Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 11:45, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің нысаны. Жұмысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әлемдік тәжірибені зерттей, талдай отырып, осы құбылысқа тән себептік-кешендік факторларды, оған қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдарды қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихына тоқталамыз.

Содержание

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3-5
I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері .6-13
1.2 Сыбайлас жемқорлық қылмыстың себептік-кешендік факторлары . . . .13-19
1.3 Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихы . . . . . . . . . . . . . . . . .19-29
II ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ТӘЖІРИБЕ
2.1 Шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .30-36
2.2 АҚШ пен Канададағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .37-41
2.3 Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасы . . . . 42-44
2.4 Жапония мен Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың жүзеге асырылуы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45-51
III СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰРАЛДАР
3.1 БҰҰ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық актілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 52-56
3.2 Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы конвенциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .57-62
3.3 Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі конвенциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .63-65
3.4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66-69
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 70-73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .74-79

Работа содержит 1 файл

«Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе».docx

— 164.65 Кб (Скачать)

Мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлыққа мәдени - этикалық факторлардың ықпал етуіне баға беру жеңіл емес, себебі бұл сала «материалды емес».26 Алайда қоғамның мәдениеттілігін сыбайлас жемқорлықтың негізгі себебі ретінде қарастыруымыз тиіс. Дін, мәдениеттің ажырамас бөлігі бола тұрып, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың дамуының алғышарттары болуы мүмкін. Сондықтан қоғамда бір әрекет норма деп танылса, оны қылмыс деп жариялау қиындық келтіреді.27 Осы жағдайға орай мынадай мысал келтірейік. Қытайда басты идеология конфуциандық болғанын білеміз, оның қағидаттары бойынша халық жоғары қызметтегі адамдарды «әкеміз» деп қарастырған. Сондықтан қабылдауға келмегеннен гөрі, қабылдауға сыйлықсыз келгені наразылық туғызған. Байқағанымыздай, бір елде кейбір құбылыс сыбайлас жемқорлықтық деп танылса, екінші елде оны сыпайылық танутышылық деп біледі. Мәселен, «керек» адамды мейрамханаға шақыру, «ерекше» бір көмегі үшін біреуге құнды сыйлық беру, жоғары оқу орнына түсуге көмектесу тағы сол сияқты этикаға жатпайтын қылық деп танылмайды. 28

   Сөйтіп, сыбайлас жемқорлық - бұл, біріншіден, мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден, қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан құлдыратады. 

    1.3 Халықаралық құқық  пен Қазақстан  Республикасының  заңнамасындағы сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  күрестің дамуы 

    Жалпы дүниежүзінде жемқорлық әлемдік  масштабтарға ие болды. Сыбайлас жемқорлық  мәселесін шешуге БҰҰ, Еуропа Одағы, Еуропа Кеңесі, Америка мемлекеттерінің ұйымы, сонымен қатар, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы қосылады. Тарихи дамудың қазіргі кезеңінде жемқорлықтың трансұлттылығы бүкіл қоғамдастық қауіпсіздігі үшін төндіретін қауіпті бейтараптандыру үшін халықаралық деңгейде жаһандық шаралар қабылдауды талап етеді. Халықаралық жемқорлыққа қарсы мыналарға бағытталған құқықтық, саяси, ұйымдастырушы шаралар кешені ретінде стратегия қажет: 1) қоғамдық жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру; 2) жемқорлықтың зияны туралы хабардарлықты көтеру; 3) жемқорлық құқық бұзушылықтарды сыныптаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз ету, заң құзыреті әділет параметрлерін унификациялау; 4) жемқорлық әрекеттерді айқындау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оның алдымен қаржы саласында ашықтық атмосферасын жасау.29

    Жоғарыда  көрсетілген мақсаттарға жетуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат әр түрлі халықаралық ұйымдардың халықаралық -құқықтық актілеріне бағытталған. Жемқорлық мәселесіне Біріккен Ұлттар Ұйымы үлкен көңіл бөледі. Әлемдік құбылыс ретінде жемқорлыққа қарсы бағытталған бірнеше декларация мен конвенциялар қабылданғанын төменде байқауға болады. 2003 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Конвенциясын қабылдады.30 Конвецияның жағымды жақтары көп, бірақ та Конвенцияда қарастырылған сыбайлас жемқорлықпен күресудің көптеген шараларына қарамастан, оларды орындау құқық бұзушыға деген тиісті санкциялармен қамтамасыз етілмеген. БҰҰ қарамағында құрылған ұйымдар жемқорлыққа қарсы құралдарды жасауда белсенді қызмет атқарады. Халықаралық қылмысты алдын алу орталығы, Біріккен Ұлттар Хатшылығының қылмысты алдын алу және нашақорлықты қадағалайтын басқарма аймақ аралық қылмыс бойынша Біріккен Ұлттар Институтымен бірге «Жемқорлыққа қарсы әлемдік бағдарламаны» жасады.

    Шетелдік  мемлекеттік органдардың лауазымды  тұлғаларының парақорлығымен күресу жөнінде Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының 1997 жылғы 21 қарашада қабылданған және коммерциялық іс-әрекет жүргізу барысында шетелдік мемлекеттік шенеуніктерге пара беруді қылмыс деп жариялау мәселесіне арналған «Халықаралық іскери операцияларды жүргізу барысында шетелдік мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының парақорлығымен күресу жөнінде» Конвенция. Бұл конвенция коммерциялық ортада салауатты бәсекелестікті қалыптастыруда алғышарт болып есептеледі.31 ЭЫДҰ сипатталған құқықтық бастамасының маңыздылығы үш кезеңмен анықталады. Біріншіден, ол Солтүстік және Оңтүстік елдерге сыбайластық төлемдердің ағылып келуін қысқартады. Бұл тиісті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру үшін және сауда-саттықтың әділ жағдайларын сақтау үшін қолайлы ахуал жасауға тікелей септігін тигізеді. Екіншіден, ол жаһандық масштабта басқару нормаларын дайындау үшін үлгі бола алады.32 Еуропа Одағы 1995 жылы «Өзінің қаржы мүддесін қорғайтын Конвенцияны» қабылдады. Осы құжатқа қосымша ретінде 1997 жылы Еуропа Одағы «Еуропа қоғамы және осы қоғамдардың мүше-мемлекеттерінің лауазымды адамдары кірген жемқорлыққа қарсы күрес туралы Конвенция» қабылдады. Еуропамен салыстырғанда 1996 жылы Америка мемлекетінің ұйымы көлемді құжатты қабылдады. Америка аралық Конвенция жемқорлыққа қарсы күресті кең түрде қолдайды. Бұл аймақтық келісім (АҚШ-ты қоса, АМҰ мүшелерінің көпшілігі қол қойған) мүше мемлекеттің өз аумағында конституцияға бағындырылған жемқорлық әрекетті жоюға бағытталған шараларды қолдануды, отандастарының және резиденттерінің шет елдегі әрекеттеріне жауап беруді талап етеді. Бұл Конвенцияны Оңтүстік және Солтүстік Американың 20 мемлекеті бекітті. Осы құжат мемлекеттің ішінде жасалған қылмысқа ғана емес, трансұлтты қатынастарға да таралады.33 Аталған құжаттардың әрқайсысына үшінші бөлімде жеке - жеке тоқталатын боламыз.

    Мыңжылдықтар  тоғысындағы тарихы тереңнен бастау алатын сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отырғаны мәлім. Өз кезегінде, Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті етіп қойып, мәселені күн тәртібіне жиі шығаратын болды. Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте іс-қимыл жүйесін жасауда, заңнамалық база әзірлеуде еліміздің көшбасшылық жағдайды иеленіп отырғаны кездейсоқ емес. 1998 жылы Қазақстан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңды бірінші болып қабылдады, онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық саясаттары белгіленді. Оның жүзеге асырылуына 10 жылдай уақыт өтті. Содан бері заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, заман талабына сай күресудің жаңа жолдары қарастырылды.34 Алайда осы заңға дейін де ел Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты бірқатар нормативтік актілерге қол қойған. Сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреске арналған бірқатар жарлықтар бұл бағыттағы жұмыс сабақтастықта, өскелең түрде жүріп жатқандығына дәлел.35 Сөйтіп, 1992 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі іс-шаралар туралы» Жарлығы қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің ұйымдастырушылық және өзге де алғышарттарын қалыптастырды. Осындай қылмысқа ықпал ету шаралары айқындалды, оның ішінде тәртіптік, мүліктік және әкімшілік сипаттағы қылмыстың алдын алу шаралары. Жарлықта республикамызда қылмыстық кәсібиліктің нығайып, ұйымдасқан сипатқа ие болып келе жатқандығы, баяндалады.36 Осы Жарлықтан кейін мынадай қаулылар қабылданды: 1992 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік басқару органдарындағы лауазымды тұлғалардың тәртіп, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік ахуалы үшін жауаптылығын арттыру туралы» қаулы, 1994 жылғы 11 ақпандағы «Қылмысқа қарсы күресті күшейту туралы» қаулы, сондай-ақ 1994 жылғы 9 маусымдағы «Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар туралы» қаулы және тағы басқа.37 Осы құжаттардың барлығында парақорлық пен сыбайлас жемқорлық қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне қайшы келетіндігінен, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттарымен сыйыспайтындығы туралы және ерекше аталып өтіледі.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 қарашадағы «Ұлттық қауіпсіздікті  нығайту, сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті  одан әрі күшейту жөніндегі іс-шаралар  туралы» Жарлығы ұлттық қауіпсіздік  органдарына, дәстүрлі міндеттерін  шешуімен қатар, сыбайлас жемқорлық  жолына түскен жоғары қызметтегі шенеуніктерге, әскери қызметкерлерге, прокурорларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, арнаулы қызмет пен судьяларға, сондай-ақ контрабанда және есірткі бизнесіне  қарсы күреске барлық күштерін жұмылдыруды  міндеттеді. Ел басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бет  алысы батыл әрі дәйекті екенін атап өту қажет. Сөйтіп, 1998 жылғы 11 шілдеде  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  мәселесіне арналған Үндеу жолдады. Елбасының осы Үндеуі 1998 жылғы 2 шілдедегі  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес туралы» заң қабылданғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды және біздіңше, Үндеу аталған  заңның кіріспесі ретінде қабылдануы тиіс. Аталған заңның негізіне БҰҰ  және ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясының аясындағы халықаралық ұйымдар әзірлеген модельді актілер алынған. Заңның мақсаттары: Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі ережелерін жүзеге асыру; ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық мүдделерді қорғау. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және қылмысты ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқарытын лауазымды және өзге де тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз ету.38

    Республиканың заңнамасында осы заңда алғаш  рет сыбайлас жемқорлық пен құқық  бұзушылыққа заңдық ұғым ретінде  анықтама беріледі, олардың субъектілері айқындалады. Заңда сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрестің негізгі бағыттары  тұжырымдалған, олардың ең бастысы  Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік  міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген лауазымды адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың құқықтары  мен бостандықтарын шектеуге жол  бермеушілік болып танылады.39 Заңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшін жауаптылық шаралары арнаулы тарауда тұжырымдалған. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық үшін тәртіптік, азаматтық - құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген. Сыбайлас жемқорлық мәселесі заңмен қоса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 13 тарауының 41бабында, сондай-ақ 176 бабының 3 тармағында: жеке меншікке қарсы қылмыстар; 193 бабының 3 тармағы мен 209 бабында: экономика қызмет саласындағы қылмыстар; 307-315 баптарында: мемлекеттік қызмет қызығушылығына қарсы бағытталған жемқорлық әрекеттер, 380 бапта: әскери қылмыстар жайы.40 Ал, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің жемқорлық мәселесі 532 - 537 баптар аралығында айтылған.

    Осы заңды орындау үшін Қазақстан  Республикасы Президентінің 1998 жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен 1999 - 2000 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрестің алғашқы мемлекеттік бағдарламасы бекітілген.41

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі  №1015 қаулысымен Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы тұрудың әлеуметтік - экономикалық және қаржылық шараларын жүзеге асыру  бойынша Үкімет іс-қимылының бағдарламасы бекітілген.

    Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі стратегиясын іске асыру мақсатында 2001 жылғы 5 қаңтарда 2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің екінші мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.42 Аталған бағдарлама алдынғы бағдарламаның логикалық жалғасы болып, сыбайлас жемқорлықты, әсіресе экономика саласындағы сыбайлас жемқорлықты, туғызатын жағдайларды айқындаудың және жолын кесудің тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған шараларды көздейді.43.Адам құқықтарын қорғаудың соттан тыс институттары нығаюда. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қарашадағы «Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру» Жарлығымен халқаралық стандарттарға сай келетін Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілінің (Омбудсмен) құқық қорғау мүмкіндіктері кеңейтілді.44 Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы жолдауында сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күрестің нәтижелері мен мәселелерін талдай келе, Қазақстанның кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңды қабылдаған алғашқы мемлекет екенін ескеріп, халақаралық конвенцияларға қосылғанын атап өтті. Осы мәселеде Қазақстан соңғы орында еместігі баршамызға мәлім.

    2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасында  (үшінші бағдарлама) сыбайлас жемқорлық  әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық  экономикаға көшу, инвестициялар  тарту процестерін тежейді, демократиялық  мемлекеттің саяси және қоғамдық  институттарына жағымсыз әсер  етіп, еліміздің болашақта дамуына  қауіп төндіретіні айтылған.45

    Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан  халқына 2006 жылғы 1 наурыздағы жолдауында мемлекеттік саясаттың басымдықтарының  бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес белгіленді.46 Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметіндегі тәртіпті нығайту бойынша шаралар туралы» Жарлығы жүзеге асырылуда. Осы Жарлықты орындау үшін әкімдердің, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалықты бұзғаны үшін жауаптылықты арттыру бойынша шаралар қолданылуда. 47

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы Жарлығымен «Мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы кодексі» бекітілген. Бұнда әлемдік тәжірибе ескеріліп, мемлекеттік билік органдарының беделін арттыруға бағытталған мінез-құлықтың негізгі этикалық нормалары белгіленген.48 Елбасы Президент Әкімшілігі, Үкімет, Парламент өкілдерінің, облыс және Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің, құқық қорғау және бақылау органдары басшыларының қатысуымен өткізетін кеңестерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін талқылау еліміздің саяси өмірінің нормасына айналды. Сан алуан түрде көрініс беретін сыбайлас жемқорлықтың басты ерекшеліктері ескеріле отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың іс жүзінде жыл сайын жетілдіріліп жатқанына көзіміз жетіп отыр. 49 Мемлекет басшысының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресгі мемлекеттік саясатқа жаңа серпін берді.50 Президент жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға орай және әкімшілік реформаның мақсаттарынан туындайтын мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру міндеттері қойылған.

    Президент Н. Назарбаев Қазақстанның әлемнің  ең бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену бағдарламаларын ұсынды, онда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жалпы  ұлттық бағдарламаларын дәйекті  түрде жүзеге асыру күрестігіне  баса назар.51

    Елбасы  жанында консультативті-кеңестік орган  – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын сақтау мәселелері жөніндегі комиссия құрылып, жұмыс  жүргізуде. Осы орган өзін тек  талдау органы ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес мәселесі бойынша нақты істер атқаратын орган ретінде де орнықтырды. 52 Сонымен бірге 2004 жылы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттік (қаржы полициясы) құрылған. Осы органның жұмысы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстың себептерін анықтауға, осындай құбылысты туғызатын жағдайлардың жолын кесуге бағытталған.53 Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылығы 25 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігін (қаржы полициясы) қайта ұйымдастыру туралы» Жарлығы қабылданып, агентіктің Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастыруын жүктеді.54

Информация о работе Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе