Ұғым және ренты үлгілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2011 в 15:47, курсовая работа

Описание работы

Ұғым және ренты үлгілері оның рөлінің ара нарықтық экономике орында, функциию

Работа содержит 1 файл

Рента.docx

— 30.95 Кб (Скачать)

                                                                                Рента 

Рента (фр. rente — табыс әкелу) — жерді‚ мүлікті‚ мәміледен түскен капиталды меншіктенуші алатын‚ иеленушіден қосымша шығын мен күш-жігерді талап етпейтін табыс. Жерді пайдалануға беруден алынған табыс — жер рентасы‚ берілген қарыздан алынған табыс — капиталдан алынған пайыздар‚ т.б. Мүлікті меншіктенуші бұл ретте рантъе деп аталады.

Жер рентасы

Жер рентасы  — жерден түсетін тұрақты табыс. Оның дифференциалдық және абсолюттік түрлері бар. Алғашқысы дифференциалдық І және дифференциалдық ІІ рента деп ажыратылады. Дифференциалдық І рентаның пайда болуының басты себебі — жеке жер телімдерінің құнарлылығы мен сол жердің рынокқа қатысты орналасу ерекшеліктері. Дифференциалдық ІІ рента жерге жұмсалған қосымша қаржыға тура байланысты. Шаруашылықты қарқынды жүргізу нәтижесінде қосымша қаржыдан дифференциалдық ІІ рента туындайды. Ол, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кезіндегі қоғамдық және жеке баға айырмашылығынан да туындайды. Абсолюттік Жер Рентасы жерге деген жеке меншікке байланысты. Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік рентаны алу көзі болып табылады. Ауыл шаруашылығы айналымына кірмейтін жерден де Жер Рентасы алынады. Оларға:

  1. тау-кен өнеркәсібі пайдаланып отырған жерден түсетін рента;
  2. құрылыс учаскелерінен түсетін рента, т.б. жатады.

Жер рентасының табиғаты жердің экономикалық ресурс ретіндегі ерекшеліктерімен және жерді пайдалану қатынастарымен байланысты. Жер — бірегей өндіріс құралы: сан жағынан ол шектелген, оны жасанды түрде ұдайы өндіру мүмкін емес; жер учаскелері құнарлығы жағынан бір-біріне ұқсамайды, яғни олардың табиғи өндіргіш күштері өзгеше болады.

Жерді пайдалану  экономикалық қатынастардың әр түрлі жүйесімен реттеледі. Экономикалық ресурс ретінде жер еңбек нәтижесі емес, яғни оның өндіріс шығындары жоқ. Жер табиғаттың сыйлығы. Жердің саны шектелген, сондықтан жер практикада қайда пайдаланса да, оның ұсынысы мүлде икемді емес. Бұл жер нарығында тек сұраныс қана белсенді екенін көрсетеді. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші рөл атқарады.

Нарықтық аграрлық экономиканың субъектісіне меншік иесінің екі типі жатады — толық меншік иесі және тұтыну меншік иесі. Жердің шектелуі және оны ұдайы өндірудің мүмкін еместігі, жер монополиясының екі түрлі болуын тудырады. Толық меншік иесі жерге өзінің жеке меншік монополиясын жүргізеді: кәсіпкерге оның капиталын өз жеріне әкеліп пайдалануға рұқсат ету-етпеуге ерікті болады. Аренда туралы келісім жасалған соң жерді нақты пайдаланушы белгіленеді. Оның (арендатордың) жердің осы учаскесінде шаруашылық жүргізуге монополиялық құқы болады. Жердің меншік иесі мемлекет болса, жеке иемдену болмайды және монополияның бір түрі орнайды: — жерге тұтыну жағынан жер иесі жүргізетін, жерге шаруашылық жүргізетін объект деп монополия орнайды.

Жерге монополия  — нарық субъектісінің осы ресурсқа жарлық етуіне төтенше құқының болуы, иемденушіге үстем табыс әкеледі. Осы табыс жер рентасының экономикалық нысанын алады. Жеке меншік монополиясы абсолюттік жер рентасын тудырады, жерге шаруашылық монополиясы — дифференциялық жер рентасын тудырады. Осы күнгі батыс әдебиеті «экономикалық рента» терминін қолданады, рентаны түрлерге бөліп қарамайды, бірақ олардың пайда болуының екі себебін келтіріледі.

Рента —  меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Аренда келісімі арқылы берілген жер үшін ол арендатор жердің меншік иесіне рента төлеп тұрады. Демек, жер рентасы жерге меншіктік экономикалық жағынан жүзеге асырылуының нысаны болып табылады.

Жер рентасы  меншікке табыс түрінде, бұдан көп ерте заманда пайда болған. Бірақ тек нарық экономикасында рентаны экономикалық тәсілдер арқылы иемдену мүмкіндігі туады. Осы жағдайда ол үстем пайда болып табылып, екіге бөлінеді: кәсіпкер — жер арендаторы ие болатын пайдаға және жерге меншік иесіне түсетін рентаға. 

Дифференциялдық рента монополияланған табиғи күші бар учаскелердегі индивидуалдық өндірістік баға мен нарықтағы қалыптасқан бағаның айырмасы болып табылады. Жер меншігі артық пайдаға қатынасы жоқ, бірақ ол оның жер рентасы нысанына айналуының себебі болып табылады. Сондықтан рентаны еңбекпен келмеген табыс деп атайды.

Дифференциалдық рентаның екі түрі бар: бірінші дифференциалдық рента және екінші дифференциалдық рента.

  1. Бірінші дифференциалдық рентаның болуы жердің сапасының әр түрлі болатынымен байланысты. Осы рента құнарлылығы жоғары жерлерден алынатын, құнарлылыққа байланысты рента болып және стратегиялық жағынан материалдарға, еңбекке, тұтынушыларға қолайлы орналасқан жер учаскелерінен алынатын рента болып бөлінеді.
  2. Екінші дифферендиалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және капиталдың үстеме салымын яғни, жердің құнарлылығын өсіруді, прогресивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды т.б. тілейді. Нәтижесінде өнімділік жоғарылайды, шығындар тез өтеледі. Кәсіпкер үстем пайда түсіреді.

Екінші дифференциалдық рента егін шаруашылығының стимулын күшейтеді. Бұл айырмашылық келісім шарттың мерзімі өткенше арендаторға түседі. Ал аренда мерзімі біткен соң, бұл да жер иесінің қарамағына түседі. Осы жағдай нарық экономикасын аргарлық секторға енгізудің өте зор кедергісі болып табылады.

Квазирента

Квазирента  — агротехниканы жетілдірудің және жерді интенсивті пайдаланудың нәтижесінде келген үстеме табыс.

Квазирента  орынсыз дәлелсіз, бірақ қажетті (әңгіме қысқа мерзімдік кезең туралы болғанда) пайда деп сипатталады. Бұл былай дәлелденеді. Өндірістік құрал-жабдықтар өндірісіне ерекше немесе "негізгі" шығындар жасаудың қажеттігі жоқ, өйткені олар бар және өздерінің пайдалануын күтіп тұр. Квазирента, басқа (қосымша) шығындарға қарағанда, бұларды уақыттың ағымына байланысты әлі негізгі шығындар жасалғаннан кейін жұмсалуы керек, қажетті пайда болып табылады және бұлар кейбір салаларда негізгі шығындардан маңызы артық болады. Болашақта квазирента алынуын көздеу капиталдың өндірістік құрал-жабдықтарына салынуының қажетті шарты болып табылады.

Рента мен  квазирентаның айырмашылығы қоғамның қарамағындағы жердің көлемінің тұрақты және тіркелген шамада болуымен белгіленеді. Бұнымен салыстырғанда адам жасайтын өндірістік құралдар (ғимараттар, машиналар және т.б.) өнімге сұраныстың ауытқуларымен байланысты өсіп немесе төмендеп отыратын "ағым" деуге болады.

Рента мен  квазирентаның ұқсастығы мынада: барлық өндіріс құралдарын тез өндіру мүмкін емес, сондықтан қысқа мерзімде олардың саны тіркелген болады. Осы мерзімдерде алынатын табыстардың, осылардың көмегімен жасалған өнімнің құнына қатынасы, ақиқат рентанікіндей болады.

Сонымен квазирента (рентадай емес) — бұл кейбір өндіріс факторларының (жердің ғана емес) ұзақтығы әр шамада болатын уақыт мерзіміндегі ұсынысының шектелуімен белгіленеді. Өндіріс факторлары әкелетін табыстар рента, квазирента және ағымдағы инвестиция үшін процент формасын алуы мүмкін. Бос капиталға процент (ағымдағы инвестициялар) және капиталдың бұрынғы салымының квазирентасы біртіндеп біріне-бірі айналуы мүмкін.

Таза экономикалық рентаны талдаудың теориялық шарттары аудандары бірдей жерлердің, бағалылығы бірдей деп мойындауға негізделеді. Практикада әр түрлі жер учаскелерінің, оларды пайдаланудың варианттарына байланысты, өнімділігінің дәрежесі әр түрлі болады. Бұл рентаға әсер етеді.

Дифференциалдық рента түсінігі тек жер нарығы мен ауыл шаруашылық өндірісіңде кездесетін жағдай емес, ол экономикалық категория болып толығынан біртекті емес қандай болмасын сондай ресурстарды пайдаланғанда туындайды.

Неоклассиктер рентаны белгілеу принципті бағаны теңдестіретін фактор деп қарайды. Мысалы, жалақы капиталдың сұранысы мен ұсынысын теңдестіретін фактор болып табылады. Неоклассиктерді жер иелерінің табысының көзі қызықтырмайды. Бұл мәселе өндірістің үш факторы концепциясын қолдану арқылы шешіледі. Авторлар тек жер рентасының белгіленген дәрежесін зерттейді, бұны белгілейтін факторларды және оның төмендеу немесе жоғарылау себептерін.

Бүгінгі экономикалық ғылым рентаны әрекеттердің осы сферасына қандай бір өндірістік факторды тарту үшін қажет минималдық деңгейден артық табыс деп белгілейді, экономикалық рента деген осы. Квазирента, әрекеттердің осы сферасында өндірістік факторды ұстап тұруға қажет минималдық дәрежеден артық табыс. Квазирента рентадан қайтарылмайтын (бұл осы салаға фирма енгенде жұмсалған шығындар, ал енді фирма шығатын болса, онда осы шығындар өтелінбейді, яғни қайтарылмайды) шығындар шамасына артық болады.

Экономиканың қандайында болмасын рента мен квазирентаның есепсіз көп екендігі байқалады. Бұлардың кейбіреулері қысқа мерзімдік болып тез жоғалады, басқалары ұзақ мерзімдік, тұрақты сипатта болады. Осы процестердің негізінде бәсекелес күштер жатады. Динамикалық экономикада ренталар манызды қызмет атқарады, бұдан бәскелік процестер тәуелді болады. Ұнамды оңтайлы рента іс-әрекеттердің осы сферасына шақырады, керісіншесі — одан құтыл деп сигнал береді. Бәсеке қашан болмасын рентаның жаңа көздерін тудырып, ескілерінің жойылуын болжап отырады.

Монополдық рента және рентаның басқа түрлері

Барлық экономикалық мектептер монополдық рента категориясы болатынын мойындайды. Оның негізін сирек сапасы болатын өнімнің сатылатын монополдық бағасы құрайды. Мысалы, қатты бидайлардың сапасы. Осы бидайдың ұнынан ерекше сапасы бар нан шығарылады. Немесе, шараптардың ерекше сорттары. Осы ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықтағы ерекше орны, оларды монополдық бағамен сатуға мүмкіндік береді.

Информация о работе Ұғым және ренты үлгілері