Жұмыссыздық

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 18:58, курсовая работа

Описание работы

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.

Содержание

Кіріспе
І. Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары
1.1. Жұмыссыздықтың түрлері, оның себептері және формалары
1.2 Жұмыссыздықтың мәні мен объективті негізі
1.3 Жұмыссыздық деңгейі және Оукен заңы
ІІ ТАРАУ Мемлекет пен кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатын талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайын талдау және бағалау
2.2 Кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатын талдау
2.3 Жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттің әлеуметтік саясатын талдау
ІІІ ТАРАУ Қазақстан Республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары
3.1 ҚР тұрғындарын жұмыспен қамтуға мемлекеттің саясаты
3.2 Қазіргі кездегі жұмыссыздықты реттеу әдістері
3.3 ҚР-дағы жұмыссыздық мәселелерін шешудің жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздық КУРСО.doc

— 319.00 Кб (Скачать)

                                     
 

 

    ҚОРЫТЫНДЫ 

     Республикада алдағы жылдары  тіркелетін жұмыссыздар саны  бірнеше мыңға дейін ұлғаюы  мүмкін. Бұл процеске мемлекет  дайындалғаны жөн және әлемдік  тәжірибеге сүйене отырып, оны  реттеуді үйренгені дұрыс-ақ. Тұрғындарды еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизмі құқықтық негіздегі, арнайы мекемелер бөлімшелерін, экономикалық тетіктер жүйесін енгізеді. Осы жағдайда мемлекет әлеуметтік саясатында міндетті шараларды жүргізуге міндетті: әсіресе, жұмыссыздарға жәрдем төлеу, біліктілікті арттыру мен жаңа жұмыстың әлеуметтік орнын құру және т.б.

     Нарықтық экономикасы дамыған  көптеген елдерді еңбек нарығында  әртүрлі категориядағы адамдарға,  әсіресе жастарға дифференциялды  түрде қарау көзделген. Осы мақсатта жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресу үшін арнайы бағдарлама жасалып, ол өмірге ендіріледі. Бұл бағдарламада кәсіпкердің қатысуымен жастар үшін жұмыс орынын құру шараларына ерекше орнын берілген, кәсіпкер жалақыны төлеу шығындарын қаржыландырмаса, мемлекет кәсіби дайындықта жұмсалатын шығындарды өз мойнына алады.Әрбір үшінші жұмыссыз «қолайлы» жұмыстың немесе кез келген жұмыстың болмауы себебімен 222,3 мың адам жұмыспен қамтылмады. Таратылуына, штаттың қысқаруына немесе еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардан босатылған адамдар 111 мың адамды (барлық жұмыссыздардың санынан 18,3%), өз еркімен жұмыстан шыққандар саны – 81,6 мың адамды (13,4%) құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2006 жылғы қазанның соңында 86,9 мың адамды құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіндегіден 15,3 мың адамға (15%-ға) аз. Жұмыссыздар санының жартысынан астамы әйелдер – 58,7 мың адам. Ағымдағы жылдың қазанында экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,1% болды (2005 жылдың қазанында – 1,3%).

         Қорыта айтқанда, республикамызда еңбек нарығын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай. Оның мәні рентабельділігі төмен кәсіпорындардың бағытын өзгерту немесе мүлде тарату, нарықтық жағдайға байланысты өндірісті қысқарту, сұраныстың  кемуі, өндірістердің салалық құрылымының өзгеруі және басқа да әлеуметтік – экономикалық процестер салдарынан халықтың еңбекке  жарамды бөлігінің жұмыспен қамтамасыз етілмей отырғаны белгілі 

Берілген  курстық жұмысты қорытындыласақ, мынадай тұжырымға келуге болады: жұмыссыздық - әлеуметтік–экономикалық  құбылыс. Яғни жұмыссыздар – бұл  тұрақты жалақысы жоқ, еңбекке жарамды адамдар саны. Экономикада жұмыссыздықтың бірнеше түрлерін ажыратуға болады: фрикциондық, құрылымдық, маусымдық, циклдік, технологиялық, жасырын және коверсиондық. Сонымен қатар нақты және жалған жұмыссыздық та болады. Жұмыссыздықтық негізгі көрсеткіштерінің бірі – жұмыссыдық деңгейі. Жұмыссыздық деңгейі бұл – жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі сақталады. Ол циклдік жұмыссыздық нольге тең болғанда, яғни құрылымдық пенфрикциондық жұмыссыздықтың қосындысына тең болады. Жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасында кері байланыс болады. Ол байланысты Оукен заңы деп атайды және ол мынаған тең:

                                 Y-Y*

                               ¾¾¾   =  - ß (u-u*)

                                   Y*

Қазақстандағы жұмыссыздық жағдайына тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасының  статистика бойынша агентігінің  мәліметтеріне сүйене отырып, еңбек  нарығында жыл сайын жұмыссыздық  деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады деуге болады. Талдау нәтижелеріне сүйенсек 2006 жылы жұмыссыздық деңгейі алдыңғы жылға қарағанда 0,3% - ға төмендеген, яғни оның деңгейі 2006 жылы 8,1% болды. Еңбек нарығында бәсеке қабілеті төмен адамдар бұрынғысынша әйелдер мен жастар болып отыр. Жұмыссыздық деңгейі әйдерде – 9,6%, ерлерде – 6,7%, ал жастар арасында бұл көрсеткіш – 13,4% - ды құрады. Сонымен қатар жұмыспен қамту проблемасы шағын қалалар мен ауылдық өңірлерде аса өткір болып отыр.

Осыған  байланысты жұмысбастылықты төмендетудің негізгі бағыттары жұмыс күші ұсынысы мен сұранысына әсер ету жолымен жүзеге асырылады деген тұжырымға келдім. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңына сәйкес жұмыс беруші, кәсіпорын халықты жұмыспен қамтуға белсенді қатысуы керек. Заң бойынша жұмыс берушілер мемлекеттік жұмыспен қамтусаясатыніске асыруға:

  • жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
  • қызметкерлерді кәсіби даярлау және оларды оқыту жүйесін дамыту;
  • қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге жәрдемдесу;
  • қызметкерлерді сақтандыру және тағы сол сияқты әрекеттер жүргізу арқылы қатысады.

Ал мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелі әрі  еркін таңдау арқылы қалыптасуына жәрдемдесетін  саясат жүргізілуін қамтамысыз етеді. Осыған орай мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың мынандай түрлерін көрсетеді:

  • жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
  • жұмыссыздар үшін кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
  • қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздарға еңбегіне ақы төлеу;
  • табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

Қазақстан Республикасында жұмыссыздыққа  қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру  үшін 2005–2007 жылдарға арналған жұмыспен қамту бағдарламасы қабылданды. Бұл  бағдарламаның негізгі бағыттары:

  • экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын құру;
  • жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс теңгерімділігі жөніндегі шаралар жүргізу;
  • халықты әлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуынұйымдастыру;
  • қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту;
  • жұмыспен қамтудың өңірлік проблемаларын шешуде жергілікті атқарушы органдардың ролін атқару жөніндегі шаралар қабылдау;
  • білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және т.б.

Бұл курстық  жұмыстықорытындылай келе, елбасымыздың 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында айтқан сөзімен түйіндеймін: “Нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты. Мемлекет қоғамның шын мәнінде көмекке зәру мүшелеріне ғана қолдау көрсету жөніндегі толық жауапкершілікті өз мойнына алуға міндетті”.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Алпысбаева С.Н. “Экономика рынка труда”, Караганда, 2002 жылы, 87 – 100б.
  2. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров І.А.  Экономикалық теория. Алматы, 2002 жылы, 282 – 288б.
  3. Дорнбуш Р.  Фишер С.   «Макроэкономика» Алматы 1997ж.
  4. Жумабаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы. Алматы, “Қазақ университеті”, 2003 жылы, 144 –157б.
  5. Жүнісов Б.А. «Нарықтық экономика негіздері» Ақтөбе 2001ж.
  6. КарГУ им. Е.А. Букетова, Современная экономика Казахстана, Караганда 2005 жылы, 14 – 16б.
  7. Қатарбаева А.А. “ҚР – да еңбек нарығындағы істің жағдайы туралы”, Справочник кадровика Казахстан, 2006 жылы, №7, 38 – 44б.
  8. Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамалығы. 2006 жылы, 138 – 140б.
  9. ҚР–ның халқын жұмыспен қамтудың 2005–2007 жылдарғы арналған бағдарламасы.
  10. ҚР – ның президенті Н. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2006 жылы 1 наурыз.
  11. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Алматы, “Экономика”, 2003 жылы, 59 – 80б.
  12. Нұрмұхамедова Ш.С. “Жұмыссыздық – кедейшіліктің басты себептерінің бірі”, ҚазҰУ хабаршысы, 2005 жылы, №2, 132 – 134б.
  13. Осипова Г.М.  «Экономикалық теория негіздері»  Алматы 2002ж.
  14. Шеденов Ө.К., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Оқулық. Алматы – Ақтөбе, 2001 ж.
  15. “Халықтың жұмысбастылығы туралы”, ҚР – ның заңы. 30.12.1998 жылдан №341–1 (22.11.1999 жылдан №483 – 1 өзгертулер)
  16. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат»,          1998 ж.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазтұтынуодағы  Қарағанды экономикалық университеті 
 
 
 
 

     Бухгалтерлік  есеп және аудит кафедрасы 
 
 
 

                                   КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

     Тақырып: «Жұмысбастылық және жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты» 
 
 
 
 

     Орындаған: УА – 12 с/к тобының студенті

                                                    Конусова К.Ж.                                                  
 
 

                                       
 

                                         

                                                Қарағанды – 2010 ж.


Информация о работе Жұмыссыздық