сондықтан  ақша болды, одан әрі де бола  береді.

      «Ақша – зат емес, ол қоғамдық  қатынастар жиынтығы». Шын мәнінде  бұл афоризм, егер адам қоғамнан  бөлініп кетсе, оған ақшаның  қажеті жоқ деген мағынаны  білдіреді. Робинзон Крузоға да  ақшаның керегі болған жоқ. 

14

Оның мұхитқа  батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда пайдаға  жарады, тек ақша қажетсіз бос қағаз  болып қалды.

     Ақша – тарихи дамыған экономикалық  категория (санат). Ол қоғам дамуының  әрбір сатысында өндіріс және  айырбас процесінде адамдар арасында  қалыптасатын экономикалық қатынастарды  көрсетеді. 

     Нарқтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әртүрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, корпоративтік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімінің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.

     Сонымен қатар, қазіргі кезде  кәсіпорындарды жеке меншіктендіру  де, мемлекеттік бюджеттің кірісін  қалыптастыру да, әртүрлі өндірістік  және өндірістік емес шығындарды  қаржыландыру да, Ұлттық банктің  несие ресурстарын басқа банктерге  сату да, инфляцияға қарсы күрес  те және т.б. жүргізіліп жатқан  іс-шараларда ақшаның маңызы арта  түсуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

II. Қазіргі заманғы ақша теориясының  мәселелері

2.1.Ақшаның  металдық теориясы

 

   Ақшаның  өндіріспен байланыстылығы талайдан  белгілі. Ақша кез келген экономикалық  жүйенің маңызды элементі болып  табылады. Ақшаның рөлін бағалау  және экономиканың дамуына ақша  жүйесінің әсерін пайымдауға  байланысты бірнеше ақша теориясы  бар. Үш ақша теориясын атап  айтуға болады-металдық, номиналистік  және сандық.

   Металдық  теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлану кезеңіндегі меркантилистер (Томас Мэн, т.б.) жатады.Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистік сипатта,себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөнінен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанский (1771-1839 жж.) болып табылды. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негізі – ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалы күміс деп санады. Ақшаның қызметтерін орындауда металдың қатысуы XIX ғ. теоретиктермен қолданылған. Бұл іс жүзінде тек бір тарихи кезең, яғни ақша жүйесінің жоғары және күрделі формаларына өту кезеңі болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XX ғ. дүниежүзілік экономиканың шеңберіне сыймады. Өндірістің дамуы ақша базисінің адекватты түрінің болуын талап етті. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді. Металдық теорияның қайта жандануы XIX ғ. екінші жартысында алтын-монета стандартының Германияда 1871-1873 жж. енгізілуімен байланысты болды.

Қазіргі жағдайдағы алтынының негізгі экономикалық қызметінің мәні, оның капиталды инфляциядан  сактау кұралы ретінде кызмет етуімен, несие алуда қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсіптік шикізат болып қала беруімен сипатталады.Адамзат  кұнның әр түрлі формаларын өз басынан  өткере отырып, яғни ақша орнына әр түрлі  тауарлар қолданылысынан кейін (мал, тері, бақалшақ және т.б.) адамзат металл ақша айналысына қол жеткізді. Металдың ақша ретінде қызмет етуінен барып, одан бірте-бірте монеталар пайда  бола бастады. Осылайша, Ежелгі Римде  жануарлардың суреті бар мыс және қоладан жасалған пластиналар, кейіннен екі жағында суреті бар 1 және 2 фунт массасындағы кружкалар пайда болды. 
   Көпестер классының бөлінумен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңді сипаттайды. 
   Монета – ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық кұрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.Мемлекет сынаманы (пробаны) (монетадағы таза металдың құрамы), массасын, типін, ремедиумды (заңмен рұқсат етілген номиналды массаның нақтыдан ауытқуы), эмиссиялау ережесін және т.б.

16

белгілейді. 
   Монетада бет жағы – аверс, келесі жағы- реверс, кесіндісі – гурт болып ажыратылады.Егер монетаның номиналды кұны құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық кұнды еместері биллонды ақшалар деп аталады. 
  Монеталық акша айналысы тарихында мынадай түсініктемелер бар: 
Биметаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ролін екі немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар пайдаланылады. 
Монометаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі (алтын, күміс, т.б.) қолданылатын ақша жүйесі. 
Осылай, б.э. дейін III—II ғ. Римде мыс монометаллизмі, Ресейде 1843-1852 жж. аралығында – күміс монометаллизмі болды. Ресейде, олай болса Қазақстан да, алтын монеталлизмі 1897 ж. II Николай патша тұсында енгізілді.Түрікше «акче» сөзі, қазақша «ақша», яғни «ақ» сөзінен күміс монетаның түсіне қарап шыққан.Капиталистік тауарлы өндірістің дамуы барысында қағаз ақшалар пайда бола бастады. Олар айналыстан алтын монеталарды ығыстырып шықты. Қағаз ақша айналысындағы ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын монеталар қағаз ақшалардың әр түрі болып табылады. Әдетте оны төменгі сынамасы бар металдан: мыс-никельден, мыс-мырыштан және алюминийдің құймаларынан жасайды.

    17-18 ғғ. Ақшаның номиналистік теориясы өкілдері ағылшын ғалымдары Дж. Беркли мен Дж. Стюарт, А. Смит болып табылады.Бұл тоерия ақша айналымында құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасқан.Бұл ғалымдар ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы құнмен (номинал) және ақша болып табылатын баға масштабымен анықталады дап есептеген.Олар ақщаны тек техникалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық табиғатын толық теріске шығарады.

  Ақшаның  номиналистік теориясының негізгі  идеялары:

-ақша тамаша есептеу бірлігі,  оның көмегімен ақшаның салыстырмалы  құны анықталады;

-бірдей бөліктері бар тамаша  масштаб болып табылатын аталған  бірлікте ешқандай ішкі құн  болмайды.

Номинализм үстемдік жағдайға 19 ғ. Аяғы мен 20 ғ-дың басындақол жеткізді. Бірақ, оның ерте кезеңдік номинализмнен  айырмашылығы –оның қорғау объектісі  болып құнсыз ақша емес, ол қағаз  ақша болды.

Неміс ғалымы Г.Кнаптың ақша теориясында («Ақшаның мемлекттік теориясы») басты  мақсат-мұрат анық қалыптасты:

-ақша –мемлекеттік құқық тәртібінің  өнімі, мемлекет билігінің туындысы;

-ақша –бақылау төлем құралы, яғни мемлекеттік мұратты төлем  күшімен иемденген белгілер;

-ақшаның негізгі қызметі-төлем  құралы. Ол ақшаның мәні белгілердің  материалында емес, олардың қолдануын  реттейтін құқықтық нормаларда, деп жазды.

1929-1933 жж. Экономикалық  дағдарыс кезеңінде номинализм  алтын 

стандарттан кетуді ақтау үшін теориялық база ретінде ары қарай дамуға

17

бет алды.

     Мемлекттік капиталистік монополизмнің  идеологы, ағылшын экономисы Дж. Кейнс өзінің «Ақша туралы  трактатында» қағаз ақша алтынға  қарағанда айналымда ыңғайлы  толық құнды төлем құралы болып  табылады және олар қоғамның  үнемі өркендеуін қамтамасыз  етеді- деп жазды. Қағаз ақша  алтынды айналымнан ығыстырып,  бұл құбылыс ақшаны алтын әсерінен  азат етті және дәл осы жайт  Кнапп теориясының жеңісі ретінде  қарастырылды.

    Сонымен,Кейнс номинализмнің тәжірибиелік  мақсаты-алтын стандартты жойып,  қазаз ақшаның айналымғаеркін  енуін және экономиканы инфляциялық  процесті басқару арқылы реттеуін  тәжірибиелік негіздеуінде болды.

     Қазіргі таңда номинализм- ақша  болмысының мәселесі жөніндегі  үстем теориялардың бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист  П. Самуэльсон ақша шартты белгілер  болып табылады деп есептейді.  « Экономика» шығармасында ол: « Тауарлы ақшаның дәуірін  қағаз ақша дәуірі ауыстырды.  Қағаз ақша ақшаның мәнін, олардың  ішкі табиғатын кейіптейді...Ақша- жасанды әлеуметтік шарт» деп  жазды.

      Номиналистік теорияның пайымдауынша, қағаз ақша адам еркімен пайда  болды, мемлекетпен жасалды, ал  шын мәнінде ақша- металды қатынастардың  белгілі заңдылығы мен айналымның  қосымша құралға қажеттілігі  туындағаны, бағалы металдарды өңдеу  өндірісінң жетімсіздігі нәтижесінде  пайда болды.Қағаз ақшаның өлшем  мөлшерінің қызметі мен өткіншілігі-  мінсіз қатынас құралы ретінде  тиімділігіне байланысты болып  шықты.

      Сонымен, номиналмзм теориясының  сипаты: ақша тауардан ғана пайда  болмайды, олардың көп қызметтерінен  бас тарту, ақшаны құн масштабымен  теңдестіру, өте оңды сан бірлігі  болып табылыды.   

    Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстің ашқан ақша айналасының заңымен реттеледі. 
Айналысқа қажетті ақша саны – айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір ақша бірліктерінің айналыс жылдамдығы

арасындағы  белгілі бір сәйкестіктің болуын талап етеді. Айналысқа қажетті 

Информация о работе 1993 жылғы ақша реформасы