Ұғым және ренты үлгілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2011 в 15:47, курсовая работа

Описание работы

Ұғым және ренты үлгілері оның рөлінің ара нарықтық экономике орында, функциию

Работа содержит 1 файл

Рента.docx

— 30.95 Кб (Скачать)

Сирек кездесетін ауыл шаруашылық өнімдерінің монополдық жоғары бағасы, олардың қоғамдық өндірістік бағасына тәуелді болмайды. Ол баға, сатып алушының осы өнімге жоғары баға төлей алатын қабілетімен белгіленеді. Сөйтіп, монополиялық рента, тек қоғамдық өндіріс бағасынан ғана емес, барлық ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасынан артық шығын болып табылады.

Монополдық рентаның түрлерінің біреуіне сиректік рента жатады. Бұған қарсы бәсекенің ешбір амалы болмайды. Спорт жұлдыздарының, топмодельдердің, атақты музыканттар мен ұлы хирургтардың, бірегей жүзім бағының меншік иесінің және әлемдегі жалғыз ем көзінің иесінің т.с. табысының ауқымды көлемін осы рента құрады. Теория бағытынан рентаны төлеу ресурстарды оптималды орналастырудың қажетті шарты емес. Бір жақтан, сыйақы төмендігіне қарамастан музыкант немесе хирург бәрібір жұмысын тастап кетпейді.

Басқа жақтан, тым жоғары табыс бәрібір бірегей қасиеті болатын игіліктер мен қызметтердің өндірісінің өсуін ынталандыра алмайды, өйткені бұлардың ұсынысының шектелгені абсолюттік болады.

Рентаны қойнауынан пайдалы қазыналар шығатын жердің, немесе, үстінде құрылыс жасалған жердің, меншік иелері де алады.

Кен шығаратын өнеркәсіп рентасы, жер рентасы сияқты пайда болады. Жер қойнауынан шығатын өнімдердің индивидуалдық өндірістік бағасы әр түрлі болады, ал сатылғанда олар нашар өндірістік жағдайдағы өндірістік бағамен өткізіледі. Осының нәтижесінде жақсы және орташа рудниктер, шахталар т.б. түсетін үстеме пайда жер иесі алатын дифференциалдық рента болып табылады.

Бұл рентаның мәнін айқындаудың бір бағыты. Ресурстар нарығында жер ұдайы өндірілетін қасиеті бар фактор болып табылады: құнарлылығымен, климат ерекшеліктерімен және т.б. жер дұрыс өңделсе және барлық агротехникалық ережелер орындалса, ол жыл сайын жақсы егін береді. Бұнымен салыстырғанда мұнайдың, руданың және т.б. көзі қандай жаңалықтар, жақсартулар, жоғары технологиялар қолданылса да сарқылып таусылады. Сондықтан, ұдайы өндірілмейтін табиғи ресурстардың иесі бүгін жұмсалған құралдар мен запастардың бірлігінің құны болашақта пайдаланушылар үшін өсетінін білуі керек. Тек ресурстардың таусылып бітетінін есепке алмай, "көз жұмып" рудниктер мен шахталардан түскен табыстардың соларға жұмсалған шығындардан артықтығын, жинақталған игіліктерді сатудан түскен — табиғаттан жинақталған, ал бүгін жеке меншік деп саналатын — баға деп қарауға болады. Сондықтан пайдалы қазбалардың ұсынысының шекті бағасына, рудникті пайдаланудың шекті шығындарынан басқа, оны пайдалану құқы үшін төлем жатады. Бұл рудниктерді пайдалану құқы үшін төлем рента емес, рента деп аталса да. Бұл байлықтың болашақтағы көзі деп есептелетін, шахта құнының төмендеуінің бөлшегі болып табылады.

Егер шахта  немесе рудник таусылмайтын емес болса, онда бұлардан келетін табыс қойманы пайдалану құқығының жартылай төлемі және жартылай рента болып табылады. Рентадай емес, осы минималдық төлем өнімнің әрбір бөлшегіне, оның шекті немесе шекті еместігіне қарамастан, жасалатын шығыстар құрамына тікелей жатады.

Жер иелері үйлер, ғимараттар, құрылыстар орнатуға арналған жер учаскелерінен арендалық төлем алады. Құрылыс учаскелерінен түсетін рентаның ерекшелігі сол, оның мөлшеріне, орналасқан орны жөніндегі дифференциалдық рента басым ықпал жасайды. Құрылыс жүргізуге дайындалған учаскенің жиынтық құны, осы учаскені барлық құрылыстардан тазартып, оны еркін нарықта сатқандағы құнға тең болады. Құрылыс учаскесінің жылдық құны ағымды процент ставкасы бойынша белгіленген, нарықтық баға қамтамасыз ететін, табыс болып есептеледі. Осының құны, орналасқан орын арқылы ренталық табыстан артық болады.

Экологиялық рентаның орны ерекше. Адамдардың өмір сүруінің экологиялық жағдайлары бірдей болмайды. Табиғи сфераның сапасы, өмір сүру сферасының ластану дәрежесі, оны жайлы жақсыландыру, т.б. — осылар экологиялық рентаның пайда болу шарттары болып табылады. Олардың әр түрлі болып жіктелуі адамның өмір сүру жағдайларын ұдайы өндіруге жұмсалатын қаражаттар мөлшерінің бірдей болмауын белгілейді. Адамдардың әл-ауқаты тең болған жағдайда жақсы регион, аймақтарда өмір сүру дәрежесі елеулі жоғары болады. Табиғаттың (өмір сүру ортаның) сапасы төмендеген сайын, әл-ауқатқа жұмсалатын қаражаттардың құны, «тұтыну қоржынының» құны өсе түседі.

Информация о работе Ұғым және ренты үлгілері