1993 жылғы ақша реформасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 21:10, курсовая работа

Описание работы

Ақша – бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір – бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналымынсыз тауар айналысының болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді.
Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................
I. Ақша теориясының эволюциясы...................................................
1.1. Ақшаның пайда болуы және мәні.......………………………….....
1.2.Ақшаның түрлері мен қазіргі формалары........................................
1.3.Ақшаның атқаратын функциясы және оның қажеттілігі................
II. Қазіргі заманғы ақша теориясының мәселелері........................
2.1.Ақшаның металдық теориясы...........................................................
2.2.Ақшаның номиналистік теориясы....................................................
2.3.Ақшаның сандық теориясы...............................................................
III. Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы және
жоспарлау кезеңдері.............................................................................
3.1.ҚР алғашқы ақша реформасының мазмұны...................................
3.2.ҚР 1993 жылғы ақша реформасының ерекшелігі..........................
3.3.ҚР ақша реформасын жетілдіру жолдары......................................
Қорытынды......................................................................................

Қолданылған әдибиеттер ....................................................................

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 57.56 Кб (Скачать)

     Тәуелсіз  еліміздің  экономикасын  тұрақтандыруда, экономикалық  өсу  мен  экономикалық – қаржылық тәуелсіздігімізді  қамтамасыз  етуде  ұлттық  валюта – теңгенің  рөлі  айтарлықтай.

     Алғашқы  кезде  Теңгенің  бірінші  шығарылған  қатары  (1 теңге = 100 тиын) мынадай  номиналдардан  тұрады: 1, 3,  5,  10,  20,  50  және 100 теңгелік банкноттар,  1,  3,  5,  10,  20  теңгелік  монеталар,  1,  3,  5,  10,  20  және 50 тиындық  монеталар (бастапқыда  қағаздан  жасалған).

7

     Кейіннен  айналысқа : 1994 жылы 1993 жылғы  үлгідегі  номиналы  200 теңгелік  және  1994 жылғы  үлгідегі  500 теңгелік  банкноттар;  1995 жылы  1994 жылғы үлгідегі  номиналы  1000 теңгелік  банкноттар;  1996  жылы  1996 жылғы  үлгідегі  номиналы  2000  теңгелік  банкноттар; 1997 жылы номиналы  1,  5,  10,  20,  50  теңгелік  монеталар (жаңа дизайны);  1999 жылы  1998 жылғы  үлгідегі  номиналы  5000 теңгелік  банкноттар;  2000 жылы  1999  жылғы  үлгідегі  номиналы  200 және  500  теңгелік  банкноттар (дизайны  өзгертілген).

     2001 жылы:  2000 жылғы үлгідегі  номиналы  1000 және  2000  теңгелік  банкноттар  (дизайн  өзгертілген);  2001  жылғы үлгідегі  номиналы  100  теңгелік  банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген);  Қазақстан Республикасы  тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған  2001 жылғы үлгідегі  5000 теңгелік  мерейтойлық банкноттар;  2001 жылғы үлгідегі  5000 теңгелік  банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген).

     2002 жылы:  2003 жылғы үлгідегі  номиналы  100  теңгелік  банкноттар;  1999 жылғы үлгідегі  номиналы  200  және 500 теңгелік  банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.

    Ұлттық  валютаны  енгізу  туралы  Жоғарғы  Кеңес пен  Үкіметтің  бірлескен  қаулысы  қабылданды. Президенттің  Жарлығы  шықты. Осылайша,  1993 жылдың  15 қарашасы  төл  теңгеміздің  туған  күні  деп саналады.

    -Тәуелсіз  мемлекеттің міндетті  рәміздерінің  бірі – оның  ұлттық  валютасы  болып табылады. Кез-келген мемлекеттің тарихына оның  бір-ақ  рет енгізілетін өз  валютасының тарихы  да  кіреді. Басқа көптеген  елдердің  ұлттық  валютасының тарихы  сан ғасырлар  бойы  қалыптасқан. Барлық  ұлттық  валюта  елдің өткенін, бүгінгісін  және  болашағын бейнелейді. Ал  теңгенің – Қазақстан Республикасы Ұлттық  валютасының тарихы – Президенттің  1993 жылғы 15 қарашадағы  Жарлығынан  басталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

1.2.Ақшаның  түрлері мен қазіргі формалары

 

Ақша өзінің дамуы барысында  екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.

Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – авверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады.

     “Монета” сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнон-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. “Монета” сөзі латынша “moneo” – “кеңес беремін, көңілінен шығамын” дегенді білдіреді.

    Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.Оларға мынылар жатады:

   -құнның  металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

   -құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екігі бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.

    Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналлыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

 Металл ақшалардың қағаз  ақшаға ауысуы себептері мынандай:

   -металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

   -металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендету барысында бүлінуі;

   -бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;

   -эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық қүны мен олардың наұты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;

   -бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

   Алғашқы қағаз ақшалар б.э. ХІІ ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған Солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ ,Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 ж. болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет фрмасында соңғы реет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жж. және Қазақстандағы 1993 ж. ақша реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.

9

   Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауысиырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. 

   Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар. Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.

  “Вексель” сөзі ағылшынша bill note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.

   Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі. Векселдің екі түрі бар: жай және аудармалы.

   Векселдің түрлеріне «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикпсының заңында мынадай түсініктемелер берілген:

   -Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға векселде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

   -Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген срманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеутуралы үшінші бір тұлға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмнген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

   Банкнота (ағылылшын сөзінде «Bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номинальдағы ақша бірліктері.

Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай  айырмашылығы бар:

- мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3-6 айлық), ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;

-кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсілкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

   Экономикалық әдебиеттерде банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және жай.

    Классикалық банкнота – бүл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген.

    Жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.

   Алғашқы чектер 1983 ж. Англияда пайда болды.

  Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

  Чектің мынадай түрлері бар:

- ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;          -

10

   -атаулы чек – аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;

   -ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;

   -мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;

   -есеп айырысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;

   -жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;

   -кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.

   Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпарттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы. Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келнді:

   -Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлуге арналған төлем құралы.

    -Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

     Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады. 

-жалпыға тікелей айырбасталу; 
- айырбас құнының дербес формасы; 
- еңбектің сыртқы заттық өлшемі; 
 

 Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуіркеңіді. 
    Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуімен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б. 
     Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің,

11

олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын  анықтау арқылы көрінеді. 
    Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі

туралы  әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға  бірдей эквивалент және ақша қызметтерін  атқару ролін орындау толығымен  тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына  қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға  бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін  атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулері. Ал, енді үшінші біреулері  алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі  өзінің қасиеттерін сақтап қалды  дейді.  
Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – (қағаздай белгілері) қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12

1.3.Ақшаның  атқаратын функциясы және оның  қажеттілігі

 

    Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі функциялары арқылы орындайды. Ақшаның әр функциясы тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі біржақтарын сипаттайды.

     Ақшаның  қазіргі экономикадағы атқаратын функцияларына мыналар жатады:

  1. құн өлшемі және баға масштабы;
  2. айналыс (айырбас) құралы;
  3. төлем құралы;
  4. қорлану және қор жинау құралы;
  5. дүниежүзілік ақша.

     Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға әкелетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады.       

    Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық роль атқарады. Тауар айналысы мынадай процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадый түрде беруге болады: Т (тауар) – А (ақша) – Т(тауар).

Информация о работе 1993 жылғы ақша реформасы