Жұмыссыздық түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2011 в 11:43, реферат

Описание работы

Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.

Содержание

Кіріспе
1. Жұмыссыздық түсінігі
2. Өтпелі экономиканың негізгі көріністері
3. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары
4. Жұмыс нарығы
5. Жұмыссыздықпен күрес
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздық.doc

— 61.50 Кб (Скачать)

    Мазмұны

    Кіріспе

    1. Жұмыссыздық түсінігі

    2. Өтпелі экономиканың негізгі көріністері

    3. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары

    4. Жұмыс нарығы

    5. Жұмыссыздықпен күрес

      Қорытынды

    Әдебиеттер  тізімі

    Кіріспе

    Жұмыссыздық әлемдегі  орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.

    Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп  жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен  қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.

    Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан  шараларды анықтайды. Бірақ сонымен  қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны  зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.

    Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы  жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек. Менің  жұмысымның мақсатына осы жатады.

    Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу  адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды. 
Экономикалық реформалар жүріп жатыр. Бірақ экономикамыздың құрамы әрі тиімді, әрі оңтайлы деңгейге әлі де жеткен жоқ. Жұмыссыздық – белгілі бір кезеңде өзінің орын алады. Жұмыссыздықтың бір жыл ішінде бірнеше кезеңі болуы мүмкін. Тіпті ол бір жыл бойы жұмыстан мүлде қол үзуі де ғажап емес. Жұмысшы әдетте бірде жұмыссыздық бірлестігіне қабылданса, енді бірде ол жұмыс күші қатарынан шығып кетуі жиі кездеседі. Жұмыссыздық өсіп, ол ұлтымыздың онымен бетпе-бет келген өзекті проблемасына айналды. Жұмыссыздық мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді. 
Адамның «Жұмыссыз» атануы мынандай себептері бар: 
1. Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босанады, ол осылайша жұмыс орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады  
2. Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол – жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде өзіне лайықты жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына қосылған адам.
 
 
 
 
 
 
 

Жұмыссыздық мәні, себептері

    Анықтама  бойынша жұмыссыздық - халықтың активті бөлігінің жасауға қабілетті жұмыс таба алмау.

    Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін  адамдардың азаюынан, адамдардың санының  көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады.

    Жұмыссыздықтың  келесі түрлері бар:

    • Фрикционды

    • Структуралық

    • Циклдық

    • Сезондық

    • Аймақтық

    Фрикционды  жұмыссыздық. Бұл жұмысшының бір  жұмыстан екінші жұмысқа ауысуынан  пайда болады. Бұл экономикада  тұрақты түрде болады. Бұл жұмыссыздықты  ақпараттық қамтамассыз ету арқылы, жұмыс берудің структурасы жақсарту арқылы жетуге болады

    Структуралық  жұмыссыздық. Бұл сұраныс структурасы  мен еңдіріс технологиясы өзгеруінің салдарынан болады. Ол негізінен жаңа процестер есебінен жұмысшылардың  профессиясын жаңартуға итермелейді.

    Циклдық жұмыссыздық. Бұл өндірістің циклды түрде төмендеуімен байланысты болады. Сонда өндірісті аздаған инвестицияның есебінен өсіруге болады. Өйткені еңбек ресурстары өте көп.

    Жұмыссыздық пен өндірістен шығындар арасында Оукен заңдары жүреді.

    Өтпелі  экономиканың негізгі көріністері

    Өтпелі  кезең - экономикалық жүйедегі түбегейлі  езгерістер есебінен елдің экономикасы  сапалы түрде жаңа түрге өтетін уақыт  аралығы.

    Мұндай  кезеңді ТМД елдерінің барлығы  өтті. Ел тұрғындырының нақты табысының  азаюы экономикалық төмендеудің  негізі болып табылады. Тап осы жұмыспен қамту саласында тұрақты экономика мен өтпелі экономика арасындағы айырмашылық айқын сезіледі. Өтпелі кезеңдегі өндірістің төмендеуі адекватты түрде жұмыссыздықтың өсуіне әкелмейді. Ал бұл еңбек өнімділігі нақты жалақыға қарағанда тезірек төмендеуі инвестиция салудан экономика жағдайы жақсармайды. Экономиканы сауықтыру шаралары мен классикалық-теория ұсынатын әдістерін жоққа шығарып жалақы өсіру пайда әкелмейді. Сонымен қатар өтпелі экономикадағы елдердің жағдайын ескере отырып, онда статистика мәліметтері мен нақты жағдайдын арасындағы алшақтықты ескеру қажет.

    Бұл жағдайларды зерттеу арқылы біз  осындай өтпелі процестерді реттеу механизмдерінің барлығын ескеру қажет. Механизмдер ретінде мынадай  әдістерді қолданамыз: жалақыны мемлекет тарапынан реттеу, жұмыс берушімен мемлекеттен тәуелсіз кәсіподақтар ықпалымен жалақының өсуі.

    Бірақ та көбіне жалақыны жұмыс берушілердің арасындағы корпоративті байланыстрдың  арқасында жұмыс берушілер өз талаптарына сай қояды. Бұл өз кезегінде монополиялық және олигаполдық механизмдердің күш алуына әкеліп соғады. Осы өтпелі кезеңді өту үшін екі типтегі мәселелерді шешу қажет.

    1. теңсалмақты экономиканы құру, негізінен  макроэкономикалық өзгерістер арқылы  шешіледі, яғни нарықты әртүрлі  ресурстарға толтыру.

    2. жоғарыдағыдан туатын нарықтық  экономиканы экономикалық прогрестің  негізгі қозғаушы күшіне айналдыру,  ол үшін технологиялық прогрес  қажет.

    Жұмыссыздыктың  әлеуметтік-экономикалық салдары

    Көбіне  жұмыссыздықтың экономикалық әсері  сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді.

    Енді  сол-салдарларға тоқталсақ.

    Кері  әсерлер:

    1. Крименогенді жағдайдың өршуі

    2. әлеуметтік кернеудің өршуі

    3. физикалық және психологиялық  аурулардың көбеюі

    4. әлеуметтік дифференцияның өсуі

    5. еңбек белсенділігінің төмеңдеуі 

    Пайдалы әсері:

    1. Жұмыс орнының әлеуметтік маңызының  артуы

    2. Өз бос уақытының көбеюі

    3. Жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік

    4. Әлеуметтің мән мен еңбек құндылығының артуы

      Экономикалық салдарлар:

    Кері  әсерлер:

    1. Алған білімнің құндылығын жоюы

    2. Өндірістің төмендеуі

    3. Жұмыссыздарға көмек шығындары

    4. Квалификациясын жоғалту

    5 Өмір сүру деңгейінің төмендеуі

    6. Ұлттық табыстың төмендеуі

    7. Салықтың аз жиналуы

      Пайдалы әсері:

    1. Экономиканы қайта жарақтауға  жұмыс күшіің резервін жасақтау

    2. Еңбекке бейімділігін өсіру мақсатында  жұмысшылар арасында конкуренция

    3. Білімін жоғарылату үшін уақыт

    4. Еңбек өнімділігі мең өндіріс интенсивтілігі жоғарылауы

    Жұмыс нарығы

    Тәуелсіздік алғалы бері елде еңбек рыногына әсер ететін бірқатар факторар пайда болды. Соның бірі көлеңкелі экономика. Бұл салаға бастама берген негізінен  жұмысшыға жасырылған ақы төлеп  немесе еңбек етуге қолайлы жағдай туғызбағандықтан мемлекетке салық төлемейтін сектор жатады.

    Бүған ең алдымен ел экономикасы көтерілгеннен  бері елге ағылған босқындар, гасторбайтерлер  жатады. Қазір нақты қанша көлемде  мұндай жұмыссыздық түрі барлығын ешкім  тап басып айта алмайды.

    Сонымен бірге Қазақстан үшін жастар арасындағы жұмыссыздық ең бір бас ауыртар  мәселе, елде оқымайтын және жұмыс  жасамайтын жастар саны жалпы активті бөліктің сегізден бір бөлігін құрайды.

    Ал  әйелдер ең бір активті топ  болып табылады, бірақта онда да жұмыссыздық бар және ол негізінен жасырын жұмыссыздық қатарына жатқызуға болады.

    2009 жылы 15 жас және одан жоғары  жастағы экономикалық тұрғыдан  белсенді халықтың саны 8,5 млн.  адамға жетті. Экономикалық тұрғыдан  белсенді халықтың жалпы санында  қала халқы 4,4 млн. адамды (52,4%), әйелдер – 4,2 млн. адамды (49,4%) құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі 70,7%-ды құрады.

    Республиканың экономикасында 7,9 млн. адам жұмыспен қамтылды. Экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа  жұмыспен қамтушылық деңгейі 93,4%-ға жетті. Жұмыспен қамтылған халықтың арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны 5,2 млн. адамды немесе 66,3%-ды құрады, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 2,7 млн. адамды немесе 33,7%. Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында ерлер 4,0 млн. адамды немесе жартысынан көбі, әйелдер – 3,9 млн. адамды (48,9%) құрады.

    Жұмыспен  қамтылғандық құрылымындағы негізгі  үлесті – 29,2%-ды 25-34 жастағы тұлғалар, 23,5% – 45-54 жастағылар, 22,7%-ды – 35-44 жастағылар және 15,4% – 15-24 жастағы жастар құрады. Жұмыспен қамтылған әрбір төртіншінің жоғары білімі және орташа кәсіби білімі бар, әрбір үшіншінің – жалпы орта білімі бар.

    2009 жылы жұмыссыз халықтың саны 554,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық  деңгейі 6,6%-да (2008 жылы – 6,6%) қалыптасты. Жұмыссыздардың жалпы санында  қала халқы 316,7 мың адамды (57,1%), ауыл халқы – 237,8 мың адамды (42,9%) құрады, жұмыссыздық деңгейі, тиісінше, 7,2% және 5,9%.

    Жұмыссыздар құрылымында әрбір екіншісі - әйелдер. Тұлғалардың үлесі –  25-34 жастағылар 38,2%, 15-24 жастағылар – 15,7% құрады. Жұмыссыздардың саны арасында жоғары білімді 129,9 мың адам (23,4%), жалпы орта білімді – 207,3 мың адам (37,4%), орта кәсіби білімді – 138,5 мың адам (25,0%).  
Әрбір жұмыссыздың үшіншісі кез келген жұмыстың жоқтығы себебі бойынша жұмыспен қамтылмаған, 18,0% - өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар,14,7%- штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан босатылғандар, 8,3%-ы – оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыстың жоқтығынан.

    2009 жылы 15 жас және одан жоғары  жастағы экономикалық тұрғыдан  енжар халық саны 3,5 млн. адамға қалыптасты. Экономикалық тұрғыдан енжар (әрекетсіз) халықтың деңгейі 29,3%-ды құрады.

    Экономикалық  тұрғыдан енжар (әрекетсіз) халықтың негізгі  үлесін зейнеткерлер – 41,6%-ын және оқытудың күндізгі нысанында оқитындар – 40,2%-ын құрады, денсаулығы бойынша (мүгедектік немесе еңбекке жарамсыздық себептері бойынша) – 6,6%, үй шаруашылығын жүргізумен қамтылғандар – 5,5%. 

    Жұмыссыздықпен  күрес

    Казір көптеген мекемелер әлдекашан ұмытылған  проблема жұмыс кадрларының кажеттігіне  ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, казір олар әртүрлі салаға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:

    1. кадр дефициті

    2. жұмыссыздық.

    Университеттер, училишщелер, колледждер мен өндіріс  орындарының тіл табысуы бұл  мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста  мемлекетке осы секторды басқару  үшін белгілі бір стратегия қажет.

    1. жұмысшыларды мемлекеттен тыс  әдіспен орналастыру, бұл әдіс  негізінен натуралды шаруашылықтарға тән.

    2. жұмыссыздық әсерін төмендету,  бөл жерде жұмыс жасайтын сектор  зардап шегеді, себебі жұмыссыздарға  берілетін өтемақы салық есебінен  алынады.

    3. Жұмыс орындарын ашу. Бұған  келісу қиын өйткені ол кедей  елдерден имигранттар келуін  көбейтпесе ашылған жұмыс орындарға жергілікті жұмыссыздардың бара қоюы екіталай.

Информация о работе Жұмыссыздық түсінігі