Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 11:45, дипломная работа
Зерттеудің нысаны. Жұмысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әлемдік тәжірибені зерттей, талдай отырып, осы құбылысқа тән себептік-кешендік факторларды, оған қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдарды қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихына тоқталамыз.
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3-5
I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері .6-13
1.2 Сыбайлас жемқорлық қылмыстың себептік-кешендік факторлары . . . .13-19
1.3 Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихы . . . . . . . . . . . . . . . . .19-29
II ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ТӘЖІРИБЕ
2.1 Шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .30-36
2.2 АҚШ пен Канададағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .37-41
2.3 Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасы . . . . 42-44
2.4 Жапония мен Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың жүзеге асырылуы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45-51
III СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰРАЛДАР
3.1 БҰҰ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық актілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 52-56
3.2 Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы конвенциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .57-62
3.3 Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі конвенциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .63-65
3.4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66-69
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 70-73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .74-79
Францияның ерекшелігі - соттардың жасаған, Төрелік сот мүшелерінің немесе соттың, не жеке адамдардың шақыруымен келген, екі жақты келістіру үшін сотпен шақырылған сарапшылардың арнаулы парақорлық құрамын бөліп көрсету. Көрсетілген әрекеттер 10 жылға түрмеге жабумен және 1 млн. франк айыппұл төлеумен айыпталады.
Байқағанымыздай, шетел мемлекеттерінде жемқорлыққа қарсы заңнама күресудің барлық құқықтық құралдарын, яғни қылмыстық-құқықтық қана емес, қолдану жағына қарай және жемқорлықтың алдын алу жағына қарай дамып жатқандығы көрініп тұр. Осы елдердегі сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне талдау жасау, Қазақстан үшін тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы пайдалы әрі тиімді озық ұлттық стратегияны жасауға көмектеседі. Біріншіден, сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған мемлекеттің жоғарғы басшысының күшті саяси жігері және соның негізінде құрылған мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық сипаттағы сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясат. Екіншіден, мемлекеттік әкімшілік жүйесінің бәріне азаматтық қоғам жағынан ұйымдастырылған әлеуметтік бақылау және құқық бұзушылардың қылмыс жөнінде іс қозғау мүмкіндігімен қамтамасыз ету.Үшіншіден, билік жүргізуге ие тұлғалардың, мемлекеттік қызметкелердің қызметінің тазалығы жөніндегі мониторингті жүзеге асыруы, тәуелсіз органдардың алдында қатаң есеп беруі.
Осы қағидаларды
сақтау ұлттық сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясаттың мықты негізі
болады деп санаймыз.
2.2
АҚШ пен Канададағы
сыбайлас жемқорлық
мәселелері және
оған қарсы күрес
әдістері
АҚШ-тың ғылымдары берген анықтама бойынша: «сыбайлас жемқорлық – бұл саяси қайраткерлердің, мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің, жеке кәсіпкерлердің, өзге де тұлғалардың жеке басының, отбасының пайдасы үшін, әлеуметтік мәртебесін арттыру және материалдық жағдайын байыту мақсатында өздерінің ресми міндеттемелерін және мемлекеттік қызметтерін заңға қарсы пайдаланушылық».
АҚШ заңнамасында лауазымды тұлғалардың жемқорлығы ұғымы жеткілікті кең. Оған Заң жинағындағы 18 тарауының 4 бөлімінде қарастырылған құқыққа қайшы бірсыпыра әрекет кіреді: 1) Парақорлық - жария лауазымды тұлғалардың арам табыстары және өзінің қызмет бабын теріс пайдалану; 2) Лауазымды тұлғалар және жалдамалы қызметшілер; 3) Қорқытып алушылық және қатерлер; 4) Сайлау және саяси іс-әрекет. 76
Парақорлық үшін АҚШ-та қылмысты қудалауға пара алушылар ғана емес, пара берушілер де жатады. Пара беруде кез келген азамат жауапқа тартылады.77 АҚШ-та сыбайлас жемқорлық мәселесімен негізінен этика жөніндегі Сенаттың арнаулы комитеті және өкілдер Палатасының лауазымдық тұлғалардың қызметтік тәртібінің стандарты жөніндегі Комитеті айналысады. Басты үйлестіруші ведомство болып Әділет министрлігі бекітілген. 78
Әділет министрлігінде сыбайлас жемқорлықпен күресумен қылмысты іс басқармасы тікелей айналысады, қылмыстық заңдарды сақтауға бақылауды жүзеге асырады, ашық бизнес және кәсіби одақтарға қосымша кіріс және тиым салынған қызмет түрлерін бүркемелеу үшін ұйымдасқан қылмыстың енуін анықтайды. Сондай-ақ күресте Тексерудің Федеральдық бюросына маңызды рөл берілген.79 Екіншіден, прокуратура Пентагонның арнаулы бөлімдері, полиция, сот атқарады. Жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істерді Вашингтонның округтік федералды сотының арнайы бөлімшесі тағайындаған тәуелсіз прокурор қарастырады.
1978
жылы АҚШ конгресі «Үкіметтегі
әдеп туралы» заңды қабылдады.
Осы заңның дұрыс атқарылуын
қадағалау үшін персоналды
АҚШ-та «Лоббистік қызметті федеральдық реттеу жөнінде»1964 жылы заң қабылданған, соған сәйкес Конгреске қысым жасайтын кез келген ұйым, өзінің лоббистерін тіркетуге және өздерінің мүддесін заң саласына хабарлаулары тиіс.81 Заңдар Жинағының 2 тарауында парақорлықтың әр түрлі формалары үшін қылмыстық жауапқа тартатын «Пара беру, пара беріп сатып алу, мүдделерлің жанжалы» деген 25 бап бар.
АҚШ–тың көптеген штаттарының қылмыстық кодекстері сыбайлас жемқорлықтың мынадай түрлерін қарастырады: мемлекеттік қызметкер қызмет бабымен байланысты жеке кәсіпорыннан қаржылай пайда табу; мемлекет қызметке біреуді тұрғызуға уәде беріп, сол үшін пара алу; жеке тұлғаға немесе кәсіпорынға банктен қарыз алу, үкімет кепілдік берген депозиттерді алу үшін пара алып ұйымдастыру; Фермерлік борышты ретке келтіргені үшін сыйақы қабылдау: АҚШ құндылықтар немесе пайда табу үшін жалған құжаттарға ие болуы; пошта ведомство ісінде жалған мекен жайлар жеке пайдасы үшін пайдалану және алаяқтық жасау; радио қатынасы және теледидар хабарлары саласында қасақана теріс пайдалану.
Американың
заңдары мемлекеттік
Сыбайлас жемқорлыққа жауакершілікті қарайтын федералды заңдарды шартты түрде бірнеше категорияларға бөлуге болады: 1) бұл парақорлықты және осы сияқты қылмыстарды қуғындауды реттеуші, ресми әрекеттер жасағаны үшін қолданылатын заңдар. 2) категория мүдделердің жанжалын қарастырады. «Мүдделердің жанжалы» заңы мемлекеттік лауазымдық тұлғаларға және олардың нақты туыстарына лауазымды тұлға ықпал ете алатын, немесе өзінің қызмет бабы бойынша ақпаратқа ие болс, қаржы жағынан мүдделілікке тиым салынады. 3) категорияға мемлекеттік мекемелерді алдау кіреді. Негізінде, алдауды мемлекеттік мекемеде жұмыс істемейтін адамдар жасайды. Бұл қылмыс әдейі мемлекеттен материалдық немесе басқа да пайда табу мақсатымен маңызды ақпаратты жасыру немесе бұрмалау арқылы жасалады. 4) категорияға мемлекеттік органдарға ешқандай пайданы көздемей, жалған арыздар жазу.
Алайда,
АҚШ ұлттық шекара аясында әрекет
ететін жемқорлыққа қатысты ғана
емес, халықаралық жемқорлыққа
1985
жылы Канадада «Әдеп ережелері»
Осы
кодекс 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде
жалпы тәртіп негіздері жазылған.
Мемлекеттік қызметкер осы
АҚШ пен Канададағы мемлекеттік билік жүйесінде сыбайлас жемқорлықтын алдын-алу мен жолын кесу тиімді әдістерінің бірі:
1. Өз
мүддесіне қарай мемлекеттік
мүлікті және ресурстарды
Қорыта айтқанда, АҚШ мен Канада заң жүйелері мемлекеттік қызметте мүдде шиелінісін болдырмайтын әкімшілік кодекс және тәртіптің әдеп қалыптарын қосады, осының нәтижесінде қызметкерлер арасындағы адалдық пен кәсіптіктің ең жоғары деңгейіне жетуін талап ететін мемлекеттік ресурстарды пайдалану.87 Осындай көргендей, АҚШ пен Канаданың мемлекеттік қызмет туралы заң жүйесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің қалыптасуына пайдаланған бірқатар тәсілдер бар.
Сыбайлас жемқорлық
- қоғам мен мемлекеттің
Сыбайлас жемқорлық әрекетке қызығу себептерінің азаюы. 1959 жылы Сингапур мемлекеті өте кедей болғандықтан қызметкерлердің жалақысын көтере алмады. 91 Есесіне олар барлық заңдарында жемқорлықты туындататын мүмкіндіктерді жойды, әрі жемқорлық жасаған қылмыс үшін жазаны қатайта түсті. Экспремьер-министр Ли Куан Ю 1985 жылы 22 наурызда өткен парламентте жариялағандай, мемлекеттегі басшы қызметкерлер мен саяси көшбасшылардың жалақысын көтеру салдарынан – жемқорлықтың туындауына себеп болатын стимулдарды жояды. Себебі, оларға қажетті мөлшерде еңбекақы төленбесе, оларды жемқорлық әрекеттер нәтижесі қызықтырып, өз арнасына тартып әкетуі мүмкін. Осыған орай, Сингапур мемлекетінің мемлекеттік қызметшілерінің жалақысы 1973,1979,1982,1989 және 1994 жылдары біршама деңгейге көтерілді. Сонымен Сингапур мемлекетінің жемқорлыққа қарсы күрес 1960 жылдан бастап оң нәтижесін бере бастады: 1) жемқорлық әрекеттердің бой алуына кедергі болатын мүмкіндіктерді РОСА мен СРІВ-тің күрес тәсілдерін бірлесе қолдану арқылы қол жеткізді. 2) Саяси көшбасшылар мен басты мемлекеттік қызметшілердің жалақысын жоғарыда айтылған әрекеттерге бару мүмкіндіктерін азайту мақсатында кезең – кезеңімен көтеру арқылы оң нәтижелерге қол жеткізді.92 Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес тиімділігін айтқан кезде, белгілі бір шешімге келер алдында, екі бірдей күмәнді мәселенің басын ашып алған абзал. Біріншіден, Сингапурлық модельді басқа мемлекеттерге көшіріп, қондыра салу ақылға сыймайды, өйткені әр мемлекеттің өзіндік тарихи ерекшеліктері, географиялық, экономикалық, демографиялық және саяси ерекшеліктері бар. Екіншіден, тағы бір қателіктен сақтандырмаса болмайды, өйткені сингапурлық модель көп қаржылық шығындарды талап етеді. 93Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы заң талаптарын орындаудан жалтаруға мүмкіндік бермейтіндей өмірдің сан-алуан жағдайларын қарастыратындай жан-жақты мәселелерді қамтулары тиіс және өзекті мәселелерді қайталай қарастырып, қажетті жағдайда өзгерістер енгізуге мүмкіндік туғызу жағдайы да қарастырылуы абзал. Мемлекеттік қызметшілер мен саяси көшбасшылар арасында жемқорлық әрекеттерге баруды азайтудың жолдары ретінде олардың жалақылары мен кейбір берілетін жеңілдіктерін жеке сектордың деңгейіне салыстырмалы түрде тақатса, осы бағыттағы жұмыстың қомақты жетістігі болар еді. Басқа сөзбен айтсақ, саяси көшбасшы мен мемлекеттік қызметшілердің төмен жалақысы лауазымдық қызметтері мен жауапкершіліктерінің салмағына сәйкес болмағандықтан, жемқорлықтың түрлі сиқырына төтеп бере алмайды. Бірақ та, мемлекетте экономикалық деңгейдің дамуында белгілі бір алға жылжушылық пен қаржының қосымша көздері болмаса, үкімет бұл қызметшілердің жалақысын көтеруге мүмкіндігі болмайды. Яғни, мемлекеттік сектордың болашағына мемлекеттік қызметшілердің жалақысының төмендігі қолайсыз жағдай тудыруы әбден мүмкін, өйткені, дарынды мемлекеттік қызметшілер жеке кампанияларға жұмысқа кетіп қалу қаупі бой көтереді. Себебі, онда жалақы әлдеқайда жоғары, ал қабілеті төмендер орындарында қалып, мардымсыз жалақыларының өтемін жемқорлық жолмен табуға тырысады. 94
Жоғарыда айтқандарды қорыта келе, Сингапурдағы жемқорлық әрекеттердің азаюына екі жақты саясат, яғни, жемқорлықтың туындауына мүмкіндіктің азаюы және оған қызығушылық тудыратын құбылыстардың жойылуы әсер етті. Шындығында, ондай күрес жолдары оң нәтижелерге қол жеткізді деуге болады. Бұған мықты саяси қаржылық керек. Егер осы айтылғандарды жүйелі түрде іс жүзінде асырмаса, мақсатқа жетуге қиындатады.
Сингапурдың сыбайлас жемқорлықа қарсы саясатының басты идеясы мына қағидаларды басшылыққа ала отырып шешіледі:
- мемлекеттік
қызметкерлердің орташа
- сыбайлас
жемқорлық жағдайына
Сыбайлас жемқорлықпен күрес Сингапурдың экономикалық жетістіктерінің негізгі өзегі деп танылды. 95
2.4
Жапония мен Оңтүстік
Кореяда сыбайлас
жемқорлыққа қарсы
күрес саласындағы
заңнаманың жүзеге
асырылуы
Сингапурдағыдай Жапондық заң шығарушы сайлау кампанияларының, партиялар мен өзге де саяси ұйымдарды қаржыландыруда қатаң шектеулер қояды, сайлауда кандидаттар, саяси қорлар пайдасына қайырымдылық көрсетудің қатаң реттеу тәртібін енгізеді. Оларға түсетін және олар жұмсайтын қаражаттар жөнінде есептеме тәртібін орнатады. Заңды бұзу қайырымдылық көрсетуші және саяси қайырымдылықты алушы, сондай-ақ екеуінің арасында делдал болушы жауапты тұлғаларға ықпалын тигізетін жазалау қолдануға мәжбүрлейді.96
Жапон
заң шығарушы органы сыйақы үшін мүдделі
тұлғаның ол үшін тиімді шешім қабылдау
үшін мемлекеттік, муниципалдық тұлғаларға,
сонымен қатар мемлекеттің
Информация о работе Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе