Жұмыссыздық: себебі, түрлері және реттеу әдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 14:08, курсовая работа

Описание работы

Сондықтанда осы курстық жұмысымның масқаты макроэкономикалық талдау жасап жұмыссыздық жағдайының деңгейін анықтау. Аумақтағы негізгі талдауға:
a) жұмыссыздыққа жалпы шолу
b) аймақтар арасындағы яғни Қазақстан еліндегі жұмыссыздық жағдайын талқылау
Осы келтірілген екі талдауды топтай келе еліміздегі аймақтарының экономикасының қай көлемде дамып келе жатырғанына көзімізді жеткіземіз.

Содержание

I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
a. Жұмыссыздыққа жалпы шолу
a) Жұмыссыздық түрлері
b) Жұмыссыздық көрсеткіштері
c) Жұмыс іздеу және жұмыссыздық
d) Мемлекеттік саясат және уақытша жұмыссыздық
b. Қазақстан республикасындағы жұмыссыздық
a) Жұмыссыздықтың деңгейі
b) Жұмыссыздықтың себептері
c) Жұмыссыздықтың алдын алу жолдары
III. ҚОРТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздыңтың себебі.doc

— 291.00 Кб (Скачать)

Жалақының қатаңдығы  салдарынана болатын жұмыссыздық  және осыдан шығатын жұмыс орнының жетіспеушілігі жұмыссыздықты күту деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

 

ЕЛДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ДЕҢГЕЙІ

«Казакстанская правда»  газетінің 29.11.2005 жылғы №325-326 (24935-24936) нөмірінде еліміздегі жұмыссыздық жағдайының төмендеген жайында мақала жарық көрді.  Онда 2005 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық 620,8 мың адамның құрағанын айтқан. Бұл болжам 2004 жылмен салыстырғанда 13,4 мың. адам немесе 2,1 % есеге төмендегенін байқаймыз. Сонымен жұмыссыздық деңгейі  7,8% (2004 жылдың 3 тоқсанында -8,0%) құрайды. Жұмыссыздардың  257,3 мың. адамы ерлер болса (41,4%), 363,5 мың. адам (58,3 %) әйел адамдарды құрайды (1-ші кесте).

  1. ші кесте
   

ерлер

әйелдер

2001

2002

2003

2004

2001

2002

2003

2004

Жұмыссыздар- барлығы

338

283.8

281.4

281.1

442.3

407

390.7

377.7

соның ішінде жасына қарай:

           

15

    1.9  

    2.1  

    1.4  

    0.8  

    1.4  

    1.0  

    0.7  

    0.3  

16-19

   48.9  

   33.2  

   34.6  

   36.3  

   46.9  

   35.5  

  33.4  

   36.0  

20-24

   65.1  

   59.6  

   55.7  

   59.1  

   76.3  

   61.6  

   62.7  

   59.1  

25-29

   46.5  

   36.4  

   44.5  

   46.9  

   62.9  

   58.3  

   57.4  

   58.9  

30-34

   33.0  

   27.2  

   34.0  

   30.5  

   56.5  

   52.4  

   56.7  

   58.4  

35-39

   35.6  

   30.3  

   28.8  

   27.6  

   60.6  

   54.5  

   49.9  

   39.7  

40-44

   37.6  

   31.5  

   29.7  

   24.5  

   52.8  

   54.5  

   47.0  

   40.3  

45-49

   29.0  

   26.1  

   21.4  

   24.0  

   40.0  

   41.1  

   39.5  

   37.2  

50-54

   18.8  

   20.8  

   17.3  

   16.0  

   30.2  

   33.9  

   31.0  

   32.3  

55-59

   11.5  

    9.4  

    8.6  

   10.4  

    7.7  

   10.6  

   10.5  

   14.2  

60-64

    8.7  

    6.9  

    5.4  

    4.8  

    5.4  

    3.3  

    2.0  

    1.4  

65 және жоғары

1.4

0.3

-

-

1.7

0.1

-

-


 

Жұмыссыздар құрамындағы  28,1 % - 15-24 жас аралығындағы, 16,6% -30-34 жас аралығы, 35-39- аралығы 9,8%, 40-44 жас аралығы 12,6% көрсетеді. Жастар арасындағы жұмыссыздар деңгейі 12,6% ( 2004 жылдың 3 тоқсанында- 13,6%) төмендегенін байқаймыз Соңғы төрт жылдың мәліметтерін салыста отырып жұмыссыздық деңгейін 2- ші кестеден байқайық:

2- ші кесте

 

Барлығы

2001

2002

2003

2004

Жұмыссыздар- барлығы

780.3

690.7

672.1

658.8

соның ішінде жасына қарай:

   

15

     3.2  

     3.1  

     2.1  

     1.1  

16-19

    95.8  

    68.7  

    68.0  

    72.3  

20-24

  141.4  

  121.2  

  118.5  

  118.2  

25-29

  109.4  

    94.7  

  101.9  

  105.8  

30-34

    89.4  

    79.6  

    90.6  

    88.9  

35-39

    96.3  

    84.8  

    78.7  

    67.3  

40-44

    90.4  

    86.1  

    76.7  

    64.2  

45-49

    69.0  

    67.2  

    60.9  

    61.2  

50-54

    49.1  

    54.8  

    48.3  

    48.3  

55-59

    19.2  

    20.0  

    19.1  

    24.6  

60-64

    14.1  

    10.2  

     7.4  

     6.3  

65 және жоғары

3.2

0.4

-

-


 

Осы жоғардағы келтірілген  кестеден байқағанымыздай жұмыссыздықтың басым көпшілігі әйел адамдар құраған.

Арнайы жұмыссыздар  тіркелу орындарында 2005 жылдың  қыркүйек айының соңында берген есептерінде 103,8 мың. адам тіркелгенін айтты.  Ал алдыңғы жылдардағы жұмыссыз халықтық деңгейін біз 3-ші кестеден байқаймыз (Қазақстан Республикасының  статистикалық  Агентігі «Регионы Казахстан 2004 год.»). Осыдан байқағанымыздай  жұмыссыздар саны төмендейді.

Осы  3 тоқсанда 7,3 млн. адам жұмыспен қамтылған. 2004 жылдың 3 тоқсанымен салыстырсақ 44,9 мың. адамға немесе 0,6%-ға өскенін байқаймыз. Осы жұмыспен қамтылғандардың ішінде ерлер -3,8 млн. адам, 3,5 млн. адамды әйелдер құрайды.

Қазақстанда жылдан жылға жұмыспен қамтылғандар саны өскен сайын жұмыссыздықта  өріс алып келе жатыр. Мысалға, соңғы 3 жылда экономикада 126 мың адам жұмыспен қамтылса, арнайы жұмыссыздар тіркеу орындарында жұмыссыз халық саны 30 мыңға өскен. Бұл экономика заңы.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей  әр аймақ әр түрлі өнім өндіргендіктен, яғни өндіріс орындарына сұраныстың болуына байланысты жұмыссыздық деңгейі бірдей болмайды. Мысалы, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Астана және Алматы қалаларында 60% арнайы жұмыссыздықпен айналыстан орындарға тіркеледі. Ал Қызылорда, Алматы облысы, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан, Ақмола областарында 20-40% ғана тіркелген.

Осы берілген мәліметтер Статистикадан алынған. Бірақта Статистикаға жүгінсек бер жағы сан болғанмен санның арғы жағында халықтың өмірі тұр. Еліміздің ертеңі әлеуметтік экономикасының дамуы осы статистика мәліметерінде тұр.

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ

Жұмыссыздық біз үшін яғни Қазақстандықтар үшін қауіп  төндіріп тұрған жоқ. Неге? Өйткені  бізде көптеген өндіріс орындары бел алып жатыр. Ал жұмыссыздықтың себептерінің бірден –бір белгісі жұмыссыз халықтан сұрасақ «жұмыс таба алмай жүрміз» дейді, ол жұмыстың мүлдем болмауы  емес, ол өзінің ойынан шығатын жұмысын кездестіре алмауы немесе жұмысқа деген ынтасының аздығы.

Қоғам үшін жұмыссыздық  қолайсыз, өйткені оның салдарынан жалпы өнім өзінің потенциалды деңгейінен төмен болды. Жұмыссыз адам басқалар тәрізді табыс таппағанына қанжылады. Және жұмыссыздық жағдайына байланысты өзінің адамгершілік қадір- қасиеті де кемігендей сезінеді.

Жұмыссыздықты қысқартқаннан  потенциалды пайда табатынымыз  белгілі. Циклдік жұмыссыздық жұмыссыздықтың натуралды мөлшерімен  байланысты, ал «құрылымдық» немесе «тұрақты» жұмыссыздық сол натуралды деңгейде пайда болады.

Жұмыссыздықтың алдын  алу  жолдары деп еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына   ат салыса білуіміз керек. Аймақтардың әлеуметтік даму салаларының  аса өткір мәселелерінің бірі –кедейлік деңгейін азайту, осы мәселеден құтылудың алғы шарты- жұмыссыздықты жою. Қазіргi кезде бiз уақытша жұмыссыздықтан гөрi жартылай немесе оның басқа түріндегі болып тұратын жұмыссыздыққа жиi тап болып жүрміз.   Бұл жағдай тұрақты жұмыссыздықтың  көлемін азайтуға жол бермей келеді. Сонымен бiрге кедейлiк те өз позициясын жоғалтатын емес. Жұмыссыздар мен кедейлер арасында жұмыссыздықтың ұзақ мерзімге созылу салдарынан бiлiктiлiгiнен толық немесе iшiнара айрылған адамдар санының басымдығы орын алуда. Соның ішінде  жастар арасындағы жұмыссыздық айрықша алаңдады.

Мәселен, әлеуметтік дамудың, жанұя экономикасының нығайуының, еңбекке  жарамды азаматарымыздың жан  жақты білім және кәсіби мамандық алуының, еңбек етудің кажеттігін түсінуінің экономикалық дамудың алғы шарты екенін білеміз. Оның үстіне әлеуметтік даму жүйесін шағын және орта кәсіб орындарының жеке меншігіне біртіндеп, реті келсе бүтіндей өткізе берудің қажеттігі тұр. Айта кету керек өркендеген шет елдерде әлеуметтік даму салалары түгіл, мемлекеттік қызмет жүйесі де жеке меншікке өтуде (приватизациялануда). Нарықтық қатынастар жақсы дамыған шағында біздің елімізде де осылай болатыны даусыз. 

Әлеуметтік дамудың  маңызды бағыты оның елге, адамға қызмет жасайтын салаларын қайта құру, реформалау. Бұл жұмысты іске асыру  тек қана үкіметтің міндеті емес. Оған мемлекетіміздің аймақтық және экономикасын басқарып отырған орындардың, сол елдің тұрғындарының, экономикалық салаларының тікелей міндеті. Қазір экономикалық және қаржылық мүмкіндіктері айқындалып, кемелдене бастаған аймақтарымыздың экономикасы жаңа тұтыну тауарларын өндіріп, әлеуметтік  ахуалдарға қажетті мүмкіндік жасай алатындай дәрежеге жетіп келеді.

Рас, инфляция деңгейінің жоғары болуымен, өндірістің құлдырауымен, жұмыссыздықпен сипатталған экономикалық қиындықтар мен дағдарыстың алғашқы жылдарында, дәлірек айтсақ 90 жылдардың басында әлеуметтік саланың даму мүмкіндіктері шектеулі болды. Қазір елімізде ірі он төрт облыс және екі қала бар. Облыстар орналасу барсысына қарай табиғи ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі деңгейде дамуда. Әр аймақ өзіндік өндіріс күштерімен ерекшеленуде, олардың әрқайсысы  жер қойнауларындағы байлықтарын және қолда бар нарықтық күштерін дұрыс пайдалануға қолы жетуде.

Соңғы кезеңге дейін  Қазақстан бұрынғы Советтер одағының  шикізат көзі болып келгені бәрімізге аян. Елімізден шыққан шикізат басқа елге сатылып, сол шикізатты өнделген күйінде қымбат бағаға қайта сатып алынып отырғаны  да беймәлім емес. Ендігі біздің міндетіміз еліміздің экономикасын дамыту, қолда бар шикізат қорларын тиімді пайдаланып, аймақтардың тұрмыстық деңгейін көтеру және әр өлкеде жандана бастаған өндіріс орындарын жоғары технологиялық өндеу өндірістерін құру, шағын және орта кәсіптікті белсенді түрде қолдап жұмыссыздыққа жол бермеу, жұмыс күштерін көбейту. 

Кейінгі жылдардағы аймақтардың  экономикалық дамуы нәтежиесі өткен  жылдармен салыстырғанда халықтың тұрмыс деңгейі жақсара түсуде және әлеуметтік даму дәрежесінің өсуіне себебін тигізуде.

Әлемдік тәжірбие көрсеткендей, еліміздің экономикасын көтерудің жолдарың бірі - сыртқы елдермен байланысты нығайту, дамыған мемлекеттермен сауда саттық көлемін өсіру, тәжірбие алмастыру, олардан оқып – үйрену, бірлескен серіктестіктер құру.  Еліміздің сыртқы экономикалық қызметін жақсатру дегеніміз экономикалық байланыстырды  тереңдету,  аймақтар экономикасын  шетел инвестициясын  тарту арқылы және аймақтардың әлеуметтік – экономикалық даму бағытын одан әрі күшейту деген сөз. Бірақ, біздегі жағдай әлемдік тәжірбиеге сәйкес емес: келген шетел инвестициясының шикізат саласына құйылуы басым.

Еліміздегі аймақтардың  экономикасының жағдайын көтеру арқылы ғана біз жұмыссыздыққа қарсы  тұра аламыз. Ол үшін, яғни, аймақтардың экономикасын көтеру үшін өнеркәсіптің жаңа салаларын шетелдік инвестицияларымен батыл қамтамасыз етіп,  өзіндік қаржы жүйесін жандандыру арқылы экономикамыздың құрылымын (структурасын) жақсарту керек. Біздің қуанарлық жағдайымыз орта және шағын кәсіпкерлеріміз экспорттық өнімдерді шығаруға бағдар түзеп отыр. Бірақта олардың ішінде өндірістік кәсіпкерлер санаулы да, негізінен сауда- саттық, тасымалдық және басқа да қосымша кәсіпкерлікпен айналысуда. Бізше сол өндірістік кәсіпкерлікті өсіру, басымдылығын арттыруға мемлекет қол ұшын беру керек сияқты. Мысылы еліміз мұнай, астық өнімдеріне, жер қойнауы пайдалы қазбалаға (Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 Қазақстан жерінен табылады) бай. Мұнай-тек жанар-жағар майғана емес, бұл шикізат көзінен көптеген өнім өндіріледі. Неге осы шикізат көздерін елімізде өндіріп экспортқа шығатуға ат салыспаймыз? Егерде  елде осы шикізат көздерін өндіретін кәсіпорындар болса, оның ішінде мұнай өңдеу өнеркәсібін, мұнай химиясының өнеркәсіптерін және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін өніркәсіп орындарын дамытуымызға болады. Осы кезде ғана жұмыссыздар саны азаяып жұмыс күшіне сұраныс болады.

Қазақстан  аймақтарының  әлеуметтік – экономикалық дамуы  қандай деңгейде дамуда немесе   республикалық деңгейге сай келеме, әлде төмен бе, деген сұрақтар ертеңін  ойлайнын ел азаматтары үшін жат сұрақ  емес. Алдымен осы  аймақтардың даму деңгейінің 2003 жылы өткен кезеңіне шолу жасайық. Ол үшін біз төртінші  кестеде берілген еліміздің аймақтары, 14 облысы мен 2 қаласының   2003 жылғы статистикалық мәліметтерін пайдаланамыз. Ол мәліметтер он алты аймақ бойынша мына  көрсеткіштермен берілді: жалпы аймақтық өнім, тура инвестиция, сыртқы сауда айналымы, қаражатпен қамтамасыз ету, шағын кәсіпорындардағы жұмыспен қамтылғандардың саны, жұмыссыздық деңгейі, жан басына келетін ең аз күнкөріс, табысы күнкөрісінен төменгі деңгейдегі халықтың үлесі, бөлшек сауда айналымы, негізгі қор. Бірінші кестеде бұл көрсеткіштердің жан басына шаққан, яғни  әр аймақта тұратын  бір адамға  деп есептелген түрі берілген. Әлемдік тәжірбиеге қарасақ, осы жан басына шағылған көрсеткіштер аймақтарымыздың әлеуметтік дамуының өсу дәрежесін анықтауға көмектеседі. Бұл көрсеткіштердің өзі де әлемдік тәжірбиеге сай, олардың бір-бірімен тікелей немесе қосалқы байланыстары бар. Сондықтан оларды адам дамуының  көрсеткіштер жүйесі деп қарауға да болады. Осы себепті біз алдымен осы кестедегі көрсеткіштерді жеке-жеке талдап, содан кейін олардың өсу дәрежесінің салдар-себептерін қарастырып, қортынды жасауға тырысамыз.

Информация о работе Жұмыссыздық: себебі, түрлері және реттеу әдісі