- Жұмыс күшіне
сұраныс пен ұсыныс теңгерімділігі
жөніндегі шаралар. Жұмыс күшіне
сұраныс пен ұсыныс теңгерімділігі
болуы үшін кәсіптік даярлауды еңбек
нарығындағы қажеттіліктерге сәйкес жетілдіру,
еңбек нарығындағы жұмыс күшіне деген
сұраныс пен ұсыныс мониторингі қажет.
Бұл ретте мыналар:
- еңбек нарығындағы
сұраныс пен ұсыныстың және білім беру
қызметтері нарығындағы мамандар даярлаудың
көлемін, бейіндері мен болжамдарын болжау;
- жұмыс берушілердің
таяудағы 3 жылда жұмыс күшіне деген қажеттілігін
айқындау және кадрлар даярлау жүйесін
экономика қажеттіліктерімен сәйкес келтіру
мақсатында жұмыс күшіне сұраныс мониторингінжүзеге
асыру;
- жұмыссыздарды
кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру,
қайта даярлау есебінен еңбек рыногындағы
бәсекелестік қабілетін арттыру;
- бастауыш,
орта және жоғары кәсіби білім берудің
кәсіптер жіктемелеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізуде;
- кәсіпорындардың
әрбір есепті жылдың аяғында жыныстық
жасы, кәсіптік және біліктілік белгілері
бойынша кадрлар құрамын көрсететін статистикалық
есептемесіне өзгерістер енгізу;
- оқушылары
кәсіптік бағдарлауды дамыту, еңбек нарығында
талап ететін кәсіптер, мамандықтар бойынша
олардың еңбек қызметіне уәждемесін арттыру
көзделеді.
- Халықтың
әлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы
топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру.
Нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына
жәрдемдесу жөніндегі шараларды жүзеге
асыру:
- әлеуметтік
жұмыс орындарын құру;
- кәсіптік
даярлауға біліктілігін арттыруға және
қайта даярлауға әрі қоғамдық жұмыстарға
жіберу кезінде басымдықты құқық;
- шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне жұмысқа орналастыру;
- кәсіптік
бағдарлау, хабардар ету, консультациялар
беру;
- екі – үш
аралас кәсіптерге оқыту жолымен бәсекелестік
қабілетін арттыру;
- мүгедектерді
жергелікті еңбек нарықтарында қалыптасқан
ахуалды ескере отырып, әкелу кестесін,
қоныстану аудандарын, кәсіптер бөлінісінде
еңбекке қабілетті адамдардың санын көрсете
отырып орналастыру;
- нысаналы
топтарды жұмыспен қамту мониторингін
жүргізу;
- бос жұмыс
орындары туралы мәліметтер жариялау;
- жұмыспен
қамту және қылмыстық түзеу жүйесі органдардың
өзара әрекет етуі;
- жазасын өтеп
жүрген адамдарды оқытуды ұйымдастыру
мақсатында, еңбек рыногында сұраныс бар
кәсіптердің, мамандықтардың тізбелерін
қылмыстық – түзеу жүйесі органдарға
беру есебінен қамтамасыз етіледі.
- Қосымша жұмыс
орындарын құратын шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдау мен дамыту. Шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдау мен дамыту:
- жұмыспен
қамтудың икемді нысандарын ұйымдастыру
және қызметтердің жекеменшік салаларын
дамыту;
- дәстүрлі
ұлттық кәсіпшіліктің, әсіресе, оңтүстік
өңірлерде, ауылдық жерлерде және шағын
қалалардағы тамақ шикізатын қайта өңдеуге
арналған үйде істейтін және кәсіпшілік
өндірістерінің жаңғыруына жәрдемдесу;
- жұмыссыздарға
материалдық көмек беру жолымн олардың
жеке ісін ұйымдастыруына жәрдемдесу;
- одан әрі
өзін өзі жұмыспен қамту мақсатында жұмыссызды
оқуға жіберу есебінен жүзеге асырылатын
болады.
- Еңбек нарығындағы
қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды
кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың
икемді жүйесін ұйымдастыру. Еңбек нарығындағы
қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды
кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың
икемді жүйесін құру еңбек нарығындағы
жұмыссыздардың бәсекелестікке қабілеттілігін
арттыру жолымен оларды кәсіптік даярлау,
біліктілігін арттыру, қайта даярлау арқылы
жүргізілетін болады.
- Қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру мен жетілдіру
2005 – 2007 жылдары қоғамдық жұмыстардың
басым дамуына байланысты жол құрылысы
мен оларды жөндеуге, ағаш отырғызуға,
елді мекендер мен өңірлердің санитарлық
– эпидемиологиялық жай күйін жақсартуға,
өңірлердің инфрақұрылымын, көлік инфрақұрылымын
дамытуға арналған қоғамдық жұмыстарды
кеңейту мен қайта бағдарлау және әлеуметтік
қызметтер көрсету көзделеді.
- Жұмыспен
қамтудың өңірлік проблемаларын шешуже
жергілікті атқарушы органдардың рөлінен
арттыру жөніндегі шаралар. Жергілікті
атқарушы органдар:
- бос орындар
туралы ақпарат жинау жөніндегі жұмысты
жандандыру;
- халықты және
жұмыс берушілерді еңбек нарығындағыахуал
туралы хабарлау ету, буклеттер, жадынашылар,
плокаттар тарату арқылы жұмыс іздеуге
жәрдемдесу, сондай – ақ бос жұмыс орындары
туралы мәліметтерді жариялау;
- жұмыс іздеуде
қиындық көретін азаматтарға консультациялар
беру;
- лайықты жұмыс
таңдауға, оның ішінде бос орындар жәрмеңкелерін,
жұмыс іздеу клубтарының қызметін ұйымдастыру,
қоғамдық жұмыстарға жіберу жолымен жәрдемдесу;
- еңбек нарығындағы
бәсекелестік қабілеттілікті арттыру
мақсатында жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға,
біліктілігін арттыруға, қайта даярлауға
жіберу;
- еңбек нарығындағы
жұмыс күшіне сұрыныс пен ұсыныс мониторингін
жүргізу;
- жұмыспен
қамтудың белсенді саясатын жаңа жұмыс
орындарын құру жолымен іске асыру, нысаналы
топтарды қоса алғанда, еңбек рыногындағы
қажеттілікті ескере отырып жұмыссыздарды
кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудық
сапасын жақсарту, шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдау, және дамыту, қоғамдық жұмыстардың
түрлерін кеңейту және қайта бағдарлау;
- жұмыс күшін
аумақ аралық, оның ішінде халықаралық
шарттарға сәйкес алмасуды дамыту жөніндегі
жұмыс жалғасатын болады.
- Жұмыспен
қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті
органның қызметін жұмыспен қамтуды реттеу
және еңбек нарығы мәселелерінде еңбек
делдалдығымен айналысатын жұмыс берушілерімен,
қоғамдық бірлестіктермен, жеке жұмыспен
қамту агенттіктерімен ықпалдастыру.
Ол:
- жұмыспен
қамту органдарының жеке жұмыспен қамту
агенттіктерімен және жұмысқа орналастыру
жәрдемдесу саласындағы үкіметтік емес
ұйымдарымен өзара іс - әрекеттерімен
кеңейту;
- ұйым қызметкерлерімен
өндірішілік оқыту, сондай – ақ босатылуға
жататын қызметкерлерді, олардың еңбек
рыногындағы бәсекелестік қабілеті мен
кәсіптік ұтқырлығын арттырудың маңызды
құралыретінде, ілгерілеп кәсіптік оқыту
жүйесін дамыту;
- жұмыспен
қамту мәселелерін жөніндегі органдар,
білім беру органдары мен жұмыс берушілер
конфедерациясыарасында білім беру ұйымдарының
түлектерін жұмысқа орналастыру туралы
келісім жасасу арқылы білім беру ұйымдарының
түлектерін жұмысқа орналастыру жәрдемдесу
мәселесі бойынша өзара әрекет ету жолымен
жүзеге асырылады;
- Инвестициялық
бағдарламаларды әзірлеу кезінде еңбек
нарығындағы ахуалды ескере отырып, қосымша
жұмыс орындар ашу. Ішкі еңбек нарығын
қорғау мақсатында инвестициялық келісім
– шарттар жобасын қарау жолымен инвестициялық
бағдарламаларды әзірлеген кезде еңбек
нарығындағы ахуалды ескере отырып, қосымша
жұмыс орындарын ашу.
- Білім беру
ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу. Бұған:
- Жоғары оқу
орнының шәкірті мен жұмыс берушінің арасында
жұмысқа орналасуға шарт жасасу;
- Кәсіптік
білім беру орындарын бітіргеннен кейін
одан әрі жұмысқа орналастыру перспективасымен
жұмыспен қамту органдары арқылы жоспар
практикасын ұйымдастыру;
- Мемлекеттік
ұйымдарда немесе жарғылық капиталында
мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын
ұйымдарда жұмыс орнын беру ықпал ететін
болады.
Білім
беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа
орналастыру мониторингі орталықтағы
сияқты өңірлік деңгейлерде де жүзеге
асырылатын болады.
Қазақстан
Республикасының президнеті Н.Назарбаев
өзінің 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстанның
әлемдегі бәсеке барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы” атты жолдауында
халықтың неғұрлым “әлжуаз” топтарын
қорғайтын және экономиканың дамуына
қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік
саясат құру керек дейді. Оның ойынша,
нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол
халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты,
болып келді және болып қала берді. Мемлекет
қоғамның шын мәнінде осындай көмекке
зәру мүшелеріне ғана қолдау көрсету жөніндегі
толық жауапкершілікті өз мойнына алуға
міндетті деп санайды елбасымыз. Сонымен
қатар бізге республикамыздан тұрақты
негізде жұмыс істей алатын жоғары білікті
және кәсіпқой жұмысшыларды тартудың
тетіктерін әзірлеу керек. Бұл ретте біз
өзіміздің отандық жұмысшыларды тәрбиелеп,
олардың біліктілігі мен кәсіпқойлығы
арттыруды естен шығармауға тиімсіз. Осыған
байланысты елбасымыз үкіметке халықты
әлеуметтік қорғаудың жоғарыда аталған
мәселелерін шешу үшін келесі талаптар
қойды:
- Кәсіби –
техникалық және жоғары білім беру мекемелері
жүйесі арқылы білікті ұлттық кадрларды
жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту және
кәсіби жағынан даярлау жөніндегі бағдарлама
әзірленсін. Бағдарламада кәсіби – техникалық
білім беру жүйесіне қатысуы үшін ынталандыру
және оның тетіктерін жасау арқылы Қазақстанда
жұмыс істейтін ұлттық компаниялар мен
жеке бизнестің әлеуеті іске қосылуы қажет;
- 2006 жылы тұжырымдамысы
барлық халықаралық стандарттарға, Халықаралық
еңбек ұйымы мен Бүкіләлемдік сауда ұйымының
талаптарына сай келетін Еңбек кодексін
қабылдау қажет./11.24б/
Н.Назарбаевтің
айтуы бойынша мемлекет, бұрынғысынша,
халықтың әлеуметтік жағынан “әлжуаз”
топтарына колдау көрсету үшін қаражат
аямайтын болады.
3.1
ҚР тұрғындарын жұмыспен
қамтудағы мемлекеттің
саясаты
Халықты жұмыспен қамту – оның
ұдайы өндірісіне қажет жағдай, өйткені
адамдардың тұрмыс деңгейі, кадрларды
іріктеу, дайындау, біліктілігін жоғарылату,
жұмыссыз қалғандарды материалдық қолдау
және оларды жұмысқа орналастыруға жұмсалатын
қоғамның шығыны оған тәуелді. Жұмыспен
қамту – адамның әлеуметтік дамуын көрсететін
маңызды аспектілердің бірі, еңбек және
еңбек саласындағы оның қажеттілігін
қамтамасыз етуімен байланысты.
Халықты жұмыспен қамту жасалған
тұжырымдама негізінде жүргізіледі.
Нарық жағдайында халықты жұмыспен
қамту ұстанымдары және онымен
байланысты қатынастар Қазақстан
Республикасының «Халықты жұмыспен
қамту» туралы заңында айтылған. Қазақстан
Республикасының жұмыспен қамту туралы
заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына
негізделген.
Жұмыспен қамту туралы заң
Қазақстан Республикасының азаматтарына,
тұрақты тұратын шетелдіктер
және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
Мемлекет азаматтардың нәтижелі
жұмыспен әрі еркін таңдау
арқылы қамтылуына жәрдемдесетін
саясат жүргізілуін қамтамасыз
етеді.
Экономикалық белсенді халық
үшін, жұмыссыздармен бірге, жұмыспен
қамту мәртебесіен анықтау маңызды.
Әдетте, бес мәртебелерін айырады:
- Жалданушы
жұмыскерлер – кәсіпорын басшысымен еңбектік
қызмет жағдайы туралы жазбаша бекітілген
өзара шарт немесе ауызша келісіммен жұмыс
істейтін адамдар, ол үшін жалдау кезінде
келісілген төлем ақыны алатындар;
- Жеке жұмыс
істейтіндер – жалданушы жұмыскерлерді
қолданбайтын немесе қысқа мерзімге қолданатын,
өздеріне табыс әкелетін қызметпен дербес
айналысатын адамдар;
- Жұмыс берушілер
– меншікті (немесе мемлекетті басқаруға
уәкіл) акционерлік қоғамды, шаруашылық
серіктестікті т.б. басқарушы адамдар;
- Ақылы емес
отбасылық кәсіпорын жұмыскерлері – иесі
оның туысы болатын, отбасылық кәсіпорында
төлем ақысыз жұмыс істейтін адамдар;
- Жұмыспен
қамту мәртебесі бойынша жіктелімге берілмейтін
адамдар. Ол – жұмыссыздар, бұрын табыс
әкелетін еңбектік қызметпен айналыспағандар.
Жұмыспен қамту қызметтері жұмыстарының
негізгі ұстанымдары халықаралық
тәжірибеге сәйкес. Қазір республиканың
әр қаласында, ауданында жұмыспен
қамту орталықтары жұмыс істейді.
Жұмыспен қамту органдарының халықты
жұмыспен қамтуға жәрдемдесуі тегін беріледі.
Нарықтық қатынастардың дамуы
жұмыспен қамту құрылымдарының
мемлекеттік емес, жеке меншікті
түрлерінің құрылуына мүмкіндік
туғызады. Олар: қызметкерлерді іріктейтін
әр түрлі коммерциялық агенттер,
оқу орындарындағы мекемелер және т.б.
Жұмыспеп
қамту қызметінің графигі төменде
келтірілген
1-графигі
Жұмыспеп қамту қызметінің графигі
Жұмыспен
қамту қызметтері жұмыстарының басым
бағыттары.
Жұмыспен
қамту саясаты – бұл қоғамның
және оның әр мүшесінің әлеуметтік
– экономикалық дамуына әсер ететін
тікелей және жанама шаралар жиынтығы.
Жұмыспен қамту саясатының бірнеше
деңгейі бар: жалпы мемлекеттік,
аймақтық, жергіліктік.
Қазіргі
кезде нарықтық экономикасы дамыған
елдерде қолданылатын, жұмыспен қамту
саясатының үш үлгісін бөлуге болады.
Еуропалық
үлгі – еңбек өнімділігі жоғарлауын,
жұмыс істеушілердің табысы өсуіне
байланысты, жұмыспен қамту санының
ұсынады. Бұндай саясат көп жұмыссыздар
санына, қымбат бағалы жәрдем ақыны қарастырады.
Скандинавиялық үлгі – тәжірибе
жүзінде барлық жұмыскерлерді
орташа еңбек ақы жағдайымен
мемлекеттік секторда жұмыспен
қамтуды көздейді. Бұндай саясат,
негізінен, мемлекеттік қаржыға
көзделген, тапшылық, өндірістің құлдырауы
болатын, оның соңы жұмыстан босату болады.
Америкалық үлгі – экономикалық
белсенді халықтың едәуір бөлігі
үшін, жоғары, еңбек өнімділігін
талап етпейтін жұмыс орындарын
ашуға бағдарланған. Бұндай әдістемеде
жұмыссыздық ресми төмендейді, бірақ
табысы аз адамдар саны ұлғаяды.
Үлгінің қайсы бірін қолдану
жұмыспен қамту саясатына ірі
және шағын деңгейде әсер етеді.
Ірі деңгейде жұмыспен қамту
саясатындағы жаңа әдістемелер
еңбек нарығының икемділігін
жоғарылатуға, жұмыскер күші шығындарын
қысқарту, кейбір әлеуметтік бағдарламалардың
қысқартылуына мүмкіндік туғызады. Онымен
бірге кадрларды дайындау, қайта дайындау
жүйесі кеңейтіледі, қосымща жұмыс орындары
ашылады,жәрдемақы төлеу жағдайы қиындайды.