Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 19:09, реферат
Бұл тақырыпты талдауға кіріскенде, алдымен нарық деген ұғымды түсініп алуымыз қажет. Өйткені, бұл ұғымды түсініп алғаннан кейін ғана біз оның басты элементі - сұраныс пен ұсыныстың толық мәнін қарастыруға мүмкіндік аламыз. Жалпы нарық немесе рынок деген ұғымды классикалық саяси экономия бағытының негізгі өкілі Адам Смиттің (1723 – 1790 жж.) «көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады.
Тәжірибе
көрсетіп отырғандай, нарықта қалыптасатын
жағдайлардың бәрі сұраныс пен ұсыныс
функцияларының сипатына қарай өзгеріп
отырады. Кез келген қалыпты тауарлар
нарықтарындағы тепе-теңдік сұраныс заңы
мен ұсыныс заңы бойынша қалыптасып тепе-теңдіктің
бірдейлігі орын алады. Нарықтың
тепе-теңдіктің бір
болуы (бірдейлігі) немесе
дербестілігі деп отырғанымыз ол белгілі
бір уақыт мезетінде кез келген қалыпты
тауар үшін «баға - көлем» үйлесімінде
жалғыз ғана тепе-теңдіктің орнауын қамтамасыз
ететін нарықтың қабілеттілігі. Бірақ
сұраныс пен ұсыныс функциялары «ереже
бойынша жүрмейтін» ерекше тауарлар да
болады. Мұндай жағдайда нарықтың талабы
әрқашанда орындала бермейді. Себебі кей
жағдайларда нарықтық тепе-теңдікке мүлдем
қол жеткізілмеуі мүмкін. Мына бір жағдайда,
төмендегі графиктерде көріп отырғанымыздай,
сұраныс пен ұсыныс қисықтарының сызықтары
бірдей бағытта – оң көлбеулікте (сурет
2.12 a және ә) немесе теріс көлбеулікте (сурет
2.12 б) болуы мүмкін. Мұнда а) суретіндегі
графикке сәйкес, нарықтық тепе-теңдікке
қол жеткізілмесе де бәрібір кездейсоқ
келісімдер орын ала алады, ал ә) және б)
суреттеріндегі графиктерде келісім-шарттар
мүлдем орын алмайды, өйткені нарыққа
қатысушылардың мүдделері әртүрлі мақсаттарға
бағытталған деп айтса да болады.
Р Р
а) ә) б)
S D
S
D
Q Q Q
Сурет 2.12
Нарықтық тепе-теңдіктің қол
Мынадай
жағдайларда, егер сұраныс немесе ұсыныс
белгілі бір аралықта (учаскеде)
көлбеулігін өзгертсе, онда тепе-теңдік
нүктелерінің көптігі немесе сұраныс
пен ұсыныстың қиылысуында нарықтық
тепе-теңдіктің бірнеше нүктелері орын
алуы мүмкін. Мұндайда нарықтық
тепе-теңдіктің көптілік (бірнешелік)
жағдайы орындалады, сонымен қатар,
бір нарықта бірнеше тепе-теңдік жағдайлар
да орын алады. Оны төмендегі графиктерден
көруге болады (сурет 2.13 а, ә және б). Мұндағы
а) суретіндегі графикте тепе-теңдіктің
жалғыз еместігі (екі жерден) ұсыныс қисығының
оң көлбеулігінің теріс көлбеулікке өзгеруімен
шартталады, бұл еңбек нарығының мысалы
бола алады, еңбектің бағасы (жалақы мөлшерлемесі)
белгілі деңгейіне жетткеннен кейін еңбекке
деген ынта төмендеп еңбек ұсынысы азаяды,
ал нәтижесінде екі тепе-теңдік пайда
болады: P1; Q1 және P1; Q2.
Келесі ә) және б) суреттеріндегі графикте
сұраныс пен ұсыныс сызықтары бағаның
немесе көлемнің белгілі бір интервалында
бір біріне жанасады, нәтижесінде нарықтық
тепе-теңдіктің көптеген нүктелері пайда
болады. Бұл жағдай бағалардың Р1
және P2 аралығында өзгергенде көлемнің
QE деңгейінде тұрақты болып қалатынын,
және керісінше, көлемдердің Q1 және
Q2 аралығында өзгергенде бағаның
PE деңгейінде тұрақты болып қалатынын
көрсетеді.
Р Р
a) ә) б)
P2
P2 РЕ
P1 P1
S D S D
Q2 Q1
Q
QЕ
Q Q1 Q2 Q
Сурет 2.13 Нарықтық тепе-теңдіктің біреместілігі а) және нүктелік көптілігі ә) және б)
Классикалық
теория нарықтық тепе – теңдіктің
тұрақтылығы туралы болжамға сүйене
отырып, нарықтың өздігінен тепе-теңдік
қалпына қайтып келе алу қабілеттілігін
растайды. Нарықтық
тепе-теңдіктің тұрақтылығы – бұл нарықтың
өзінің ішкі күштері арқылы тепе-теңдік
жағдайды қалпына келтіріп отыратын сол
нарықтың қабілеттілігі. Егер нарық өзінің
ішкі механизмдері арқылы осы қызметін
атқара алса, онда ол нарық тұрақты, ал
атқара алмаса тұрақсыз болғаны. Бұл сұрақтарға
нарықтық тепе-теңдіктің динамикалық
моделі – «өрмекші торы тәріздес» модельдің
көмегімен жауап беруге болады. «Өрмекші
торы тәріздес» модель – бұл уақыт факторын
есепке ала отырып нарықтық тепе-теңдіктің
қалыптасу заңдылықтарын талдауға мүмкіндік
беретін қарапайым динамикалық модель,
ол бір уақыт мезетінен екінші бір уақыт
мезетіне өту кезіндегі сұраныс пен ұсыныстың
өзара байланысын көрсетеді. Ұсыныс бұл
жерде сұраныс бағасының өзгеруіне белгілі
бір уақыт өткеннен кейін ғана кешігіп
барып әсер етеді, соңында тепе-теңдіктің
қалыптасуында бағалық немесе циклдік
толқулар орын алады (сурет 2. 14 а, ә және
б).
Р
S=f(Pt-1)
Р1 P1
PE PE
D=f(Pt)
P2 P2
D1=f(Pt)
Q1 QE
Q1
Q T
Р Ә) Р
S=f(Pt-1)
P1 P1
D=f(Pt)
PE
PE
P2 P2
D1=f(Pt)
QE Q1
Q Т
Р Б) Р
P0 P0
PE PE
P1 P1
Сурет
2.14 «Өрмекші торы тәріздес»
Осы көрсетіліп отырған графикке сәйкес, сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының көлбеулігі бірдей болса, онда нарықтық баға тепе-теңдік бағаның айналасында бірқалыпты түрде ауытқып отырады (сурет 2.14 a). Егер ұсыныс қисық сызығының көлбеулігі сұраныс сызығының көлбеулігіне қарағанда аса тіктеу болса, онда нарық тепе-теңдікке келе бастайды (сурет 2.14 ә). Ал егер сұраныс қисық сызығының көлбеулігі ұсыныс сызығының көлбеулігіне қарағанда аса тіктеу болса, онда нарықтың тепе-теңдіктен ауытуы артады, және нарық мүлдем бұзылады да «катастрофа» деген модель пайда болады (сурет 2.14 б).
Сонымен, «өрмекші торы тәріздес» модель арқылы сұраныс пен ұсыныстың (көлбеуліктерінің) бағаның өзгеруіне қарай бейімделу сезімталдығына байланысты нарықтық тепе-теңдіктің және бағалық толқудың бірқалыпты, тұрақты және тұрақсыз деген түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Біз енді нарықтық механизмнің әрекет етуі мен даму заңдылықтарын және оның негізгі элементі болып табылатын сұраныс пен ұсынысты одан әрі терең талдау үшін икемділік деген ұғымды қарастырамыз. Экономикалық агенттердің тарапынан бағаның және табыстың өзгеруіне деген мүмкін реакцияларын зерттеуде икемділік ұғымы маңызды рөл ойнайды. «Икемділік» ұғымын да жоғарыда аталған, ағылшын экономисі Альфред Маршалл өз зерттеуінде алғаш рет қолданып микроэкономика ғылымына енгізген болатын. Кейін бұл ұғым туралы идеяларды ағылшын экономисі Джон Хикс пен американ экономисі Пол Самуэльсон және тағы басқа да ғалымдар әріқарай дамыта түсті.
Икемділік дегеніміз – бұл бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті қолданылады. Ал, икемділік коэффициенті дегеніміз - бұл бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді. Ең алдымен, икемділіктің сұранысқа қалай әсер ететіндігін қарастыру қажет. Осы жерде сұраныс икемділігінің үш түрі болады:
Cұраныстың баға бойынша
икемділігі – бұл тауар бағасының бір
пайызға өзгергендегі сұраныс көлемінің
салыстырмалы өзгеру реакциясының сезімталдылығын
сипаттайтын көрсеткіштік коэффициент.
Тәжірибелік мәні жағынан, икемділіктің
абсолюттік шамалары емес салыстырмалы
шамалары ғана маңызды болып табылады.
Бұл айтпаса да түсінікті. Мысалы, біз
«сникерстің» бағасы 10 теңгеге өсті десек,
онда оның өзгеруін байқамау мүмкін емес,
өйткені ол тауар үшін бағаның осылай
өсуі өте маңызды болып табылады, сондықтан
ол сұраныс көлемін айтарлықтай өзгертеді.
Ал «Вольво» автокөлігіне баға 10 теңгеге
өсті десек, онда оның өзгеруі тұтынушының
сұраныс көлеміне мүлдем әсер етпейді.
Сондықтанда, бағаның және сұраныс көлемінің
өзгеруі салыстырмалы шамада мынадй формуламен
беріледі:
EDP = DQ% / DР%,
мұндағы, EDP – сұраныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; DQ% - сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DР% - бағаның салыстырмалы өзгеруі. Сұраныстың баға бойынша икемділігіне байланысты бес түрі бар:
1) Икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден жоғары болады, ЕPD>1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді).
2) Икемсіз сұраныс - бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден төмен болады, ЕPD<1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді).
3) Бірлік икемді сұраныс – бағаның және сұраныс көлемінің бір пропорцияда өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ге тең болады, ЕPD =1 (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, сұраныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді). 4) Абсолютті (өте) икемді сұраныс – бағаның өте аз өзгеруіне немесе мүлдем өзгермеуіне орай сұраныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, EPD = ¥.
5) Абсолютті (өте) икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруі сұраныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPD = 0. Өте икемді және өте икемсіз сұраныстың түрлерін икемділіктің ең шеткі немесе сирек кездесетін жағдайлары деп атайды. Сұраныстың баға бойынша икемділігінің осы 5 түрін төмендегі графиктер арқылы сипаттауға болады (сурет 2.15 а, ә, б, в, г).
Р
Р1
P2 D P2
D D
Q1 Q2 Q Q1 Q2 Q Q1 Q2 Q
а) икемді сұраныс ә)
икемсіз сұраныс б) бірлік икемді
сұраныс
Р
Q
в) өте икемді сұраныс г) өте икемсіз сұраныс
Сурет 2.15
Сұраныстың баға бойынша икемділігінің
түрлері