Жұмыссыздық: себебі, түрлері және реттеу әдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 14:08, курсовая работа

Описание работы

Сондықтанда осы курстық жұмысымның масқаты макроэкономикалық талдау жасап жұмыссыздық жағдайының деңгейін анықтау. Аумақтағы негізгі талдауға:
a) жұмыссыздыққа жалпы шолу
b) аймақтар арасындағы яғни Қазақстан еліндегі жұмыссыздық жағдайын талқылау
Осы келтірілген екі талдауды топтай келе еліміздегі аймақтарының экономикасының қай көлемде дамып келе жатырғанына көзімізді жеткіземіз.

Содержание

I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
a. Жұмыссыздыққа жалпы шолу
a) Жұмыссыздық түрлері
b) Жұмыссыздық көрсеткіштері
c) Жұмыс іздеу және жұмыссыздық
d) Мемлекеттік саясат және уақытша жұмыссыздық
b. Қазақстан республикасындағы жұмыссыздық
a) Жұмыссыздықтың деңгейі
b) Жұмыссыздықтың себептері
c) Жұмыссыздықтың алдын алу жолдары
III. ҚОРТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздыңтың себебі.doc

— 291.00 Кб (Скачать)




 

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Т. Рұсқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Экономика және қаржы институты

 

«Экономика» кафедрасы

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

«Экономикалық теория» пәні

 

ТАҚЫРЫБЫ: Жұмыссыздық: себебі, түрлері және реттеу әдісі

 

 

 

 

Орындаған: Елеусіз  Ләйла Т.

108 топ студенті 1 курс 2ж/о, с/б

 

Жетекші: Ғалымжанова  Сауле Б.

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

  1. КІРІСПЕ
  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
    1. Жұмыссыздыққа жалпы шолу
      1. Жұмыссыздық түрлері
      2. Жұмыссыздық көрсеткіштері
      3. Жұмыс іздеу және жұмыссыздық
      4. Мемлекеттік саясат және уақытша жұмыссыздық
        1. Қазақстан республикасындағы жұмыссыздық
      1. Жұмыссыздықтың деңгейі
      2. Жұмыссыздықтың себептері
      3. Жұмыссыздықтың алдын алу жолдары
  1. ҚОРТЫНДЫ
  1. ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі жағдайда Қазақстанның жеке мемлекет болып Егемендік алған күннен бергі жылдарында жұмыссыздықтың жақсы қарқынмен төмендеп келе жатырғанын байқаймыз. Жұмыссыздықты толық жоққа шығара алмаймыз. Статистикалық жинақтарға сүйенсек 1991 жылы жұмыспен қамтылғандар құрамы бойынша 95,8% кәсіпорындарға жалданып жұмыс істесе 4,2 % өз бетінше жұмыс істейтіндер қатарына жатады. Ал қалған пайызы жұмыссыздықты құрды. Қазіргі кезде елдегі экономикалық белсенді, яғни жасы 15-тен асқан еңбекке жарамды жастағы адамдардың саны 7,9 миллион болды. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26,4 мың адамға, яғни 0,3 пайызға артық деген сөз.

Сондықтанда осы курстық жұмысымның масқаты  макроэкономикалық талдау жасап жұмыссыздық жағдайының деңгейін анықтау. Аумақтағы негізгі талдауға:

    1. жұмыссыздыққа жалпы шолу
    2. аймақтар арасындағы яғни Қазақстан еліндегі жұмыссыздық жағдайын талқылау

Осы келтірілген екі талдауды топтай келе еліміздегі аймақтарының экономикасының қай көлемде дамып келе жатырғанына көзімізді жеткіземіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ЖАЛПЫ ШОЛУ

 

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ

 

Жұмыссыздарға - халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділігін өлшеу үшін белгілінген жастағы, қаралып отырған кезең ішінде бір мезгілде үш негізгі критерийге жауап беретін адамдар жатады:  жұмыссыз болды (табысты жұмысы болмады), оны іздеумен белсенді айналысты, белгілі бір кезеңде жұмысқа кіруге әзір болды. Жұмыссыздықты қарастыра отырып оның үш түрге бөлінетінін айта кетуіміз керек. Олар: уақытша, құрылымдық жене циклдік.

Уақытша жұмыссыздық. Кейбір адамдар өз мамандықтары  бойынша қызмет түрлерін таңдау мүмкіншіліктері бар кезде «жұмысаралық» жағдайда қалады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар  басқа жұмыс орын іздеп жүреді. Басқа біреулер тұрақты  жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады (мысалы, құрылыстағы қолайсыз ауа райы жағдайы). Сонымен қатар жастар арасындағы алғаш рет  жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты болады.

Осы жұмыссыз адамдар  жаңа жұмыс орнына немсе уақытша  жоғалтқан жұмысқа қайтып келген кезде, олардың орнын басқа жұмыссыздар  басады. Сондықтан әр түрлі себептермен  жұмыссыз қалған адамдар санаты құрамын өзгертсе де, осы жұмыссыздық типі қала береді. Жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орнын  күтіп отырған адамдарға экономистер «уақытша жұмыссыздар» деген  тирмен қолданылады.

Уақытша деген анықтама бұл құбылыс мәнін нақты көрсетеді: еңбек нарығында жұмыс орны мен жұмыс күші арасында сәйкестілік орнамайды. Уақытша жұмыссыздар еңбек  нарығында ұсынатын «білімдері» бар деп есептеледі.

Уақытша жұмыссыздық «міндетті» және «ерікті» болып бөлінеді. Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайға өз еркімен түседі, олар- өздерінің төмен жалақы жұмыстарын жоғары төлемақылы жұмысқа ауыстырады. Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді. Яғни, жалпы  экономикадағы өндіріс көлемінің ұлғаюы.

Құрылымдық  жұмыссыздық.. Уақытша жұмыссыздық ақырындап «құрылымдық жұмыссыздық» деп аталатын екінші санатқа ауысады. Экономистер «құрылымдық» тирминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдында еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтежиесінде кейбір мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірбиелері  нарық сұранысына сәйкес келмейтіне көздері жетеді, олардың тәжірбиесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрлымы әрдайым өзгеріп тұрады. Бұған соңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының «қысқы белдеуден» - «жазғы белдеуге» миграциясы мысал бола алады.

Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық  арасындағы айырмашылық анық емес.  Уақытша жұмыссыздарда «сатуға» болатын тәжірбие бар, ал құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыру керек.  Уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді, ал  құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді, сондықтан ол қауіпті болып саналады.

Цикілдік  жұмыссыздық. Цикілдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда,  жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті цикілдік жұмыссыздықты кейде  «сұраныс  тапшылығына байланысты жұмыссыздық» деп атайды.

 

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Жұмыссыздықты сипаттайтын  кейбір қосымша мәлеметтерге жүгінейік. Ол көрсеткіштер мемлекеттік саясаттың шараларын бағалауға көмектеседі.

Еңбекке жарамды жұмыспен қамтылған халықты – жұмысбастылық  деп айтамыз. Жұмысбастылық – макроэкономиканың маңызды сипаты. Жұмыс күшін немесе экономикадағы жалпы еңбек реурстарының жұмыс істейтіндердің  тұтас санымен қатынасы жұмыссыздық коэффициентін қрайды. Кейбір кезде барлық жұмысқа қабілетті халық бос болмауы табиғи құбылыс. Оған объективті себептер бар: біріншіден, адамдардың бір орнынан екінші орынға көшіп отыруы,  бір қызмет орнынан екіншіге ауысуы, тиімді жұмыс іздеуі  және т.б.

Толық жұмысбастылық  халықты жұмыссыздықтан шығармайды, бар болуын қамтиды. Экономистер  уақытша және құрылымдық жұмыссыздық  болмай қоймайды  деп санайды.  Толық жұмысбастылық кезіндегі  жұмыссыздықты «жұмыссыздықтың табиғи кезеңі» деп атайды.  Жұмыссыздық табиғи  деңгейімен қосарланған  ішкі өнімнің нақты көлемі «экномиканың өндірістік әулеті» деп аталады.   Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын өнімнің нақты көлемі. Толық жұмысбастылық  деңгейі немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз- оң өлшем, өйткені уақытша жумыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек.  Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін оқу курстарын өтуге немесе басқа жерге көшу уақыт керек. Егер жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бос орындар санынан көп болса, онда еңбек күші нарықтары сәйкес келмейді дегенді білдіреді.  Осындай жағдайды жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдік жұмыссыздық пайда болады. Екінші жағынан қарасақ  жиынтық сұранысы артық болған жағдайда, жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады.

«Табиғи» тирмині экономика жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде  жұмыс істеп, өзінің өндірістік мүмкіндігін қолданып жатыр деген ұғым бермейді. Іскерлік циклдарды қысқаша шолуымызда экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен төмен де болуы мүмкін.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өз алдында тұрақсыз көрсеткіш.  Ол кезеңді түрде еңбек күші мен  инситуциональдық өзгерістермен байланысты демографиялық қозғалыстар әсеріне түседі.

Күн сайын кейбір жұмысшылар жұмыстан шығады немесе оларды жұмыстан шығарады, ал кейбір жұмыссыз жаңа жұмыс  табады. Бұл үздіксіз жұмыссыздар  қатарына кіру және шығу жұмыссыздық  жағдайы жұмыс күшінің үлесімен анықталады. Берілген бөлімде жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен анықталатын, яғни жұмыс күші жұмысшы саны мен жұмыссыздар санына тең болады. Ал жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздар санын жұмыс күшіне бөлу арқылы байқаймыз.

Егер жұмыссыздық  деңгейі өзгермейтін болса, яғни еңбек нарығы тұрақты, онда жұмысқа жалданғандар саны жұмыстан шығарылғандар санына тең болуы қажет. fU-  жұмысқа жалданған адамдар саны, ал sE жұмысын жоғалтқан адамдар саны деп аламыз. Бұл екі шама тең болуы керек:

fU=sE

Бұл теңдеуді түрлендіру арқылы жұмыссыздықтық тұрақты днңгейін  табуымызға болады. E=L-U, яғни жұмыс істейтіндер саны жұмыссыздар азайтқанға тең. Бұл fU=s(L-U) екенін білдіреді. Теңдіктің екі жағын да L-ге бөлеміз, сонда 

F(U/L)=s(1-U/L) шығады.

 

 

 

ЖҰМЫС ІЗДЕУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

 

Жұмыссыздық  сепебтерінің біріне жұмыс күші құрлымы мен бос жұмыс орындары арасындағы сәйкестікті орнату үшін белгілі уақыт кезеңінің қажеттілігі жатады.

Уақытша жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі әрқашан  ауысып тұратын нарықтық экономиканың  жағдайында шарасыз. Әр түрлі тауарларға  деген сұраныс ұдайы тербелісте, ал ол осы тауарларды өндіретін жұмысшылар еңбегіне  деген сұраныстың тұрақсыздығын білдіреді. Мысалы, дербес компьютерді енгізу жазу машиналарына сұранысты қысқартты, ал  ол жазу машиналарына шығаратын өндірістегі еңбекке сұранысты төмендетеді.  Сол уақытта электронды өнеркәсіптегі еңбекке сұраныс өсті. Онан кейін, әр аймақ әр түрлі тауар өндіргендіктен, бір уақытта  елдің бір бөлігінде өсіп, ал екіншісінде қысқаруы мүмкін. Мысалы мұнай бағасының өсуі Атырау сияқты мұнай өндіретін жерлерде жұмыс күшіне сұранысты арттырады.  Экономистер осындай аймақтар мен салалар бойынша еңбекке  сұраныс құрылымындағы өзгерістерді құрылымдық ығысу деп атайды.

Құрылымдық ығысу ұдайы  болғандықтан және жұмысшыларға жұмыс ауыстыру үшін  белгілі  уақыт қажеттілігінен уақытша жұмыссыздық тұрақты сипаты болады.

Құрылымдық ығыстырулар  жұмысшылардың ұдайы босатылуы  мен уақытша жұмыссыздықтың жалғыз себебі емес. Одан басқа егер фирма банкротқа түссе, егер олардың жұмысшысының  сапасы қанағаттандырмаған жағдайда немесе олардың нақты мамандығы қажет етілмесе  жұмысшылар аяқ астынан жұмыстан шығарылады. Жұмысшылар өздерінің  мамандық қызығушылығын өзгерткен жағдайда немесе елдің басқа ауданына көшкен кезде өз тілегімен жұмыстан шығады. Еңбек нарығында фирмалар арасында сұраныс пен ұсыныстың тұрақсыздығынан уақытша жұмыссыздық әрқашан болады.

 

МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ УАҚЫТША ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

 

Уақытша жұмыссыздықты  түсіру жолымен жұмыссыздықты табиғи деңгейін төмендету көптеген мемлекеттік  бағдарламалардың мақсаты болып табылады.  Мемлекеттік жұмыс қызметі   жұмыспен қамтылған еңбекке жарамды  халықты жұмыспен қамтуда тиімділікті көтеру үшін  бос орындар туралы хабарлама тартады. Мамандықты  ауыстыру жөніндегі  мемлекеттік бағдарламалар жұмысшылардың кейбір салалардан  тез өсетіндерге  өтуін жеңілдетуге бағытталған. Бұл бағдарламалар жұмысқа орналасу деңгейінің  өсуіне қаншалықты мүмкіндік туғызса, соншалықты олар жұмыссыздықтың  табиғи деңгейін төмендетеді.

Керсінше, жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесі жұмыссыздардың санан ұлғайтатын мемлекеттік бағдарлама болып табылады. Осы бағдарлама бойынша жұмысын жоғалтқан жұмыссыздар белгілі уақытта шамалап жалақы алуы мүмкін. Бірақ жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеудің нақты шарты жылдан жылға өзгеріп отыратындықтан  жұмыссыздықтан сақтандыру  бағдарламасымен қамтылған жұмысшылар әр түрлі жалақы алады.

Жұмыссыздықтан сақтандыру жұмысты жоғалтудың экономикалық зардаптарын  жеңілдетіп, бір уақытта жұмыссыздардың санын ұлғайтады және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін көтереді.

Жұмыссыздықтан сақтандыру деңгейінің көтерілуі туралы факт, бұл саясаттың қажеттсіздігін білдірмейді. Оның жағымды жағы – жұмысшыларды нақты табыс алатындығына сенім тудырады. Одан кейін  жұмысшылардың  ұнамсыз жұмысққа қарсы болуына жағдай жасап, бұл саясат мүмкін  жұмыс күші мен жұмыс орындары құрлымының  сипаттамаы арасындағы тура сәйкестікті орнатуға жағдай тудырады.  Салыстырмалы нәтежиелік пен жұмыссыздықтан сақтандырудың әр түрлі жүйелерінің құнын бағалау қиын проблема.

Жұмыссыздықтан сақтандыру мәселлесін зекріттейтін экономистер, көбінесе  жұмысшылар санын қысқарту үшін бұл жүйені реформалау жолданын ұсынады. Сондай ұсыныстардың бірі жұмысшыны жұмыстан шығаратны фирмаға  жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны толық көлемді түрде төлеуді ұсынады. Бұндай жүйе  жүз пайыздық жүйе деп аталады, себебі әр фирманың жұмыссыздықтан сақтандырудағы  жарнасы жұмыссыздықтың масштабын белгілейді. Қолданыстағы бағдарламлардың көбі ішінара  өтем жүйесіне негізделген. Осыған сәйкес жұмысшыны  жұмыстан шығаратын фирмадан осы жұмысшыға  жұмыссыздығы үшін берілетін жәрдемнің тек бір бөлігі ғана алынады. Фирмаға жұмыстан босатылған  жұмысшылардың өмір сүру деңгейін сақтау шығынының бір бөлігі түсетіндіктен, оған уақытша сұраныстың  төмендеуі кезінде  артық жұмысшылардан құтылу пайдалы.

Жұмыссыздықтың  екінші себебі – жалақының қатаңдығы, яғни оның икемді өзгере алмайтындығынан. Жалақы ешқашанда икемді болмайды. Кейде нақты жалақы  тепе-теңдіктен жоғары болады.

Информация о работе Жұмыссыздық: себебі, түрлері және реттеу әдісі